ІІ Триангуляция
2.1.Триангуляция туралы жалпы мәлімет. І,ІІ,ІІІ,ІV класс
триангуляциясының сипаттамасы
Триангуляция(лат. traіngulum – үшбұрыш) — геодезиялық тірек
пункттер
(нүктелер) торын құру әдістерінің бірі және осы әдістермен жасалған сол
тордың өзі. Ол бір-бірімен жалғасып жатқан үшбұрыштар жүйесінен
немесе тордан құралады. Триангуляцияда берілген координаттар
жүйесінде үшбұрыштар төбелерінің орны анықталады. Ол үшін бастапқы
үшбұрыштың қабырғасының біреуі жүргізілген өлшеулер нәтижесі
бойынша есептеледі және әрбір үшбұрыштың үш бұрышы өлшенеді. Егер
бастапқы үшбұрыштың қабырғасы тікелей өлшеулер арқылы анықталса,
онда ол базистік қабырға деп аталады. Триангуляция тәсілі Жер пішіні мен
мөлшерін анықтау, жер қыртысының горизонталь қозғалыстарын зерттеу;
әр түрлі топографиялық түсірулер мен геодезиялық жұмыстарды
негіздеу,т.б. үшін кеңінен қолданылады.
1.2-сурет. Триангуляция үшбұрыштар қатары
2.2.Бірінші класстың триангуляциялық торы
Мемлекеттік триангуляция жүйелерін 1, 2, 3 4 кластарға бөледі. 1 класс –астрономды геодезиялық, Жердің өлшемі мен пішінін анықтаумен байланысты ғылыми мәселелерді шешуге арналған. Сонымен қатар 1 кластың триангуляция жүйелері төменгі класты триангуляциондық жүйелерді дамыту үшін негізі болып табылады. 1 кластың триангуляцисының үлкен аймақтарында меридиандар мен параллельдер бағытында орналасқан және бір бірінен 200 км артық емес қашықтыққа алыстаған үшбұрыштар тізбегі ретінде жасалады. Трангуляция тізбектері өзара қиылысып периметрі 800 км артық емес полигондарды түзеді. Үшбұрыштардың қабырғалары пішіні бойынша теңқабырғалыларға жақын болуы керек. Түйіннің ұштарында А, В, С, D нүктелерінде базистік қабырғалар беріледі (қабырғаның ұзындығын өлшейді). 9 Көлденең бұрыштарды өлшегеннен кейін 1 класс триангуляциясында гравиметриялық түсірілімді жүргіземіз.
2.3 Екінші және төменгі класс торлар жүйесі
Бұл жұмыс 1 кластық жүйенің әр полигонында орындалады. 2 кластың триангуляциясы 1 класс полигонының толық ауданын толтыратын және контур бойында бірінші кластың тірек пункттерімен сенімді байланысқан үшбұрыштардың тұтас жүйесі ретінде дамиды. Екінші кластық жүйесінің ортасында бір EF базистік қабырғасы беріледі, онда астрономиялық координаттардың анықталуын жүргізіледі. 2 кластың триангуляциясының үшбұрыштарының қабырғалары 7 ден 20 км дейін болуы мүмкін. 2 кластық триангуляциясында барлық бұрыштарды өлшейді және I класс триангуляциясына сәйкес теңестіреді. 3 және 4 класс триангуляциясының тірек пункттері жоғары кластар тірек пункттерімен байланысты анықталады, негізгі пункттерді немесе жеке пункттерді салу. 3 класс триангуляциясын өзара жеке 1 және 2 класты кірістірмей теңгереді. 4 класс триангуляциясын жоғары класс үшбұрышына тура немесе кері тіреті қосумен салады 2, 3, 4 кластар триангуляциялары топографиялық түсірімдердің дамуы үшін тіреуіш жүйе болып табылады. 1:50000 - 1:5000 масштабты түсірімдерді қамтамасыз ету үшін біріктіру жүйелері жүргізіледі, оларға I және II дәрежелі триангуляциялар және I, II дәрежелі полигонометрия жатады. 1:2000 – 1:500 масштабтары үшін салынбалы жүйелер қызмет етеді. 1 класс триангуляциясының бекеттеріне 2 класс триангуляциясының бекеттерінің байланысу сызбасы үшбұрышпен, төртбұрышпен және желпеуішпен жүзеге желпеуішпен жүзеге асырылады.
Достарыңызбен бөлісу: |