Тексерген: Джанкадыров С. С



бет27/28
Дата05.12.2023
өлшемі106.55 Kb.
#485490
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
философия термин

Магнит өрісі құйынды өріс, себебі магнит өрісі индукциясының циркуляциясы нольден өзгеше.

  • Магнит индукциясы векторының дивергенциясы әрқашан нольге тең, себебі табиғатта магнит зарядтары жоқ.

  • Ортаның магниттік өтімділігі ортадағы магнит өрісінің индукциясы вакуумдағымен салыстырғанда неше есе артық екендігін көрсетеді.

  • Кюри нүктесі деп температураның одан жоғары мәнінде заттың ферромагнетиктік қасиеттері жойылып, ол парамагнетикке айналатын мәнін айтады.

  • Электромагниттік индукция құбылысы деп тұйықталған өткізгішконтурмен шектелген магнит ағыны өзгергенде осы контурда индукциялық электр тогы деп аталатын электр тогының пайда болу құбылысын айтады.

  • Генри – контур индуктивтілігінің бірлігі.

  • Тербеліс деп белгілі бір қайталану дәрежесімен сипатталатын процесті айтады.

  • Тербеліс периоды – толық бір тербеліс уақыты.

  • Герц (Гц) – уақыт бірлігі ішіндегі бір тербеліске сәйкес тербелістер жиілігінің бірлігі.

  • Гармоникалық тербеліс деп синустық немесе косинустық заң бойынша өтетін тербелісті айтады.

  • Математикалық маятник – салмақсыз. Созылмайтын жіпке ілінген және ауырлық күшінің әсерінен тербеле алатын материалдық нүкте.

  • Толқын ұзындығы деп 2 -ге тең фазалар айырымымен тербелетін екі нүктенің ара қашықтығын айтады.

  • Жылулық сәуле деп денелердің ішкі энергиясы есебінен шығатын электромагниттік сәулені айтады.

  • Дененің энергетикалық жарқырауы (немесе сәуле шығарғыштығы) деп дененің бірлік бетінен барлық бағытта шығатын энергия ағынын айтады.

  • Абсолют қара дене деп кез келген температурада өзіне түскен жарықты оның жиілігіне, поляризациясы мен таралу бағытына байланыссыз жұтатын денені айтады.

  • Планк гипотезасы электромагниттік сәуле жиілігіне пропорционал энергияның жеке үлестері (кванттары) түрінде шығады.



  • Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




    ©dereksiz.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет