Техникалық факультеті


Кафедрамен берілген жеке тапсырмалар



бет4/4
Дата30.03.2022
өлшемі1.17 Mb.
#456531
түріДиплом
1   2   3   4
отчет пред дипл

Кафедрамен берілген жеке тапсырмалар

1. Қауіпсіздік техника ережелері. Құрылыс объектісінде қауіпсіздік ережелерін катаң сақтау ең маңызды мәселе. Ең алдымен объектіде жүргенде жетекшінің рухсатынсыз құрал-жабдықтарды алуға, орнынан қозғауға,қосуға тиым салынады. Жетекшінің рухсатынсыз нысан басына баруға болмайды. Нысан басына барған кезде міндетті түрде каска кию, байқап жүру, рухсатсыз жұмыстарға араласпау керек. Міндетті түрде құрылыс нысанында арнайы киім киіп жүру керек,жұмыстарда арнайы қолғар, қолбақтар, резеңке етік киіп жұмыс жасау керек.
2.Мен осы дипломалды практика кезінде сауда орталығының тексеруіне бардым. Мен практика жүзінде тексеру жүргізуге қажетті мағлұматтарды алу үшін жүргізілетін ашударды (вскрытие) көрдім. Мысалы, балка, колонна, іргетас. Жұмыс барысында қолданылған барлық аспаптар мен құрал-жабдықтардың сипатымен, қолданылу аясымен таныстым.
3.Құрылыс конструкциялары мен олардың орналасуын практика жүзінде таныстым. Тәжірибе кезінде мекеме өндірістік, қоғамдық ғимараттарды тексерумен айналысқандықтан осы салаға керекті тәжірибе жинадым. Және қадаға сынақ жүргізу технологиясы, жұмыс барысы жайлы көптеген мағлұматтар алдым.
4.Біз практика барысында жоғарыда айтылған жұмыстарды орындағандықтан және дайын объектіде болғандықтан , аймақтық инженерлік дайындық жұмыстарын жүргізу, ғимараттың іргетасының, негіздің, қабырғаның, жабынның, шатырдың,түрлері мен құрылымы, ерекшеліктері мен оларға қойылатын талаптарды, заманауи технология жұмыстарын жүргізбедік.

Қорытынды
Қорытындыға айтарым, дипломалды тәжірибие студенттің жоғарғы оқу орнынан алған білімін жақсартуға,одан әрі жетілдіруге көмек береді.
Мен өз дипломалды тәжірибиемді ойдағыдай өттім деп ойлаймын.Ең алдымен объектіде негізгі қауіпсіздік ережелерімен таныстым. Мекемеде ұжыммен жұмыс істеуді, өзім білмейтін құрылыс, ақаулы конструкцияларды күшейту технологияларын, және де қаданы сынау жұмыстарының барысын, топырақ геологиясын зерттеуді, ПОС және ППР дайындауды игердім. Осы күнге дейін маған бейтаныс болған нормалар, құжаттар, ережелерді қарастырдым. Бұрынғы ГОСТ-тан бөлек, жаңадан еніп келе жатқан еврокод арқылы өнеркәсіп базасының жел және қар жүктемелерін есептеп, бұрынғы нормалармен салыстырдым. Өзім білмеген күшейтудің бірегей әдісі инъекциялау технологиясымен, оған қажетті қоспаның құрамымен таныстым. Және ғимаратты консервациялау жобасын етене зерттедім. Осы барлық жүргізген жұмыстар арқылы өзімнің мамандығымның қыр сырларын көрдім. Теорияға қарағанда тәжірибие жүзінде қолданған әлдеқайда қызықты болып шықты. Тәжірибиеден өткен «ҚазмұнайҒЗЖИ»мекемесінің барлық қызметкерлері осы уақыт аралығында барлық сұрақтарыма жауап беріп, білмегенімді түсіндіріп, тәжірибиеден өтуімен көмектерін тигізді. Маған ең бір ұнағаны ұжымның татулығы, ең бірінші күннен бастап өте жылы шыраймен қарсы алды.
Осы тәжірибиені өту барысында өте көп мағлұматтар алумен қоса, жаңа құрылыстан басқа бұрынғы объекттермен жұмыс істеуді көрдім. Көбінесе жаңа құрылысты жобалаумен, есептеумен, құрылымдаумен таныс болатынмын. Ал қазір істен шығайын деп тұрған, ескі ғимараттармен жұмыс істеу барысын білемін. Және осы алған мағлұматтарымды келешекте қолданатыныма сенемін.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет