3.ФРИКЦИЯЛЫҚ БЕРІЛІСТЕР ЖӘНЕ ВАРИАТОРЛАР
3.1. ЖАЛПЫ TYCIHIK
Жетекші денедегі қозғалыс жетектегі денеге үйкеліс күші арқылы берілетін берілістерді фрикциялық берілістер дейміз. Қарапайым фрикциялық берілістер біріне-бірі қысылған екі дөңгелектен тұрады (3. 1-сурет).
Фрикциялық берілістердің қуаты, яғни бір біліктен екінші білікке берілетін моменттің шамасы екі дөңгелектің жанасу ауданында пайда болатын үйкеліс күшіне байланысты болады.
Сондықтан айналмалы дөңгелектер бірін-бірі белгілі күшпен қысуы шарт, бұл көбінесе арнаулы cepiппе арқылы жүзеге асырылады.
Фрикциялық берілістердің жұмыс істеу шартына байланысты, үйкеліс күші беріліс күшінен көп немесе үйкеліс күшінен пайда болған момент есептегі берілген айналу моментінен көп болуы тиіс.
(3.1)
3.1.-сурет.
3.2.-сурет.
Бәрімізге белгілі үйкеліс күші:
Ft=FN f, (3.2)
мұндағы, — жанасу ауданына түсетін қысым күші; f — үйкеліс коэффициенті.
Көрсетілген теңдеу бойынша қысым күші мен үйкеліс коэффициентінің шамасы неғұрлым үлкен болса, соғұрлым фрикциялық берілістер беретін күштің (қуаттың) шамасы да жоғары болады.
Үйкеліс коэффициентінің шамасы аз болатындықтан қысым күшінің шамасы есептегі күштен бірнеше есе артық болады. Мысалы, құрғақ бетті болаттар үшін үйкеліс коэффициенті жағдайда қысым күші пайдалы күштен 10 есе артық болады. f=0,l
Осыған байланысты фрикциялық берілістерде біліктер мен тетіктердің өлшемдері үлкен болады, сондықтан олар арқылы берілетін ең үлкен қуат шамасы 10—30 ат күшінен аспайды. Фрикциялық берілістердің мынадай артықшылықтары бар:
а) конструкциясы қарапайым айналу денесіне тic жасаудың қажеті жоқ;
б) қозғалыс бірқалыпты беріледі, сондықтан ол жоғары жылдамдықпен айналатын механизмдерде және аспаптарда қолданылады. Мысалы, тісті дөңгелектің дәлдігін есептейтін аспаптар фрикциялық берілісті қолдану негізінде жасалған;
в) айналыс сандарын сатысыз реттеуге мүмкіндік береді;
г) олар конусты дискілі түрде жасалып, берілісті бұрышпен беруге мүмкіндік туғызады.
Ал фрикциялық берілістердің кемшіліктері:
а) фрикциялық берілістерде подшипник пен білікке күш көп түседі;
б) фрикциялық берілістердің пайдалы әсер коэффициентінің шамасы аз
( = 0,8...0,92). Фрикциялық берілістердің жұмыс icтеуі кезінде сырғанау пайда болады, сондықтан беріліс қатынасы және фрикциялық дискілер бетінің тозуы бірқалыпты болмайды;
в) айналмалы денелердің қысылып тұруы қажет, сондықтан қосымша қысу жабдықтарын қажет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |