Теңіздің стационарлық қабаттарында жұмыс жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары



жүктеу 1.25 Mb.
бет1/7
Дата09.06.2016
өлшемі1.25 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7


Қазақстан Республикасы

Төтенше жағдайлар министрінің 2009 жылғы «28» сәуірдегі

№ 86 бұйрығымен

бекітілген



Теңіздің стационарлық қабаттарында жұмыс

жүргізу кезіндегі қауіпсіздік талаптары

1-бөлім. Жалпы талаптар

1-тарау. Қолдану саласы
1. Осы Талап ұңғыма жинағын бұрғылауға және пайдалануға арналған жобаланатын және реконструкцияланатын көп сатылы теңіздің стационарлық қабаттарына (әрі қарай-ТСҚ) таралады.

Бір сатылы қабаттардан ұңғымаларды бір уақытта бұрғылауға және пайдалануға жол берілмейді.

2. Бұл Талапта келесі терминдер мен анықтамалар қолданылады:

қауіпсіз зона-кез келген су асты немесе су үсті конструкциясының ТСҚ шегінен шығарып тұратын жерінен 500 м қашықтықта салынатын зона;

блок-модуль-коммуникациялары немесе тұрғын, қоғамдық, санитарлық тұрмыстық ғимараттармен, тікұшақ алаңымен жабдықталған технологиялық және қосымша кешені бар көлемді транспортабельді металл конструкция;

ТСҚ жоғары құрылымы-бір немесе бірнеше сатыдағы ТСҚ тіреу блогында орнатылған блок модуль және қондырғы;

жарылыс қауіпті зона-жарылыс қауіпті қоспалар бар немесе пайда болатын ғимараттағы немесе сыртқы қондырғыдағы ғимарат немесе шектелген кеңістік;

ұңғыма ішіндегі қалқанша-кескіш-бір немесе бірнеше режимді параметрлер өзгерген кезде фонтанды ұңғыманың қабатты флюидының ағын қимасын автоматты жабу құрылғысы;

ұңғымалар тобы-ТСҚ бір бұрғылау құрылғымен бұрғыланатын ұңғыма;

тұрғын ғимараттары персоналдың тұруына арналған ғимарат, сонымен қатар осы ғимараттарға қоса тіркелген дәліздер, вестибюльдер, тамбурлер;

жабық ғимараттар-терезе, есік, жабылатын люктері, сағалары және тағы басқа бар қоршаулар, палуба (төселім) толық шектелген ғимарат;

жабық теехнологиялық қондырғы-құрамында мұнай және мұнай газдары немесе жедел от алатын сұйығы болатын бұрғылау ерітіндісі қоршаған ауа ортасымен араласпайтын қондырғы;

дыбыс сигналды құрылғылар-көрінуі нашар жағдайда навигациялық қауіптілік туралы теңізде жүзушіні ескертуге арналған құралдар;

желілі қалқанша-кескіш-бір немесе бірнеше режимдік параметрлердің өзгеруі кезіндегі ұңғымалар және трубақұбырлардың тастау желісінің қимасын автоматты жабуға арналған құрылғы;

теңіздің көп сатылы стационарлық қабаты-пайдалану ұңғымалары мен технологиялық қондырғысы төменгі қабатта, бұрғыланатын ұңғымалардың сағалары және бұрғылау қондырғысы жоғары қабатта орналасатын тұрғын, қызметтік және санитарлық ғимараттары және тікұшақ алаңы болатын бір уақытта бұрғылауға және ұңғымаларды пайдалануға арналған жоғары құрылымның блок-модуль орындауындағы қабат;

теңіздің стационарлық қабаты-мұнай мен газды барлау және бұрғылауға арналған пайдалану бұрғылау құрылғылары, пайдалану қондырғылары, тұрғын блогы және тікұшақ алаңы орналасқан су үсті құрылысының максимальды толқуы деңгейінен шығып тұратын ғимарат;

тасымалдаудағы теңіздің стационарлық қабаты-жағалық базадан құрылыс орнына дейін жүзу құралдарының жүзу және палубада тасымалданатын тіреу блоктарының, ТСҚ блок-модульудерімен металл конструкцияларының барлық орын ауыстырулары;

теңіздің құрылыстағы стационарлық қабаты-құрылыстың берілген орнында металл конструкцияларының тіреу блоктарының орнатудан бастап қабылдау комиссиясының пайдалануға беруге дейінгі салынып жатқан ТСҚ;

теңіздің пайдаланудағы стационарлық теңіз қабаты-құрылысы аяқталған және бұрғылаумен және ұңғыманы пайдаланумен байланысты жұмыстар жүргізілетін ТСҚ;

еңіс бағытталған ұңғыма-тігінен забойдың белгілі бір ауытқуы көзделетін, ал баған бойынша алдын ала берілген профиль бойынша жүргізілетін ұңғыма;

мұнай операциялары-құрғақ жерде өзен, көлдер шегінде жер асты мұнай қоймалары мен резервуарларын барлау, өндіру, құрылысы және (немесе) пайдалану жөніндегі мұнай операциялары, сонымен қатар теңіздегі мұнай операциялары;

теңіздегі мұнай операциялары-теңізде жүзеге асырылатын барлау, өндіру;

қауіпсіздік құралдарымен теңіздің стационарлық қабаттарын жабдықтау-қабаттарды орналастырумен байланысты жұмыстарды жүргізу кезінде құрамына қызмет көрсетуші персоналдың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін құтқару, сигналды, өртке қарсы және қауіпсіздіктің басқа құралдары енгізілетін қондырғылар мен құрылғылар кешені;

қоғамдық ғимараттар-асхана, демалу бөлмесі, темекі шегу және тағы басқа, сонымен қатар осы ғимараттарға қоса тіркелген дәліздер, вестибюльдер және тамбурлар;

ашық технологиялық қондырғылар-құрамында мұнай және мұнай газдары немесе жедел от алатын сұйығы болатын бұрғылау ерітіндісі қоршаған ауа ортасымен араласатын қондырғы;

ұңғыма буы-көршілес қатарда орналасқан ұңғыманың екі аралас сағасы;

персонал-қабатты орналастырумен байланысты жұмыс істейтін немесе қызметтік функцияларды орындаушы теңіздің стационарлық қабатындағы адамдар. Тікұшақпен тасымалдау кезінде персонал қызметтік жолаушылар ретінде рәсімделеді;

жүзетін алдын алу белгілері-берілген орындарда якорьларда орнатылған белгілі бір үлгідегі және мөлшердегі және ТСҚ құрылыс орындарында навигациялық қауіптіліктен қорғау үшін көзделген жүзетін конструкциялар;

мұнара үстіндегі портал-стационарлық теңіз қабаты оны бұрғылаудың жаңа орнынан ауыстырылуын қамтамасыз ететін мұнаралы-шығырлы қондырғысы бар ғимарат;

мұнаралық постамент-оны ауыстыру жөніндегі тетіктер жоқ мұнаралы-шығырлы қондырғысы бар ғимарат;

жартылай жабық кеңістік-шатыр, маңдайша, жабулар, қаптаулар және газдар мен булардың таралуын нашарлататын басқа да конструкциялардың болуына байланысты табиғи желдету жағдайы ашық учаскелерге қарағанда айырмашылығы бар кеңістік;

орталық өрт посты-тәулік бойғы вахтасы бар, сонымен қатар өрт байқау сигнализациясы станциясы және өрт қауіпті зоналарда газдар мен булардың болуы туралы сигнализация беру станциясы шоғырланған ТСҚ инженерлік-технологиялық посты ғимараты немесе әдетте ғимараттың бөлігі;

өнім құбыры-жинаудың орталық жағалық пунктіне (әрі қарай-ЖОП) немесе технологиялық қабатқа пайдалану ұңғымаларының өнімдері тасымалданатын трубақұбыры;

эвакуация жолы-персоналдың жұмыс орындарынан және тұрғын және қоғамдық ғимараттарға құтқару құралдарына (шлюпкалар, капсулалар, тікұшақтар, кемелер және тағы басқа) отырғызу үшін қауіпсіз ауысу жолы;

тарату трубақұбыры-пайдалану ұңғымаларының манифольдарымен ұңғыманы жабуға арналған носостарды қосуға арналған бітегіш құрылғысы бар трубақұбыры;

ұңғыма қатары-бұрғылау құрылғысының қабылдау көпіріне перпедикуляр тіке сызық бойынша бір және бірнеше ұңғыма сағаларының бірізді орналасуы;

навигациялық қондырғы құралдар-(әрі қарай-НҚҚ)-теңіздің стационарлық қабаты-ТСҚ тыс орналасқан және навигациялық қауіптілік туралы ескерту мақсатында ТСҚ орындарын белгілеуге арналған арнайы, ғимараттар, конструкциялар немесе құрылғылар;

сыртқы байланыс құралдары-байланыстың радиотолқындары және кабельдік желілері арқылы ақпаратты беру және қабылдауға арналған құралдар. Сыртқы байланыс құралдарына мыналар жатады: радиобайланыстың бас, апаттық және пайдалану құралдары, радиорелелік және кабельдік байланыс;

ішкі байланыс құралдары-қабат постылары мен ғимараттарының өзара байланысына арналған құралдар. Ішкі байланыс құралдарына мыналар жатады: телефон, сымды, радио және қатты сөйлейтін байланыс.

2-тарау. Жалпы талаптар
3. Барлық ТСҚ үшін мыналар әзірленеді:

1) өндірістік бақылау туралы қағида;

2) технологиялық регламент;

3) спецификалық ерекшеліктерді ескере отырып, апаттың алдын алу және апаттық жағдайды жою жөніндегі жедел әрекеттер көзделетін апаттарды жою жоспары.

4. ТСҚ өндірістік ғимараттарының жұмыс орындарында трубақұбырлардың және бұрғылау және пайдалану коммуникациялардың тиекті құрылғыларында мұнай және газ трубақұбырының ұзындығы мен диаметрі көрсетіле отырып, орналасу сызбасы ілінеді.

Трубақұбырлардың орналасуындағы және қондырғылар коммуникацияларының тиекті құрылғыларындағы барлық өзгерістер мен толықтырулар тәулік бойы сызбаға шығарылады.

5. Қосылыстардағы тығыздық болмаған жағдайда трубақұбырларын, қондырғылар мен аппаратураларды пайдалануға жол берілмейді. Қосылыстардағы барлық тығызсыздықтар және мұнай, газ және отын өткізулері жедел жойылады. Жойылмаған барлық кемшіліктер ауысым бойынша вахталық журналға жазылады.

6. Штромнан кейін қабатта орналастырылған бұрғылау қондырғысының, пайдалану тұғырларының, орналастыру алаңдарының және басқа қондырғылардың жағдайы тексеріледі. Тексеру нәтижесі қондырғының техникалық жағдайын тексеру журналына жазылады және анықталған кемшіліктерді жою жөнінде шаралар қабылданады.

7. ТСҚ жарылыс аумағынан тыс орналасқан дәнекерлеуші посты қарастырылады. Постың орналасатын жері жобамен анықталады.

8. Дәнекерлеуші және басқа да отты жұмыстар өнеркәсіп қауіпсіздігінің талаптарына толық сақтай отырып, жүргізіледі.

9. Тұйықталған кеңістікте және биіктіктегі, пайдаланудағы ТСҚ отты жұмыстар қауіпсіздік шаралары, қорғаныс және құтқару құралдары көрсетілген наряд-рұқсат беру бойынша бақылау тұлғасының жетекшілігімен жүргізіледі.

10. «Тастау» сигналы болған жағдайда алдын ала берілген наряд-рұқсат беру арқылы ТСҚ отты жұмыстар тоқтатылады. Көрсетілген жұмыстар наряд-рұқсат беруді қайтара рәсімдеген жағдайда жалғастырылады.

11. Мұнайгаз құбылыстары немесе ТСҚ болатын кез келген ұңғымадағы барлық отты жұмыстар ашық фонтандау кезінде барлық отты жұмыстар тоқтатылады. Жұмыстарды жүргізу құтқару және өрт кемелерінің кезекшілігімен аварияны жою жоспарына (әрі-қарай АЖЖ) сәйкес іске асырылады.

12. ТСҚ ғимараттарында, ғимараттан тыс газдың жиналуы мүмкін орындарда ауа ортасын газанализаторлармен тексергеннен және наряд-рұқсат етуде көрсетілген бақылау тұлғасының қатысуымен отты жұмыстарды жүргізуге жол беріледі. Газдалу болмаған жағдайда отты жұмыстар жүргізуге жол беріледі.

13. ТСҚ темекі шегу үшін тұрғын блокта осы мақсат үшін жабдықталған орын бөлінеді. Темекі шегу орны арнайы жазумен белгіленеді. Басқа орындарда темекі шегуге жол берілмейді.

14. ТСҚ персоналының тұрғын блогынан тыс жерде болу кезінде өзімен бірге жеке қорғаныс құралы болады.

15. ТСҚ жоғары құрылымдарда (қар жауу, мұз басу және тағы басқа) түнде немесе қолайсыз ауа-райында жұмыс істеуге жол берілмейді. Жарықтандырылуы 30 лк кем емес қамтамасыз ету, бақылау тұлғасының жетекшілігімен қауіпсіздік шаралары қабылданған жағдайда түнде жұмыс істеуге жол беріледі.

16. Онда болатын конструктивті элементтер ұйымның техникалық басшысы белгілеген мерзімде тексеріледі.

17. ТСҚ жарқырауық бояумен ТСҚ жоғары жағынан қарама-қарсы жақтарында жазылған, 1 мили қашықтықта көрінетін атауы болады. ТСҚ атауы уақыттың қараңғы кезінде жарықтандырылады.

18. Барлық апаттық жағдайларда апатты жою жөніндегі жоспармен сәйкес хабарландырылады.

19. Өрт болуы мүмкіндігімен байланысты (жарылыс) апаттық жағдайда ТСҚ өрт және құтқару кемелерінің кезекшілігі ұйымдастырылады.

20. ТСҚ қолданыстағы «Апаттарды жою жоспарымен» және «Кеменің өмір сүруіне күресу жөніндегі нұсқаулықтар» (КӨКН-70) сәйкес өмір сүру топтары ұйымдастырылады.

21. ТСҚ ҚР СТ МСТ Р 12.4.026-2002 «Түсті сигналдар, қауіпсіздік белгілері мен сигналдық белгілеулер» сәйкес ілінеді.

22. ТСҚ түнгі уақытта және қатты тұман кезінде теңізде жүзу және аэронавигация қауіпсіздігінің сигналдық оттары қосылады.

23. ТСҚ азық-түлік пен ауыз судың тиісілмейтін қоры (әрі қарай-ТҚ) қамтамасыз етіледі. ТСҚ-дағы ТҚ көлемі жеткізу мүмкіндігін ескере отырып, қабаттың орналасу орнына қарай анықталады және 3 тәуліктік қордан кем емес қоры қамтамасыз етіледі.

24. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы № 219 бұйрығымен бекітілген Мұнай және газ кен орындарын барлау кезіндегі өнеркәсіп қауіпсіздігі Талабына сәйкес техникалық құралдармен қамтамасыз етіледі.

25. Персоналдың практикалық іс-дағдыларға үйрену үшін ұйымның техникалық жетекшісі бекіткен дабыл жөніндегі кестесіне сәйкес тоқсанына 1 реттен кем емес жүргізіледі.

26. ТСҚ «Өрт!», «Тастау!», «Борт сыртында адам бар!», «Барлықтарыңыз ТСҚ сыртына шығыңыздар!» дабылдар бойынша оқу жаттығулары жүргізіледі. Дабылдар бойынша кестелер ұйымның техникалық жетекшісі бекітеді.

Жаттығулар бойынша кестелерде тиісті сигналдар мен персоналдың жиналу орны көрсетіледі.

Дабылдар бойынша кестелер жалпылама көрінетін жерге ілінеді.



3-тарау. Теңіздің стационарлық қабаттарын

акваторияларға орналастыру
27. ТСҚ акваторияларға орналастыру Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 31 шілдедегі № 1087 қаулысымен бекітілген Каспий теңізінің солтүстік бөлігінің мемлекеттік жануарлар қорығының арнайы экологиялық талаптарынына сәйкес жүргізіледі.

28. ТСҚ орналастыру алдында құрылыс орнында жер бетінің қабілеттілігін тексеруге, теңіз түбін жер асты кабельдер, трубақұбырлардың болуына және тағы басқа тексеру үшін инженерлік-геологиялық зерттеулер (әрі қарай-ИГЗ) жүргізіледі.

29. Құрылыс орнында ТСҚ процессорлық блогынан тұрғын блогынан максимальды мүмкін алыс орналасуын, қысыммен жұмыс істейтін мұнай және газ көлігін, басқа да мұнай кәсібі қондырғыларын дайындауды, жұмыстың барынша қауіпті учаскелерінен, ұңғымалар сағаларынан, бұрғылау ерітінділерін, двигательдерді, насостарды, мұнайы бар ыдыстарды өңдеу жүйелерін алу ескеріле отырып, орналастырылады және желдің бағытын ескере отырып, жел жағынан орналасады.

30. ТСҚ құрылыс орнында орналастыру бұрын салынған ТСҚ-дан және жүзетін бұрғылау құрылғыларын орналастыру орнынан 250 м кем емес қашықтықта орналастырылады.

Трубақұбырларының трассалары акватория картасына салынады. Қызмет көрсету кемелері, өрт және құтқару кемелері акватория карталарымен қамтамасыз етіледі.

4-тарау. Гидрометеорологиялық қамтамасыз ету
31. ТСҚ бақылау тұлғалары гидрометеорологиялық жағдайларға бақылау жасайды, ауданның гидрометеорологиялық ерекшеліктерін, сипаттарын және ТСҚ пайдалану ауданына тән табиғаттың қауіпті құбылыстары жақындауының сыртқы белгілерін біледі.

32. ТСҚ метеомәліметтердің және штормдық ескертулерді қабылдауды, қамтамасыз ететін тәулік бойғы радиовахта жұмыс істейді.

33. ТСҚ пайдаланушы ұйым келесі гидрометеорологиялық ақпаратты қамтамасыз етеді:

1) ауа-райының тәуліктік болжамы мен толқуын;

2) ауа-райының жарты тәуліктік болжамы мен толқуын;

3) ауа-райының келесі екі тәуліктік болжамы мен толқуын;

4) табиғаттың қауіпті құбылыстары туралы.

Ақпараттарды беру уақыты ТСҚ пайдаланушы ұйымның келісілген шешімімен және гидрометеорологиялық қызметтің басқармасымен белгіленеді.

34. ТСҚ пайдаланушы ұйымдар мұз өрістерінің мүмкін дрейфі кезінде ТСҚ қабатты пайдалану ауданында мұз жағдайы туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді.

35. ТСҚ гидрметеорологиялық ақпаратты вахталық радиооператор «Ауа-райының болжамы журналында» тіркейді.



5-тарау. Теңіздің стационарлық қабатының бөлімшелері
36. Теңіздегі қабаттың орналасу орны бойынша:

1) ТСҚ қызмет көрсетуші кемелердің шектелмеген ауданы аумағында болуы кезінде-А типі;

2) ТСҚ қызмет көрсетуші кемелердің баспана орнынан 200 мильге дейінгі шектеулі қашықтықта, екі убежищенің арасындағы шектік қашықтық 400 мильге дейін болғанда-В типі;

3) ТСҚ қызмет көрсетуші кемелердің баспана орнынан 50 мильге дейінгі шектеулі қашықтықта, екі убежищенің арасындағы шектік қашықтық 100 мильге дейін болғанда-С типі;

4) ТСҚ қызмет көрсетуші кемелердің жүзудің шектеулі ауданда (портты сулардың акваторийінде, рейдтер мен жағалық аудандар) Д типі.

6-тарау. Өндірістік ғимараттарды орналастыру
37. Ысыртпалар мен басқа да арматураларды қиын орналасқан орындарға орналастыру кезінде дистанциялық басқару көзделеді (басқарудың ұзартылған штоктары немесе штурвалдары, электрпневмосымдар және тағы басқа) және жөндеу немесе ауыстыру жағдайына оларға қауіпсіз бару қамтамасыз етіледі.

38. Мұнай өнімдері, химреагенттер және басқалар төгілуі мүмкін өндірістік ғимараттарда алынатын сландар көзделеді. Ғимараттар төсенділері (еден) ағынды суларды жинау жүйесіне қосылған траптарға еңіс орналасады.

39. Өндірістік ғимараттарда орналасқан және қыздыруға жататын барлық қондырғылар, трубақұбырлар және арматуралар конвективті және сәулелік жылу (жылуоқшаулау, экрандау, жылу бөлу және тағы басқа) бөлудің алдын алатын немесе шектейтін құрылғылармен қамтамасыз етілген; оқшаулау бетінің температурасы 45º С артық болмайды.

40. Өндірістік ғимараттарда орындалатын жұмыстармен байланыссыз заттарды, жанатын-жағар және басқа материалдарды сақтауға жол берілмейді.

41. Жарылыс қауіпті зоналарда пайдаланылған сүрту материалдарын орналастыруға жол берілмейді.

42. Өрт қондырғыларына, өрт сөндіру, байланыс және сигнализация құралдарына баратын жолдарды жабуға және ластауға жол берілмейді.

43. Барлық байланыс құралдарының жанында апат және өрт туралы сигнал беру тәртібі, қызметкерлерді шақыру, денсаулық пункттері, диспечерлік пункт және басқалар көрсетілген тақтайшалар ілінеді.

44. Цемент, бетон және басқа тозаңдардың пайда болуы мүмкін өндірістік ғимараттарда тасталатын ауаның тартпа-шаңсорғыш жүйесі көзделеді.



7-тарау. Персоналды эвакуациялау
45. ТСҚ жұмыс алаңдары мен ғимараттарының екіден кем емес эвакуациялық (негізгі және апаттық) шығатын орны болады.

46. Эвакуация жолдарында негізгі шығатын орындар үшін көтеру тіктігі 60º С артық траптар (сатылар) құрылғысына жол берілмейді.

Апаттық шығудан тік трап арқылы шығуға жол беріледі.

47. Эвакуация жолдарындағы есіктердің тежегіштерінің тиегі болмайды және эвакуация бағытына қарай қозғалыс жағына қарай ашылады.

48. Сатылардың (траптардың) ені 650 мм кем емес.

49. Эвакуация жолдары, суға түсу құрылғыларын, түсу кезіндегі теңіз бетін (құтқару құралдарын дайындау және түсіру процесінде) қоса алғанда ұжымдық құтқару құралдарының орналасу орны, тәуліктің қараңғы кезінде жарықтандырылады. Бұл мақсатта жұмыс және апаттық жарықтандыру көзделеді.

50. Эвакуациялау жолдары жарық шағылыстырушы бояулармен салынатын стрелкалармен көрсетіледі.

51. ТСҚ персоналы құтқару шлюпкалары мен плоттары бойынша бөлінген.

52. ТСҚ екі немесе одан да көп өндірістермен бір уақытта жұмыс істеген кезде вахтаның барлық жұмыскерлерінің құрамы бірыңғай кестеге сәйкес құтқару шлюпкалары бойынша бөлінеді.

53. Шлюпті (отырғызу) алаңға апаратын траптың 1,2 м ені болады.

54. Отырғызу (шлюпті) алаңның конструкциясы персоналдың ұжымдық құтқару құралдарына алаңның екі жағынан отырғызуды қамтамасыз етеді.

55. ТСҚ персоналы (вахталар ауысымын секере отырып), қабаттан эвакуациялау кезіндегі әрекеттермен нұсқаулықтан өткен және оқытылған.

56. Қызмет көрсетуші персоналдың (вахталардың ауысымдылығын ескере отырып) әрбір белгіленген ұжымдық құтқару құралының эвакуация жоспарымен осы құтқару құралының экипажына оның өкімі орындауға міндетті аға (оның орынбасары), тағайындалады.

57. ТСҚ әрбір вахтадағы персоналымен тоқсанына бір реттен кем емес эвакуациялау жөніндегі практикалық оқытулар жүргізіледі.

58. ТСҚ персоналын эвакуациялау туралы команданы қабат бастығы (оның орынбасары) немесе оны алмастырушы бақылау тұлғасы береді. Ол кезекші кемелер мен тікұшақтарды ескертеді, ал қажет болған жағдайда жақын жүзіп жүрген кемелерді көмеке шақыра отырып, «халықаралық апат сигналын» береді.

59. Екі немесе одан да артық кәсіпорындардың құрылымдық бөлімшелері бір уақытта ТСҚ жұмыстарын орындау кезінде ұйымдар жетекшілерінің басшыларының келісімі бойынша эвакуацияны ұйымдастыру міндеті жүктелген бөлімшелер жетекшілерінің бірі (немесе оның орынбасары) қызмет көрсетуші персоналды эвакуациялау туралы команда береді.

60. Қабат персоналын ұжымдық құтқару құралдарына отырғызу тікелей қабатта ТСҚ тастау туралы сигнал (команда) бойынша іске асырылады.

61. Қабат бастығы (оның орынбасары немесе бұйрықпен бекітілген басқа жауапты тұлға), радист (радиооператор) және өртпен күресу жөніндегі бригадалар ТСҚ қабатта ешкімнің қалмағанына көз жеткізгеннен кейін соңғы болып шығады.

62. Ұжымдық құтқару құралдарын суға түсіруді эвакуация кестесінде көрсетілген қызметкерлер іске асырылады.

2-бөлім. Теңіздің стационарлық қабатының құрылысы

1-тарау. ТСҚ конструкцияларына қойылатын талаптар
63. ТСҚ конструкциясы оларға берілетін қолданыстағы жүктемелер тасымалдау, берілген орында орнату және пайдалану тұрақты.

64. ТСҚ мөлшері, түптегі ұңғымалар саны, ұңғымалар арасындағы қашықтық және олардың өзара қашықтығы жобада анықталады.

65. Көп сатылы ТСҚ конструкциясы пайдалану ұңғымаларының сағаларының және пайдалану қондырғылары кешенінің төменгі сатыда, ал бұрғыланатын ұңғымалардың қабаттың жоғарғы сатысында орналасуын қамтамасыз етеді.

66. ТСҚ жүктерді тасымалдау жөніндігі күрделі процестердің механизациялануын қамтамасыз ететін машиналар, механизмдер және құрылғылар (көпірлік, стрелкалы, консольды-бұрылу крандары және тағы басқа) кешенімен және ТСҚ шегіндегі қондырғылармен жабдықталған.

67. Технологиялық құрылғылардың және ТСҚ қондырғыларының орналасуы жобаға сәйкес орындалады.

68. Мұнаралық портал ТСҚ механизмдер мен қондырғылардың қызмет көрсету мүмкіндігі қамтамасыз етілетіндей етіп орналастырылады. Бұл кезде қызмет көрсетуші персоналды эвакуациялау жолдары көзделеді.

69. ТСҚ желдің әртүрлі бағытында кемелерден адамдарды отырғызу және шығару мүмкіндігін ескере отырып, орналастырылған төртеуден кем емес отырғызу алаңы болады.

70. ТСҚ конструкциясы отырғызу және тоқтау алаңының көлемінен шығып тұратын консольды алаңы болмайды.

71. Ұру палдарының конструкциясы арқандап байланатын кемелердің жүктемелерін ТСҚ отырғызу алаңдарына бермейді.

ТСҚ ұру палдарының қызмет көрсету кемелерін арқандап байлау кезінде пайда болатын соққыларды жұмсартатын амортизациялық құрылғылары болады.

72. ТСҚ арқандап байлау құрылғылардың конструкциясы ТСҚ пайдалану кезінде көзделетін барынша су алмастыратын қызмет көрсетуші кемелердің арқандап байлануын қамтамасыз етеді.

ТСҚ арқандап байлау құрылғыларын орналастыру қызмет көрсетуге ыңғайлы болады.

73. Әрбір сатының периметрі бойынша ТСҚ биіктігі 1,2 м ден кем емес төменгі бортты еденнен биіктігі 150 мм сенімді қоршауы болады.

74. ТСҚ төсенділерінде көзделген ойындылар мен саңылаулар қоршалған немесе люктері болады.

75. ТСҚ тіреу блогының конструкциясы жоғарғы бөлігінде металл конструкцияларын суға түсіргеннен кейін тіке қалыпқа келтіру үшін көмекші понтандардың бекітуге арналған орны болады.

76. Тіреу блогының конструкциясының суды тіке қалыпқа (оларды жүзу кезінде тасымалдау жағдайында) көшіру мақсатында төменгі су секциясының ішкі көлемін толтыруға арналған құрылғысы және берілген орында жер бетіне орналастыруға арналған құрылғысы болады.

77 Завод жағдайында немесе ТСҚ процесінде орналастырылатын ұңғымалардың су бөлетін колонналарының тіке 30º артық еңісі болады.

Тексеріс ортаға бағыттайтын еңіс өлшеуіштерімен іске асырылады.

78. ТСҚ барлық сатыларында төсенділер қарастырылады. Төсенділер конструкциясында төсенділердегі сұйықты жинау мүмкіндігі көзделген. Төсенділердің қабаттың барлық периметрі бойынша биіктігі 150 мм борт қайырмасы болады.

79. Порталдың мұнаралық бөліктегі төсенділері ағаштан жасалады және ағындылар және өндірістік блоктары болады.

80. Бұрғыланатын және пайдаланылатын ұңғымалардың төсенділері бар ауырланған бұрғылау трубаларына (әрі қарай-АБТ) арналған шурф трубасы мен кассеталарымен қиылысу орыны герметикалы.

81. Ротор маңындағы жұмыс алаңындағы төсенділерде бұрғылау ерітіндісін шашыратуға қарсы құрылғының шлангісіне арналған саңылау болады. Саңылау алынатын қақпақпен жабылады.

82. ТСҚ металл конструкциясы және блок модулі оларды кранды монтажды кеменің палубасына (әрі қарай-КМК) немесе буксирленетін жүзу құралына бекітуге арналған құрылғылармен жабдықталған.

83. Блок-модульдердің салмақты сипаты, ТСҚ құрылысына арналған КМК жүк көтеруін ескере отырып, орнатылады.

84. Әрбір блок-модульдің құрамында технологиялық трубақұбырлар мен коммуникациялар көзделеді.

85. Блок-модульдер трубақұбырларының жедел шешілетін қосындылары болады.

86. Жекелеген блок-модульдердің қиылысу ТСҚ пайдалану кезінде теңіздің бұрғыланған жыныстардың, шашылмалы материалдармен, мұнай және мұнай өнімдері ластануына жол берілмейді.

87. ТСҚ конструкциясы қабаттың жоғары құрылысының бұрғылау блок модулін демонтаждау мүмкіндігін қамтамасыз етеді.

88. ТСҚ блок модулінің конструкциясы оңай орналастырылады (алынады), ТСҚ орналасқан жүк көтеру құралдары арқылы технологиялық қондырғыны ауыстыруға мүмкіндік береді.

89. Бекітілген металлконструкциялар және ТСҚ блок-модульдері КМК палубасына немесе буксирленетін жүзу құралына кодмен оңай демонтаждалады.

90. Блок модульдердің конструкциялары жүк асып қоятын арқанға құрылғысы болады.

91. Жүк асып қоятын арқандарды блок-модульге бекітуге арналған орналастыру орындары және блок-модульде орналасқан жүк асып қоятын арқандар ұзындығы жүк асып қоятын арқандарда тарту кезінде қондырғыға және коммуникацияға тию мүмкіндігі болмайды.


  1   2   3   4   5   6   7


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет