2.9 Стандарт « Өкпеге топографиялық перкуссия»
2.9.1 Стандарт «Өкпенің жоғарғы шекарасын анықтау (өкпе ұшының биіктігі)»
Алдынан:
1.Науқасты беліне дейін шешінуді өтінеміз
2.Плессиметр саусағын бұғана үстіне параллель орналастыру
3.Төменнен жоғары қарай қаққылау және шамалы ішке, перкуторлы дыбыс тұйықталғанға дейін
4.Сау адамда өкпенің биіктігі бұғанадан 3-4 см жоғары
Артынан:
1.Плессиметр саусағын жауырын үстіне жауырын бағытына параллель орналастыру .
2.Қаққылау жоғарыдан төменге қарай жүргізіледі (мойынның 7 омыртқасының үшкір өсіндісінен 3-4 см шеткі нүктесіне қарай орналастыру).
Қалыпты жағдайда өкпенің ұшының биіктігі мойынның 7 омыртқасының үшкір өсіндісінің деңгейіне сәйкес келеді.
2.9.2 Стандарт «Өкпенің төменгі шекарасын анықтау».
Оң өкпе:
1.Плессиметр саусағын 2 қабырға аралығына қабырғаға параллель оң төс жаны сызығы бойынша жүргізіледі.
2.Перкуссияны жоғарыдан төмен қарай,бірқалыпты қаққылау арқылы жүргізіледі,анық өкпе дыбысы тұйықталғанға дейін (өкпе,бауыр,шекарасы)
3.Сондай тәсілмен перкуссия келесі топографиялық сызықтар бойымен жүргізіледі: ортаңғы бұғана сызығы,алдыңғы қолтықасты,ортаңғы қолтықасты,артқы қолтықасты, жауырын сызығы, омыртқа жаны сызығы (перкуссия бүйірден қолтықасты шұңқырдан, артынан жауырынның ұшынан басталады).
Сол өкпе:
Сол өкпенің төменгі шегі бүйір жағынан 3 қолтық асты топографиялық сызықтармен және артынан 2 жауырын және омыртқа жаны сызықтары бойымен жүргізіледі.
Өкпенің төменгі шекаралары орналасуы:
Топографиялық сызықтар
|
Оң өкпе
|
Сол өкпе
|
Кеуде жаны
|
V қабырға аралық
|
|
Ортаңғы бұғанақ
|
VI қабырға
|
|
Алдыңғы қолтықасты
|
VII қабырға
|
VII қабырға
|
Ортаңғы қолтықасты
|
VIII қабырға
|
VIII қабырға
|
Артқы қолтықасты
|
IX қабырға
|
IX қабырға
|
Жауырын
|
X қабырға
|
X қабырға
|
Омыртқа жаны
|
XI қабырғаның үштық ұшы
|
XI қабырғаның үштық ұшы
|
Достарыңызбен бөлісу: |