Технологиялыќ есеп


І Пландық геодезиялық торлардың классификациясы



бет2/8
Дата13.12.2023
өлшемі187 Kb.
#486498
түріНұсқаулар
1   2   3   4   5   6   7   8
курсовой вышка 111111111111

І Пландық геодезиялық торлардың классификациясы



    1. Геодезиялық тор

Геодезиялық тор деп Жер бетіндегі координаттары белгілі центрі арнайы белгілермен бекітілген геодезиялық пункттердің (нүктелердің) жиынтығын айтады. Геодезиялық торлар үлкен және кіші аймақтарда құрылады, сондықтан оларды келесі түрлерге жіктеуге болады:
1) глобальды геодезиялық тор;
2)мемлекеттік геодезиялық тор;
3)жиілету торлары;
4)геодезиялық түсіру торлары.
Геодезиялық түрі бойынша геодезиялық торларды пландық, биіктіктік және кеңістіктік торларға бөледі.
Торды құрғанда «жалпыдан жекеге ауысу» принципі қолданылады. Глобальды геодезиялық тор ғарыштық геодезия әдістері арқылы жобаланады. Пункттердің орналасу жағдайы тік бұрышты геоцентриялық жүйеде анықталады. Бұл жүйенің басы жердің салмақ орталығымен бірлескен Z осьі ретінде жердің айналу осьі алынған. Ал, ZУ жазықтығы ретінде бастапқы меридианның жазықтығы алынған. Глобальды геодезиялық торды жоғарғы геодезияда, геодинамикада, астрономияда және басқа да ғылымдардың ғылыми және ғылыми-техникалық мәселелерін шешуге қолданады. Осындай мәселелерге мыналар жатады:
1)фундаментальды геодезияның тұрақты шамалары;
2)жердің гравиметриялық аясын және фигурасын зерттеу;
3)жер бетінің деформациясын, жылжуын зерттеу.
Мемлекеттік геодезиялық тор деп мемлекеттің территориясында координаталардың таралуын қамтамасыз ететін және басқа да геодезиялық торларды құруға негіз бола алатын геодезиялық торды айтады.
Мемлекеттік геодезиялық тордың пландық жағдайы жалпылама мемлекеттік геодезиялық жүйеде, ал биіктіктер бірегей мемлекеттік жүйеде анықталады.
Мемлекеттік геодезиялық торлар 3 түрге бөлінеді:
1)мемлекеттік геодезиялық тор(пландық);
2)нивелирлік тор(биіктік);
3)мемлекеттік гравиметриялық тор.
Пландық геодезиялық торларды негізінен триангуляция, трилатерация, полигонометрия, сонымен қатар осы әдістердің аралас әдістерімен құрылады.
Мемлекеттік пландық геодезиялық тор триангуляция, трилатерация және полигонометрия әдістерімен құрылып, 1,2,3,4 классқа бөлінеді де, бір-бірінен бұрыштарды және ұзындықтарды өлшеу дәлдігімен, үшбұрыштардың өлшемдері, жүріс ұзындықтары және оларды құру ретімен ерекшеленеді.
Жердің физикалық бетінде орналасқан, геодезиялық пункттер орны 3 координат бойынша анықталады; B ендігімен, референц-эллипсоид бетіндегі L бойлығымен және пункттердің эллипсоид бетімен,H биіктігімен,B және L координаталары пункттің пландық орнын анықтайды. Тәжірибелік мақсаттар үшін пункттің пландық орнын жазықтықта x және y координаталарымен, мысалы, Гаусс проекциясында анықтайды. Н биіктігі оның геоид бетінен биіктік шамасының және геоидтың эллипсоидтан алшақтау шамасының қосынды ретінде келтіреді. Жер бетінде пункттердің өзара орнын анықтаудың жалпы принципі келесідей. Жергілікті жерде бір-бірімен байланысқан геометриялық фигураларды, әдетте, үшбұрыштарды орналастырады. Бұл фигуралардың төбелерін, олардың кейбір элементтері үздіксіз өлшеулер үшін ыңғайлы болатындай етіп таңдайды.
Үшбұрыштағы пункттердің пландық орнын анықтау үшін, мысалы, бір қабырғасын және екі бұрышты немесе екі қабырғасын және бір бұрышын өлшеу жеткілікті, қалған элементтерін аналитикалық түрде оңай есептеп шығаруға болады. Бірақ геодезиялық жұмыстар тәжірибесінде, геометриялық құрылыстардың барлық элементтерін анықтауға қажетті өлшеулерден көп орындайды. Артық өлшеулерді геодезиялық торлар құрудың сапасын жоғарылату үшін және дәлдігін бағалау үшін жасайды.
Фигуралар төбесінің абсолютті биіктіктерін анықтау мақсатымен, не
қабырғалар ұзындығын біле отыра вертикаль бұрыштарды өлшеу
жолымен, не геометриялық нивелирлеу жолымен, сәйкес
өсімшелерді(биітіктер 8
айырмашылығы) анықтайды, көршілес пункттердің биіктіктерінің айырмашылығын анықтайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет