БАСҚА ТОПТАР ОСЫ ЭССЕЛЕРДІ 1200 ТГ САТЫП ЖҮР! АЛ
https://vk.com/mega_education
ТЕГІН ҰСЫНАДЫ!
Өлеңнің бірталай жері Лермонтовтың туындысынан жолма-жол тәржімаланып
алынғанымен, алайда жаппы алғанда Абайдың өз шығармасы. Ал «Өлең – сөздің
патшасы, сөз сарасы» өлеңіне де кезек келді. Ол – қазақ оқушысына ертеден даңқты
көркем әдебиетте Абай тудырған биік тұрғы есебіндегі өлең. Бұған шейін
ақындықтың әлеумет тірлігіндегі өзгеше қасиеттерін Абайдың өзі де жырлаған
жоқ-ты. Ең алдымен бұл өлеңде Абай ақындық өнері, ақын шығармалары, әлеуметтік
тартыстың үлкен құралы, зор мәнді әрекеті екенін анық түсінгенін көрсетеді.
Шығарманың үлкен идеясы анық халықшыл демократ қайраткерлердің салт-санасын
танытады. Ең алғашқы сөздерде өлеңге көркемдіктің шартын қойып, эстетикалық
жаңа норма жариялайды. Адам баласы айтып келген сөздің асылы – поэзия екенін
биік бағалаумен бірге, оны төмендететін олқылықтарды да алдымен айтады. Ал
шын жақсы өлеңді ердің ері, данасы туғызатыны сөз болады. Шын жақсы өлең өзі де
даналықтың айғағы дейді.
Бірақ өзіне шейін қазақ көпшілігіне жайылып жүрген өлең
бұны қанағат еткізе алмайды. Айтушы да, тыңдаушы да надан болғандықтан
поэзияның зор қасиеті тумай да, танылмай да жүр дейді.Келесі бір-екі шумақта
Абай өлең сөздің бағасын дін деректерімен дәлелдейді. Мұсылманшылықұғымынша
еңбеделді деген жайларды дәлелдейді. Тәңірінің өзі, пайғамбары, мұсылмандарға
ұстаздықетуші әулие ғұламасы –бәрі де өлеңді қадірлейтін боп аталады. Бірақ
қатты ескертетін нәрсе, Абай бұл жерде ислам дінін мадақтау үшін жаңағыларды
сөз етіп отырған жоқ.
Қорыта келе, Абайдың бұл өлеңдері қазақ әдебиетінің төрінен ойып тұрып орын
алды.
Достарыңызбен бөлісу: