БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
Шығармадағы Қоңқай бейнесінен, сонымен қатар, жалғыздық пен кеңістік
нышаны танылады. Қоңқай бейнесін Оралхан Бөкей шебер бейнелейді. Оның екі тау
арасында жападан-жалғыз тұратыны, аң аулап тіршілігін жасап жүретіні оның
жалғыздығының анық көрінісі: «Шал әлденесін ұмытқандай далаға шығып кетті.
Сол баяғы қалпы – көйлек-дамбалшаң, аяғына ештеңе кимеді.Осы бір сақалы өңірін
жапқан қапсағай шал үшін мынау табиғаттың қысы, жазы – тіпті төрт мезгілі
бірдей секілді ғажап адам еді. Осы жасына дейін қыңқ етіп ауырмаған, тоңып –
жаурау дегенді білмейтін, ормандағы аң екеш аң секілді ғажап адам еді. Елмен
аралас-құраласы жоқ, қоршаудан қашып шыққан бұғыдай саяқ ғұмыр кешті. Сонау
аппақ кеңістікке барар жол мен ызаң шу, қым-қуатты өмірдің екі ортасында
шекара, бекет іспетті, міне жарты ғасырға осы жаман үйінде жападан-жалғыз
тіршілік құруда».
Қоңқайдың өмірі – шығарманың басты өзегі. Өмір бойы жалғыз ғұмыр кешу
қарғысына ұшыраған Қоңқай – жалғыздықтың бейнесі: «Шыр етіп жерге түскеннен
бастап қоғам үшін, өзге біреулер үшін шырпы басын сындырып көрмеген Қоңқайда
еңбек кітапшасы деген атымен жоқ-ты. Ешбір жерге өтініш жазып жұмысқа
тұрған емес; ешқашан да жиналысқа қатысып, тіпті үйлену, шілдехана секілді
жиын-тойда болған емес. Осы елдің тойын қойып, топырақты өліміне қатыспаған
қаңғыбас Қоңқайда дін, идея, бір нәрсеге сену секілді үлкен ұғымдар атымен ада –
өзімен-өзі, оқшау өмір сүріп жетпістен асып барады».
Қорытындылай келе, жазушы Оралхан Бөкей шығармалары оқыған сайын
тереңдей түсетін, бұйығып жатқан сырлары мен бұғып жатқан құпиялары шешіле
түсетін жұмбағы мол дүниелер. Ол шығармаларда қойылған неге, біз кімбіз деген
салмақты сауалдар бүгін де, ертең де, сан жылдар өткен соң да әр ұқпақтың
алдынан көлденеңдеп шығып отырары даусыз.
БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
Достарыңызбен бөлісу: