«Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты



Дата25.02.2016
өлшемі115.53 Kb.
#24182


Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2012 жылғы «31» 08

№ 1119 қаулысымен

бекітілген
«Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау»

мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) техникалық және кәсіптік білімнің білім беру ұйымдары (бұдан әрі – ТжКБ) көрсетеді.

2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 26-бабымен және «Техникалық және кәсіптік білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгі қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қаңтардағы № 130 қаулысымен (бұдан әрі –Үлгі қағидалар) реттеледі.

4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат ТжКБ ұйымдарының интернет-ресурстарында және фойелерінде орналасқан стендтерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің (www.edu.gov.kz), әкімдіктердің, облыстар және Астана, Алматы қалаларының білім басқармаларының ресми сайттарында орналастырылады.

5. Мемлекеттік қызметті аяқтау нәтижесі оқуға қабылдау туралы жалпы бұйрық немесе қызмет көрсетуден бас тартатындығы туралы дәлелді жауап.

6. Мемлекеттік қызмет негізгі орта (жалпы негізгі), жалпы орта (орта жалпы), техникалық және кәсіптік (кәсіптік бастауыш және кәсіптік орта), орта білімнен кейінгі, жоғары (кәсіптік жоғары) білімі бар Қазақстан Республикасының азаматтарына, шетелдік азаматтарға және азаматтығы жоқ тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.

7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:

1) мемлекеттік қызметті алушы осы стандарттың 11-тармағында айқындалған қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап құжаттарды қабылдау кезеңінде – 60 минуттан аспайды;

2) мемлекеттік қызмет көрсетуді алу үшін жүгінген сәттен – өтініш түскен күнінен бастап Үлгі қағидаларда белгіленген білім алушы қатарына қабылдау кезеңіне күндізгі оқу нысанына 30 тамызға, сырттай оқу нысанына 30 қыркүйекке дейін;

Құжаттар тіркелген күннен бастап бір аптадан аспайтын мерзімде қабылдау комиссиясы оқуға түсушілерге түсу емтихандарына жіберілгендіктері туралы хабарлайды.

8. Білім беру ұйымдары көрсететін қызмет көрсету білім беру ұйымы бекітетін және құрылтайшымен келісілген қызмет көрсету тарифіне сәйкес ақылы негізде жүргізіледі.

9. Мемлекеттік қызмет:

1) оқудың күндізгі нысанына – 20 маусым мен 20 тамыз аралығында;

2) оқудың кешкі және сырттай нысанына – 20 маусым мен 20 қыркүйек аралығында;

3) өнер және мәдениет мамандықтары бойынша 20 маусым мен 20 шілде аралығында жүзеге асырылады.

Түсу емтихандары күндізгі оқу бөліміне 1 тамыз бен 28 тамыз, кешкі және сырттай оқу бөліміне 1 тамыз бен 25 қыркүйек, өнер және мәдениет мамандықтарына немесе шығармашылық емтиханы 21 шілде мен 28 шілде аралығында өткізіледі.

Техникалық және кәсіптік білім беретін білім беру бағдарламалары бойынша білім алушылар құрамына қабылдау күндізгі оқу бөліміне 25 тамыз бен 30 тамыз, кешкі және сырттай оқу нысанына 15 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығында жүргізіледі;

2) белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін көрсетіледі;

3) қабылдау алдын ала жазылусыз және жедел қызмет көрсетусіз кезек күту тәртібімен жүзеге асырылады.

10. Мемлекеттік қызмет меншік нысанына қарамастан мемлекеттік қызметті алушыларға, оның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қызмет көрсету үшін жағдай қарастырылған училищелерде, колледжерде және жоғары техникалық мектептерде көрсетіледі. Оқу орындарының фойесі бланкілерді толтыру үлгілері бар ақпараттық стендтермен жарақтандырылады. Күту жағдайы және қажетті құжаттарды даярлауға қолайлы болуы үшін бөлмелер креслолармен және орындықтармен жабдықталған.


2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушылар мынадай құжаттарды ұсынады:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) білімі туралы құжаттар (түпнұсқа);

3) білім беру ұйымына оқуға қабылдау туралы өтініш;

4) № 086-У нысанындағы медициналық анықтама флюрография суретімен (І және ІІ топтағы мүгедектер мен бала жасынан мүгедектер үшін медециналық-әлеуметтік сараптама қорытындысы) қоса беріледі;

5) 3х4 көлемдегі 4 фотосурет.



Жеке басын куәландыратын құжаттарды оқуға түсушінің заңды өкілдері жеке өздері ұсынады.

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ тұлғалар мәртебесін анықтайтын, тұрғылықты жерге тіркелгендігі туралы белгісі бар құжатты ұсынады:

1) шетелдік – шетелдіктің Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты;

2) азаматтығы жоқ тұлға – азаматтығы жоқ тұлғаның куәлігі;

3) босқын – босқынның куәлігі;

4) пана іздеуші тұлға – пана іздеуші тұлғаның куәлігі;

5) оралман – оралманның куәлігі.

Оқуға түсушілерден түскен өтініштер білім беру ұйымының тіркеу журналдарына оқытудың нысандары бойынша тіркеледі.



Кешенді тестілеу сертификатын (жоғары оқу орындарына түсу үшін ағымдағы жылы кешенді тестілеуге қатысқан өткен жылғы түлектер) немесе ҰБТ нәтижелері туралы сертификатын тапсырған (ағымдағы жылы ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысқан бітірушілер) тұлғалар түсу емтихандарынан босатылады және Үлгі қағидалардың талаптарына сәйкес конкурсқа жіберіледі.

12. Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініштің үлгісі оқу орнының фойесінде орналастырылады, сондай-ақ оқу орнының қабылдау комиссиясы мамандарынан алуға болады.

13. Өтініш, сондай-ақ барлық қажетті құжаттар білім беру ұйымдарының қабылдау комиссиясына тапсырылады.

14. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушылардың ұсынған құжаттары «Білім алушылар қатарына түсушілерді тіркеу кітабына» тіркеледі. Құжаттарды өткізген тұлғаларға құжаттарды қабылданғаны жөнінде осы стандарттың 1-қосымшасына сәйкес өтінішті қабылдап алған күнді және нөмірін, қолхат берген қабылдау комиссиясы мүшесінің тегін, атын, әкесінің атын көрсете отырып, қолхат беріледі.

15. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесін беру мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілінің) жеке қатысуымен жүзеге асырылады.

16. Мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген қажетті құжаттарды толық ұсынбауы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тартуға негіз болады, бас тарту себептері жазбаша негізделеді.


3. Жұмыс қағидаттары
17. Оқу орнының қабылдау комиссиясының қызметі мынадай қағидаттарға негізделеді:

1) азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандығының сақталуы;

2) барша халықтың білімге қолжетімділігі, оның гуманистiк және зайырлы сипаты;

3 ) білім алушылардың сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;

4) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;

5) мемлекеттік қызметті алушы ұсынған құжаттардың мазмұны туралы ақпараттың қорғалуын және құпиялылығын қамтамасыз ету;

6) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;

7) мемлекеттік қызметтің уақытылы көрсетілуін қамтамасыз ету;

8) әдептілік және сыпайылық;

9) заңдылығы;

10) жариялылығы;

11) ашықтығы.


4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.

19. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.


5. Шағымдану тәртібі
20. Білім беру ұйымы қызметкерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі туралы ақпаратты білім беру ұйымының қабылдау комиссиясы төрағасынан алуға болады.

21. Шағымдар ауызша немесе жазбаша нысанда телефонмен, поштамен немесе жұмыс күндері білім беру ұйымының қабылдау бөлмесі арқылы қолма-қол қабылданады.

22. Білім беру ұйымы тікелей қызмет көрсетеді. Мемлекеттік қызметті алушы мемлекеттік қызмет көрсету сапасына қанағаттанбаған жағдайда, азаматтардың шағымы білім беру ұйымы басшысының атына жазбаша түрде қабылданады.

23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.



24. Шағым беру үшiн мемлекеттік қызметті алушы еркiн нысанда өз қолымен жазылған өтінішті береді.

25. Қабылданған шағымдар оқу орнының кіріс хат-хабарлар журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.

Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.


__________________________________

«Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына 1-қосымша


___________________________________

(Құрылтайшының атауы)

___________________________________

(оқу орнының атауы)


Құжаттарды қабылдау туралы

___ қолхат

Азамат(ша) __________________________________________________

(толық аты-жөні)

мынадай құжаттар* алынды:

1. Өтініш ____________________________________________________


2. Жеке басын куәландыратын құжат __________________________

3. ___________________________________________________________

(білімі туралы құжаттың атауы)

«____» ___________ 20___ж. № _____ берілген___________

4. Үш фотосурет ___________________________________________

5. Денсаулық жағдайы туралы анықтама ________________________________

6. ___________________________________________________________

7. ___________________________________________________________


Қабылдау бойынша жауапты хатшы ______________

(қолы)
20___ж. «____» ___________

Көрсетілген стандарттың 11-тармағына сәйкес құжаттардың тізбесі *

________________________________________


«Техникалық және кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша кадрлар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарына құжаттарды қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына 2-қосымша


Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні



Сапа және тиімділік көрсеткіштері


Көрсеткіштердің нормативтікмәні

Көрсеткіштің келесі жылға мақсатты мәні

Есепті жылғы көрсеткіштер

дің ағымдағы мәні




1

2

3

4

1. Уақытылығы

1.1. Құжатты тапсырған кезден бастап белгіленген мерзімде қызметтің көрсетілу жағдайларының % (үлесі)










1.2. 40 минуттан аспайтын уақыт мерзімінде қызметті алу үшін кезекте тұрған тұтынушылардың % (үлесі)










2. Сапасы

2.1. Көрсетілген қызметтің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)










2.2. Лауазымды тұлғамен дұрыс рәсімделген құжаттардың % (үлесі)










3. Қолжетімділігі

3.1. Көрсетілген қызмет сапасымен және қызмет көрсету тәртібі туралы ақпаратпен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)










3.2. Бірінші реттен тұтынушымен дұрыс толтырылып тапсырылған құжаттардың % (үлесі)










3.3. Интернет арқылы қол жететін ақпараттардың, қызметтердің % (үлесі)










4. Шағымдану процесі

4.1.Қызмет көрсетілген тұтынушылардың жалпы санына көрсетілген қызметтің түрі бойынша негізделген шағымдардың % (үлесі)










4.2. Белгіленген мерзімде қаралған және қанағаттандырылған негізделген шағымдардың % (үлесі)










4.3. Қолданыстағы шағымдану тәртібімен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)










4.4. Шағымдану мерзімімен қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)










5. Сыпайылық

5.1. Қызмет көрсетушінің сыпайлығына қанағаттанған тұтынушылар % (үлесі)










_________________________________________






Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет