«Техникалық механика» пәнінен Лекциялар жинағы Ақсукент 2021ж



бет15/75
Дата02.01.2022
өлшемі1.87 Mb.
#453877
түріЛекция
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   75
«Техникалы механика» п нінен Лекциялар жина ы А сукент 2021ж

1.4. Қос күш теориясы


1.4.1. Қос күш. Қос күш моменті
Абсолют қатты денеге әсер етуші шамалары тең, өзара параллель және қарама-қарсы бағытталған екі күштің жүйесін қос күш деп атаймыз.

Күштердің әсер ету сызықтарының ең жақын ара қашық-тығын, қос күштің иіні деп атаймыз.

Күштерінің мәндері тең ( ), бағыттары қарама-қарсы болғанымен, әр түрлі екі нүктеге әсер ететіндіктен қос күш нөлге эквивалент жүйе болмайды. Қос күш ( ) бір тең әсерлі күшке келтірілмейді. Оның әсерінен еркін қатты дене тыныштық күйінен шығып, айналмалы қозғалыс жасайды.

Қос күш әсері қос күш моментімен анықталады.

Қос күш моменті деп модулі, оның күші мен иінінің көбейтіндісіне (F∙h) тең, ал бағыты қос күш жазықтығына перпендикуляр болып келетін векторды айтамыз.

Қос күш моменті векторының бағытын анықтауда оң бұранда ережесі қолданылады (1.21-сурет).

Қос күш моментінің векторын деп белгілесек, онда оның модулін қос күші мен иінінің көбейтіндісіне теңестіреміз:

(1.16)

Бұл теңдіктен ол вектордың модулінің, ( ) күштерінен құрылған, параллелограмм ауданына тең болатындығын көреміз (1.21-сурет).



(1.17)

векторы – еркін вектор, оны қос күш әсер ететін дененің кез келген бір нүктесіне түсіруге болады.

Енді жоғарыда берілген анықтамаға сәйкес қос күш моментінің векторлық өрнегін табуымыз керек. Сол мақсатпен мынадай векторлық көбейтінді аламыз:



немесе .

Бұл векторлық көбейтіндінің модулі мен бағытын анықтайық. Оның модулін, (1.21-суретте) көрсетілген қос күштің иіні болып табылатын, арқылы өрнектейік. Сонда алатынымыз:



. (1.18)

Бұл (1.18) теңдігін қос күш моменті векторының модулін анықтайтын (1.16) немесе (1.17) теңдігімен салыстырып қарасақ, онда екі вектордың модульдерінің тең екендігін көреміз:



.

Осыдан кейін векторының бағытына көңіл бөлеміз. Бұл вектор ABCD параллелограмының жазықтығына (1.21-сурет) тұрғы-зылған перпендикуляр мен оң бұранда ережесіне сәйкес бағытталады. Демек, (немесе ) векторы мен қос күш моментінің векторы бірдей бағытталады. Осы салыстырудан (не ) векторының векторына тең болатынын табамыз. Олай болса, қос күш моментінің векторын және (немесе және векторының векторлық көбейтіндісімен өрнектей аламыз:



. (1.19)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   75




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет