Тебінгі «Тебінгідей»



Дата20.06.2016
өлшемі49.5 Kb.
#148982
Тебінгі
«Тебінгідей» - деген сөздің де түп төркіні жаратылысқа сиып, өмірдің бастауын, мәңгілік тіршіліктің ұйытқысын көрсетеді.

Әуел бастағы – көк те жоқ, жер де жоқ, ұшы жоқ – ұзын, түбі жоқ – терең, кеңістігі – шексіз, от, су, жел, топырақ – төртеуінің арасында қалқып жүрген «беті оттай қызыл, астары судай мөлдір» тасты қақ бөлгенде әуелі айнадай, «жартысы отқа, жартысы суға айналыпты. От пен су қайта қосылып қайнап, одан көтерілген будан – көк аспан, қайнап тандыр болған қабыршығынан қара жер жаратылыпты. Ең алғашында жер де, көк те тым кішкене, әуе – айнадай, жер – тебінгідей болыпты». (жасыған); («Қазақ аңыз-ертегілері», ....., 2002, 1 бет).

Демек, темір қалпақтың тебінгідей болуы, бірінші - әуелгі жаратылған жердің болмысын меңзейді. Іздей-іздей жердің апшысы қуырылып, соңғы сықпасы – тебінгіге айналды, бұдан әрі – барар жер, басар тау жоқ. Өйткені әу баста жаратылған қалыбына келді. Одан әрі ешқандай бөлшек жоқ. Жасағанның өзі жасаған сығынды (масса) осы. Міне, әсіре әфсаналар мен ертегілердегі тебінгінің түпкі көркем танымы мен көркем түйсігі осы. Демек, тебінгі де мәңгілік өмірдің түпкі мәніне ие. Түпкі көркем түйсік бар. Ал «темір телпек тебінгідей болғанда» дейтін ертегі кейіпкерінің жапанды жалғыз кезуі – түпкі көркем сананың жемісі. Әсірелеп, яғни, тіршілік иесі жоқ Жапан мен Жаһанды кездіріп, Жасаған көрген Отпен Судан өткізіп, тебінгіге әкеледі. Міне, бұл – көркем көзқарас. Тебінгі – түпкі әсіре-әфсаналық ақиқат. Одан арғының барлығы – Жасағанның қолында. От пен суды бөліп, жерді жаратқан да осы. Демек, әлімсақтың елесі ертегі де, сана сәулесін түсіріп отыр. Ертөстіктің де, Керқұла атты Кендебайдың да, күн астындағы Күнекейге жол тартқан баланың да түпкі мекені – тебінгі. Жел –желаяқ, су – көлсорғыш, таусоғар – от, жанартау, топырақ – мыстан кемпірдің бетіне шашылатын бір уыс топырақ – жоғарыдағы үш дүлей күштің – (жел, су, от) арасында ұйытқыған тозаң. Соны Жасаған ұйытып, беті қызыл (от), астары мөлдір (су) һол тасын кездігімен қақ бөліп, айнадай ғана - әуені, тебінгідей ғана – жерді жаратты.

Жаратушыға себеп болған – Кездік. Жасағнға кез болған – кездік қазақ әсіре-әфсаналары мен ертегілерінің бәрінде бар және барлығында да ғажайып құдіретті күшке, жаратушылық күшке ие. Кездік арқылы қазандағы ас піседі, кездік арқылы мың күншілік жерге – тебінгіге (жер) әп-сәтте барасың. Күміс бұтақты ағашты кездікпен түртіп қалсаң – алтын тұғырда алтын мүйізді, алтын тұяқты алтын бұғы күміс ағаштың саясында күміс қауыздық (су) қасында тұяғы ұшқын (от) шашып самалдап (жел) ойнап тұрады. Міне, түйсікке көркем сана, көркем көзқарас (ертегі) арқылы түпкі түйсікке осылай алып келеді.




Сөздік
Тебінгі –

Тебен –


Телпек –

Кездік – Жасағанның құралы. Ол ертегілерде бұл, темір таяқ боп басталып, түпкі түйсік арқылы – кездікке кез болады.

Сөйтіп, мифтегі Жасаған жасаған төрт тірлік өзінің түпкі көркем түйсігін сақтап, көркем санадағы сәуле боп құбылып ертегідей елесін түсірген. Сөйтіп, мәңгілік өмірдің қозғаушы күшіне айналады.

Мықан ағашы (сипаты)
«Жер мен көктің кіндігінде жападан жалғыз өскен киелі бәйтерек бар. Бұл теректің басы аспанмен, түп тамыры жер астымен жалғасқан. Ол көзге көрінбейтін киелі ағаш. Бұл бәйтеректе жайқалып өскен әрбір жапырақ жер жүзінде жасаған әрбір адамның өмір-тірлігінің нышаны. Жер жүзінде тіршілік етіп отырған әрбір адам киелі теректің жапырағындағы жапырағында өмірге келеді (туылады). Жапырағы жайқалып өскенде - өсіп, үлкейіп кемеліне келеді. Жапырағы мезгілсіз сарғайса – қайғы-қасіретке тап болады, жапырағы солып, қураса-құрысса – қартаяды, жапырағы жерге үзіліп түссе – қазаға ұшырайды» (жинап, жазып алған – Н. Мыңжани. Қазақ аңыз-ертегілері., Тылсым газеті, 22 бет).

Міне, Мықан ағашының барлық әсіре-әфсаналық көркем пәлсафасы осында. Көк шөпті жұлдырмау, жас бұтақты сындырмау, жас ағашты қидырмау, жалғыз ағашқа ақтық байлау, көптеп-көгер, «жапырағың жайқала берсін» - деп бата беруі де сондықтан Ал, қаза тапса: көктей солды, қыршынынан қиылды, бәйтерегің құлады – дейді. «Көгермей көктей сол» - дегеннен артық қарғыс өтпейді. Мысалы: Абайша ....



Қарағай
Мәңгілік өмірдің нышанының бірі – қарағай. Өйткені, мәңгілік өмір нәрі - Әбілхаят сусын алып келе жатқан адам, жапан түзде торсығын қарағайдың бұтағына іліп, тыныстайды. Оны құзғын шұқып тесіп тастапты. Қарағайдың, шыршаның тамшысы тамырына тамған мәңгі жасыл, ұзақ жасайтыны сол. Жыр-аңыздағы қарағай басын қайырым да сол тамшы - өмірдің ......... бар.

Ал «Қарағай басын шортан шалар» дегеннің «өлместің суының» қасиеті білмек үшін тұзалған, қақталған балыққа тамызғанда, тіріліп кетіп, шортан-жайын содан таралыпты. Осылардың да жасы ұзақ, су түбіндегі саяда өмір сүреді-міс («Қазақ ертегі-аңыздары». Ленин 2002 23 бет).


* * *

Жеті қат аспан мен жеті қат жердің қыртысын былай қойғанда, әр жапырақта саналы түйсік бар деп есептейтін пұт ойшылы жазған «Монғолдың құпия шежіресінде» Шыңғыс ханның Тәңірдің нұрынан жаралған ата-бабасына қонарда: «Амбағай қаған Қадаған, Құтыла екеуінің атын атап жіберген соң Қамұқ –манғол тайчығұттар Онон өзені Қорқонақ-Жұбыр деген аңғарда жиналып, Құтыланы қаған көтереді. Монғолдардың салты би билеп, той тойлату болатын. Құтыланы хан көтеріп, Қорқонақтың бұтағы мол Мәуелі ағашы айналасында қабырғалары майысқанша, тізелері тесілгенше би билейді» (Қазақстан тарихы туралы монғол деректемелері, 1 том, 76 бет). Нұрдан жаралған Тәңір текті тұқымның қағандығы мәңгілік болсын деп Мықан ағаштың – Мәуелі ағаштың саясында тілек тілеп, салтанат құрады. Демек, бұл тәңірқұтының тәніндегі .... пен Мықан ағашының нысанын Санбағай қағанның жұрты қайта жаңғыртып отыр. мәуелі ағаштың саясындағы тілеу қабыл болып, «Ақсұңқар күн мен айды шеңгелдей бүріп келіп, ақ түсті сәуле» боп құйылып, Шыңғыс қағанды қолға қондырады. Мәуелі ағаш аясында қонған бақ – мәңгілік бақ. Мәуелі ағаштың саясында қонған билік – Мәңгілік билік. Баяғы түркі танымы бойынша Тәңір – Кісі – Жер ең киелі үш бірлік. Сондықтан да ең киелі Тәңір текті, Тәңір болмысты қаған (кісі) Мәуелі ағаштың – Мықан ағашының саясында – үш ұлы кие – Тәңір – Кісі – Жер келісім тауып, салтанат құрады. Бұғының, киіктің, маралдың қос мүйізі бірігіп келіп мәуелі ағаштың бейнесінде суреттеледі де соны танытады. Демек, мифтік - әсіреәфсаналық сана қадым заманнан сүзіліп барып байырғы түркілердің санасында жаңғырып, нақты нысанға айналған. Үш меркіттен жалғыз жанын аялаған Темүжін: «Бүтін денесін сауғалап, байлаулы атын мініп, бұғының жолын қуалап, Бұтақты үйге (Мәуелі ағашты, Мықан ағашын – Т.Ж.) паналап, Бұрқан тауына шықты. Бұрқан-Қалдун тауы шыбын жанын қорғады» (Сонда 114 бет). Сол үшін де ұрпағына: «Бұрқан-Қалдун тауына таң сайын табынайық. Күн сайын бағынайық. Ұрпақтан-ұрпаққа дейін менің сөзімді ұқсын деп: күнге қарап белдігін мойнына асып, бөрігін қолына ұстап, қолдарын төсіне қабыстырып, күнге қарай тоғыз мәрте иіліп тағзым етіп шашу шашады» (сонда 115 бет).

Осы тәмсілдерде мәңгілік ұғымдарының барлығы да үйлесім тауып, киелене қасиеттенеді. «Бұтақты үйді» (Мықан ағашын – Т.Ж.) паналап қана тірі қалып, жарық дүниені көріп тұр. Сондықтан да Тәңір – Кісі – Жер үшеуін буып тұрған белдік мойнына асып, Күнге – Тіршілікке тағзым етеді.

Міне, бұл – тағзым әсіре әфсанадан әдет-ғұрыпқа айналды.

Бұл мәңгілік жиһан ағашы Лубсанданзанның «алтын топшысында» да:

Қарақор Жібүр өзенінде,

Екер Құнү қойынында,

Сағалар ағаштың (саясында),

Онда десіп, татулық құрып,

Той тойлап қызыққа батып,

Түнде көрпеде бір жатады.

Мұндағы сағалар ағашы да түркілік мықан ағашы. Осы сөзге берген түсініктемесінде Ж. Хамай: «Saglagar modun – монғол ағашында жиһан ағашы. Кей тұста жиһандағы түгел ағаштың жаны – «қисапсыз салалы сал ағаш» (Б.Ринген) болып шығады. Бұл ағаштың әсері монғол салтына терең тамыр жайған. Қамұқ монғол Құтыланы хан көтергенде осы ағаштың аясында жер қайысқанша тойлатады» - деп жазады. («Алтын топшы» Қазақстан тарихы туралы монғол деректемелері, ІІ том. 84 бет). өзара байланыссыз және әр уақытта жазылған бұл екі әсіре әфсана бір-бірін толықтырып тұр. Софылық ислами философияда бұл ағашты Тауһид деп атайды.


Мықан ағашы.
Қожа Ахмет Иассауидің 59 хикметінде бақи дүниедегі жұмақтың тылсым мақамын, бейіштің үнін «Алла әуені ғажап үнмен өрістен» . «Ол мақамның жолдарының сыры мың», «Сол мақамға жеткен істер шарапаты» деп мінажат айта келіп, мәңгілік өмір ағаша – Тауһидті.

Ол мақамда Тауһид атты дарақ бар,

Саясында құлдар пырақ жаратқан.

Әр бұтақтың мың жыл жарық таңы айқын.

Әр қайсысы өз орнында мекендер.

Осы дарақтың миуасынан татқан құл,

Дүние қызығын аһиретке сатқан құл, - деп бейнелейді (Е. Дүйсенбайаңғармасы).

Тауһид - Мәңгілік өмірдің кепілі, «бейбітшіліктің қоңыр салқын үнімен» (Абай) қоса ырғалып, бақилық өмір бесігін тербетеді. Міне бұл қазақтың әсіре әфсанасындағы мықан ағашының ислами үлгісі. Мәшһүр Жүсіптің ұжмақ туралы өлеңіндегі ағашы осы. Әр бұтақ, әр жапырақ өз орнында, мәңгілік – «мың жыр» жарық нұрын құяды. Бақидың таусарына қанып ішіп, миуасының шырынына сусындап, рахат күй кешеді.

Сағалардың саясында алтын тостағаннан «сарқыт - Әбілқаят - өмір суын ішіп тойлайды. Өйткені сарқыт - өтірмейтін сусын. Сусындық тостаған алтын. «Тірі адам алтын тостағаннан су ішеді». Алтын - өмірді ұзартатын дуалы тоғыз ердененің (асылдың) бірі. Су - өмірге нәр беретін асыл (кәусар). Алтын тостаған мен су екеуі сарқыт (ханның сарқыты). Сарқыт ұстаған адам салтанатты жиынға қатысады. (сонда, 176 бет). Бұл әдет монғолдарда әлі де бар. Оны қазір «қада» дейді.
Ислами дүниетанымдағы Шариғат, Мағрипат, Тарихат сатысынан өтіп Ақиқат деңгейіне жеткенде, яғни, Хақ дидарын көрінгенде алдыңнан Тауһид – Түп дарақтың саясынан «бейіштің қоңыр салқыны уәлі келеді». Түп дарақ – Хақтың болмысы. Хақтың халып дәні. Түп дарақты – Тауһидті үміткер үмбет Қожа Ахмет Иассауи:

Махаббаттың дариясына жан жайғанда

Мағылфаттан алсам жауһар қайранда

Түп дарақ кеп, дамылдасам желінде.

Осы түп дарақ ойлама ексе шығар деп,

Алла деген адал құлдан зиян жоқ.

Ақ жолында жүрер жанын қияр боп,

Сүйіп, атын айтқым келер, тегінде, - деп (62 – хикмет. Е. Дүйсенбай аудармасы) қылуеттен қиялмен көз алдына әкеледі. Түп дарақты көру үшін хақтың алдында ар азабынан өткісі келеді. Өйткені «азап – софысы» асық көңіл хош болмайды. «Ғашық құлдарды (пендені) Хақ жадында сақтайды. «Хақиқатсыз пенде пәнимен де дос болмайды. Демек, Тауһид – Түп дарақ пәни мен бақидың арасындағы мәңгілік өмір саяси Бақиға аттанғандағы шыбын шыбын жаныңның қонақтайтын бұтағы. Шығардағы жаныңның ұясы – түп дарақтың жапырағы. Жадында сақталған Дуәсіңнің мәңгілік мекені.



Демек, түркі танымындағы мықан ағашы, бәйтерек, ғұн – мөктан танымындағы – сағалар, исламдық танымдағы тауһид – түп дарақ, жаһан ағашы бәрі де бір мағынаны – мәңгілік өмірдің әсіре әфсаналық нысанасын білдіреді.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет