Тәжірибелік сабақ прокси-серверлер


IP анонимайзері немесе CGI проксиі



бет3/8
Дата25.05.2022
өлшемі443.49 Kb.
#458633
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8
Тәжірибелік сабақ 4

IP анонимайзері немесе CGI проксиі. Прокси-сервердің бұл түрін жиі анонимайзер деп атайды. Онымен тек браузер арқылы әрекеттесуге болады, себебі өзге бағдарламалар CGI-ді қолдамайды. Басқаша айтқанда, бұл прокси-сервер Web-сёрфинг үшін қажет. Бұл түрі еш баптауды кажет етпейді.
Жұмыс істеу реті: пайдаланушы CGI-proxy-ге кіріп, өзі кіргісі келген сайт URL-н енгізеді, қажетті форманы толтырады. Пайдаланушы адресті енгізген соң, CGI-proxy қажет сервер сұратымын орындап, алынған парақшадағы сілтемені түзетеді, пайдаланушы сілтеме арқылы өткенде, сұратым CGI-proxy арқылы шакыртылуы керек.
CGI-proxy-дің көпшілігі cookies-ді, жарнаманы, экранға шығатын терезелерді жоя алады. CGI-proxy арқылы тізбек құруға болады, ол үшін олардың біріне еніп, өзге CGI-Proxy-дің адресін білу қажет, содан кейін адрес жолыңа басқа адресті салу, осылайша жалғаса береді. соңғы рrоху-дің адрес жолына өзіңіз қарағыңыз келген сайттың URL-н енгізу керек.


FTP прокси-сервер. FTP проксидің екі түрі бар, оларды байланыстыратын нәрсе – жұмыс режимі.
1. Сервердің бірінші типі сервермен мәлімет алмасу және тұтынушымен FTP хаттамасы бойынша жүргізіледі. Сосын ЖК пайдаланушылары арнайы FTP-клиент қолданады (бағдарлама);
2. Екінші жағдайда прокси FTP-серверімен FTP хаттамасымен жұмыс істейді, ал браузермен HTTP не FTP бойынша. Техникалық жақтан HTTP өз хаттамасы болғандықтан, браузерге ыңғайлысы. Жұмыс хаттамасының FTP-тен HTTP-ге ауысқанда FTP хатамасын қолданудағы кейбір артықшылықтар жоғалады. Сондықтан FTP-
тұтынушылары FTP-пен, ал сервермен тек FTP хаттама бойынша жұмыс істеуді қалайды.


Прокси типін қалай білуге болады?
Бұл тарауды аяқтай келе, кез келген пайдаланушының проксиді қандай белгісіне қарап ажыратамыз деген сұрақ беретінін заңды деп түсінуіміз керек.
Сервер проксиінің типін білудің екі жолы бар:
1. бағдарламалық;
2. колмен (дедуктивті).
Бірінші жағдайда Proxy Helper, Checker type proxy және осыларға ұқсас.
Екінші жағдайда, визуалды түрде прокси типтерін ажырата білу керек,
мысалы:
- HTTP proxy түрі бар [сервер аты немесе хост] және қос нүкте арқылы [порт]. Үнсіздік бойынша бұл типте 80, 81, 8080, 3128 порттары қолданылады.
- SOCKS:proxy түрі http проксиге ұқсайды, алайда өзге порттар 1080, 1081 колданылады.
- CGI proxy - қарапайым Web парақша немесе сайт, сондықтан стандартты түрге не, тек порт орнына «.cgi» кеңейтілуі бар парақша адресі көрсетіледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет