Технологиялық жабдықтарға қойылатын негізгі талаптар



бет1/2
Дата27.05.2023
өлшемі22.68 Kb.
#474330
  1   2
Ет өндірісіндегі жабдықтарға қойылатын талаптар


 Технологиялық жабдықтарға қойылатын негізгі талаптар

Тамақ өнеркәсіпте алуан түрлі машиналар мен аппараттардың түрлері бар. Олардың жалпы саны шамамен 1000-ға жуық, сондай-ақ сүт өнеркәсіптерінде 250-ге жуық негізгі түрлері бар. Сондықтан оларды ұқсас сипаттарына қарай топтарға жіктеу қажеттілігі туындайды.


Мұндай сипатқа алдымен технологиялық процестің мәні (мал сою, ұсақтау, араластыру және т.б.) мен технологиялық жабдықтың жұмысшы органының конструкциясы жатады.
Жұмысшы органның конструкциясына қатысты келесілерді айтуға болады. Профессор А.И. Пелеевтің жіктеуі бойынша жұмысшы органдардың неғұрлым кеңінен тараған 15 түрі бар.
1. Икемді тартқыш жұмысшы органдар (шынжыр, трос, резеңкеленген таспа немесе белдік түрінде)
2. Цилиндрлі жұп (поршень, цилиндр)
3. Қалақшалы
4. Бұрандалы және шнекті
5. Икемді (резеңкелі немесе резеңкеленген)
6. Жарғақты және шлангті
7. Білікті (тегіс немесе бұдырлы металл немесе резеңкеленген білік түрінде)
8. Барабанды (төмен жылдамдықпен айналатын барабан түрінде)
9. Кескіш (конструкциясы әртүрлі пышақ құрылғысы түрінде)
10. Фрикционды (үйкеліс арқылы)
11. Соққылы және үйкелгішті
12. Радиалды (ортадан тепкіш) үдеу әсерін қолданатын
13. Сорғы және шашыратқыш
14. Шашыратпалы және құйынды
15. Жылуөткізгіш
Бұл жұмысшы органдар өздігінен немесе әртүрлі үйлесімде технологиялық жабдықтардың орындаушы механизмдерінің негізін құрайды. Технологиялық жабдықтарды жіктеудің әртүрлі жолдары бар.
Жабдықтарды жіктеуде ғалымдар негізгі белгі ретінде өнімге функционалды әсер мен машинаның құрылымдық шешімін ұсынады.
Осыған байланысты машиналар жалпы 24 топқа жіктеледі:

Дегенмен, мұндай жіктеуден біршама кемшіліктерді байқауға болады. Жұмысшы органдары мақсаты бойынша бірдей жабдықтар әртүрлі топтарға жіктеледі. Мысалы:


- қабыршықтау мен тегістеу үшін білікті механизмдер қолданылуы мүмкін;
- ұсақтау үшін де білікті механизмдер қолданылады;
- араластыру үшін де білікті механизмдер пайдаланылады;
- престеу үшін де білікті машиналар қолданылуы мүмкін.
Сол сияқты:
- араластырғыштарда шнекті жұмысшы органдар қолданылады;
- престерде де шнекті жұмысшы органдар қолданылуы мүмкін;
- буып-түю автоматтарында да шнекті жұмысшы органдар қолданылады;
- бөлуге арналған жабдықтарда да (центрифугалар) шнекті тиеу құрылғылары, яғни шнекті жұмысшы органдар қолданылуы мүмкін;
- сонымен қатар, тасымалдауға арналған жабдықтарда да шнекті жұмысшы органдар пайдаланылады.
Осыған сәйкес жабдықтарды технологиялық процесс жағынан және жұмысшы органдардың бірлігі жөнінен екі позицияда қарастырған профессор А.И. Пелеевтің қағидасы неғұрлым негізделген болып табылады.
Технологиялық жабдықтардың жұмысшы органдарының өнімге әртүрлі әсер ететін функционалды бірлігі бір жағынан технологиялық есептеуге жеңілдік береді. Бұл әртүрлі жабдықтарды сипаттауда ыңғайлы болады. Сонымен қатар, мұндай жағдайда өнеркәсіптің әр салаларына көптеп еніп жатқан жаңа жабдықтарды қарастырған жөн.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет