25.«Сүйінбай мен Қатағанның айтысындағы» Сүйінбай қолданған бейнелі
сөздер мен әсірелеулердің көркемдік қуаты жайлы көзқарасыңызды дәлеледер
арқылы жеткізіп жазыңыз.
«Сүйінбай мен Қатаған айтысы» өнер өлкесіндегі саф алтын қазына болып
саналады. Қазақтың бар баласы айтылатын бұл айтыстың мақсаты – елімізді,
жұртымызды бірлікке шақыру. Өткір сынның үстінде тұрған Сүйінбай өрттей
өршіген Қатағанға қалайша бейнелі сөздер мен әсірелеулерді қолданып, өршелене
өрлеп, жалтақсыз жауап қайырды? Мен осы сауалға өз көзқарасымды білдіргім
келеді.
Сүйінбай озық ойлы, өткір тілді, сөзді астарлы оймен көркем жеткізетін
айтыскер ақын. Өйткені, дәлел ретінде «...Топ бастаған бұлбұлмын, Сөз бастаған
жүйрікпін, Судан шыққан сүйрікпін, Бәйгеден озған дүлділмін... Шығарма Қатаған
үніңді!»-деп, Сүйінбай бірден Қатағанның мысын басып, қанатын қайырады. Міне,
бұдан ақынның шалқар шабытын, теңеулерді ұтымды пайдаланғанын байқадым.
Бірден қарсылысының бетін қайтарды. Еңсесін тіктеуге мұршасын келтірмеді.
Тұтқиылдан тұқыртуға ынталы екенін танытты. Міне, нағыз ақынға тән қасиет.
БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
Қатаған бір сөзінде өзін алмас болат қылышқа баласа, Сүйінбай өзін жай
алмас құрыш қылыш емес, сабы алтыннан соққанын айтады. Бұл жерде, меніңше,
Сүйінбай өз деңгейін биіктете, айбынын асыра түсті. «Қарсы шапқан қырғиға,
Ажалы жеткен торғайсың...,», «Ажалы жеткен қарғасың, Бүркітпенен ойнадың...»,
«Жауған қардай борайын, алды-артыңды орайын...» - деп, өнері шоқ болып қызып
тұрған Сүйінбай қазақ елінің мәртебесін көтеру әрқашан абырой екенін танытты,
шапшыған, шабытты Қатағанның аптығын басты. Ақын басынан бұлт аса алмас
шың секілді көрінді. Осыған орай, менің ойымша, қазіргі заман айтыскерлерінде өткір
тіл бар, бетке айту жоқ, жалтақтап, шенділерден қорқып, халық көкейінде жүрген
мәселелерді айналшықтап өтеді. Сірә, жүрегі «Отан» деп соққан от тілді, орақ
ауызды бүгінгі айтыскер ақындар Сүйінбайдан үлгі алса, игі үстіне игі болар еді.
Сонымен қоса, әсірелеу тәсілін де шабытпен кәдеге жаратады. «...Қабағын
шытса Сүйінбай, Тарту қылып тартарсың, Қойныңдағы жарыңды. Айдап алып
берерсің, Алдыңдағы малыңды, Малың түгіл барыңды!...» -деп, қарсылас ақынның
намысына тиіп, ту сыртынан пышақ сұққандай әсер берді. Өзінің намысын
таптатпау үшін осы үдетулер сынды көркем де, мәнді сөздер үлкен басымдылыққа
ие. Бұл айтыста маған Сүйінбай ұстанған бағыт қатты ұнады. Өз күшіңе сеніп, сөз
қадірін түсініп, намысты қолдан бермеуге жетеледі.
Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйінін білдірсем, сөздердің өткірлігі, қызулығы,
көркемдік бейнелі сөздердің молдығы Сүйінбай айтысының бойында тұнып тұр.
«...Қазақ деген батыр ел, Ешкімге намыс бермеген...» деп өзі айтқандай, Сүйінбай
қазақ халқының беделін арттырды.
Достарыңызбен бөлісу: |