Теңге ауылының әкімі У. Максимовтың 2014 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары жөнінде



жүктеу 69.04 Kb.
Дата23.02.2016
өлшемі69.04 Kb.


Теңге ауылының әкімі У. Максимовтың 2014 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстары жөнінде

2014 жылдың 8 айды қорытындылайтын болсақ,



  1. Теңге ауылының орталық көшелеріне электр жарық шамдарын орнату.

Жаңаөзен қаласының әлеуметтік-экономикалық дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған, Кешенді жоспары аясында 2014 жылға Теңге ауылының көшелеріне электр жарық шамдарын орнату жұмыстары жүргізілді, нәтижесінде ауылдың жарық шамдармен қамтылуы 81,6 пайыз, яғни 49 көше қамтылды, қазіргі таңда монтаждау жұмыстары жүргізілуде.

  1. Ауыл тұрғындарының пайдаланып отырған ауыз суын субсидиялауды жедел түрде шешу

Аталған мәселе өз уақтытында шешімін тауып, қазіргі таңда ауыл тұрғындары ауыз суды субсидия бойынша пайдалануда. Бұрын кубына 90,88 теңге төлейтін болса, субсидия пайдалануға берілгеннен кейін 30 теңге кубына төлейтін болды. Бұл ауыл халқына көп жеңілдік болып тұр. Бұл мәселе шешімін тапты.

  1. Ауылдың жолаушылар тасымалы қызметінің сапасын көтеру

Қазіргі таңда бұрынғы кәсіпкер мен қалалық әкімдік арасындағы келісім-шарт бұзылып, уақытша басқа кәсіпкермен келісім шарт жасалды, (мемлекеттік сатып алу ұйымдастырылғанға дейін) №3 маршрут дұрыс жолға қойылып, тұрақты кідіріссіз жүруде.

Теңге ауылын көгалдандыру, абаттандыру жұмыстары.

Биылғы жылы Теңге ауылын көгалдандыру жұмыстарына жергілікті бюджеттен 11 166 000 теңге қаралып, жалпы саны 3500 түп ағаш отырғызылды және талдарды әктеу, қиып ретке келтіру жұмыстары жасалды.



Теңге ауылында иесіз иттерді жою бойынша

Ауыл бойынша 2014 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша иесіз иттердің 104 бас жойылды. Қосымша ауыл әкімдігінің тарапынан әр бір тұрғын үй иелеріне итті аулада ұстау туралы ескертулер берілуде.



Халықты жұмыспен қамту, ауылда кәсіпкерлікті дамыту мәселелері

Ауылдағы жұмыссыздық деңгейін төмендету мақсатында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін арнайы іс-шаралар жоспары жасақталды, насихаттау жұмыстары, кездесулер ұйымдастырылды.

Кәсіпкерлікке ынталандыру, жеке ісін ұйымдастыру арқылы азаматтардың экономикалық белсенділігін арттыру үшін тұрғындармен тығыз байланыста болу мақсатында жергілікті жұмыспен қамту орынымен бірлесе отырып, несие алып, шағын және орта бизнеспен айналысамын деген тұрғындарға қолдау көрсетілді. Атап айтса; Джанабаев Тулеу Шораевич, Набыева Тарбия, Нурманова Роза, Абдуллаев Онберген Юнисович 3 млн. алып түйе алса, Сарсембаева Улболсын Нуратдинқызы шаштараз, Бимаганбетова Карлыгаш Джалгасовна наубайхана ашу үшін 3 млн. теңге көлемінде несие алды.

Ауылда осы уақытқа дейін кәсіпкерлік саласымен айналысқан 60 заңды тұлға бар. Оның ішінде; 55 дүкен, 1 дүңгіршік, 2- дәріхана, 1 монша, 1 мейрамхана жұмыс жасап тұр. Өзін – өзі жұмыспен қамтығандар саны – 107 адам. 2014 жылдың маусым айына дейін ауылдың әкімшілігімен 3 - дүкен, 2- Шаштараз, 2 – Наубайхана, 1 – Фотосалон, 1 – Қымызхана нысандарын салуға шешім шығарылып рұқсат берілді. Одан бөлек 5 - дүкен, 1- Шаштараз, 1- Наубайхана, 1 - Дөңгелек жөндеу, 1 - Тігін шеберханасы, 1 - Ет дүкені, 1 - Жиһаз цех, 1 – Монша, 1 – Асхана нысандары тиісті мекемелермен келісу жұмыстарын жүргізіп болған соң, шешіммен рұқсат беріліп құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Аталған кәсіпкерлік нысандар иелеріне, яғни кәсіпкерлерге ауыл әкімдігі тарапынан жан – жақты қолдау көрсетілуде.

19.02.2014 жылы Теңге ауылынан ауыл тұрғыны жеке кәсіпкер Аралбаев Жақсылық «Демеу» атты дәріхана, ұсақ бұйымдар, телефон жөндеу, шағын супермаркетін ашты.

2014 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша жұмыспен қамту орталығына тіркелген жұмыссыздар саны – 411 адамды құрады.



«Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша, Әлеуметтік жұмыс орнына 7, жастар тәжірибесіне 22, қоғамдық жұмысқа 76 адам, тұрақты жұмыспен 40 адам қамтылды. Кәсіби біліктілігін арттыру және қайта даярлау курсына (тігінші) өткендер 6 адам, кәсіпкерлікке оқыған адам саны 7, «ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан 3 млн. теңге көлемінде несие алған адам саны – 6.

Ағымдағы жылдың маусым айында «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша Д. Даңғылы көшесі бойынан абаттандыру жұмыстары басталды. Аталған бағдарламаға сәйкес, «Жұмыспен қамту орталығында» тіркелген 15 (он бес) жұмыссыз азаматтар уақытша жұмысқа орналастырылды. Ауылдың батыс аумағында, яғни Ө. Наятұлы және Тамшалы көшелерінде орналасқан жаяу жүргінші жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстары басталды. Бұл жөндеу жұмыстарына да 5 (бес) жұмыссыз азаматты уақытша жұмысқа орналастырылды. Осы аталған жұмыстар жыл соңына дейін аяқталады деп күтілуде. Қазіргі таңда жұмыстың 80% аяқталды. Одан бөлек ауыл көшелеріндегі жол жиегінде орналасқан бордюрлерді ауыстыруға және ауыл ішіндегі жаяу жүргінші жолдарына ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін ЖСҚ жасақталып, мемлекеттік сатып алу ұйымдастырылып, қорытындысы күтілуде.



Енді ауылдағы автомобиль жолдарының жағдайы, байланыс, электроэнергиямен, газбен қамтамасыз ету мәселелеріне тоқталып өтетін болсақ,

Теңге ауылында 60 көше бар, жалпы ұзындығы – 55,95 шақырым, соның ішінде - 8 көшесі жалпы ұзындығы – 8,059 шақырымы асфальттанған.



Ағымдағы жылы сәуір айында ауыл әкімдігі «Өзенмұнайгаз» АҚ-ның техникасын пайдалана отырып, көшелерді күл қоқыстан тазарту грейдрмен тегістеу жұмыстары жүргізілді.

2014 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша ауылдың 9,4 шақырым жерін асфальттау жоспарланып, жұмыстар жүргізілуде, атап айтсақ Шәкен Айманов, Мұрын жырау, Шәкен Айманов - Мұрын жырау көшелері аралығы, Достық даңғылы - Дина Нұрпейсова, көшелері аралығы, Дина Нұрпейсова - Ілияс Есенберлин көшелері аралығы, Қайып Қорабайұлы - Аралбай Оңғарбекұлы көшелері аралығы, Аралбай Оңғарбекұлы - Ілияс Есенберлин көшелері аралығы, Ілияс Есенберлин, Жайберген Бейнеубаев, Жайберген Бейнеубаев - Аралбай Оңғарбекұлы көшелері аралығына асфальт төсеу жұмыстары «Өзенмұнайгаз» АҚ демеушілігімен жүргізу жұмыстары басталды. Мердігер мекеме «Алтын Құрық» ЖШС және «Ынта» ЖШС мекемелері. Қазіргі таңда Ш. Айманов, М. Жырау көшесі және Ш. Айманов, М. Жырау көшелерінің аралығы толықтай аяқталып, пайдалануға берілді. қалған көшелерді тегістеу, құм төгіп тегістеу, т.с.с, жұмыстар жүргізілуде. Аталған жұмыстар жыл соңына дейін аяқтау жоспарлануда.

Ауылда соңғы 5 жыл ішінде 2 телефон станциясы орнатылды. Ауылдың батыс аумағынан сыйымдылығы 480 нөмерлі және орталық аумағынан 960 нөмерлі телефон станциясы жұмыс жасап тұр.

Қазіргі таңда ауыл бойынша 1094 - жеке тұлға, 17 – заңды тұлға телефонмен қамтылды. Бұл жалпы тұрғын үй санының 45 пайызын (%) ғана құрап отыр. Ғаламтор желісі - 19 тұрғын үйге және WiMax (сымсыз ғаламтор) 920 тұрғындар қосылған. Ауылдың басқада телефон желісі жетпей қалған жерлерге, яғни қамтылмаған 55 пайызына (%), телефон желісін тарту жөнінде «Жастар Плюс» ЖШС жобалау, сызу, есептеу жұмыстарын жүргізуде. Ауылда 2014 жылдың І жарты жылдығында «АЛТЕЛ» АҚ мекемесінің 4 G жоғары жылдамдықтағы интернет антеналарының 3 данасын ауылға орнату жоспарланып, «ПЕТРОЛ – СЕРВИС» ЖШС-ның ғимаратының және "Ата мұра" мәдениет үйінің шатырларына орнатылды. Ал ауылдың батыс бөлігінде жер қарастырылып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.

Теңге ауылын электр энергиямен «МРЭК» АҚ және «ӨзенЭнергоСервис» МКК мекемелері қамтамасыз етеді. 2014 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша «МРЭК» АҚ-на тиесілі Жаңаөзен аудандық электр жүйелері бөлімімен ауыл бойынша, № 3, № 6, № 7, № 9, №10 КТП жаңа КТПН-ға ауыстырылды, сонымен қатар Ж. Мыңбаев көшесіне жаңа трансформатор қойылды. Ескі ағаш бетон бағаналары 40 дана жаңа темір бетон бағаналармен ауыстырылды, қалған 30 ескі ағаш бетон бағаналары келесі жылы ауыстырылады деп жоспарлануда. Ауыл ішіндегі электр энергиямен қамтамасыз етуші 2 дана КТПН күрделі жөндеуден және 5 данасы ағымдағы жөндеуден өткізіліді.

Ал «ӨзенЭнергоСервис» МКК 34-көшесін, яғни электр желілерінің ұзындығы - 72 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда аталған мекеме есебіндегі электр желілер жаңадан қамтылған.

Кешенді жоспардың негізінде ағымдағы жылы ауыл аумағында электр энергия үйлестіруші пунктін (Распределительный пункт) салынды. Қазіргі таңда бағаналарды қою және электр желілерін тарту жұмыстары жүргізілуде.

Ауыл 100 ℅ газ құбырымен қамтылды.


Теңге ауылында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету, бұзақылық пен қылмыстың алдын алу мәселелері басты назарда.

Ауылда 3 учаскелік полиция қызметкері жұмыс жасайды. Учаскелік полиция ауылда қылмыстық жағдайларды болдырмау, алдын-алу, қадағалау және бақылау жұмыстарымен айналысады. Учаскелік полиция қызметкерлері қызметтік автокөлікпен қамтылған. Теңге ауылы бойынша 2014 жылы 8 айының қорытындысы бойынша:



  1. Әкімшілік қадағалауда есепте тұрғандар – 3 адам

  2. Қылмыстық атқару инспекциясында – 9 адам тіркелген,

  3. Психикалық тұрғыдан сырқаттанған – 2 адам

  4. Профилактикалық есепте тұрғандар, оның ішінде:

Мерзімінен бұрын шартты түрде босатылғандар – 5 адам.

    • ішімдікке құмар адамдар – 41 адам

    • есірткі пайдаланатын – 13 адам

  1. Бұрын сотталғандар: 10 – адам

  2. 2014 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша: 22-қылмыс болып, оның ішінде:

    1. Ұрлық – 16, ашылғаны 5 іс.

    2. Бұзақылық жасағандар – 3, ашылғаны 2 іс.

    3. Денсаулыққа қасақана орташа дәрежеде зиян келтіру – 3, ашылғаны 3 іс.

    4. Отбасы тыныштығын бұзғандар саны – 50.

Көпшілік жиналатын орындарға және әлеуметтік нысандардың жанына бейнебақылау камераларын орнату туралы Жаңаөзен қалалық ІІБ-ның ұсыныс берілді. Аталған мәселе бақылауда.

2014 жылдың 8 айының қорытындысы бойынша, Теңге ауылындағы тұрғындардың саны - 16594 адамды құрайды.

Жалпы жоспарланған жер саны – 2532 жер учаскесі, оның ішінде тіркелген тұрғын үй саны – 2280, құжаттары шықпаған (времянка) саны – 53, көше саны – 60.

Ауылда №14, №17, және №11 орта мектептер және №11 «Балдырған», №21 «Назерке» балабақшалары білім беру қызметін атқарып отыр. Білім беру саласы автобуспен қамтамасыз етілген.

№14 орта мектептің сыйымдылығы 856 орын, оқушылар саны – 1606. №17 орта мектептің сыйымдылығы 624 орын, оқушылар саны – 1099. № 11 орта мектептің сыйымдылығы – 900, оқушылар саны – 750.



№21 «Назерке» балабақшасында 270 бала тәрбиеленуде және 20 бала қазіргі таңда медициналық тексерістен өтуде, қосымша Жаңаөзен қалалық білім бөліміне балалар орналастыруға ұсыныс білдіруде.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет