1.3.2. Күштің өске қатысты моменті
Күштің денені өстен айналдырушы әсерін сипаттаушы – өске қатысты күш моменті.
К үштің өске қатысты моменті деп күштің берілген өске перпендику-ляр жазықтықтағы проекциясының өс пен жазықтықтың қиылысу нүктесіне қатысты алынған моментінің “+”, немесе “-” таңбасымен алынған сан шамасын айтамыз.
Бізге А нүктесіне түсірілген күші және өсі берілсін (1.20-сурет). Өстің кез келген бір О нүктесі арқылы оған перпендикуляр жазықтық (ж)-ны жүргізейік. күшінің (ж) жазықтығына түсірілген проекциясын деп, ал күштің өске қатысты моментін деп белгілесек, онда жоғарыдағы анықтаманы былай көрсетеміз:
.
Осы теңдік күштің өсіне қатысты моментін табу, күш проекциясының О нүктесіне қатысты моментін есептеуге келтіретінін көрсетеді. Ал, оны (1.14) формуласымен берілетін ереже арқылы есептейміз:
± . (1.15)
Бұл формуладағы “+” не “–” таңбасын алатынымызды анықтауда оң бұранда ережесіне сүйенеміз. Егер z өсінің оң ұшынан қарағанда әсерінен болуға тиісті айналыс сағат тілі қозғалысына қарсы бағытта көрінсе, онда моментті оң деп есептеп, “+” таңбасын аламыз; ал егер ол сағат тілі қозғалысына бағыттас болып көрінсе, онда моментті теріс деп есептеп, “–” таңбасын аламыз.
Достарыңызбен бөлісу: |