Технологическая карта урока №


MS Excel -дегі теңдік «=»



бет9/37
Дата26.03.2022
өлшемі2.46 Mb.
#456483
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37
информатика сабақ жоспары 2 семсетр

MS Excel -дегі теңдік «=» белгісінен басталатынын символдар тізбегін формула деп атаймыз. Символдар тізбегі құрамына тұрақты мәндер, ұяшыққа сілтемелер, атаулар, функциялар немесе операторлардың бірі немесе бірнешеуі қамтылуы мүмкін. Формула жұмысының нәтижесінде қандайда бір жаңа мән есептелініп шығады.
MS Excel-де функциялар жұмыс кітабындағы стандартты есептеулерді орындау үшін қолданылады.
Функцияны қолдану үшін оны жұмыс кітабының қажетті ұяшығына формуланың құрамды бөлігі түрінде енгізу керек.
Егер функция формуланың алғашқы бөлігінде қолданылатын болса, онда оның алдына міндетті түрде теңдік белгісі қойылады.
Функция аргументі функция атауынан кейін дөңгелек жақшаға алынып жазылады. Егер аргумент бірнешеу болса олар өзара нүктелі үтір (;) арқылы ажыратылады.
ФОРМУЛЫ – құралдар тақтасы арқылы функциялармен жұмыс істеуге болады.
Функция менюіндегі Қою немесе  батырмасының көмегімен Функция шебері (Мастер функции) диалогтік терезесін шақыру.
Формулада +, -, /, *, ^ операцияларын және (,), % белгісін қолдануға болады.
Ms Excel -де 400-ден астам функциялар бар.

  1. Логикалық функциялар

Логикалық функциялар бір немесе бірнеше шарттардың орындалуын тексеру үшін қолданылады.

  • И

Егер аргументтің барлық мәндері АҚИҚАТ болса, онда нәтиже АҚИҚАТ мән қабылдайды, егер аргумент мәндерінің кемінде біреуі ЖАЛҒАН болса, онда нәтиже ЖАЛҒАН мәнін қабылдай.
И (АҚИҚАТ; АҚИҚАТ) нәтиже АҚИҚАТ
И (АҚИҚАТ; ЖАЛҒАН) нәтиже ЖАЛҒАН
ЕСЛИ ЕСЛИ функциясы формуланы немесе мәндерді шартты түрде тексеру үшін қолданылады:
ЕСЛИ (логик_өрнек; ақиқат_болғандағы_мән; жалған _болғандағы _мән)
Логик_өрнек – шартты тексеру нәтижесінде АҚИҚАТ немесе ЖАЛҒАН мән қабылдайтын кез келген өрнек немесе мән.
Ақиқат_болғандағы_мән- логикалық өрнектің мәні АҚИҚАТ болғанда қабылданатын мән
немесе орындалатын оператор


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   37




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет