Техника негіздері



бет6/11
Дата27.09.2022
өлшемі0.81 Mb.
#461413
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Микропроцессорлы техника негіздері

a

b

1.16 Сурет
1.2.3.5 Қосуыштар
Қосуыштар – сандарды арифметикалық қосуға арналған құрылғылар. Көпразрядты сандарды қосу бірнеше бірразрядты қосуыштар арқылы жүзеге асырылады. Сондықтан, алдымен сол бірразрядты қосуыштартардың құрылым принциптерін қарастыралық.
1.2.3.5.1 Бірразрядты қосуыштар
Екі бірразрядты санды қосу кезінде олардың қосынды нәтижесі (S, Sum) мен келесі разрядқа жіберілетін тасымал (C, Carry) шығарылу керек, демек, оның жұмысын 1.11-кестемен суреттеуге болады. 
1.11 К е с т е

A

B

S

C

0

0

0

0

0

1

1

0

1

0

1

0

1

1

0

1

Кесте деректері негізінде жазылған құрылғы шығыстарының логикалық өрнектері:
; .
Осы өрнектердің негізінде құрылған қосуыштың сұлбасы 1.17, a-суретте, ал оның жеке блок түрінде біріктірілген түрі 1.17, b-суретте келтірілген.





a

b

1.17 Сурет
Бұл қосуыш көпразрядты сандардың бірінші разрядтарын қосуға ғана жарайды (сондықтан ол жартылай қосуыш деп аталады), ал оның қалған сандардың өзге разрядтарына жарауы үшін оның алдыңғы разрядтан түскен тасымалды да қосатын мүмкіндігі болу керек. Толық қосуыштың жартылай қосуыштар арқылы құрылған сұлбасы 1.18, a-суретте, ал оның жеке блок түрінде біріктірілген түрі 1.18, b-суретте келтірілген.





a

b

1.18 Сурет
1.2.3.5.2 Көпразрядты қосуыштар
Көпразрядты қосуыштарды суреттелген толық қосуыштар арқылы құру қиын емес. 1.19-суретте төртразрядты қосуыштың сұлбасы, жабылған блогы және шартты сызба белгілемесі келтірілген.







a

b

c

1.19 Сурет
1.3 Тізбектеме құрылғылар
Шығыс сигналы (немесе сигналдары) кіріс сигналдарының кезекті мәндеріне және өзінің алдыңғы (кейде, одан бұрынғы да) жағдайына байланысты анықталатын құрылғылар тізбектеме құрылғылар деп аталады. Демек, бұндай құрылғылардың бұрынғы жағдайын есте сақтайтын мүмкіндігі, яғни оның құрамында жады элементтері болу керек. Сондықтан, алдымен жады элементтерінің (триггерлердің) түрлерімен және олардың құрылымы мен жұмыс принциптерімен танысайық.
1.3.1 Триггерлер
Триггерлер – екі тиянақты жағдайы бар, бірразрядты екілік сан сақтауға арналған құрылғылар. Оның тиянақты жағдайларының біреуі лог.1-ге, екіншісі лог.0-ге сәйкес келеді. Әдетте, триггерлік құрылымның қарама-қарсы деңгейлі (тура және теріс деп аталатын) екі шығысы болады, триггердің жағдайы оның тура шығысындағы сигнал деңгейімен анықталады.
Информацияның енгізілу (жазылу) тәртібіне байланысты триггерлер асинхронды және синхронды болып бөлінеді.
1.3.1.1 Асинхронды RS-триггерлер
Асинхронды триггерлердің жаңа жағдайға ауысуы тікелей олардың кірісіне берілетін информациялық сигналдардың өзгерісімен ғана анықталады. Оларды НЕМЕСЕ-ЕМЕС немесе ЖӘНЕ-ЕМЕС элементтерінің негізінде құруға болады.
1.3.1.1.1 Тура кірісті RS-триггер
Асинхронды триггердің НЕМЕСЕ-ЕМЕС элементтерінің негізінде құрылған сұлбасы 1.20, a-суретте келтірілген. Бұл құрылымның жұмысын 1.12-кестедегі жазылым ретімен талқылау арқылы қарастырайық.







Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет