Технологиялық жабдықтардың түсінігі. Пәннің мақсаты мен міндеттері



бет2/2
Дата02.01.2022
өлшемі22.7 Kb.
#453798
1   2
Дәріс 1

Етті механикалық түрде өңдейтін машиналар ет өнімдерін жуатын машиналар:

3.1. Етті бөлшектеп кесетін және өте ұсақ түрде майдалап кесетін машиналар (аралар, мүлік шабатын, басты екіге бөлетін, мал ұшасын үлкен кесектерге бөлетін таспалы аралар).

3.2. Жуғыш барабандар және басқа жуғыш машиналар, жартылай мал ұшасын жуатын машиналар.

3.3. Араластырғыш машиналар немесе бұлғауыш машиналар (фарш араластырғыш машиналар)


  1. Бөлу, өлшеу және қалыпқа келтіру жабдықтары.

4.1. Ет өнімдерін пресстейтін машиналар.

4.2. Графитациялық және ортадан тепкіш күштер арқылы бөлетін машиналар мен аппараттар.

4.3. Котлет формалайтын, тұшпара шығаратын, май құйатын, фарштарды буып-түйетін, консерві қалбырларын толтыратын машиналар және т.б.


  1. Ет және өнімдерін Жылу арқылы және диффузия арқылы өңдейтін жабдықтар.

5.1. Ет пісіретін қазандар; колбаса, ет, шұжық пісіретін, қуыратын қаптайтын камералар және пирожок қуыратын автоматтар.

5.2. Ет тұздайтын аппараттар мен тері тұздайтын аппараттар.



  1. Консервы заводтардың жабдықтары.

Технологиялық жабдықтарға қойылатын негізгі талаптар

  1. Машиналар мен аппараттар өте сапалы өнімді шығаруы керек.

  2. Машиналар мен аппаратқа кірген шикізаттан шыққан өнім арасындағы массалы айырмашылық өте аз болуы керек.

  3. Машиналардың жұмысты атқаратын құралдары артық түрде қажамау, үгілмеуі керек.

  4. Машиналар мен аппараттардың жұмыс атқаратын құралдары тек қана тот алмайтын материалдардан жасалынуы қажет.

  5. Машиналар мен аппараттардың конструкциялық құрылғы өте жеңіл шұғыл түрде ажыратылып қайта жиналуы керек.

  6. Машиналар мен аппараттардың конструкциялық құрылғысында жуатын құрал немесе кісі қолы жетпейтін соңылаулар, шұнқырлар болмауы керек.

  7. Машиналар мен аппараттардың құрамына кіретін электроаспаптардың ішіне су тимеуі керек. Сондықтан ондай аспаптар герметикалық түрде орналасуы керек немесе су кіріп кететін жерінде тұрмауы керек.

  8. Машиналар мен аппараттар қауіпсіздік технологиясының талаптарына сәйкес болуы шарт.


Бақылау сұрақтары:

1. Машина және аппарат дегеніміз не?

2. Мерзімді әрекетті машиналар қалай жұмыс істейді?

3. Үздіксіз әрекетті машиналар қалай жұмыс істейді?

4. Автоматтандырылмаған машиналар (қарапайым машина) қалай жұмыс істейді?

5. Жартылай автоматтандырылған машиналар қалай жұмыс істейді?

6. Автоматтандырылған машиналар қалай жұмыс істейді?

7. Өнім өндіру бойынша негізгі операцияларды орындайтын жабдықтар қалай жұмыс істейді?



8 Соңғы операцияларды жузеге асыруға арналған жабдықтар қалай жұмыс істейді?

Қолданылған әдебиеттер.

  1. Пелеев А.И. «Технологическое оборудование мясной промышленности». М.: Пищевая промышленность, 1971.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет