Технологиялық құбыр өткізгіштерді пайдалану кезіндегі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптары


-тарау. Құбыр өткізгіш құрылғысына қойылатын талаптар



бет3/11
Дата13.06.2016
өлшемі1.27 Mb.
#133014
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

5-тарау. Құбыр өткізгіш құрылғысына қойылатын талаптар

1-параграф. Құбыр өткізгіштерді орналастыру
154. Технологиялық құбыр өткізгіштерді араға салу жоба бойынша жүргізіледі.

155. Технологиялық құбыр өткізгіштерді араға салу қамтамасыз етеді:

1) жобада қарастырылған көтеру-тасымалдау құралдарын пайдалану мүмкіндігі мен техникалық жағдайын тұрақты бақылау;

2) қалыпқа келтіру және жөндеу жұмыстарының өндіру есебімен механизациялау құралдарын пайдалану мен технологиялық блоктар мен тораптарға бөлу;

3) бақылау, дәнекерлеу тігістерін термикалық өңдеу, сынау және диагностикалау бойынша барлық жұмыс түрін орындау мүмкіндігі;

4) құбыр өткізгіштерді таттану, атмосфералық және статикалық токтан оқшаулау мен қорғау;

5) құбыр өткізгіште мұз және басқа да түйіндердің пайда болуының алдын алу;

6) құбыр өткізгіштердің неғұрлым созылыңқылығы;

7) тоқырау аумағының пайда болу және тұрып қалуын болдырмау;

8) құбыр өткізгіштердің температуралық ауытқушылығын өзі өтеу мүмкіндігі және ақауланудан қорғау;

9) көтеру механизмдерінің, өрт сөндіру құралдары мен жабдықтарының кедергісіз орын ауыстыру мүмкіндігі.

156. Құбыр өткізгіш жолын таңдағанда жолдың бұрылыстары есебінен температуралық форма өзгертуден өзі өтеу мүмкіндігі қарастырылады.

Құбыр өткізгіш жолы жаяу жүргінші жолы мен тротуарлардың орналасуына қарама-қарсы бетте орналасады.

157. Құбыр өткізгіштерді тоқтаған кезде босатуды қамтамасыз ететін қиғаштықпен жобаланады.

Құбыр өткізгіш қиғаштығы көрсетілгеннен төмен қабылданады:

1) жеңіл жылжитын сұйық заттар үшін-0,002;

2) орта жүрісі бойынша газ пайда болу заттары үшін-0,002;

3) орта жүрісіне қарсы газ пайда болу заттары үшін-0,003;

4) қышқылдар мен сілтілер үшін-0,005.

Жоғары жабысқақты және суып қалатын заттары бар құбыр өткізгіштер үшін қиғаштық үлкендігі нақты құрылым мен заттардың ерекшеліктерінен, құбыр өткізгіштердің созылыңқылығы мен олардың төсемдерінің шарттарынан (0,02 дейінгі шамада) туындай қабылданады.

Негізді жағдайларда құбыр өткізгіштің неғұрлым төмен қиғаштықпен не қиғаштықсыз төсемдеріне рұқсат беріледі, бірақ бұл жағдайда олардың босатылуын қамтамасыз ететін шаралар қарастырылады.

158. Жанбайтын құрылғы, эстакада, қабат, баған, тіректерде А, Б тобындағы құбыр өткізгіштер үшін төсемдер жер үстілік болады.

Бұл құбыр өткізгіштерді өтілмейтін каналдарда сорғылар мен компрессорларға жалғастыру телімдерінде төсеуге рұқсат беріледі.

Өтілмейтін каналдарда жабысқақ, жылдам суитын және жанатын Б (б) топты сұйықтарды (мазут, май және сол сияқтылар) тасымалдайтын құбыр өткізгіштерді төсеуге, негізгі жағдайларда жабдықтың кезең сайын босай бергенінде А және Б топты кәріз құбыр өткізгіштерді төсеуде рұқсат беріледі.

В топты құбыр өткізгіштер үшін жер үстілік төсемнен басқа каналдарда (жабық не құммен жабылған), тоннельдерде не жерде төсем жүргізуге рұқсат беріледі. Жерге төсем жүргізген кезде құбыр өткізгіш температурасы 150°С аспайды. Төмен тірек құрылғыларды пайдалануға бұл көлік пен өрт сөндіру құралдарына кедергі келтірмейтін жағдайларда рұқсат беріледі.

159. А және Б топты құбыр өткізгіштер үшін каналдар жинақталған жанбайтын құрылғымен орындалады, жанбайтын темір бетонмен (темір бетон плитамен), құммен жабылады және қажеттілігі болғанда оған су кіруден қорғау қарастырылады.

160. Жартылай өтетін каналдарда құбыр өткізгіштерді төсеу 100 м артық емес ұзақтықтағы жолдың жекелеген бөліктерінде, негізінен жетілдірілген жабумен зауытішілік темір жолдар мен авто жолдарда Б (в) және В тобындағы құбыр өткізгіштердің қиысуында рұқсат беріледі.

Бұл жағдайда жартылай жабылатын каналдарда шығыңқы құрылғылардың ені 0,6 мм кем және биіктігі 1,5 мм кем емес өтетін жерлер қарастырылады. Каналдардың соңында шығатын жерлер мен люктер қарастырылады.

161. А, Б тобындағы құбыр өткізгіштерді канал немесе тоннель бойынша цехқа (цехтан) енгізу (шығару) орындарында цехтан каналға не керісінше зиянды және жанатын заттардың түсуінің алдын алу құралдары қарастырылады (әрбір нақты жағдайда жанбайтын материалдардан диафрам немесе су және газ өткізбейтін жалғастырғыш құрылғыларды орнату жобамен анықталады).

162. Араласқан құбыр өткізгіштердің діңдері арасындағы қашықтық және құбыр өткізгіштерден құрылыс құрылғысына дейін көлденеңі бойынша да, тігі бойынша да құбыр өткізгіштердің араласу үлкендігі температуралық өзгеру кезіндегі жинақтау, жөндеу, қарау, оқшаулауды енгізу мүмкіндігін есепке алумен қабылданады. Ғимарат қабырғасы мен канал қабырғасымен араласқан құбыр өткізгіш діңдері арасында ұсынылған қашықтық осы Талаптың 6-қосымшасында көрсетілген.

Жылытатын серіктестерге арналған арматура құбыр өткізгіштерінде осы Талаптың 6-қосымшасы бойынша қабылданған А және Б қашықтығы жарықта мынадан төмен емес қашықтықта қамтамасыз ету шартынан туындай тексереді:

1) оқшауланбаған құбыр өткізгіштер үшін Dу болғанда 600 мм-50 мм дейін;

2) оқшауланбаған құбыр өткізгіштер үшін Dу болғанда 600 мм артық, және жылыту оқшаулауы бар барлық құбыр өткізгіштер-100 мм.

Төменгі пайда болу немесе жылу оқшаулағыш құрылғы мен еден не канал түбі арасындағы қашықтық 100 мм кем болмай қабылданады.

Б қашықтығы (құбыр өткізгіштер діңдері арасындағы) bi кесте өлшемдерінің қосындысымен мұнда bi=b1, b2, ..., b8 анықталады.

Әр түрлі жазықтықта ернемектердің орналасуында оқшауланбаған құбыр өткізгіштер арасындағы қашықтық b4 үлкен диаметрі мен b5-b8 кіші диаметрінің қосындысымен анықталады.

163. Құбыр өткізгіштерді жобалау кезінде жолдың бұрылу орындарында құбыр қабырғаларының ішкі қысымы мен басқа да жүктеме салдарынан температураның өзгеруінен туындайтын араласу мүмкіндігі есепке алынады.

164. Құбыр өткізгіштер мен электр кабельдерді бірге төсеген кезде олардың арасындағы қашықтықты анықтау үшін нормативтік-техникалық құжаттама басшылыққа алынады.

165. Технологиялық құбыр өткізгіштерді әкімшілік, тұрмыстық, шаруашылық ғимараттарда және электр таратқышты құрылғылар, электр қондырғы, автоматтандыру қалқандары, трансформаторлар орналасқан, желдеткіш камералары, жылу бекеттері ғимараттарында, жұмысшыларды шығару (саты, коридор және сол сияқты) жолдарында, сонымен қатар кез келген қолданыстағы ғимараттарда төсеуге рұқсат берілмейді.

Қауіпсіз өндірістік объектіге төселген А және Б тобындағы құбыр өткізгіштер жер үсті төсемдерінде 50 м кем болмайтын және жер асты төсемдерінде 25 м кем болмайтын қашықтықта адамдар болуы мүмкін ғимараттарда (асхана, клуб, медпункт, тұрмыстық және әкімшілік ғимараттар және басқа) орналастырылады.

166. Құбыр өткізгішті жолдарды жобалаған кезде қайта құру мүмкіндігін есепке алу ұсынылады, бұл үшін құрылыс өлшемдерін анықтаған кезде осы құрылыстардың үлкендігі жағынан да салмағы жағынан да резерві қарастырылады.

167. Жер асты құбыр өткізгіштерінің теміржол, автомобиль және жаяу жүргінші жолдарының қиылысқан орындарында, есік босағасы, терезе және балкон асты мен үстіне арматура, компенсатор, дренажды құрылғы, ажыратқыш жалғастырғыштарда орналастыруға жол берілмейді. Ажыратқыш жалғастырғыштарды пайдалану қажеттілігі болса (мысалы, ішкі қорғаныс жабыны бар құбыр өткізгіштер үшін) қорғаныс тұғырықтары мен күнқағар қарастырылады.

168. А, Б тобындағы заттар мен В тобындағы газдарды (шарты өтуі 100 мм дейін), В тобындағы сұйық заттарды (құбыр өткізгіштердің диаметріне қарамастан) тасымалдайтын цехішілік құбыр өткізгіштерді төсеуге төмендегілер бойынша рұқсат беріледі:

1) көмекші ғимараттардың қорғанысын қамтамасыз ете отырып тыныш қабырғаларының сырттық бетіне;

2) өндірістік ғимараттардың қабырғаларының жанбайтын бетінде осы қабырғаларға түсірілетін салмақтан 200 мм дейінгі шартты өтетін жері бар цехішілік құбыр өткізгіштерді төсеуге рұқсат беріледі. Мұндай құбыр өткізгіштер есік және терезе ойықтарынан 0,5 м төмен не жоғары орналастырылады. Бұл жағдайда жеңіл газды құбыр өткізгіштер есік және терезе ойықтарынан-жоғары, ал ауырлары-төмен орналастырылады. Түгел шыныланған, жеңіл лақтырылатын құрылыс ғимараттарының қабырғалары бойынша құбыр өткізгіштерді төсеуге рұқсат берілмейді.

169. Бөлек тұрған төмен және жоғары тіректерде немесе эстакадаларда құбыр өткізгіштерді төсеу тасымалданатын заттардың құрамы мен өлшемдеріне қарамастан құбыр өткізгіштердің кез келген қиысуында пайдалануға рұқсат беріледі.

Бұл жағдайда бір-бірімен сәйкес келмейтін заттары бар құбыр өткізгіштерді бір-бірінен барынша алшақ орнатады.

Екі не үш қабатты төсемді құбыр өткізгіштерді келесі талаптарды сақтай отырып орналастырады:

1) қышқыл, сілті және басқа да агрессиялы заттардың құбыр өткізгіштері-ең төменгі қабатта;

2) Б (а), Б (б) тобындағы заттардың құбыр өткізгіштері жоғарғы қабатта және мүмкіндігіне қарай эстакада шетінде;

3) араласқанында өрт не жарылыс туғызуы мүмкін заттардың құбыр өткізгіштері-бір-бірінен барынша алшақ.

170. Өтетін жерлер мен жолдарда П-сияқты компенсаторлардың орнатылуына рұқсат берілмейді. Компенсаторлардың аталған орнатулары оларды басқа орындарда орнату мүмкін болмаған негіздемелер табылса рұқсат беріледі.

171. Эстакадаларда ұдайы қызмет көрсетуді қажет ететін (ауысымына бір реттен кем емес) құбыр өткізгіштерді төсеген кезде, зауыттық эстакадаларда жанбайтын материалдан әр 200 м сайын ені 0,6 м кем емес және таяныштарының биіктігі 0,9 м кем емес, ал эстакаданың бүйір жағында 200 м қашықтықта шатырлы қоршаулы не маршты тік баспалдақтар өтетін өткелдер қарастырылады.

172. Төмен тіректерде құбыр өткізгіштерді төсеу кезінде жердің бетінен құбыр мен жылумен оқшаулаудың астына дейін өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес қабылданады.

Диаметрі 300 мм қоса алғандағы құбыр өткізгіштерді жайғастыру екі және одан көп қабатта қарауға рұқсат береді, бұл жағдайда алаң бетінен құбырдың жоғарғы жағына не жоғарғы қабаттың жылумен оқшаулауы арасындағы қашықтық 1,5 м артық болмайды.

173. Сәйкес негіздемелерде егер құбыр өткізгіштердің тасымалдау қабілеті қабілетті болса, оған диаметрі кішірек басқа құбыр өткізгіштерді бекітуге рұқсат беріледі. Мұндай бекіту тәсіл мыналарды тасымалдайтын құбыр өткізгіштерге рұқсат етілмейді:

1) А, Б тобының ортасына;

2) 300°С жоғары-40°С төмен температуралы технологиялық орта немесе температураға қарамастан 10 МПа (100 кгс/см2) артық қысымда;

3) бекітілген құбыр өткізгіштегі өзінен өзі тұтану температурасы тасымалдайтын құбыр өткізгіштердегі заттардың температурасынан 0,8 төмен заттар.

Құбыр өткізгіштерді бекіту мүмкіндігі есеппен бекітіледі және жобада көрсетіледі.

174. Бу өткізгіштердің төсемдерінде басқа құбыр өткізгіштермен бірге төсеген кезде бу мен ыстық су құбыр өткізгішінің құрылымы мен қауіпсіз пайдалану бойынша қолданыстағы талаптар басшылыққа алынады.

175. Қабырға немесе ғимараттың жабындары арқылы өтетін құбыр өткізгіштер гильзаға не қаптамаға бітеледі. Гильза мен қаптама ішінде құбыр өткізгіштердің дәнекерленген және бұрандалы жалғастырғыштарына жол берілмейді.

Гильзалардың ішкі диаметрі құбыр өткізгіштердің (оқшаулау болмағанда) сыртқы диаметрінен немесе оқшаулаудың сыртқы диаметрінен 10-12 мм артық қабылданады.

Гильзалар құрылыс құрылыстарына қатты бекітілген, құбыр өткізгіш пен гильза (екі шетінен де) арасындағы саңылау құбыр өткізгішті оның қашықтағы діңінен алшақ ауыстырылуға рұқсат беретін жанбайтын материалмен толтырылады.

176. Технологиялық аппараттан ауаға жарылыс және өрт қауіпті заттарды шығаратын құбыр өткізгіштерде жалынды тоқтатқыштар орнатылады. Азот шығаратын аппараттардан шығарылатындар мен сақтандырғыш қақпақшаларынан шығарылатындарға жалынды тоқтатқыштар негіздемелі жобалануда орнатылмауына рұқсат беріледі.

177. Газды технологиялық орта шығаруға арналған құбыр өткізгіштер қолданыстағы (факельді құбыр өткізгіштер) факельді жүйені қауіпсіз пайдалану мен құрылғының өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына жауап береді.

178. А және Б топты ортасы бар соратын және тығыздалған компрессорлардың коллекторларын талаптағыдай машина залынан тыс орнату ұсынылады. А және Б топты соратын құбыр өткізгіштегі коллектордан сөндіргіш (бекіту) арматурасы ғимарат сыртындағы әр машинада авариялық жағдайда ғимаратқа кіруі мүмкін зиянды және жарылыс өрт қауіпті заттардың санын шектеу мақсатында коллекторда орнатылған. Ортақ коллекторға жұмыс істейтін газды компрессорлардың тығыздау желілерінде компрессор мен бекіту арматурасы арасында кері қақпақша орнату қарастырылады.

179. Каналдарда технологиялық құбыр өткізгіштерді төсеу жобада сәйкес негіздеме (158 және 160 тармақтарды есепке ала отырып) болған кезде рұқсат беріледі.

180. А және Б тобындағы цех аралық құбыр өткізгіштерді ғимараттардың астына және үстіне төсеуге рұқсат берілмейді.

А, Б (а), Б (б) тобындағы құбыр өткізгіштерді бу өткізгіш, жылу өткізгіш қатты және баяу ток кабельдерімен ортақ каналдарда төсеуге рұқсат берілмейді.

181. Жер астына төселген жер асты құбыр өткізгіштері автомобиль жолдары мен темір жолдардың қиылысқан жерлерінде аяқ жағы рельстің немесе жол жиегінің басынан 2 м кем емес қашықта орналасқан металл және бетон қорғаныш құбырларында төселген; жоғарғы қорғаныш құбырынан темір жол шпалының табанына дейін 1 м кем емес, автожолға дейін 0,5 м болады.

182. Өтетін жерлерде құбыр өткізгіштерге арналған эстакада биіктігі:

1) темір жолдар үшін (рельстің басында)-5,55 м;

2) автомобиль жолдары үшін-5 м (сәйкесінше негіздемеде-4,5 м);

3) жаяу жүргінші үшін-2,2 м болады.

183. Теміржолдар мен автожолдардың биік эстакадаларының қиылысқанында эстакаданың жақын тірегінің көлденеңі бойынша қашықтығы:

1) орташа қазықтағы темір жолдың осіне дейін-2,45 м;

2) авто жол бордюріне дейін-1,0 м.

184. Эстакадалардың ауадағы электр өткізгіш желілерімен қиылысулары тек құбыр өткізгіштер астымен өтеді. Эстакаданың жоғарғы технологиялық құбыр өткізгіштерден электр өткізгіш желілеріне дейін (төменгі сымдардың салбырау есебімен) тігі бойынша барынша аз қашықтығы кернеуге байланысты қабылданады.

Кернеу, кВ

1 дейін

1 бастап

20 дейін


35 бастап

110 дейін



150

220

Құбыр өткізгіш үстінен қашықтық, м

1,0

3,0

4,0

4,5

5,0

Аспалы жолдардың жоғарғы технологиялық құбыр өткізгіштерден вагонның (тростың салбырауы есебімен) төменгі бөлігіне дейінгі тігі бойынша қашықтық 3 м кем болмайды.

Ауадағы электр өткізгіш желілері мен технологиялық құбыр өткізгіштердің арасындағы тік және көлбеу қашықтықты анықтауда олардың үстіне орнатылған тор, галерея, алаң түрінде орнатылған түрлі қорғаныс қоршаулары құбыр өткізгіштің бөлшегі түрінде қарастырылады.

185. Құбыр өткізгіштерді жер астында төсеген кезде бір траншеяда екі немесе одан көп құбыр өткізгіш бір уақытта орналасса, олар бір қатарға орналастырылады (бір көлбеу бойымен). Олардың арасындағы жарықтағы қашықтық құбыр өткізгіштердің келесі шарты диаметрінде қабылданады:

1) 300 мм дейін-0,4 м кем емес;

2) 300 мм артық-0,5 м кем емес.

186. Жер асты құбыр өткізгіштері топырақты таттанудан таттануға қарсы қорғаныспен (оқшаулаумен) барынша сақталған.

187. Жер асты құбыр өткізгіштерін орнату тереңдігі жер бетінен құбырдың үстіңгі бөлігіне дейін немесе көлік қатынасы қарастырылмаған орындардағы жылумен оқшаулаудан 0,6 м кем болмайды, ал басқа телімдерде орнату тереңдігі құбыр өткізгіш беріктігін сақтау шартынан туындай отырып қолданыстағы барлық жүктемелерді есепке алумен қабылданады.

Ұйыған, ылғалданған және қойылтылған заттарды тасымалдайтын құбыр өткізгіштер конденсат жинағыштарға, басқы ыдыстар мен аппараттарға бейім топырақтың қату тереңдігінен 0,1 м төмен орналастырылады.

188. Мүмкіндікке қарай құбыр өткізгіштердің электрлендірілген (тұрақты токпен) жолдардың рельс жолдары мен басқа да кезбе ток көздерінен 11 м кем қашықтыққа дейін жақындауына және қиылысуына жол берілмейді.

Негізгі жағдайларда аталған қашықтықты кезбе ток көздерінен жобадағы негіздемелермен тиісті қорғанысты пайдалану шартымен қысқартуға рұқсат беріледі.

Жер асты құбыр өткізгіштерінің электрлендірілген темір жолдармен қиылысатын орындарында диэлектрлі төсемдер пайдаланылады.

2-параграф. Құбыр өткізгішті үрлеу және сорғытуға арналған құрылғылар
189. Тасымалданатын өнімге байланыссыз технологиялық құбыр өткізгіштердің гидравликалық сынаудан кейін су төгуге арналған сорғытқылары мен құбыр өткізгіштердің жоғарғы нүктелерінде газды шығаруға арналған ауа шығарғыштары болады.

Сорғытқылар мен үрлеулер үшін арнайы құрылғылардың қажеттігі құбыр өткізгіш жұмысының шарттары мен тағайындалуына байланысты жобамен анықталады.

190. Құбыр өткізгіштерді босату сұйықты кезеңді немесе үзіліссіз шығару құрылғысы бар технологиялық жабдықта жүргізіледі. Толықтай босату мүмкін болмағанда («қаптар» болса, кері құлаулар және тағы сол сияқтылар) құбыр өткізгіштердің төменгі нүктелерінде үзіліссіз және кезеңді әрекеттің сорғыту құрылғысы қарастырылады.

191. Өнімнің конденсациялануы мүмкін құбыр өткізгіштерде сұйықты үзіліссіз шығаруға арналған сорғытқы құрылғылары болады.

Ортаның қасиеті мен шамасына тәуелді үзіліссіз әрекеттегі сорғытылатын құрылғы ретінде конденсат шығарғыштар, гидравликалық бекітпе, сепаратор және сұйықты жабық жүйелер мен жинағыштарға шығаратын басқа да құрылғыларды пайдалануға рұқсат беріледі.

192. Сорғытылатын сұйықты құбыр өткізгіштен үзіліссіз шығару сорғытатын құбыр өткізгішке қосылған жалғастық-қалтадан қарастырылады.

Сорғытатын құбыр өткізгіш диаметріне байланысты жалғастық-қалта диаметрін осы Талаптың 7-қосымшасының 1-кестесіне сәйкес қабылдауға болады.

Шартты диаметрі 100 мм кем құбыр өткізгіштерде жалғастық-қалталар қарастырылмайды.

Жалғастық-қалтаға жалғанатын шығаратын құбырлардың диаметрі гидравликалық есеппен анықталады.

193. Кезеңді әрекеттегі сорғытқы құрылғы ретінде бекіткіш арматуралы төгу жалғастықтарынан стационарлы немесе алынбалы құбыр өткізгіштерді қосу үшін, иілгіш құбыршектерді өнімді сорғытқылы ыдысқа немесе технологиялық жабдыққа шығару үшін қарастырылады. Бекіткіш арматураға бұқтырма орнатылады. Авариялы босатуға арналған сорғытқы құрылғылар стационарлымен жобаланады.

Қауіптілік пен сұйылтылған газдардың 1 және 2-сыныпты өнімдері үшін босатуға арналған құрылғы иілгіш құбыршектер көмегімен босатуға рұқсат берілмейді.

Сорғытқы құбыр өткізгіш диаметрі сорғытқының регламенттелген уақытының шартынан, бірақ 25 мм кем болмай туындайтын гидравликалық есепке сәйкес қабылданады.

194. Өнімнің конденсациясы болуы мүмкін құбыр өткізгіштерді жылыту мен үрлеу үшін өндірістік цехқа, технологиялық желіге енгізерде және бекіту арматурасы алдында орнатуға, бекіту органдарымен сөндірілетін құбыр өткізгіштің барлық телімдерінде соңғы нүктелерде вентилі бар (улы заттар үшін-бұқтырмалы) сорғытқылы жалғастық қарастырылады.

Оны үрлеу кезінде бу өткізгіштен конденсатты алып тастау үшін сорғытқылы жалғастық пен бекіту арматураның диаметрі басқа бағыттағы құбыр өткізгіштен қажеттілігі болған кезде оларды бумен үрлеу құбыр өткізгіштің осы Талаптың 7-қосымшасының 2-кестесіне сәйкес диаметріне тәуелді қабылданады.

195. Гидравликалық сынаудан кейін құбыр өткізгіштерді судан босату үшін бірінші кезекте құбыр өткізгішті технологиялық сорғытуға арналған құрылғы пайдаланылады. Технологиялық сорғытқы болмаған жағдайда сорылатын құбыр өткізгішке тікелей қосылатын жалғастық қарастырылады.

Сорғытатын жалғастықтардың диаметрін осы Талаптың 7-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілгеннен кем болмай қабылдау ұсынылады.

196. Сұйылтылған газдарды, жарылыс өрт қауіпті өнімдер мен 1 және 2-сыныпты қауіптіліктегі заттарды тасымалдауға арналған құбыр өткізгіштер үшін құбыр өткізгіштің бастапқы және соңғы нүктелерінде оларды инертті газбен (не) су буымен және сумен немесе арнайы ерітіндімен үрлеу үшін жалғастықты арматура және бұқтырма қарастырылған.

Инертті газды, буды, суды немесе жуатын сұйықты құбыр өткізгішке құю (төгу) иілгіш құбыршек немесе құбыр өткізгіштің алмалы бөліктерінің көмегімен жүргізіледі. Үрлеу (жуу) аяқталған соң алмалы бөліктер мен құбыршектер ағытылады, ал бекіту арматурасына бұқтырма орнатылған.

Үрлеу мен жуу үшін жалғастық диаметрлері құбыр өткізгіш диаметріне байланысты, бірақ осы Талаптың 7-қосымшасының 3-кестесінде көрсетілгеннен кем болмай қабылданады.

197. Стационарлы жабдықтан сұйылтылған газдарды тазалу үшін иілгіш құбыршектерді пайдалануға жол берілмейді.

Стационарлы емес жабдықты толтыру мен босату үшін (темір жол цистерналарын, контейнер, бөшке және баллондарды толтыру мен төгу) тиісті қысымға есептелген иілгіш құбыршектерді пайдалануға рұқсат беріледі.

198. 1, 2 және 3 қауіптілік сыныпты технологиялық орталы құбыр өткізгіштерді үрлеу газдары мен буларын кейін қолданумен немесе зиянсыздандырумен лақтыратын құбыр өткізгіштерге үрлеу. Қалған құбыр өткізгіштерді үрлеу атмосфераға үрлемелі білтелері арқылы жүргізуге рұқсат беріледі.

199. Құбыр өткізгіштерді үрлеу сұлбасы мен үрлемелі білтелердің орналасуы нормативтік-техникалық құжаттааманың талаптарын сақтай отырып әрбір нақты жағдайда жобалау кезінде анықталады.

200. Үрлемелі білтелер арматурамен сынауға іріктеу үшін құрылғысы, ал жанатын және жарылыс қауіпті өнімдер үшін үрлемелі білтелер-от тоқтатқыштар болады.

201. Сақтандырғыш клапандардың үрлемелі бітелері мен лақтыру құбыр өткізгіштерінің төменгі нүктелері сорғыту саңылаулары мен арматуралы жалғастықтары немесе конденсация салдарынан сұйықтың жиналу мүмкіндігін болдырмайтын басқа құрылғылары болады.

202. Үй-жайдан тыс орнатылған конденсат шығаратын құрылғылардың барлық түрі және барлық сорғытқылы құбыр өткізгіштер суыққа ұрынудан жылумен оқшаулау және жылытумен қорғалған.



3-параграф. Арматураны орналастыру
203. Құбыр өткізгішті цехқа енгізерде технологиялық түйіндер мен орнатулар және шығарарда бекіту арматурасы орнатылады. Жанатын, соның ішінде сұйылтылған газдарға арналған құбыр өткізгіштерге енгізерде, жылдам тұтанатын және жанатын арналған диаметрі 400 мм және одан артық құбыр өткізгіштер үшін қашықтан басқарылатын және қолмен қайталанатын бекіту арматурасы орнатылады.

Қашықтан басқарылатын бекіту арматурасы ғимараттан тыс ғимарат қабырғасынан немесе ғимараттан тыс орнатылған жақын аппараттан 3 м кем емес және 50 м артық емес қашықтықта орналастырылады.

Бекіту арматурасымен қашықтан басқару басқару пунктерінде, операторлы және басқа қауіпсіз орындарда орнатылады. Арматурамен басқаруға өндірістік ғимараттарда оны қауіпсіз орыннан қайталау шарты кезінде орналасқанда жол беріледі.

204. Цехішілік бекіткіш құбыр өткізгіштерде бекіту арматурасын орналастыру мен орнату барлық құбыр өткізгіштің әр агрегатын немесе технологиялық аппаратын сенімді сөндіру мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

Қашықтағы жетекті немесе қолмен басқарылатын арматураны пайдалану қажеттігі өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына сәйкес технологиялық үдеріс шарттарымен және еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз етумен анықталады.

205. Газдың авариялы шығуына арналған қашықтан басқаратын бекіту арматурасымен басқару оператор арқылы жүргізіледі.

206. Үзіліссіз технологиялық үдерісті қамтамасыз ететін реттегіш клапандар арнайы бекіткіш құрылғылы айналмалы желімен жабдықталады. Қауіпсіздік шарты бойынша технологиялық үдерісті қолмен реттеу мүмкін болмаған жағдайда реттегіш клапанды айналма желі қажет етіледі.

207. Арматураға жетек орнатылған жағдайда қолмен басқаруға арналған маховиктер арматураны сағатқа қарсы бағытта ашады, ал сағат бағытымен жабады.

Өзек діңдерінің бағыты жобалық құжаттамада анықталады.

208. Бекіту арматурасында оның «ашық», «жабық» екендігін көрсеткішін көрсететін нұсқарлар орнатылады.

209. Арматураның құбыр өткізгіште орнатылуында нормативтік-техникалық құжаттамада бар нұсқаулар басшылыққа алынады.

210. Кезеңді қайта бөлшектеуді қажет ететін арматурамен салмағы 30 кг артық құбыр өткізгіштің қиын түйіндерін орнату орындарында жобамен монтаждау мен демонтаждауға арналған стационарлы немесе көшірілмелі механикаландыру құрылғылары қарастырылады.

211. Компрессорлар мен сыртқа тебуші сорғылардың айдайтын желілерінде кері клапан орнату қарастырылады.

Кері клапан айдауыш пен бекіткіш арматура арасында орнатылады. Жүйеде артық қысымсыз жұмыс істейтін сыртқа тебуші сорғыларда кері клапандарды қоймауға рұқсат беріледі.

212. Ыдысқа А және Б тобындағы заттарды беретін құбыр өткізгіштерде кері клапандар орнатылады.

Жеткізуші құбыр өткізгіште кері клапан ыдыс пен бекіту арматурасы арасында орналастырылады. Егер бір құбыр өткізгіш өнімді беру және алу үшін қызмет ететін болса, мұндай жағдайда кері клапан орнатылмайды.

213. 4 МПа (40 кгс/см2) және одан жоғары қысымда жұмыс істейтін агрегаттар коллекторынан (технологиялық аппараттар) сенімді сөндіру үшін, А, Б(а), Б(б) тобындағы заттарды тасымалдайтын құбыр өткізгіштерде 25 мм шартты өтумен олардың арасында атмосфераман қосылған сорғытқылы құрылғылы екі бекіту органы орнатылады.

А тобындағы құбыр өткізгіштер мен сұйық күкіртті сутегілі ортаның сорғытқы құрылғылары сорғытқының жабық жүйесімен жалғасады.

Жұмыс қысымы 4 МПа (40 кгс/см2) кем аталған топтағы заттарды тасымалдайтын құбыр өткізгіштерде бір бекіту органы мен сорғытқы арматурада бұқтырмалы сорғытқы құрылғы орнатуға жол беріледі.

214. Қысымның есептіден жоғары көтерілуі мүмкін жағдайда, оның ішінде сұйық ортаның көлемді кеңеюі есебімен құбыр өткізгіштерде сақтандырғыш құрылғылар орнатылады. Сақтандырғыш клапандардан түсіру шырақты жүйені қауіпсіз пайдалану мен орнату бойынша өнеркәсіптік қауіпсіздік талаптарына жауап береді.

215. Құбыр өткізгішті арматура оны жөндеу мен қызмет көрсетуге қауіпсіз және ыңғайлы болатын орында орнатылады. Арматураны қолмен келтіру үй-жайдың немесе басқару жүргізілетін бөлменің еденінен 1,8 м артық емес қашықтықта орнатылады. Арматураны жиі қолданған жағдайда келтіру 1,6 м артық болмай орнатылады.

Арматураны көрсетілгеннен артық биіктікте орнатқан жағдайда қызмет көрсету үшін стационарлы немесе көшірілмелі алаңдар, баспалдақ және қоршау қарастырылады. Бекіту арматурасын жабу (ашу) уақыты жоба талабына сәйкес болады.

216. Құбыр өткізгішті өндірістік цехқа, технологиялық желі мен қондырғыларға енгізерде технологиялық ортаның барынша көп қол жетімді жұмыс қысымы ол бағытталатын технологиялық жабдықтың есепті қысымынан артатын болса, манометрмен төменгі қысым жағында сақтандырғыш клапаны бар қысқартатын құрылғы (үзіліссіз үдерістер үшін автоматты немесе кезеңді үшін қолмен істейтін) қарастырылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет