1.10 Сурет
1.2.3.1.1 Шифратордың өлшемін ұлғайту
Көптеген жағдайда таңдап алынған шифратор микросұлбасының өлшемі (кіріс саны) қойылған талапқа сай келмей, оны ұлғайту қажет болады. Мысалы, 74148 микросұлбасы сегіз кірісті мәртебелі шифратор қызметін атқарады. Осындай миросұлбалар негізінде (немесе алдыңғы құрылған сұлбаның жабық түріндегі блогы арқылы) кіріс саны екі есе ұлғайтылған шифратор құруға болады (1.11-суретті қара).
1.11 Сурет
1.2.3.2 Дешифраторлар
Дешифратор (Decoder) – кірістеріне түскен екілік кодқа сәйкесті шығысында сигнал қалыптастырушы құрылғы. Мысал ретінде төрт теріс шығысты (Q3 … Q0) дешифратордың сұлбасын құру жолын қарастыралық. Шығыс саны төртеу болғандықтан, оның кірісіне түсетін код екіразрядты (A1A0) болады. Дешифратордың іске қосу кірісіндегі (E, Enable) сигналдың жандандыру деңгейін төменгі (0) мәнінде алалық.
Дешифратордың келтірілген түсіндірме суреттемесінің негізінде, оның ақиқаттық кестесін (1.9-кестені қара) құрайық.
1.9 К е с т е
E
|
A1
|
A0
|
Q3
|
Q2
|
Q1
|
Q0
|
0
|
0
|
0
|
1
|
1
|
1
|
0
|
0
|
1
|
1
|
1
|
0
|
1
|
1
|
0
|
1
|
0
|
1
|
1
|
1
|
1
|
0
|
1
|
1
|
1
|
1
|
x
|
x
|
1
|
1
|
1
|
1
|
Кесте деректерінің негізінде жазылған дешифратор шығыстарының логикалық өрнектері:
;
;
;
.
1.12, a-суретте дешифратордың жазылған өрнектер негізінде құрылған сұлбасы келтірілген. Дешифратор сұлбада шартты сызба белгілемесімен (1.12, b-суретті қара) көрсетіледі, ал 1.12, c-суретте оның жиналған сұлбасының біріктірілген жеке блок түріндегі суреттемесі келтірілген.
1.12 Сурет
1.2.3.2.1 Дешифратор негізінде қиыстырма құрылғы құру
Күрделі логикалық функцияның өрнегінің жазылу тәртібін қарастыру кезінде (1.1.4-тарау) функцияның алынған логикалық өрнегіне (1.1) көз салсақ, ондағы әрбір термнің тура сегіз шығысты дешифратордың сәйкесті шығыстарының адресі екендігін көреміз. Демек, осындай дешифратордың сәйкесті шығыстарын бескірісті НЕМЕСЕ элементінің кірістеріне жалғау арқылы берілген функцияны жүзеге асыруға болады. Егер дешифратор теріс шығысты болса, онда (1.1) өрнегін де Морган заңы арқылы түрлендіреміз:
.
Алынған өрнектен берілген құрылғының қызметін теріс шығысты дешифратор негізінде жүзеге асыру үшін оның сәйкесті шығыстарына бескірісті ЖӘНЕ-ЕМЕС элементін жалғау жеткілікті екендігі көрініп тұр (1.13-суретті қара).
1.13 Сурет
Қиыстырма құрылғыны дешифратор негізінде құру тәсілі – аса ыңғайлы тәсіл: біріншіден, логикалық өрнекті минимизациялаудың қажеті жоқ (дәлірек айтқанда, өрнектің де қажеті жоқ, қажетті жалғамдар кестеден көрініп тұр), екіншіден, жалғыз дешифратор негізінде бірнеше функцияны қатар жүзеге асыруға болады.
1.2.3.3 Мультиплексорлар
Мультиплексор кірістерінің біреуін шығысына қосатын ауыстырғыш қызметін атқарады, қажетті кірістің таңдалуы сілтеу сөзімен жүзеге асырылады. Мультиплексордың кірістері екі топқа бөлінеді: дерек кірістері мен сілтеу кірістері.
Мультиплексордың кірісті сілтеуге дешифраторды пайдалану арқылы құрылған сұлбасы 1.14, a-суретте, ал оның шартты сызба белгілемесі 1.14, b-суретте келтірілген.
Бірнеше мультиплексорды қатар қосу арқылы бірнешеразрядты (мысалы, сегізразрядты) сөздердің біреуін бір арнаға жіберу жұмысын атқаратын мультиплексорлық құрылым құру қиын емес, бұндай құрылымдарды арналы мультиплексор деп атауға болады.
Достарыңызбен бөлісу: |