Телекоммуникация құрылғылары ақпараттық-транспорттық орта сияқты өзара байланысқан байланыс желісі болып табылады



бет3/4
Дата30.05.2022
өлшемі192 Kb.
#458810
1   2   3   4
ККА-2

Аквс.ср.ш.кв.=30lglg- 17.4, [дБ] .
Осы формуладан кванттау шуынан қорғанушылықтың берілген мәнінен дискреттеу жиілігін анықтауға болады. Дельта –модуляция жүйесінде дискреттеу жиілігі разряды m=8 сигналды таратудың тактілі жиілігіне тең.
Дельта –модуляция мен импульсті кодтық модуляцияда тактілік жиілік былай анықталады: fT =8кГц*m, яғни, fT=8*8=64.
Кванттау шуынан қажетті қорғаныстықты қамтамасыз ету үшін дискреттеу жиілігі тактілік жиілікке тең кезінде разряд 150 кГц ретін құрайды. Егер дельта – модуляция мен импульсті кодтық модуляцияны салыстырсақ, кең жолақты арналарды көбірек қолданады,яғни дельта –модуляция шығыстары тарлау болады. Сондықтан дельта –модуляция қолданысы өте шектеулі (арна бойынша қызметтік байланысты ұйымдастыру үшін пайдалануы мүмкін).
Дельта – модуляция кезінде аналогты сигнал бірінші уақыттық дискреттеуге тап болады, бірақ берілген санақтың кодтық топ, алдыңғылармен салыстырғанда, өсімше таңбасын бейнелейді. Санақ(өсімше) шамасы дельта – модуляция кезінде тұрақты болып қалады,тек бір разрядты кодтың өсімше таңбасы өзгереді,яғни оң немесе теріс болуы мүмкін. () өсімше белгілі болса, онда импульстер тізбегі қабылдағышта сигналды қалпына келтіреді дельта –модуляция кемшіліктері: тарату жылдамдығының аз болуы (8 импульс орнына біреуін ғана беру керек); күре жолдағы арналар санының көптігі; асқын жүктеме болуы мүмкін; күрделі сигналдардың тіркесуінің қиындығы; сигналдың бастапқы деңгей туралы ақпарат таратудың қажеттігі. Бұдан сигнал бұрмалануы неғұрлым дискреттеу жиілігі fд=1/Tд жоғары болған сайын соғұрлым аз болады. Сызықты дельта –модуляция жүйесінде дельта –модуляция мен импульсті кодтық модуляцияға қарағанда тактілік жиілік мәні біршама жоғары, дельта –модуляция кезіндегі дискреттеу жиілігін біршама төмендетуге болады, егер кванттау қадамы сигнал өзгерісінің тіктігіне тәуелді өзгеретін біркелкі емес кванттауды пайдалансақ. Неғұрлым сигнал деңгейі жоғары болса, соғұрлым кванттау қадамы да жоғары және керісінше. Бұл адаптивті дельта –модуляция жүйелерінде күшті әсер береді. 
3.2 Адаптивті дельта-модуляция
Дискреттеу жиілігін дельта –модуляция кезінде біршама төмендетуге болады, егер кванттау қадамы сигнал өзгерісінің тіктігіне тәуелді өзгеретін біркелкі емес кванттауды пайдалансақ. Неғұрлым сигнал деңгейі жоғары болса, соғұрлым кванттау қадамы да жоғары, неғұрлым сигнал деңгейі төмен болса, соғұрлым кванттау қадамы да төмен болады. Бұл кодек сұлбасына интеграл жұмысының аппроксимациялайтын сатылы сигнал интегралда қалыптасқан кванттау қадамын өзгертетін басқарушы элементтері енгізілген адаптивті дельта-модуляция (АДМ) жүйелерінде күшті әсер береді.
Кванттау қадамының өзгерісі кіріс сигналдың түзетілген кернеуімен басқарылатын қадам түрлендіргішімен іске асады. Сондықтан кіріс кернеу түзеткіште түзетіледі және қосындылаушы құрылғыға беріледі және кодер шығысына барып түседі, сосын төменгі жиілікті сүзгі көмегімен бөлінеді де, қадам түрлендіргішке беріледі. Неғұрлым кіріс сигнал кернеуі көп болса, соғұрлым қадам түрлендіргішке көп тұрақты құраушы келіп түседі және кванттау қадамы да көп болады. Кодер кірісіндегі сүзгі кіріс сигналдың тұрақты құраушысын өткізбейді. Декодердің кванттау қадамымен сызықты цифрлы сигналдың тұрақты құраушысы басқарылады. Бұл интеграл алдына қосылатын қадам түрлендіргішімен және төменгі жиілікті сүзгі көмегімен іске асады. адаптивті дельта-модуляцияны қолдану дельта –модуляция кезіндегі 150..200 кГц орнына дискреттеу жиілігін 50 кГц-ке дейін төмендетуге мүмкіндік берді. Бұл кезде арна параметрлерін сегіз разрядты кодтаулы импульсті кодтық модуляция жүйесі арналарының параметрлерімен салыстыруға болады.
3.3 Дифференциальды-импульсті-кодты модуляция
Дифференциальды импульсті кодты модуляция (ДИКМ) кезінде, импульсті кодтық модуляциядан ерекшелігі сигнал санағының дәл мәні емес, алдыңғы және кезекті санақ мәнінің айырымымен кодталады.
Өсімше таңбасы көрсетілетін және бір разрядты сандармен кодтау жүзеге асатын дельта-модуляциядан ерекшелігі бұл жерде санақ айырымымен кодталады. Импульсті кодтық модуляция мен салыстырғанда ДИКМ аз кодтық рұқсатты және сәйкесінше негізгі сигналдың тактілік жиілігін қамтамасыз етеді. ДИКМ-ны құру сұлбасының екі нұсқасы бар:
а) аналогты формада айырмашылықты сигналдардың және оның келесі түрленуінің қалыптасуы аналогты цифрлы тарату;
б) аналогты цифрлы таратудан кейін ДИКМ сигналды алу. 
Бұл жағдайда бастапқы сигнал, импульсті кодтық модуляция жүйелеріндегідей шығысында импульсті кодтық модуляция сигналы бар аналогты цифрлы тарату құрылғысына беріледі. Кодтың разряды төмендейтіндіктен ДИКМ цифрлы импульсті кодтық модуляция күре жолдарының өткізгіштік қабілетін жоғарылату үшін қолданылады, сондай-ақ бірлік уақытта берілген кодтық комбинация санын жоғарылатуға болады. дельта-модуляциямен салыстырғанда ДИКМ-ның лездік мәндері күрт секіруі мүмкін сигналдарды таратуда артықшылықтары бар: Мысалы: күрт өзгеру бейнелердегі қараңғы және жарық бөлшектер арасындағы шекараға сәйкес келетін телевизиялық сигналдарды және видеотелефонды сигналдарды тарату кезінде. ДИКМ кезінде fд импульсті кодтық модуляция кезіндегідей етіп таңдап алынады. ДИКМ-ның келесідей кемшіліктерін бөліп алуға болады: цифрлық ағынды тарату жылдамдығының аздығы, сигналдың бастапқы деңгейін беру қажеттігі.
3.4 Цифрлы импульсті-кодтық модуляцияны тарату жүйесінде синхрондау
Арналары уақытпен бөлінген цифрлы тарату жүйелері қабылдағышта бастапқы сигналдың дұрыс қалпына келуі тек генераторлық құрылғылардың синхронды және синфазалы жұмысы кезінде ғана мүмкін. Цифрлы тарату жүйелері бірқалыпты жұмысы үшін цифрлық топтық сигналдардың қалыптасу қағидаларын ескере отырып, синхрондаудың келесі түрлері қамтамасыз етілуі керек: тактілі, циклді және жоғары циклдық. Синхрондау түрлерінің ең болмағанда бір түрі бұзылатын болса , бұл цифрлы тарату жүйелері барлық арналарында байланыстың жоғалуына әкеп соғады. Тактілік синхрондау таратқыш және қабылдағыш станцияларда сигналдардың өңдеу жылдамдықтарының теңдігін қамтамасыз етеді. Бұл теңдікті сақтау үшін ақырғы қабылдағыш станцияның генераторлық құрылғы қабылданған импульсті кодтық модуляция сигналдан бөлінген fT жиілігін басқарады. fT – линиядағы топтық цифрлық сигналдар импульстерінің ілесу жиілігі, яғни fT =m*N*fд, m=8. Мысалы, ИКМ–30: мұндағы тактілік жиілік fT=8*32*8*103=2048кГц, разрядты импульстердің ілесу жиілігі fp= fT/m=2048/8=256кГц, арналық  импульстер жиілігі ( дискреттеу жиілігі) fT=2048/(8*32)=8кГц, циклдық синхрондау жиілігі 4кГц-ке тең, жоғары циклдық синхрондау (ЖЦС) жиілігі fд/16=8*103/16=500Гц. Түзеткіш екі полярлы сызықты сигналды бір полярлыға түрлендіреді. Тар жолақты сүзгі жиілігі fT гармоникалық тербелістерді бөледі.
Тар жолақты сүзгінің іріктеуіне күшті талаптар қойылуы керек, басқаша импульсті кодтық модуляция бір полярлы сигналының энергетикалық спектрінің үзіліссіз құраушысының бөлігі сүзгі арқылы өтіп кетеді де, тактілік жиіліктің , яғни импульстер арасындағы уақыттық интервалдардың діріліне әкеп соғады.Бұндай гармоникалық тербелістермен қалыптастырғыш құрылғы басқарылады және импульс синусоидалы тербелістің «-» тан «+»-ке 0 арқылы өту кезінде қалыптасады. қалыптастырғыш құрылғы шығысынан тактілік жиілік қабылдағыштың генераторлық құрылғысына оның жұмысын такт бойынша басқара отырып беріледі.Әрбір тактілік импульсте 1-ге немесе 0-ге тең бір екілік импульс (символ) берілуі мүмкін.
3.5 Циклдық  синхрондау
Цикл бойынша синхрондау арналардың дұрыс бөлінуін , яғни бір арналардың декодталған амплитудалы импульсті модуляцияланған сигналдарының осы арналардың қабылдағыш құрылғыларына түсуін қамтамасыз етеді. Аппаратураны жұмысқа қосу кезінде циклдық синхрондау – синхрондауға кіру уақыты деп аталатын белгілі бір уақыт аралығынан кейін орнатылады. Синхрондау бұзылған кезде жүйе синхрондауды іздеу уақытымен сипатталатын іздеу режиміне өтеді. Циклдық синхрондау болмаған кезде импульсті кодтық модуляция жүйесінің жұмыс істеуі мүмкін емес, синхрондауға кіру уақыты және іздеу уақыты мүмкіндігінше аз болуы қажет. Қазіргі кездегі импульсті кодтық модуляция жүйелерінде бұл уақыт бірнеше милисекундтан аспайды, егер бұл уақыт жоғарыласа, онда автоматты телефон станциясының бүкіл құралдары ажырайды (абоненттер арасындағы байланыс үзіледі). Синхросигнал ретінде бір екілік символды немесе белгілі бір құрылымның символдар тобын пайдалануға болады.
Қазіргі таңда синхрондау жоғалған кезде оның тез табылуын қамтамасыз ететін көп символды синхротоп пайдаланылып жүр. 
Циклдық синхрондау қабылдағышы қабылданған сигналдан циклдық синхрондауды бөліп алуға және синхрондауға кіруге арналған. Синхрондауға қосылу параметрі цифрлы тарату жүйелері параметрлерінің негізгілерінің бірі болып есептеледі және ол бірнеше милисекундтан аспауы керек, қарама – қарсы жағдайда автоматты телефон станциясының құрылғылары істен шығуы мүмкін.

Это металлы с 500°С<Тпл<1600°С.. Наибольший интерес для электро- и радиотехники представляют металлы группы железа — FeСо и Ni и сплавы на их основе. Это ферромагнетики с повышенным значением ТКρ.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет