Шошқа малын газ қоспасымен жансыздандыру. Шошқа малын газ қоспасымен 65% көмір қышқыл газымен, 35%ауадан тұратын камерада жансыздандырады, ұзақтылығын сақтап отырады
Шошқа малын газ қоспасымен жансыздандыру. Шошқа малын газ қоспасымен 65% көмір қышқыл газымен, 35%ауадан тұратын камерада жансыздандырады, ұзақтылығын сақтап отырады.
Шошқа малын газ қоспасымен жансыздандыру. Шошқа малын газ қоспасымен 65% көмір қышқыл газымен, 35%ауадан тұратын камерада жансыздандырады, ұзақтылығын сақтап отырады.
Ірі қара малды механикалық жолмен жансыздандыру. Механикалық жолмен жансыздандыру дегеніміз- нақты бір күшпен малдың маңдай тұсынан ұру және де пистолетпен сүйектеріне тигізбей ату арқылы жансызданыру. Механикалық жолмен жансыздандырудың лектр күшімен жансыздандырудан артық қасиеті бар. Сүйек қаңқасында сынық болмайды және іш құрлысында қан ұю қалыпы болмайды.бұл бізге бағалы ет береді. Егер электр күшімен жансыздандырған малды механикалық жансыздандырылған малмен салыстырсақ ет ұшасының ылғалдылығы өте жоғары болады. Бір себептен бұл өте ауыр жол, жұмысшылардан жоғары білімділікті талап етеді.
МАЛДАН ҚАН ШЫҒАРУ (ҚАНСЫЗДАНДЫРУ). ТАМАҚ ӨНІМДЕРІНЕ ҚОЛДАНУ МАҚСАТЫМЕН ҚАНДЫ ЖИНАУ.
ІҚМ мен шошқа малы жансызданғаннан кейін, ал қой сойылғаннан кейін аспалы жолға көтеріледі. Әдетте ірі қара мал лебедканың (ауыр жүк көтеретін шынжыр) көмегімен, ал шошқа мен қой элеватормен көтеріледі. Бұл орйда алдымен ІҚМ дың артқы екі аяғына, ал шошқа мен қойдың артқы бір аяғына шынжыр байланады.
Ірі қара малға қан шығармас бұрын ілулі тұрған кезінде өңешіне дигатура салынады. Лигатура салу үшін мойын маңындағы теріні кесіп өңешті басқа іргелес тканьдерден айырып алады.
Асқазанның ішіндегі заттар сыртқа тарап кетпес үшін өңешті байлап немесе қысқышпен қысып қояды.
Ірі қара малдың, шошқаның қанын тамақ өнімдеріне және емдік заттар жасау мақсатымен жинауға болады. Қанды қуыс пышақпен немесе арнайы қондырғылармен (жабық тәсіл) жинайды. Жабық тәсілмен жинағанда қан ластанбайды және қанның шығымы да көбірек болады. Қуыс пышақ тот баспайтын болаттан жасалады. пышақтың бір жақ шеті үшкір болады, ал екінші шетіне резеңке шланг кигізіледі. Шлангінің екінші шеті қан жинайын ыдысқа салынады. Қан жинау кезінде қуыс пышақты мойынға кіргізіп, кеңірдек жаққа қарай бағыттайды, қуыс пышақтың ұшы жүрек айналасындағы қанның ірі тамырларын кесу керек. Сонда қан пышаққа кіргізілген шлангымен қан жинайтын ыдысқа құйылады.
Қанды тағамға қолданылатын мақсатпен жинағаннан кейін, қан толық ағу үшін ірі қара малдың мойын айналасындағы ірі қан тамырларын кесіп жіберу керек, ал шошқаның кеуде сүйегінің астындағы омыртқаны жіне кеудедегі күре тамырды пышақпен шаншып жіберу керек.
Қойдың қанын тамаққа қолдану мақсатымен жинамайды. Қанын шығару үшін пышақты мойын майына кіргізіп ұйқы күре тамырын және жарамды күре тамырын кесіп жіберу керек. Қанның ғу ұзақтығы – 6-8 минут. Қанның толық ағуын бағалау өлшемі ретінде қанның шығымы саналады.
Ірі қара малда ол 4,5% кем болмау керек (тірі массадан), ал шошқа мен қойда – 3,5% кем болмау керек.