Телебағдарламаларды редакциялаудың негіздері



бет1/2
Дата13.06.2016
өлшемі0.51 Mb.
  1   2
Телебағдарламаларды редакциялаудың негіздері

Кіріспе


Телебағдарламалар орындайтын шығармашылық топта редактордың алатын орны ерекше. Ол материалдың мазмұны мен көркемдік сапасына жауап береді. Бүгінгі таңда кейбір арналардың штаттық кестелерінде редакторды әр қалай атайды. Негізінен, бас редактордың қызметін продюсер атқарады. Ол бағдарламаның идеялық-көркемдік деңгейін бақылап қана қоймай, сонымен қатар өндірістік, ұйымдық және қаржылық мәселелерге де араласады. Бірақ сөз терминологиядан басқа, теледидардағы редакциялаудың мәні мен бағдарлама жасаудағы оның атқаратын рөлі жайында болмақшы. Сондықтан, осы оқу құралында біз күнделікті «редактор» сөзін қолданатын боламыз.

Теледидардағы редактор жұмысы өте кең көлемді қамтиды. Оның іс-әрекеті әдеби жұмыспен ғана шектеліп қоймайды. Бұқаралық ақпарат құралы ретінде телевидение редактордан теледидар өндірісінің ерекшелігімен байланысты білімінің болуын талап етеді. Редактордың, сондай-ақ, документалистикадағы (құжаттану) алатын орны ерекше.

Редактордың шығармашылық мамандығы теледидардың құрылуымен бір мезгілде пайда болды. Уақыт өте келе, оның мазмұны толығып, көптеген міндеттері белгіленді.

Бүгінгі таңда редактор жұмысы мәтінді тексеру мен түзетуден тұрады деген жаңсақ пікір көп. Ол, сондай-ақ, цензорлық жұмыс деп те қабылданады.

Бірақ редактордың іс-әрекеті оны телебағдарламаларды жасаудағы шығармашылық процестің лидері етіп көрсетеді.

Теледидар редакторының жұмысы көрермен бағдарламаны экраннан көрген кезден бірнеше сағат бұрын басталады. Ол теледидарлық жоба жасауға қатысады, қызықты материал табады, оған авторлар таңдап, қатысушыларды шақырады. Сонымен қатар, сол қатысушылардың әдеби дайындығын ғана есепке алып қоймай, экран міндеттемелерінің де сақталуын қамтамасыз етеді. Бағдарлама дайындаудың кейінгі кезеңдерінде редактор тек кеңесші мен автор, режиссерлердің көмекшісі рөлін атқарады. Осылайша, әдеби материалды бағалаудан бастап, оның жазылуы мен эфире бағдарламаның шығуына дейін редактор жұмыс жасайды. Өзі де кей кезде жүргізуші, сұхбаттасушы, репортер қызметін атқарып, журналистік қызметін арттыра түседі.

Редакторлық іс-әрекеттің тағы бір аспектісі: техникалық және шығармашылық мәселелердің үйлесімділігі. Редактор камераның техникалық мүмкіндігі мен электронды «спецэффектілерді», монтажды білуі қажет.

Бұл оқу құралы екі бөлімнен тұрады. Біріншісінде, редакторлық іс-әрекеттің мақсаттары мен міндеттері, редакциялаудың жалпы әдістемесі (оның негізі А. В. Западов, А. Ә. Мильчин; Д. Э. Розенталь, Н. М. Сикорский, К. И. Былинский мен М. П. Сенкевичтің еңбектерінде кеңінен жүйеленген) қаралған. Екінші бөлімінде теледидар редакторы жұмысының ерекшеліктері қаралып, оның кезеңдері сарапталады. Сценарийдің өңделуі сөз болады, автор мен редактордың телебағдарлама дайындау процесі кезеңіндегі қарым-қатынастары айтылады.

БАҚ-ғы редакциялау журналист қызметімен байланысты болғандықтан, бұл еңбекте журналистика мәселелері де сөз болады. Оқу құралы РВ, ТВ қызметкерлеріне, публицистикалық және ақпараттық бағдарламаның редактор-тәжірибешілеріне арналған. Автор тек редакторлық еңбектің негізін құрайтын сұрақтар төңірегінде ой қозғаған.

Редакциялаудың жалпы әдістемесі

Редакциялау ұғымы өте күрделі ұғым. Латын тілінен аударғанда «redactus» – «тәртіпке келтірілген» деген мағынада. Баспасөз, радио, теледидарда редакциялау қоғамдық-әдеби іс-әрекет облысы, жариялауға материал дайындау дегенді білдіреді. Көптеген жағдайда редакциялаудың міндетін айқындауда оның мәтінді түзету деген бір жағы ғана қарастырылады. Түзету - редактор іс-әрекетіндегі маңызды құбылыс. Оның басты міндеті мазмұн мен шығарма формасына сараптама жасау болып табылады. Бұл оны дұрыс бағалау мен жетілдіру үшін қажет. Редакциялаудың міндеті – шығарманың қоғамдық бағалануы. Теледидардардағы редакциялаудың пәні түрлі жанрдағы мәтіннен бастап бейнеқатардың иллюстрациялары бола алады. Редакциялауға саяси және қоғамдық мәні бар аспект кіреді. Редакциялау арқылы шығармадағы қателер түзетіледі. Редактордың міндеті - өзі түзеген материалдың эффектілі болуын қамтамасыз ету. Ол эфирге шығатын публикацияға толығымен жауапты. Ал сыншы-рецензент жарыққа шыққан материалдың кемшілігі мен құндылығын анықтайды, көрермен мен оқырманға оны дұрыс бағалауға көмектеседі, авторға қажетті кеңес береді.

Өзінің ақпараттық қызметін орындау барысында БАҚ материалдары жақсы, түсінікті баяндалуы тиіс, өйткені ол түрлі топ өкілдеріне арналады. Редактордың шығармашылық мүмкіндігі мен шеберлігінен материалдың сапасы айқындалады. Редактор мамандығында сыншы мен тіл маманы, стилист пен педагог, ұйымдастырушы мен суретші мамандығы ұштасады. Редактор өз білімін әрдайым жетілдіріп отыруы қажет. Жан-жақты білімі бар, логикалық ойлауы зор, әдеби тілдің нормаларын жетік білетін адам ғана редактор бола алады. Редакторлық бағалау – шығармаға нақты мақсат тұрғысынан қарау, автор еңбегін шыншылдық масштабымен айқындау.

Редактор кітап, радио немесе телебағдарлама дайындаудың барлық өндірістік-технологиялық процесін білуі шарт. Полиграфия негіздері мен техникалық мүмкіндіктерді білуі оған шығарманың әсерін күшейтуге көмектеседі. Редакциялау – шығармашылық процесс, оны редактордың жеке дара ерекшеліктері айқындайды. Біздің тәжірибемізде редакциялаудың жалпы әдістемесі қалыптасты.


Дайындық кезеңі. Редакторлық іс-әрекеттің басы – дайындық кезеңі болып табылады. Оны ұйымдастырушы –шығармашылық кезең деп те есептеуге болады. Оған басылым, радио немесе теледидар мінезіне сәйкес тақырыптық бағытты айқындау, айдарлар мен жобалар, автор таңдауы жатады.

Әдеби редакциялаудан ең алғашқы дәрісті 1952 жылы Мәскеу мемлекеттік университетінің журналистика факультетінде профессор К. И. Былинский оқыған. Бұл дәрісте курстың жалпы концепциясы қалыптасып, бағдарламаның негізгі бөлімдері анықталды. Бұл жаңа оқу бағдарламасының дайындық кезеңі аяқталды дегенді білдіреді. Практика бағдарламасы жасалып, алғашқы әдістемелік еңбектер жарық көре бастады.


Әдеби редакциялау ұғымы баспасөз тарихына К. И. Былинскийдің «Әдеби редакциялау мен газет материалдарына түзету енгізудің негіздері» кітабы жарық көргеннен кейін, яғни 40-шы жылдардың аяғында енді. Жаңа терминнің шығуы екі жағдаймен түсіндірілді: газет жұмысы жағдайында материалдардың редакциялық дайындығының спецификасын айқындау мен әдеби өңдеу – тіл мен стиль қателерін түзету деген ұғымды кеңейту болды. Газет материалдарын редакциялаудың ерекшеліктері айқын еді: редактор публикация характерін, оның ақпараттылығын, автор позициясының спецификасын, автордың оқиға мен оқырманға жақындылығын, ақпараттың жылдамдығы мен редакцияның жұмыс жағдайын есепке алуы тиіс.

Көп жылдар бойы әдеби редакциялауға деген көзқарас практикалық ойларға негізделді. Революция жылдарынан кейін әдебиетке көптеген авторлар келді. Олардың қолжазбаларын баспаға жіберу үшін көптеген қарапайым қателерді түзеу керек болды. Редакциялаудан жазылған алғашқы еңбектер редакторларды осы жағдайларға үйретті. Өзінің қалыптасуы кезеңінде әрбір практикалық пән норма мәселелерімен қақтығысады. Практикалық талаптар мен ғылыми білім деңгейі әрқашан тығыз байланыста болды.

Әдеби редакциялаудың өткен жолы қолданбалы гуманитарлық пәндермен бірге өтті. Әдеби редакциялаудың қалыптасу процесі әлеуметтік контекспен айқындалды. Өзінің дамуы жағынан ол редакциялаудың теориясы мен практикасы сияқты пәндермен қатар жүрді.

Текстпен жұмыс істеу - өте күрделі процесс. Автор жаңа, құнды, дәлелді деректер тапқан кезде керек сөздер ойға өздері келеді. Бұл - өте кең тараған көзқарас. «Жақсы жазу үшін жақсы ойлау керек» деген тұжырым екінші орында болды.

Баспа теоретиктері өз құрылымдарында филологиядан гөрі әлеуметтану көп екендігін мойындайды. Әдеби редакциялау жайлы мәлімет өте аз болды. Бүгінгі күні редакциялауды филологиялық пән ретінде қарастыра келе, біз жинаған бақылауларымызды бір жүйеге келтіріп, оны терең ұғына аламыз. Құрылымы жағынан комплексті пән болғандықтан, ол бірнеше гуманитарлық пәндерді, соның ішінде логика, психологияны қамтиды. Ал теориялық құрылымы жағынан әдеби редакциялау лингвистика мен әдебиеттануға сүйенеді. Осыған байланысты біз практикалық міндеттерді шешу кезінде библиография, текстология, информатика сияқты пәндерге жүгінеміз.
Мәтінді түзету процесі. Редактор мәтінді түзету үшін ең алдымен оны терең ұғынып, оқып алуы қажет. Көркем әдебиет редакторларының тәжірибесіне негізделген редакциялаудың дәстүрлі әдісі осылай жасауды қажет етеді. Ғылыми және техникалық әдебиетті баспаға дайындау кезінде ұсынылған редакциялаудың динамикалық әдісі редакторға материал жайлы өз әдіс бойынша, түзету мәтін терең зерттеліп оқылғаннан кейін енгізіледі де, басуға ұсынылар алдында тағы бір қаралады.

Редакциялаудың теориясы мен практикасына байланысты әдебиетте редакторлық сараптама мәселелерін екінші орынға ығыстырып шығарды.

Редакторлық жұмыс - өте күрделі жұмыс. Кез-келген мәтінге қолданыла беретін түзету түрі болмайды. Түзету әдісін редактор өзі таңдайды. Бірақ оның бұл таңдауы нақты, әрі негізделген болуы қажет. Түзетулер мен өзгертулердің саны ол жұмыстың сапасын айқындамайды. Бүгінгі күні де газет редакцияларында кейбір қызметкерлер автор шығармасын қайтадан жазып шығуды өз міндеті деп санайды. Мұндай өңдеуден кейін көп жағдайда мәтін өз өңін жоғалтады.
Түзету түрлері. Редакциялау әдісінде түзетудің төрт түрі белгілі: қайта оқып түзету, қысқарту арқылы түзету, өңдеу арқылы түзету, қайта жазып барып түзету.

Қайта оқып түзету – тексті түпнұсқасымен салыстырып оқу, ондағы -әріп қателерін түзету. Ресми материалдарды, қайта басылып шығатын кітаптарды редакциялау барысында түзетудің осы түрі қолданылады.

Қысқарту арқылы түзету – текстің мазмұнын, логикалық жүйесін сақтай отырып, оны белгіленген көлемге, яғни таңбаға, жолға, бетке түсіріп ықшамдау. Шығарманы шұбалаңқылықтан, нанымсыз дәлелдерден, біртекті дәлелдеулер мен қайталаулардан арылту үшін де түзетудің осы түрі қолданылады.

Өңдеу арқылы түзету – авторлық тексті сақтай отырып, шығарманың композициялық құрылысындағы олқылықты жою, деректік және логикалық қателерін түзеті, тілі мен стиліндегі кемшіліктерін жөндеу.

Қайта жазып барып түзету - әдеби тілді нашар меңгерген авторлардың қолжазбаларын әзірлеу кезінде қолданылады. Мұнда әдеби өңдеуші автордың негізгі ойын, өзіндік стиль ерекшелігін сақтай отырып, шығарманы қайта жазып шығады.

Теледидар бағдарламасын редакциялаудың ерекшеліктері
Ұйымдастырушылық – шығармашылық кезең

Редакциялаудың жалпы әдістемесі әрбір редактор үшін қажет. Ал теледидар бағдарламасын редакциялаудың кітап пен газет мақаласынан өте көп ерекшеліктері бар. Өйткені соңғыларында редактор мәтінмен ғана жұмыс істейді.

Теледидар редакторы мәтіндік материалдан (бейне) видеоқатармен де айналысуы керек, яғни сөз бен бейне үйлесім табуы қажет. Бұл оның телережиссура негіздері, сонымен қатар теледидардың техникалық мүмкіндіктерімен танысуын талап етеді.

Теледидар бағдарламасын дайындау кезеңдерінің барлығында қоғамдық жұмыс көлемі кітап пен мақаланы басуға дайындаукезеңіндегі жұмыс көлемінен едәуір үлкен. Онда: автор таңдауы, объектілердің сарапталуы, бағдарламада көрсетілетін ұйымдармен келісім, бейнелік материалдар таңдау, қатысушыларды іздеу сияқты көптеген іс-әрекеттер атқарылады. Өзіміз байқап отырғандай, теледидар редакторының қызметі басқаларымен салыстырғанда өте қиын.

Оның іс-әрекетін кей-кезде әдеби-ұйымдастырушылық деп те айқындайды. Бірақ бізде теледидар редакторы режиссерді, операторды, суретші мен администраторды ауыстыра ала ма деген сұрақ тууы мүмкін.

Бұл сұрақ, бір қарағанда, шындыққа ұласады. Бағдарламаның сапасы шығармашылық топтың әрбір мүшесі өз жұмысын жоғары деңгейде орындағанда ғана жақсы болады. Редактор бұл жерде ұйымдастырушы, бағыттаушы барлық топтың жұмысын үйлестіруші ретінде қызмет атқарады. Олардың жалпы мақсаттары – бағдарламаның кәсіби деңгейін жоғары етіп көрсету болып табылады. Редактор, міне осыған жауапты.

Тікелей эфирде редактор «дайындалмаған» материалмен жұмыс жасайды. Бұл жерде ең бастысы – тақырыпты ашып, бағдарламаның дұрыс мағынасын бере білу. Әрине, көркемдік безендірілуіне редактордан гөрі қоюшы режиссердің жауапкершілігі басымдау.

Осылайша, теледидар редакторына өз жұмысын жоғары деңгейде орындау үшін редакциялау шеберлігін білумен қатар, теледидар драматургиясы төңірегіндегі мәселелер жөнінде хабары болуы керек.

Шешендік өнер негіздерін, бағдарлама дайындау технологиясын, экранның бейнелік көркемдік құралдарын жақсы меңгеруі керек. Теледидар редакторына тағы бір қажет қасиет – адамдармен қатынас орната білу. Оның іс-әрекетінде ұйымдастырушылық бөлім маңызды орын алады, сондықтан бағдарлама дайындаудың барлық кезеңіндегі дұрыс жүргізілген жұмыс бағдарлама сапасына үлкен әсерін тигізеді.

Ұйымдастырушылық жұмыстың жедел бағдарламаларда, трансляциялар, мерекелік кештер, байқаулар мен ток-шоу кезінде алатын маңызы зор. Бұл кезде қатысушыларды дұрыс таңдап, олармен танысып, мінез-құлықтарын зерттеп, олардың әрқайсысының атқаратын міндетін жете түсіндіру қажет.

Редактор теледидар қызметінде түрлі мәселелерді шешеді, сондықтан оның жұмысының кезеңдерінің саны өте көп.

Теледидар редакторы үшін дайындық кезеңі тақырып өңдеуден басталады. Ең өнімді теледидар мүмкіндігі мен спецификасын айқындай алатын материал таңдалады. Ол кезде редактор бірнеше позицияға арқа сүйеді.

Біріншіден, теледидардың ерекше қасиеттері: жеделдік, көру мүмкіндігі, бірден көпшілік аудиторияны қамтуы.

Екіншіден, теледидардың басқа бұқаралық ақпарат құралдарымен байланысы.

Үшіншіден, теледидар көрсетілімнің спецификасы. Бағдарламаның бір рет көрсетілуі тиімді қабылдауды төмендетеді. Деректі материалдарда тақырып нақты, әрі түсінікті баяндалуы, дұрыс ұйымдастырылуы қажет.

Төртіншіден, аудитория тұрақтылығы, олармен жүйелі түлде қарым-қатынаста болу.
Бесіншіден, теледидар аудиториясының әртүрлілігі, яғни көрермендердің жасы, білім деңгейі әр түрлі болады.

Редактор ұсыныстарды, журналисттердің меншікті және штаттан тыс корреспонденттердің, шығармашылық бірлестік өкілдерінің, мамандардың жобаларын қарастырады. Осы кезеңде көрерменге тақырыпты дұрыс жеткізе алатын көркемдік құралдар таңдалады.

Он жыл ішінде телерадиохабарлардың мемлекеттік монополиялық жүйесі бұзылды. Бұл көптеген мемлекеттік емес, яғни жекеменшік телерадиокомпаниялардың пайда болуына әкеп соқты.

Сондықтан бірін-бірін қайталаудан аулақ болған жөн. Әрбір арнаның өзіндік «мінезі» болуы шарт, олардың айдарлары, жүргізушілері, хабар беру формалары мен жанрларында айырмашылық болуы тиіс.

Мысалы, АсТВ арнасының тұрақты аудиториясы бар. Бірақ әлі күнге дейін айдарлар мен жүргізушілері жиі ауыстырыла береді.

Бағдарлама саясатын жүргізу үшін міндетті түрде оның құрамдас бөліктері: айдарлар, циклдар, сериялар мен блоктарды бөліп алу керек. Айдар бағдарламаны тақырыптық принцип бойынша немесе мақсаты бойынша біріктіреді: «Азамат» (Хабар), «Әлі есімде» (Ел арна), «Назар», «Айна ақпарат», «Ел мен жер», «Астана уақыты» (Қазақстан), «Хабар - жер», «Айбын» (Хабар), «Жеті күн» (Хабар), «Дода» (31 арна). Бұл бағдарламалар бір-бірінен жанры, формасы, жеделдігі жағынан өзгешеленеді. Тақырыптық жағынан бірдей материалдарды біріктіре отырып, айдар көрерменге өзіне қажет бағдарламаны тез таңдауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар олар көрерменге бағыт береді, бағдарлама мағынасын терең ұғынуға көмектеседі. Сондықтан, айдар таңдауға сақ болған жөн.

Бағдарламаның тағы бір маңызды құрамдас бөлігі циклдар. Циклға бір бағыттағы бағдарламалар кіреді, оларды бір автор жүргізіп, қатысушылары да бір болады. Циклда тақырыбы жағынан әр түрлі материалдың бірігуі қойылған міндетті толық шешуге мүмкіндік береді. Мысалы, «Айна. Апта қорытындысы» (Қазақстан), «Жеті күн» (Хабар), «Апта» (АсТВ), «Состояние -kz» (31 арна), «Портрет недели» (КТК). Бұл циклдардың басты артықшылығы – таңдалған мәселені жан-жақты, әрі жүйелі зерттеуге мүмкіндік берілуі.

Теледидар тәжірибесінде бағдарламалық блоктар кең қанат жайды. Олар түрлі бағдарламаларды уақытына қарай жинақтауға мүмкіндік береді. Мысалы, таңертеңгілік, кешкілік блоктар («Көңіл ашар» (Қазақстан), «Нұрнама» (Рахат), «180 минут» (АсТВ). Блоктық құрылым көптеген арналар қызметін жүйелейді. Оның көптеген артықшылықтары да бар.

Бұл көрерменнің нақты бөлігіне бағытталатын бағдарлама ішіндегі бағдарлама, оның құрылысы еркін, жанры мен формалары әр түрлі.

Бағдарлама блогын дайындау кезінде ондағы кейбір жеке материалдардың тәртібі мен орналасуының өзіндік заңдылықтары бар, оларды көрерменге жақсы әсер қалдыру үшін пайдалануға болады.

Теледидар аудиториясының тұрақтылығы көлемі үлкен материалды бөліктермен, яғни серияға бөліп көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл оқиға немесе құбылыс жайлы толық мәлімет алуға көмектеседі. Серияға, әдетте, фильмдер мен спектакльдерді, үлкен бағдарламаларды бөледі («Она написала убийства, НТВ, мультсериал, «Симпсоны», «Том и Джерри», «Рассказы старого сплетника», «Культура»).

Мағыналық реттеудің де үлкен маңызы бар. Ол материалды таңдап, оны әлеуметтік-қоғамдық және саяси мәнінің деңгейіне қарап топтастыру. Мысалы, «Время», «Сегодня», «Вести» ақпараттық бағдарламалары үнемі бір уақытта (кешкісін) жүргізіледі. Бұл кезде көптеген көрермендердің уақыттары бос болады. Редакцияның да күні бойы жинаған материалдары бұл уақытта жүйелі түрде беріледі. Ақпараттық бағдарламалар миллиондаған аудиторияның естіген мәліметтерін бейнекөріністермен нақтыландырады.

Ақпараттық хабарлар әр түрлі уақытта жүргізілуі тиіс.Бірақ бұл принцип әрдайым сақтала бермейді.

Жанрлық беттеу сюжеттердің әртүрлілігін, берілу ерекшеліктерін есепке алады. Материалдың нақты орын тәртібі көрермен үшін өте маңызды. Беттеу арқылы көрермендер дайын бейнелік ассоциациялар алады.

Бағдарлама беттеуін «драматургиялық ход» біріктіруі тиіс, яғни сюжеттердің қойылымы, нақты орын тәртібі, саяси, экономикалық, әлеуметтік, мәдени тақырыптардың өзара байланыстығы.

Ырғақтық (ритмдік) беттеу дегеніміз – түрлі бейнелік және техникалық құралдардың (телесюжет, тікелей эфир, студиядағы түсірілімдер) пайдалануы. Ритмдік беттердің заңдарын бұзудың зардабы мағыналық беттеудегідей қабылдау белсенділігіне әсерін тигізеді.



Бағдарлама дайындаудағы автор мен редактор қызметі


Теледидарда редактор сценарийдің авторымен жұмыс жасайды. Онымен жұмыс істеудің өзіндік ерекшеліктері бар. Ол екеуінің жұмысын телебағдарлама авторы деген бір ұғымға біріктіруге болады. Редактор мен автордың жұмысы заявка берілгеннен бастап, бағдарлама эфирге шыққанға дейін жалғасады. Теледидар бағдарламасын дайындау процесіне авторды араластыру редактор жұмысының маңызды ерекшелігі. Авторды шақыра отырып, редактор өз шешімінің дұрыстығын анықтау қажет. Ол автордың кәсіби және әдеби мүмкіндіктерін камера алдында өзін еркін ұстауын есепке алады.

Теледидар немесе радиодағы автор қызметі баспа қызметінен әлдеқайда қиынырақ. Мысалы, баспа материалының әдеби құндылығы ғана ескерілсе, теледидарда оның бейнелік қатары да үлкен роль атқарады. Өте мықты газет очеркшісі теледидарға очеркті тез дайындай алмайды. Өйткені теледидар бағдарламасының өзіндік ерекшелігі бар. Ал әдеби шығармашылықтағы негізгі көркемдік құрал – сөз ғана.

Авторды эфирге шығаруға шақыру этика нормаларымен сәйкес келеді. Сондықтан авторды шақырып алып, эфирге шығар кезде одан бас тартуға болмайды.

Сценарий дайын болып, эфирге шығар кезде ғана автормен байланыс орнату қажет. Себебі автордың сценариймен жұмыс істеуі көптеген шығынды қажет етеді. Автормен алдын-ала жақсы қатынас орнату жоспарланған ойды асыру үшін керек.

Өтініштер бағдарлама циклін дайындауға аса қажет. Ол қысқа не кеңейтілген болуы мүмкін. Мысалы, ОРТ продюсері Д. Тицков дайындаған «Мамина школа» бағдарламасына көңіл аударайық.

Сценарийлік өтініш


Каталог: bitstream -> handle -> data
data -> А Б. Кенжебаевтың өмірі мен шығармашылығы
data -> Омбы өңірі қазақтарының әдеби мұрасын жинап, зерттеудің өзекті мәселелері
data -> Қазақ очеркі
data -> Шетел журналистикасы
data -> Ә. Нұршайықовтың «Махаббат, қызық мол жылдар» романындағы махаббат, адамгершілік мәселесі
data -> М. Б. Шындалиева Филология ғылымдарының докторы, профессор
data -> «Қазақ» газетіндегі ұлт-азаттық КӨтеріліс туралы мақалалардың маңызы
data -> Толысқан талант иесі қалихан Ысқақов 70 жаста
data -> О бөкейдің «Жас Алаш» газетіндегі шығармашылық кезеңі М. Б. Шындалиева, Қазақстан, Астана
data -> Сақ Қайрат Өмірбайұлы


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет