Технологиясы


Құю өндірісінің жалпы сипаты



Pdf көрінісі
бет3/45
Дата10.01.2024
өлшемі2.9 Mb.
#488823
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45
Құрылымды материал технологиясы. Құю өңдірісі

1 Құю өндірісінің жалпы сипаты 
 
1.1 Құю өңдірісінің мәні
 
Құю өндірісі – машина құрылысының саласы, оңың технологиялық 
процестерімен 
машиналардың 
бөлшектерінқұю 
дайындамаларын 
(құймаларды) алады: илемдеу станоктарының тұғырларын, металлкескіш 
станокдардың тұғырын,гидротурбина қораптарымен салмақтығы оннан, 
жүздеген тоннаға дейін басқа құймалар және радиоэлектронды өнеркәсіп, 
сағаттық өнеркәсіп және басқа салаларға арналған бірнеше граммдағы 
кішкентай 
бөлшектер. 
Құю 
өндірісінің 
сипатты 
ерекшелігі- 
дайындамалардың әмбебаптығы болып табылады- шойындардан, болаттар 
мен түсті металдардың қорытпаларынан механикалық және пайдалану 
қасиеттері, конфигурация, салмақтық бойынша әр түрлі фасондық 
дайындамаларды (құймаларды) алуға мүкіндік береді.
Құю өндірісі- дайындамалардың форма өзгерткіш әдістерінің ең кең 
тараған түрінің бірі. Дайындамаларды алудың басқа әдістермен 
салыстырғанда құю барлық қорытпалардан сонымен қоса пластикалық 
деформацияға ұшырамайтын және қиын кесумен өңделетіндерден
габаритті өлшемдері мен салмағымен шектелмеген қорытпаларды алуға 
мүкіндік береді. 
Құю өндірісінің мәні балқыған металдарды қажетті сапада 
дайындау және арнайы құю қалыпқа оны құю арқылы негізделген.Суыту 
кезінде құйылған металл қатаяды және қатты күйінде сол өзі құйылған 
қуыстың конфигурациясын алады. Кристалдау процесінде қорытпаның 
макро және микро құрылыстарымен, оның тығыздығымен, металды емес 
қоспалардың болу және орналасуымен, оның бөліктерінін біркелкі емес 
суытумен тудыратын қорытпалардың ішкі қысымдардың дамуымен 
анықталатын құйған дайындамалардың механикалық және пайдалану 
қасиеттері қалыптастырылады. Құймаларды жасаудың жалпы сұлбасы 4.1-
суретте көрсетілген. 
Қорытпаларды 
жасау 
үшін 
құюдың 
көптеген 
түрін 
қолданады:құмды қалыптарға, қабыршақтық қалыптарға, балқитын 
модельдерге, кокильге, қысым арқылы, орталықтан тепкіш құю және т.б 
Құю әдісінің қайсысы болсада қолдану аймағы өңдіріс аймағымен, 
құйындылар сыртының кедір-бұдырлығымен, геометриялық дәлдік 
тараптармен, экономикалық қажеттілігімен және т.б. анықталады. 
Заманауи кезендегі құю өндірісі технологиясының теориясы мен 
тәжірибесі жоғары пайдалану қасиеттерімен өнімдерді алуға мүмкіндік 
береді. Оған дәлел ретінде реактивті қозғалыстардағы, атомды 
энергетикалық қондырғылар және жауапкершілік тағайындалған басқа 
машиналарда құйындылардың сенімді жұмысы болып табылады. Құю 
дайындамаларды машина жасау мен құралдар жасау әр түрлі салаларында 



ғана емес, сонымен қатардомна пештердің әр түлі құрылыс 
құрылымдарын және басқа металлургиялық агрегаттарын, теңіз және өзен 
кемелерін, 
тұрмыста 
қолданылатын 
жабдықтармен 
сантехника 
бөлшектерін, көркем және зергерлік бұйымдарды жасауда қолданады. 
Құю өндірісінің заманауи жағдайы дәстүрліні жетілдіру және құюдың 
жаңа әдістері пайда болумен, механизация мен автоматтандырудың 
өндірісті технологиялық процестерінің деңгейін үздіксіз арттырумен, 
өңдірісті мамандандыру мен орталықтандыру, сонымен қатар құйма 
процестердің теориясына ресесйлік ғалымдардың қосқан үлесімен, құйма 
машиналармен механизмдардың жобалау ғылым негізін құрастырумен 
анықталады. 
Өндірістің тиімділігін арттырудың маңызды бағыты болып сапасын, 
сенімділігін, нақтылығы мен құймалардың сыртқы қабығының 
бұдырлығын дайын бөлшектердің түріне максималдық жақындауымен 
жақсарту, құю қорытпалардың сапасын жақсартумен жаңа прогрессивті 
технологиялық процестерді енгізу жолымен келе жатқандарға қарсы 
15...20 % -ға дейін құю бөлшектердің салмақтығын азайту, қоршаған 
ортаға зиянды әсерін жою және еңбек шартын жақсартуболып табылады.
1сурет-Құймаларды жасаудың жалпы технологиялық 
сұлбасы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   45




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет