Технологическая карта урока №


Мәліметтер қорының терминдері



бет15/37
Дата26.03.2022
өлшемі2.46 Mb.
#456483
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37
информатика сабақ жоспары 2 семсетр

Мәліметтер қорының терминдері.
Мәліметтер қорын басқару жүйесі (СУБД - МҚБЖ) – мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған, оны басқару мен түрлендіруді жүзеге асыратын программалар тобы. Ағылшынша оларды DBMS (data – base management system) деп атайды.
Мәліметтер қоры – бір – бірімен байланысқан мәліметтерді, объектілерді және МҚБЖ кез келген бір мәселені шешу жолында құрылады.
Кесте – мәліметтер қорымен жұмыс істеуге арналған негізгі объект, мәліметтер қоймасы. Ол өрістер (поля) мен жазбалардан (записи) тұрады.
Жазба – кестенің бір қатары, яғни жолы (строки). Ол МҚБЖ мәліметтерін сақтайтын негізгі блок болып табылады.
Өріс – кестедегі бағана немесе тік жол (столбцы). Access – те өріс мәліметтерін сипаттайтын оның бірсыпыра қасиеттері болады. Енгізу өрісі деп басқару элементі ретінде мәлімет енгізетін қатарды айтады, оған пернелер арқылы мәндер енгізеді.
Сұраныс (таңдауға) – жұмыс істеуші адамның керекті мәліметтерді бір немесе бірнеше кестеден белгіленген шарттарға байланысты таңдап алу тәсілі. Таңдап алуға сұраныс беру арқылы есептелетін өрістерден немесе басқа кестеден алынған өрістерден тұратын виртуалды кестелер құруға болады. Access – те сұраныстардың бірнеше түрі бар.
Форма – мәліметтерді экранда бейнелеу жолы немесе оларды басқару мүмкіндіктері.
Басылым (отчет) – мәліметтерді баспаға шығарып қағазға бейнелеу тәсілі.
Түйінді өріс (ключевое поле) – кестедегі жазбаларды таңдап алу мақсатында мәндерді қолданылатын негізгі өріс.
Кілт (ключ) немесе түйін – кесте жазбаларын анықтайтын немесе кестелер арасында байланыстарды ұйымдастыратын бір немесе бірнеше түйінді өрістер.
Санауыш – кестедегі жазбалардың реттік нөмірлері орналасатын өріс.
Индекс – индекстелетін өріс мәні арқылы кесте жазбаларын автоматты түрде сұрыптау тәсілі.
Жазбаны белгілеу аймағы - өріс тақырыбы аймағы. Оны шерту сол өрісті түгел белгілеу мүмкіндігін береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет