Телекоммуникация және пошта байланысының қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу қағидалары



бет1/12
Дата04.07.2016
өлшемі1.25 Mb.
#177276
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


Қазақстан Республикасы

Инвестициялар және даму министрінің

міндетін атқарушы

2016 жылғы « » №__

бұйрығымен бекітілген

Телекоммуникация және пошта байланысының қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу қағидалары

1. Жалпы ережелер
1. Осы Телекоммуникация және пошта байланысының қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Байланыс туралы» 2004 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 1-тармағы 19-17) тармақшасына сәйкес әзірленген және телекоммуникация және пошта байланысының қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілерінің кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу тәртібін айқындайды.

2. Бөлек есепке алу мынадай мақсаттарда жүргізіледі:

1) телекоммуникация және пошта байланысының қызметтері саласында реттеу мен бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті мемлекеттік орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) бекітетін немесе келісетін тарифтердің өзіндік құнын есептеу және экономикалық негіздемесін анықтау;

2) телекоммуникация және пошта байланысының қызметтері саласында реттелетін қызметтерді көрсетуден залал сомасының көлемін негіздеу.

3. Бөлек есепке алу дегеніміз телекоммуникация және пошта байланысының қызметтері саласында реттелетін қызметтердің әрбір түрі бойынша бөлек кірістер, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтер туралы ақпаратты жинау және біріктіру жүйесін, сондай-ақ осы Қағидаларға сәйкес реттелетін қызметтердің әрбір түрі бойынша кірістер, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтер туралы ақпарат негізіндегі есептерді байланыс операторларының кезең-кезеңмен жасауын және уәкілетті органға беруін білдіреді.

4. Табиғи монополиялар субъектілерінің (бұдан әрі – субъектер) реттелетін қызметтерге баға белгілеуі үшін тарихи шығындарды толық бөлу әдісі бойынша кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алу жүргізіледі.

5. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1) байланыс операторы – Қазақстан Республикасы аумағында тіркелген, байланыс қызметтерін көрсететін заңды тұлға;

2) бизнесс-процесс – түпкілікті мақсаты қызметтер көрсету болып табылатын байланыс операторының өз ресурстарын пайдалана отырып жүргізген белгілі бір әрекеттері мен қызметінің реті;

3) бөлу базасы – шығындарды және активтерді қолданысқа енгізу дәрежесін қызметтердің түрлеріне және желінің элементтеріне бөлу үшін қолданылатын сандық көрсеткіш (көрсеткіштер);

4) бөлу коэффициенті – қызметтер арасында шығындарды және активтерді бөлу үшін бөлу базасын қолдану нәтижесінде алынған жанама бірлескен немесе жалпы шығындар немесе активтер үлесі;

5) бірлесіп қолданысқа енгізілген активтер – бірнеше қызметті (қызметтердің тобын) ұсыну үшін пайдаланылатын, бірақ осы қызметтермен қандай да бір себеп-салдарлық байланысы жоқ, бірақ олардың қызметтер ұсынуда қолданысқа енгізілуі бөлу базаларының негізінде анықталуы мүмкін қолданысқа енгізілген активтер;

6) бірлескен шығындар – бірнеше қызметтер (қызметтер тобын) ұсыну үшін пайдаланылатын, бірақ осы қызметтермен қандай да бір себеп-салдарлық байланысы жоқ, сондықтан байланыс операторының ресурстары, бизнесс-процессі және желі элементтерінің өзара байланысын көрсететін, белгілі бір сандық бөлу базасы негізінде ретімен бөлінетін шығындар;

7) жалпы активтер – қызметтердің барлық түрін көрсетумен байланысты, бірақ осындай қызметтермен белгілі бір себеп-салдарлық байланысы жоқ, сондықтан олардың қызметтерді көрсетуде қолданысқа енгізілуі белгілі бір бөлу базалары негізінде анықталуы мүмкін активтер;

8) жалпы шығындар – қызметтердің барлық түрін көрсетумен байланысты, бірақ осы қызметтермен қандай да болмасын белгілі бір себеп-салдарлық байланысы жоқ шығындар, сондықтан олар белгілі бір бөлу базалары негізінде бөлінеді;

9) желі элементтері – телекоммуникация қызметтерінің барлық түрін көрсету барысында телекоммуникация желісінде пайдаланылатын, құны мен қатысты шығындары телекоммуникация қызметтерінің түрлеріне бөлу үшін қызметтің бағыттары бойынша біріктірілген негізгі құралдар тобы;

10) желі элементтеріне тікелей шығындар – желінің белгілі бір элементімен немесе элементтер тобымен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар, сондықтан желінің белгілі бір элементіне немесе элементтер тобына тікелей және сөзсіз жатқызылатын шығындар;

11) қосалқы бизнесс-процесс – нәтижесі негізгі бизнесс-процесс мен менеджменттің бизнесс-процессін жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлар құру

болып табылатын бизнесс-процесс;

12) қолданысқа енгізілген активтер – қызмет (қызметтер) көрсету үшін пайдаланылатын, негізгі құралдар мен материалдық емес активтерден тұратын субъектінің активтері;

13) қызметтерге жанама қолданысқа енгізілген активтер – бір мезгілде бірнеше қызметпен (қызметтер топтарымен) себеп-салдарлық байланысқа ие және осы себептен белгілі бір қызметке тікелей немесе сөзсіз жатқызуға келмейтін, бірақ белгілі бір қызметтерді көрсетуде олардың қолданысқа енгізілуі шығындардың туындау себебін көрсететін бөлу базалары негізінде анықталуы мүмкін қолданысқа енгізілген активтер;

14) қызметтерге тікелей қолданысқа енгізілген активтер – белгілі бір қызметті көрсетумен байланысты тікелей себеп-салдарлық байланысы бар, сондықтан белгілі бір қызметке тікелей және сөзсіз жатқызылуы мүмкін қолданысқа енгізілген активтер;

15) қызметтерге тікелей шығындар – белгілі бір қызметпен немесе қызметтер тобымен тікелей себеп-салдарлық байланысы бар, сондықтан белгілі бір қызметке немесе қызметтер тобына тікелей және сөзсіз жатқызылатын шығындар;

16) менеджменттің (басқарудың) бизнесс-процессі – нәтижесі қалған барлық бизнес-поцессінің нәтижелілігі мен тиімділігін арттыру болып табылатын бизнесс-процесс;

17) негізгі бизнесс-процесс – нәтижесі қызметтер көрсету болып табылатын бизнесс-процесс;

18) себеп-салдарлық байланыс негізінде бөлу – шығындардың, кірістер мен активтердің белгілі бір қызметтермен байланысының туындау себептерін алдын ала зерттеу негізінде реттелетін қызметтер түрлері бойынша кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлу;

19) тасымалдау желісі – стансыаралық жергілікті, аймақішілік және магистральдық желілердің беру желіжолдарынан тұратын және инфрақұрылымға сәйкес келетін телекоммуникация желісі;

20) экономикалық ресурстар – өндірістік-шаруашылық қызметте пайдаланылатын, еңбек, капитал (негізгі құралдар), айналым қаражаты (материалдар), ақпараттық ресурстар, қаржылық ресурстарға бөлінетін құралдар, шығу көздері жиынтығы.



2. Кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алудың негізгі қағидаттары
6. Бөлек есепке алудың негізгі қағидаттары:

1) кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бастапқы құжаттар деректерінің негізінде қызметтердің тиісті түрлеріне тікелей

жатқызу мүмкін болған жағдайда тікелей жатқызу басымдығы;

2) кірістердің, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтердің өздері байланысқан қызметтердің сол бір түрлерімен себеп-салдарлық байланысының болуы;

3) кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді қызметтердің тиісті түрлеріне жатқызу және бөлу кезіндегі ашықтық.

7. Кірістерді және шығыстарды бөлек есепке алуды жүргізуді телекоммуникация және пошта байланысының қызметтері саласындағы табиғи монополиялар субъектілері ақпаратты есепке алуды, оның толықтығы мен онда қайшылықтың болмауын нақтылаудың маңыздылығы мен экономикалық орындылығы қағидаттарына сүйене отырып жүзеге асырады.

8. Бөлек есепке алу бухгалтерлік және басқарушылық есеп жүргізу үшін пайдаланылатын бастапқы құжаттарға негізделген, олар осы Қағидаларға сәйкес қызметтердің түрлері бойынша кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлу үшін нақтылаудың қажетті деңгейін қамтамасыз етеді. Осы Қағидалар «Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы» 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 15-бабына сәйкес белгілі бір қаржылық есептілікті және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 68-бабына сәйкес салық есептілігін байланыс операторларының ұсыну тәртібі мен нысанына қолданылмайды.

9. Бөлек есепке алу бухгалтерлік есеп жүргізілетін бастапқы есеп құжаттарының негізінде, сондай-ақ статистикалық және жедел-техникалық (өндірістік) есеп деректерінің негізінде жүзеге асырылады.



3. Телекоммуникация саласындағы кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлу
10. Реттелетін қызметтердің түрлері бойынша кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу мақсатында байланыс операторларына осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес Телекоммуникация саласындағы кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлу сұлбасында бөлек есепке алу анықтамалықтарының сыныптамасы қолданылады:

1) «Ресурстар» анықтамалығы шығындар баптарының және қолданысқа енгізілген экономикалық ресурстардың сыныпталған тізбесін қамтиды:

шығындар баптарының тізбесі бөлек есепке алуды жүргізу мақсатында шығындардың баптарын нақтылаудың қажетті деңгейін ескере отырып, байланыс операторының шығындар туралы қаржылық есебінің сыныптамасы негізінде құрылады;

байланыс операторының экономикалық ресурстарының түрлері қаржылық есеп үшін (еңбек ресурстарынан басқа) пайдаланылатын байланыс операторының негізгі құралдары мен материалдық емес активтерінің сыныптамасы негізінде құрылады.

2) «Бизнесс-процесс» анықтамалығы негізгі, қосалқы, бірлескен бизнесс-процестердің және менеджмент бизнесс-процессінің сыныпталған тізбесін қамтиды. Байланыс операторлары бизнесс-процестерді сыныптау кезінде бизнесс-процессінің қағидаттары мен жалпы карта құрылымын ұстанады.

3) «Шығындар объектілері» анықтамалығы байланыс операторы желісі элементтерінің және қызметтері түрлерінің сыныпталған тізбесін қамтиды:

байланыс операторы желісі элементтерінің тізбесі телекоммуникация желісінің топологиясы негізінде құрылады;

байланыс операторы қызметтерінің тізбесі Телекоммуникация қызметтерінің салалық сыныптауышының талаптарына сәйкес құрылады.



4. Телекоммуникация саласындағы қызметтердің түрлері бойынша шығындарды бастапқы бөлек есепке алу тәртібі
11. Барлық шаруашылық операцияны байланыс операторлары бизнес-процесстерінің, ресурстың, байланыс қызметтерінің тиісті кодының талдамасы бар бухгалтерлік есепте көрсетуі тиіс.

12. Бухгалтерлік өткізбені (жазбаны) қалыптастыру үшін негіздеме болып табылатын құжатта бөлек есепке алудың тиісті бизнес-процессінің, ресурсының немесе қызметінің кодтары мен атауы көрсетіледі.

13. Шығындар баптарының тізбесі бөлек есепке алу шығындары баптарының анықтамалығы негізінде анықталады және оны байланыс операторлары өз бетінше қалыптастырады. Бастапқы бөлек есепке алуды көрсету баптары:

1) «Материалдық шығындар»;

2) «Қызметкерлерге жұмсалатын шығындар»;

3) «Бөгде, халықаралық байланыс операторларымен келісім бойынша шығыстар»;

4) «Амортизация»;

5) «Салықтар, алымдар»;

6) «Өзге де шығындар».

14. Өндірістік қызметпен байланысты шығыстардың баптары бойынша бастапқы есепке алуда материалдық шығындар немесе материалдар тиісті негізгі бизнес-процесс немесе ресурс бойынша көрсетіледі, онда материалдардың құны, көлемі, сондай-ақ пайдалану ескеріледі.

Өндірістік қызметпен (байланыс құралдары мен желіжолдарын жөндеумен және пайдаланумен) байланысты емес материалдарға шығыстар ресурстар немесе қосалқы бизнесс-процестердің және менеджмент процесстерінің тиісті кодтарына бөлінеді.

Өндірістік процесске жатқызылмаған байланыс құралдары мен желіжолдарын пайдаланумен байланысты негізгі өндірістік процесстерде пайдаланылатын құралдарға, аспаптарға және шаруашылық құрал-сайманға шығыстар бөлу базаларын пайдалану арқылы негізгі тиісті бизнесс-процессге немесе ресурстарға бөлінеді.

15. «Бөгде және халықаралық байланыс операторларымен келісім бойынша шығыстар» шығындарының баптарында басқа байланыс желілерінің бөгде және шетелдік операторларының есепті кезеңде көрсеткен қосу, трафикті өткізу және басқа да қызметтерінің төлемі бойынша шығыстар көрсетіледі.

«Бөгде және халықаралық байланыс операторларымен келісім бойынша шығыстар» тиісті бизнес-процесске және/немесе тиісті байланыс қызметтеріне жатқызылады.

16. «Амортизация», «Қалдық құны» баптары бойынша шығындарды көрсету негізгі құралдар, материалдық емес активтер бойынша, мүлікті пайдалануға беру туралы шарттар бойынша алынған, соның ішінде лизинг шарты бойынша және байланыс операторының балансына қабылданған негізгі құралдар бойынша есепті кезеңдегі есептелген амортизация сомасына қарай жүргізіледі.

Бұл ретте бөлек есепке алудың ресурстары мен бизнесс-процессінің тиісті түрлеріне негізгі құралдар бойынша талдамалық есеп себеп-салдарлық байланыс негізінде, сондай-ақ аумақтық белгісі бойынша ақпараттық жүйеде немесе негізгі құралды есепке алу карточкаларында жүргізіледі.

17. «Қызметкерлерге жұмсалатын шығындар» бабы бойынша байланыс операторының шығыстарында негізгі өндірістік, қосалқы процесстерге және менеджмент процесстеріне тартылған қызметкерлердің нақты жұмыс істеген уақытына есептелген жалақысы туралы есепті кезеңдегі деректер көрсетіледі. Аталған шығыстарда жұмыс істемеген уақытта еңбекке ақы төлеу есептеулері, қосымша ақылар және үстемеақылар, сыйақылар және басқа да есептеулер туралы деректер көрсетіледі.

«Қызметкерлерге жұмсалатын шығындар» бабы бойынша деректерді көрсетуге жұмыс уақытын есепке алу табельдері негіздеме болып табылады, олар бизнесс-процестердің тиісті кодтарын көрсете отырып, ақпараттық жүйелерде және/немесе бланкілерде қолмен, электронды форматта толтырылады.

18. Салық, алым шығыстары және басқа да төлемдер бастапқы бөлек есепке алуда себеп-салдарлық байланыс негізінде тиісті негізгі, қосалқы бизнесс-процессге және ресурстарға жатқызылады немесе бөлу базаларын пайдалана отырып бөлінеді.

19. Өзге де шығыстар бастапқы есепке алуда бастапқы құжаттар негізінде тиісті бизнесс-процессге немесе ресурстарға жатқызылады. Шығыстарды байланыс операторы қызметінің нақты бизнесс-процессіне жатқызу мүмкін болмаған жағдайда шығыстарды бөлуді бөлу базаларын пайдалану арқылы жүргізіледі.



5. Пошта байланысының қызметтері саласындағы кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлу
20. Қызметтердің түрлері бойынша кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлу үшін қызметтер реттелетін және реттелмейтін болып бөлінеді. Бұл ретте пошта ұйымының кірістері, шығындары мен қолданысқа енгізілген активтері алдын ала қызметтің бағыттары бойынша топталады және ұсынылатын қызметтердің түрлері бойынша бөлінеді.

21. Бөлек есепке алуды жүргізу мақсатында тікелей, жанама, бірлескен және жалпы шығындар, қолданысқа енгізілген активтер бөлініп көрсетіледі.

22. Шығындарды бөлу және активтердің қолданысқа енгізілу деңгейін анықтау үшін пошта ұйымы ұсынатын қызметтің тиісті бағыттарымен және қызметтермен шығындарды және активтердің себеп-салдарлық байланысы негізінде бөлу әдісі қолданылады. Бұл ретте пошта ұйымы қызметінің әр бағыты бойынша ресурстармен шығындардың және активтердің себеп-салдарлық байланыстары және осы ресурстардың ұсынылатын қызметтермен себеп-салдарлық байланыстары белгіленеді.

Қолданысқа енгізілген активтердің амортизациясы қолданысқа енгізілген активтерді бөлу негізінде бөлінеді.

23. Пошта байланысының қызметтерін көрсететін байланыс операторының қызметтерімен шығындардың және қолданысқа енгізілген активтердің тікелей себеп-салдарлық байланыстары анықталған кезде қызметтің тиісті бағыттарына осы шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді алдын ала жатқыза отырып, осы шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді тиісті тікелей жатқызу жүргізіледі.

24. Пошта байланысының қызметтерін көрсететін байланыс операторының қызметтерімен шығындардың және қолданысқа енгізілген активтердің жанама себеп-салдарлық байланыстары анықталған кезде пошта ұйымының тиісті ресурстарына, қызмет бағыттарына және қызметтеріне оларды кезең-кезеңмен бөлу арқылы бөлудің тиісті базалары мен коэффициенттерін қолдану негізінде осы шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлу жүргізіледі.

25. Реттелетін қызметтердің түрлері бойынша кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу мақсатында байланыс операторларына осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес Пошта байланысының қызметтерін көрсететін байланыс операторының қызметтері саласындағы шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлу сұлбасында бөлек есепке алу анықтамалықтарының сыныптамасы қолданылады.

26. Реттелетін қызметтерге және жалпы реттелмейтін қызметтерге шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді жатқызу және бөлу процессі кезең-кезеңмен мынадай ретпен жүзеге асырылады:

1) пошта байланысының қызметтерін көрсететін байланыс операторының тиісті ресурстары бойынша (негізгі құралдар, қызметкерлер, материалдық емес активтер және басқа да активтер) шығындарды тікелей және жанама бөлу және активтерді топтау (Экономикалық ресурстар түрлерінің және жанама шығындарды экономикалық ресурстарға бөлу базаларының үлгі тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға 1-кестеде берілген);

2) негізгі және қосалқы секілді тиісті бизнесс-процессмен және менеджмент (басқару) бизнесс-процессімен Пошта байланысының қызметтерін көрсететін байланыс операторы ресурстарының тікелей және жанама байланыстарын анықтау. Ресурстармен байланысты шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді тиісті бизнесс-процессге тікелей жатқызу және жанама бөлу жүзеге асырылады (Бизнесс-процестердің және экономикалық ресурстарды бөлу базаларының үлгі тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға 2-кестеде берілген);

3) тиісті өндірістік бизнесс-процессмен және басқару процесстерімен пошта байланысының қызметтерін көрсететін байланыс операторының қосалқы бизнесс-процессінің тікелей және жанама байланыстарын анықтау. Қосалқы бизнесс-процессмен байланысты шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлудің тиісті базалары мен коэффициенттерінің негізінде өндірістік бизнесс-процессге және басқару процесстеріне тікелей жатқызу және жанама бөлу жүргізіледі (Қосалқы бизнесс-процестерді бөлу базаларының үлгі тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаның 3-кестесінде берілген);

4) тиісті реттелетін қызметтермен және жалпы реттелмейтін қызметтер бойынша пошта байланысының қызметтерін көрсететін байланыс операторының өндірістік бизнесс-процессінің тікелей және жанама байланыстарын анықтау. Өндірістік бизнесс-процессмен байланысты шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлудің тиісті базалары мен коэффициенттерінің негізінде реттелетін қызметтерге және жалпы реттелмейтін қызметтер бойынша тікелей жатқызу және жанама бөлу жүзеге асырылады (Негізгі бизнесс-процестерді экономикалық ресурстарға, қызметтің бағыттарына және қызметтерге бөлу базаларының үлгі тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға 4-кестеде берілген);

5) пошта байланысының қызметтерін көрсететін байланыс операторы қызметтерінің тиісті түрлері бойынша бірлескен шығындар мен қолданысқа енгізілген активтерді 1-4-кезеңдерде шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлу нәтижесінде аталған қызметтерге жатқызылған, қалыптасқан сомаларға пропорционалды бөлу;

6) пошта байланысының қызметтерін көрсететін байланыс операторы қызметтерінің барлық түрі бойынша жалпы шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді осы кезеңдерге дейін жүргізілген шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлу нәтижесінде пошта ұйымының барлық қызметіне жатқызылған, қалыптасқан сомаларға пропорционалды бөлу;

7) алдыңғы кезеңдерді жүзеге асыру барысында анықталған пошта ұйымының шығындары мен қолданысқа енгізілген активтерін қосу және қызметтердің түрлері бойынша кірістерді және шығындарды түпкілікті бөлу.



6. Негізгі бөлу базаларын қалыптастыру тәртібі
27. Байланыс операторының бөлу базалары өлшенеді және тиісті калькуляциялау объектісіне жатқызылатын шығындар мөлшерімен өзара байланысты. Көрсеткіш мәні статистикалық, жедел-техникалық (өндірістік) немесе бухгалтерлік есептің деректерімен және тиісті құжаттармен расталуы тиіс.

28. Кірістерді, шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді бөлек есепке алуды жүргізу мақсатында телекоммуникациялар және пошта байланысының қызметтерін көрсететін байланыс операторлары мынадай негізгі жинақталған бөлу базалары пайдаланылады:

1) экономикалық ресурстардың түрлері бойынша шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді топтау үшін материалдардың, қосалқы бөлшектердің, негізгі құралдар мен материалдық емес активтердің қалдық құнын есептен шығару деректері, жалақы және қызметкерлер бойынша басқа да аударымдардың, бастапқы бухгалтерлік есеп деректеріне сәйкес есепті кезең үшін шығындардың басқа баптарының есептеулері пайдаланылады;

2) бизнесс-процестердің түрлері бойынша шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді топтау үшін еңбек ресурстарын қоса алғанда, ресурстардың сандық құрамы мен орналастыру бойынша деректер, сондай-ақ еңбекке ақы төлеу қоры, еңбек шығындары бойынша деректер, жабдықтың төлқұжаттық қуаты мен электр энергиясын тұтыну нормативтері пайдаланылады;

3) қосалқы бизнесс-процестерді негізгі және менеджменттің бизнесс-процессіне бөлу үшін ғимараттар мен құрылыстардың ауданы бойынша, автокөлік құралдарын пайдалану уақыты мен жүрген жолы, тауарлық-материалдық қалдықтар есептен шығару, ұйымдастыру ісі техникасы мен басқа да айналымда жоқ активтердің сандық құрамы мен орналасу орны бойынша, бөлімшелердің қосалқы бөлімшелер қызметкерлерінің функционалдық жүктемесі бойынша деректер және басқа да көрсеткіштер пайдаланылады;

4) байланыс желі жолдары мен жабдығын пайдалану және күтім жасаумен байланысты негізгі бизнесс-процестерді желі элементтеріне бөлу үшін байланыс операторының есепті кезеңде негізгі өндірістік жабдықтың қолданысқа енгізілген сыйымдылығы мен сандық құрамы бойынша техникалық (өндірістік) есепке алу деректері, байланыс желіжолдары ұзындығы, еңбек шығындарының нормативтері, жөндеу және қалпына келтіру жұмыстарының саны және басқа да көрсеткіштер пайдаланылады;

5) телекоммуникация қызметтерін ұсынумен және сатумен байланысты негізгі бизнесс-процестерді телекоммуникация қызметтеріне бөлу үшін есепті кезеңде заттай және ақшалай көрсеткіштердегі қызметтерді сату көлемі бойынша деректер, жасалған шарттар, өңделген шағымдар мен талапарыздар саны, қойылған шоттар саны, автоматтандырылған немесе биллингтік есептеу жүйелеріндегі (автоматтандырылған есептеу жуйелері) тарифтеу жазбаларының саны пайдаланылады;

6) шығындарды және қолданысқа енгізілген активтерді желі элементтерінен телекоммуникация қызметтеріне бөлу үшін маршруттау факторлары, трафикті техникалық есепке алу деректері және басқа да көрсеткіштер пайдаланылады;

7) тікелей шығындарды қызмет түрлеріне және желі элементтеріне бөлу үшін бастапқы бухгалтерлік есепке алу деректері, операторлармен өзара есеп айырысу бойынша салыстырып тексеру актілері пайдаланылады.

29. Пошта жөнелтімдері мен құндылықтарын автокөлікпен тасымалдау шығындарын бөлу кезінде пошта байланысының қызметтерін көрсететін байланыс операторы адресаттың географиялық орналасқан жерін, бағыттың ұзақтығын, облысішілік жолдардың жай-күйін ескере отырып, поштаны автотасымалдауға тартылған активтерді бөлу коэффициентін ескереді.



30. Пошта байланысының қызметтерін көрсететін байланыс операторы шығындарының, ресурстарының, бизнесс-процессінің тізбелері ең шағын тізбелер болып табылады және олар пошта ұйымының қарастыруына қарай қосымша нақтыланып кеңейтілуі мүмкін. Қызмет бағыттары да пошта ұйымы ұсынатын қызмет түрлеріне байланысты нақтылануы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет