Тегін ұсынады! М. Дулатовтың «Оян, қазақ!» өлеңі мен А. Байтұрсыновтың «Маса»


Абай өлеңдеріндегі тәрбиелік арналарды дәлелдеп жазыңыз



Pdf көрінісі
бет40/49
Дата30.03.2022
өлшемі0.78 Mb.
#456535
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49
ЭССЕ ЖАУАПТАРЫ(1)

40.Абай өлеңдеріндегі тәрбиелік арналарды дәлелдеп жазыңыз. 
Абай Құнанбаев – қазақ әдебиеті мен өнерінің тарихында оқшау тұрған ұлы 
тұлға. Оның поэзиясына, көркемдік әлеміне үңілген сайын адам жаны тебіреніп, бар 
ынта мен ықыласы ауа түседі. Ақынның қай өлеңін алсақ та, астарлы ой мен 
идеясынан адамгершілікке тән асыл қасиеттерді бойына дарыта алмаған ел-
жұртын сынаған немесе адами рухты сіңіріп өсу керек деген ойды оқып білеміз. Бұл 
ақынның көпшіліктің іс-қылығына көңіл толмаған шарасыз күйін байқатады. Адал 
еңбек, маңдай термен емес, байларды аңду, оның малына сұғанақтықпен көзін 
қадаған көпшілікті сынға алады. Қазақы тіршіліктегі қайшылықты өмір көшін, сол 
кездегі әлеуметтік жағдайды сынап-мінейді. Іс-әрекетте ішкі рухани дүние – «иман 
жүзің сай болу керек» дегенді айтады. 
Осыған орай, «Ғылым таппай мақтанба» өлеңінде: 
...Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ –
Бес дұшпаның, білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым, ойлап қой –
Бес асыл іс, көнсеңіз,.. –
деп, жастарды жамандықтан жиреніп, жақсылықты үйреніп, үлгі тұтып өсуге 
шақырады. 
Ұлы ақын бала тәрбиесіне, жалпы бала болмысына, жастардың ой жүйесіне, 
олар арқылы екінші, үшінші буын өкілдеріне деген көзқарасын, қарттар мен 
қариялардың танымдық ерекшелігіне қатты көңіл бөлген. Сондықтан да болар, 
өлеңдерінің көп бөлігі ақыл-өнеге, үгіт-насихат түрінде беріледі. Мәселен: 
Адамның бір қызығы – бала деген, 
Баланы оқытуды жек көрмедім, - 
деген. 
«Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек» деген өлеңінде: 
Жамандар қыла алмай жүр адал еңбек
Ұрлық, қулық қылдым деп қағар көлбек. 
Арамдықтан жамандық көрмей өалмас 


БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 
https://vk.com/mega_education
 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 
Мың күн сынбас, бір күні сынар шөлмек, -
деп, жалқаулық жайлаған елдің адал еңбек етудің орнына ұрлық-қарлыққа 
әуестенудің түбі баянсыз екенін ескертіп, амандықтан жирендіруге тырысады. 
Сондықтан «Аш қарын жұбана ма майлы ас жемей» атты өлеңінде еңбексіз бос 
жүрген кедейді былай деп еңбек етуге шақырады: 
Жалға жүр, жат жерге кет, мал тауып кел, 
Малың болса сыйламай тұра алмас ел. 
Қаруыңның барында қайрат қылмай, 
Қаңғып өткен өмірдің бәрі де – жел, -
дей отырып, қарапайым халық үшін жамандықтан арылудың, адал еңбек ету арқылы 
табыс табудың жолын нұсқайды. 
Жастық шақта әртүрлі өнер үйренуге талпынудың керектігі, бұл орайда күншіл 
болмай, тату болуды, ынтымақ-бірлікті сақтай біліп, уақытты бос өткізбеудің 
жолы «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат» өлеңінде былайша түсіндіріледі: 
Керек іс бозбалаға – талаптылық,
Әр түрлі өнер, мінез, жақсы қылық. 
Кейбір жігіт жүреді мақтан күйлеп, 
Сыртқа пысық келеді, сөзге сынық. 
Қорытындылай келе, Абай шығармалары ұлттық сөз өнеріміздің көркемдік үлгісі 
ретінде орнықты. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ 
https://vk.com/mega_education
 ТЕГІН ҰСЫНАДЫ! 
 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   36   37   38   39   40   41   42   43   ...   49




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет