Телекоммуникациялық Қызмет нарығындағы бағаның Қалыптасуы қазақстандағы телекомуникация нарығында «Қазақтелеком»



жүктеу 121.61 Kb.
Дата25.02.2016
өлшемі121.61 Kb.
ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТ НАРЫҒЫНДАҒЫ БАҒАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ

Қазақстандағы телекомуникация нарығында «Қазақтелеком» АҚ басымдыққа ие болуда. Оған тіркелген байланыс арналарының 90% енеді және олар 4 жылжымалы байланыс операторларының үшеуін жеке үлесі ретінде иеленеді. Бұл ерекшеліктер компанияны мемлекеттік реттеуші органдар сынағын, олардың ықпалын шектейтін, әсерін сезбейтін кәсіпорынға айналдырады. Бұл ықпалдардың салдары нарықтағы бәсекенің деңгейін тӛмендетіп, байланыс тарифін жоғарылатуға, қазақстандық қоғам ӛміріне ақпараттық технологияның еркін енуін шектеуге әкеліп соқтырды. Қазақстандағы телекоммуникация нарығының бәсекелестікке түсу жолы формальді түрде ашық, еркін болғанымен, «Казақтелеком» АҚ қызметіне бақылау жүргізілмеу себептерінен жаңа компаниялардың нарыққа ену мүмкіндігі шектеулі, жолы жабық болып қала берді. Бүгінгі күні ҚР-ғы телекомуникациялық қызмет нарығын үш мемлекеттік орган реттеп, басқарып отыр: Ақпараттандыру және байланыс Агенттігі (АИС), Табиғи монополияны реттеу Агенттігі және Бәсекелестікті қорғау жӛніндегі Агенттік. 2007 жылға дейін мемлекетік реттеушілер ӛз қызметінде белсенділік кӛрсете алмады, сондықтан жӛн-жосықсыз, жүйесіз әрекет етті. 2007 жылдан бастап АжБА (АИС) мен БҚА (АЗК) «Казақтелеком» АҚ-на тиесілі реттеу шараларын қолдануға талпыныс жасады, дегенмен айтарлықтай нәтиже жетістігіне жете алмады. Қазір ҚР Үкіметінде монополист жұмысына тиімді, әсерлі ықпал ететін жаңа құралдар ӛндіріліп, ойластырылып жатыр [1]. Табиғи монополиялар туралы күшіне енген заңнамаларға сәйкес осы Агенттік «Казақтелеком» АҚ- ның телекоммуникациялық қызметін толық реттеуді қолына алды. Компанияның оператор аралық қатынастарынан бастап, яғни байланыс операторларының телекомуникация желісінен ортақ қолданыстағы телекомуникация желісіне қостыру қызметінен бастап, тіркелген байланыстың баламалы операторларының трафигін, байланыс операторларының пайдалануына қажетті телефондық канализация қызметін ұсыну жұмыстарына дейінгі іс-әрекеттерін реттеуді бақылауға алып отыр. 44 Байланыс операторларының жұмысын мемлекеттік тұрғыдан реттеу кездесті. Мысалы, казақстандық заңнамаларға сәйкес компания- операторларынан әрбір қызмет түрін кӛрсетуге, мысалы, тіркелген телефондық байланыс үшін, мобильді байланыс үшін, ІР-телефония үшін, радиотолқынды байланыс үшін, ақпараттарды жіберу қызметі үшін, интернет-қызметі үшін жеке лицензия алу талап етілді. Осыған орай әрбір оператор ӛзінің қызмет қоржынының қамтамасыз ету үшін бірден бірнеше лицензия алуға мұқтаж болды. Біздің ойымызша, АжБА (АИС) нарығындағы реттеуші Үкіметтің қолдауымен осы мәселені тиімді шешу үшін қажетті реформаларды белсенді жүргізу керек сияқты. Ең жедел жүргізілетін реформалар – бұл бӛлшектеп тӛлеу тарифін түзу жүйесіне ӛзгерістер енгізу, сондай-ақ баламалы операторлар үшін кепілдеме енгізу керек. «Казақтелеком» – бұл акционерлік қоғам, яғни толық коммерциялы, ӛзін ӛзі қаржыландыратын ұйым, мекеме. Дегенмен, мемлекет оның 51% пакетін иелене отырып, ӛзінің табыстық үлесін басқара алады. Оған қоса, «Казақтелеком» АҚ - бұл мемлекетік-жекелік серіктестік жасаудың ӛзара тиімді оңтайлы түрін ұсынатын компания. Осыған орай, «Казақтелеком» АҚ- ның телекоммуникация саласындағы барлық қызметтің жүйесін қалыптастырушы компания екенін де ұмытпауымыз керек. Тұтынушының қанағат етуі ең алдымен ӛзіне тиімді пайдалы болуымен бағаланады, яғни оған ұсынылып отырған тұтынушылық құн мен оның осы қызметке тӛлеген сомасы арасындағы айырмашылық тұрғысынан сипатталатыны белгілі жағдай. Осыған сәйкес тұтынушының қанағат ету құнын кӛтерудің екі тәсілі бар: не оның шығындарын тӛмендету керек, немесе сатып отырған қызметтің тұтыну құнын кӛтеру керек. Әдетте екінші жолы сәтті жүзеге асырылады деп есептеледі. Мысалы, он жыл бұрын алыс шетелдерге телефон соғу құны минутына $3,5-дан $7,5-дейін есептелсе, бүгін –шамамен $0,6 белгіленіп отыр. Ал VoIP желісі бойынша (Voice over IP – Интернет желісі ішінде немесе кез келген ІР- желісі бойынша сӛйлесу дабылын қамтамасыз ететін IP-телефония – байланыс жүйесі) - $0,2 құрап отыр. Мәскеуге қоңырау шалу минутына $0,8 құраса, ,қазір – $0,3 тұрады. Ал VoIP желісі бойынша – $0,15 аспайды. Ұялы байланыс желісіндегі қоңырау минутына $0,3 тұрады, қазір оның бағасы $0,1-0,2 дейін тӛмендеді. Интернетке қосылудың ең минимальді жылдамдығы үшін, яғни 128 Кбит/с айына $3-4мың тӛленеді, қазір жеке тұлғалар оны за $15-25-ға, ал заңды тұлғалар $55-65-ға қостыра алады. Сандық арналардың құны да бірнеше есеге арзандады [2]. Дегенмен, осыдан он жыл бұрын телекоммуникация нарығының кӛлемі әйтеуір дегенде $300 млн.-ға жетіп жығылатын, ал 2008 жылы бұл нарықтың кӛлемі 3,2 млрд. теңгеге бағаланды. Яғни біз нарық бағасының үнемі арзандап отыруына байланысты нарықтың 10 рет ӛсу қарқынына ие болып, оның тұрақтандыратынына кӛз жеткіземіз. Егер осы жалпы кӛлем ішінен телекоммуникация нарығының тең жартысын иеленіп отырған 45 мобильді телефонияның сомасын есептейтін болсақ және оны осы аралықта екі есеге кӛбейген тұтынушылар санына бӛлсек, нәтижесін қарай отырып, қазақстандықтар телекоммуникация қызметінің ең үлкен кӛлемін пайдалану мәдениетінде тиімді жолдарын оңтайлы таба алатын дәрежеге жеткен деп сеніммен айта аламыз. Қазақстандық нарықтағы телекоммуникациялық қызметті жүзеге асыратын кем дегенде ірі жеті алғашқы провайдерлер бар: Казақтелеком, «Транстелеком», Казтранском, «Нұрсат», Ducat, Golden Telecom, Astel. Олардың барлығы жеке желілерге иелік етеді. Сондай-ақ ӛздерінің тұтынушыларына ұсынылатын Интернеттің сыртқы каналдарына иелік етеді. Егер бірнеше уақыт бойы Казақтелеком талшықты-оптикалық желі бойынша ұйымдастырылған Интернеттің сыртқы каналдарының технологиялық мүмкіндіктеріне ие болса, екі жыл бойы екі оператор – «Транстелеком» и Қазтранском ТОЖ бойынша Ресеймен тікелей серіктес болып отырды. Сӛйтіп Казақтелекоммен бәсекелес болды. Тіпті Интернет нарығында екінші қатардағы ISP-провайдеров Internet Service Provider, ISP ұйымдары Интернетке ену қызметін және басқа да Интернетке қатысты қызметтерді ұсынып отырды. Сондықтан республикамыздағы Казақтелекомға тәуелді болатын барлық провайдерлер, біздің ойымызша, дұрыс әділ қызмет атқармайды. Әрине ұлттық компания нақтыланған ойын ережелерін ұсынып отыр – бірақ ол кең кӛлемді тұтынушылық желісі бар оператор ретінде және тұтынушылар сұранысының кӛптеген стандарын айқындайтын оператор ретінде кӛрініс тауып отыр. Ал алғашқы провайдерлердің барлығы ӛзінің жеке сыртқы арнасын Казақтелеком құзіретіндегі Интернеттен қолданатыны жӛніндегі дерек ұлтық компанияның құн (баға) саясатын пайдаланатынын кӛрсетеді. Осыдан барып мынадай мәселе туындайды: егер Казахтелеком тарифі барынша кӛтерілген болса, онда осыншама ірі провайдерлер осы қызметті неге қолданбайды және ӛзінің тарифтерін арзандата отырып, ӛзінің тұтынушыларын неге иеленіп алмайды? Казақтелеком тарифі мен дамыған елдер ұсынған тарифті салыстырып қарасақ мынадай мәлімет алуға болады: біріншіден, бұндай салыстыруды нарықтың ӛлшемі мен концентарциясы сияқты факторларын есепке алмайынша жүзеге асыру мүмкін емес, тұрғындардың табыс деңгейін, қызметтің ену деңгейін анықтамайынша салыстыруды жүргізу мүмкін емес. Бүгінгі күні 256 Кбит/с жылдамдығы бар кең таралымды Интернетке қоса 512 Кбит/с жылдамдығы бар тегін Қазнет Казақтелеком мекемесінде шамамен $25-ға сатылады. Бұл жерде трафик есептелмейді. Ал минимальді пакетпен есептегенде ол $12-ға есептеледі. 8 Мбит/с бар Megaline-Turbo $40-ға сатып алуға болады. Әрине, егер Мәскеумен салыстырсақ, $20-ға 4 немесе 8 Мбит/с жылдамдықты «Корбины», «Стрима» немесе QWERTY сатып алуға 46 болады. Дегенмен, жақын арада Мәскеу маңындағы жағдаяттар күрт ӛзгергені баршаға белгілі болды. Ал Ресейдің қалған аймақтарында Интернеттің бұқаралық қызметінің таралу жылдамдығы 256 Кбит/с шектелген. Ал Новосибирск немесе Омск сияқты ірі мегаполистерде оның бағасы $15 құраса, қалған қалаларда $20-30-ға кӛтерілген. Киевтегі «Укртелеком» компаниясында 256 Кбит/с жылдамдығы бар лимитсіз Интернет $65-ға, ал Megaline-Turbo $100-ға сатылып отыр. Қырғызстандағы «Сайма-Телеком» компаниясы ұсынып отырған MegalineHit қызметінің бағасы үш есе қымбат, ал «Қырғызтелеком» ұсынатын Megaline-Turbo баламасын $45-ға сатып алуға болады. Бірақ оның трафигі үш есе арзан. «Ӛзбектелеком» ұсынатын Megaline-Hit 5 есе қымбат бағасымен есептеледі. Сондықтан салыстырар кезде немен, қалай салыстыру қажет екенін түсіну керек. Осыған орай, қазақстандық кең таралымды Интернеттің мәртебесі әлемдік жеткізілім жылдамдығы жағынан артта қалып отырғанын ескертіп ӛту қажет. Әсіресе жылдамдықтың, яғни тұтынушылық жылдамдықтың кӛтерілуі – бұл бүгінгі күні тұтынушы үшін бәскелестік күрес әдісіне тең. 2008 жылы Казақтелеком жеткізілім жылдамдығын 2 есеге арттырды. Жоғарыда аталып ӛткендей, бұл қызметті 8 Мбит/с жылдамдығы бар Megaline-Turbo интернетін сатып алу мүмкіндіктері толықтырып отыр. 2009 жылдың ақпан айынан бастап Megaline-Turbo талаптары одан да бетер тиімді, оңтайлы бола бастады. Соның негізінде Megaline-нің 20% тұтынушылары осы интернетке ауысуы болжанып отыр. Дегенмен, жеткізілім жылдамдығын одан әрі ұлғайту – бұл тек Казақтелекомның алдына ойған міндеті ғана емес, сондай-ақ қазақстандық провайдерлердің де міндеті болып саналады. Неге ресейлік провайдерлер (әсіресе Мәскеу мен Санкт-Петербург қаласындағы провайдерлер) лимитсіз жеткізілім жылдамдығын кеңейте алады? Демек, ӛзінің тұтынушылары үшін ауытқып тұратын трафикті одан да бетер арттыруды кӛздей ме? Оның басты себебі бұл трафиктің үлесі Рунет шегінен шыға алмайды, яғни ӛзара пиррингтік келісімге отырған сол провайдерлер желісінің шеңберінде қалып қоя береді. Басқаша сӛзбен айтсақ, аталмыш трафик олар үшін шартты түрде тегін деп есептеледі. Сондықтан олар үшін жылдамдықты шектеу тек техникалық жұмыс. Қазақстандық операторлар үшін бұл жағдаят мүлде қарама-қарсы – трафиктің 90% олар үшін сыртқы болып саналады, яғни ақылы. Сондықтан тұтынушы үшін кез келген жеткізілім жылдамдығының кӛтерілуі тұтынушы үшін аталмыш сыртқы трафикті сатып алуға қойылған бағаның ӛсуін білдіреді және техникалық сипатта шектеу болады. Сондықтан Қазақстан үшін жалғыз ғана тәсіл – ол интернет-қызметіне ену жылдамдығын арттыру, сонымен қатар тұтынушы үшін оның бағасын тӛмендету Қазнеттің жеке контентін дамыту болып табылады. Ал оның танымалдылығын арттыру мемлекеттік міндет құзіретіне енеді. 47 Қазнетті дамыту мәселесі Қазақтелекомда бекітіліп, Интернет желісінде қазақстандық сегментті дамыту Тұжырымдамасы жүзеге асырыла бастады. Сондай-ақ Интернеттің ішкі трафигіне қойылатын жеңілдігі бар тарифтер енгізілді. Мысалы, 2008 жылдың наурыз айынан бастап барлық «мегалайндықтардың» жеткізілім жылдамдығы компанияның ішкі ресурстарында екі есеге ұлғайды – бұл отандық интернет-ресурстарды қатыстыру үшін қазақстандықтар үшін қосымша ынталандыру болды. Бұған қоса, компания тағы бір күрделі шешім қабылдады, аталмыш трафикті мүлдем тегін қылды. Мысалы, 2008 жылдың 1-шілдесінен бастап жеке тұлғалар үшін Интернеттің кең таралымдық жеткізілімі 128 Кбит/с- тан 256 Кбит/с-қа дейін артты. Ал ішкі ресурстардағы жеткізілім жылдадығы екі есеге ұлғайды, сӛйтіп , 512 Кбит/с құрады. 2008 жылдың 1- қазанынан бастап Megaline-Turbo жылдамдығы 8 Мбит/с-ке артып, сол тұтынушылардың ішкі трафигі тегін болды. 2008 жылдың 1-қазанынан бастап «Megaline-Мектеп» тарифі енгізілді. Бұл тек мектеп үшін ғана емес, Интернеттің сыртқы ресурсында 256 Кбит/с жылдамдықты unlimited- жеткізілімін ұсынатын Қазақстанның барлық оқу мекемелеріне орнатылды. 1 Мбит/с жылдамдығында қазақстандық ішкі ресурстарына ену мүлде ақысыз, тегін болды. Казақтелеком ұсынған бұл шаралар Интернет желісіне ену жылдамдығын арттыруға, қызметтің тұтынушылық құнын арттыруға және Интернеттің шектеулі құнын тӛмендетуге бағытталды. Қазіргі таңда Казақтелеком барлық «мегалайнерліктердің» жылдамдығын арттыру үшін дайындық жұмысын жүргізеді. 2008 жылы заңды тұлғалар үшін кең таралымды Интернет қызметі нарығындағы жағдаяттар күрт ӛзгерді. Біріншіден, unlimited-жеткізілім қызметіне қойылатын тариф, яғни корпоративті нарыққа тән тарифтер әрине шетелдік баламалардан әлдеқайда жоғары болды. Екіншіден, осы қызметке ену жүйесі барынша тӛмен болды, яғни 30%-ға дейін тӛмендеді. Ірі бизнес сегментіндегі Интернет қызметіне ену жүйесі 100%-ға жетті, ал орта бизнес сегментіндегі қызмет кӛлемі – 70%, кіші бизнес сегментіндегі қызмет жеткізілімі 30% құрады. Кең таралымды Интернетте бай, ірі тұтынушыларға арналған қымбат қызмет кӛрсету мәртебесі орын алды. Үшіншіден, нарық құрылымына тек жақсылық ойлаудан басқа ешнәрсе қалмады. Себебі, барлық провайдерлердің 60% табысын бар болғаны заңды тұлғалардың 4% әкеліп отырды. Олар жоғары тарифті ARPU-ді қолданды. Нақ осы желідегі бәсекелестік ӛткір, барынша күшті болып тұратын. Нарықтың 25 пайызын орта бизнес саудасы иеленді, ал кіші бизнес кәсіпкерлері республика бойынша заңды тұлғалардың жалпы санының 75% құрады. Оларға unlimited-интернет тарифіне ену мүмкін емес болды. Сондықтан кіші бизнес ӛкілдері тек нарықтың 15 пайызын ғана құрады. 48 Осылайша кӛп жылдар бойы қазақстандық провайдерлер қалыптасқан нарық жағдаятының құрбаны болып қала берді: бір жағынан, нарықтың жаңа сегментіне ену тарифтің бағасы архандамайынша ену мүмкін емес болды. Екінші жағынан, кез келген тарифтің тӛмендеуі тұтынушы таратынан түсетін кірістің тӛмендеуіне әкеліп тіреді. Тарифті тӛмендетуге деген талпыныс және тұтынушы қорын бір рет арттыру жолымен кірістің шығынын компенсациялау – бұл әрбір оператор үшін оңай шешім емес. Әдетте нарықтағы тарифтің тӛмендеуінің қозғалмалы күші әлі тұтынушы қорын жинап үлгірмеген немесе шығынға ұшыраймын деп қорықпайтын, ешнәрсесін жоғалтпайтын баламалы операторлар болып табылады. Мысалы, 2008 жылы Казахтелеком заңды тұлғалар үшін тарифті екі сатымен тӛмендету туралы шешім қабылдады. 2008 жылдың 1 сәуірінен бастап unlimited тарифтік жоспары 2 еседен 4 есеге дейін тӛмендеді. 2009 жылдың 1-қаңтарынан бастап екінші кезең қалыптасты, онда да тариф құны 2 еседен 4 есеге дейін тӛмендеді. Мысалы, егер 256 Кбит/с unlimited-интернет бір жыл бұрын айына 112 мың. тенгеге бағаланды және оны тек құрметті тұтынушылар ғана қол жеткізен алатын болса, енді бүгінгі күні бұл қызметті 15,5 мың теңгеге сатып алуға болады. Megaline Small Business деген қызмет атауының ӛзі оның біртұтас топқа қатысты екенін байқатады. Осылайша бір жылдың ішінде осы тарифтік жоспар бойынша бағаның тӛмендеуі 7 есені құрады. 2009 жылдың 1-наурызынан астап жоғарыда ұсынылған жоспар бойынша нарыққа жаңа тарифтік жоспар енгізілді. Ол Megaline New Business деп аталады және ол 9,5 мың. тенге құнымен 128 Кбит/с жылдамдығындағы unlimited-интернет қызметін ұсынды (2008 ж. оның құны 62 мың. теңгені құрады). Қазақстанда мобильді спутникалық байланысты қолдануға болатынын біз әдетте тек шұғыл хабарласу мұқтаждығы болғанда ғана еске аламыз. Ал үйде бұл байланыс туралы ойламаймыз да. Бұл түсінікті жағдай, себебі спутниктік байланыс барлық қатынастарға арналған жол, оның тарифі біз үйренген бағаға сәйкес келмейді [3]. Бірақ бұл бізде спутниктік байланысты ешкім қолданбайды деген сӛз емес. Қазақстандағы спутниктік ұялы байланыстың негізгі абоненттері – бұл әлбетте мұнай-газ ӛндіру салаларының ӛкілдері, ТЖ құтқарушылары және ӛзінің қызметіне сай GSM немесе CDMA станцияларынан шалғай, алыс жерлерде ұзақ уақыт бойы жұмыс жасауға мәжбүр болатын әскери адамдар болып саналады. Кейде осы тұтынушылар қатарына киноматографистер де енеді. Қазақстандағы едәуір кең таралған спутниктік байланыстың бірі Thuraya компаниясы болып отыр. Компанияның ӛзі Араб Әмірлігінде тіркелген және ол ӛз қызметін авторитетті дилерлер арқылы ұсынады (Казақстанда – «Орбита плюс» ЖШС). Оның таралу шегі – 120 ел (бүкіл Орталық азия, Еуропа, Таяу Шығыс, Үнді жарты аралы). Бүгінгі күні «Турайиға» бүкіл дүние жүзі бойынша шамамен 250 мың абонент 49 тіркелген. Соның ішінде 5000 тұтынушы Қазақстанның тұтынушысы болып саналады. «Турайи» бағасы, егер күнделікті қолданыс тұрығысынан қарасақ әрине жоғары деп бағалаймыз. Тек телефонның ӛзіне 140 мың теңге жұмсауға тура келеді. Оған қоса стандартты пакет (SIM-карта + есепке салынатын 1900 тенге) – 22 400 теңге тұрады. Желі ішінде сӛйлесу минуты 95 теңге тұрады, ал қазақстандық нӛмір – 167,2 теңге тұрады, халықаралық қоңыраудың бағасы 121,6 теңгеден 247 теңгеге дейін жетеді. Олардың құны бағытына байланысты. Демек, осы байланысты үзбей қолданатын тұтынушылар оның қызметтік құнын тӛлеуге мүмкіндігі бар деген сӛз. Ал ірі компаниялар мен мемлекеттік мекемелер үшін бұндай бағалар ауыр тиеді, оның тӛлеуге күші келмейді. Ал қарапйым тұтынушыларға келсек, егер олар желі ұстамайтын жерлерде тұратын болса, турай телефонын жалға алып қолдануына болады. әрине ол үшін сақтандыру жарнасын тӛлеп тұрады. Егер тұтқаны ұқыпты қолданатын болса, қайтаратын уақытында сақтандыру ақшасы толық кӛлемінде қайтарылады. Inmarsat - әлемдегі ең кӛне спутниктік байланыс. Inmarsat халықаралық компаниясының негізі 1979 жылы қаланды. Алғашқыда мемлекет аралық ұйым ретінде қызмет атқарды. Бүгінгі күні ол он бір геосинхронды телекомуникациялық спутниктен тұратын топты басқарады. Олардың ұсынатын қызметтерінің қатарына қарапайым телефон байланысымен қоса, ақпараттарды жіберу, құтқару дабылдарын жіберу қызметтері енеді. Қазақстандағы Inmarsat байланысын iSat желісі ұсынады. Оның провайдері Tarlan Telecom компаниясы. iSat қолайлылығы мынада: оның абоненттеріне бүкіл дүние жүзі бойынша сыртқа шығатын байланысқа қымбат тұрмайтын бірыңғай ғаламдық тариф ұсынылады. Бұл тариф оның бағытына қатысты, қашықтығына, тағы да басқа факторларына қатысты қойылмайды. Осыған орай iSatPhone спутниктік телефоны екі тәртіппен жұмыс жасауға қабілетті – спутниктік және GSM 900. Бұл байланыс түрі телефон тұтқасын жергілікті байланыс операторларының, мысалы, K’Cell, Beeline или NEO сияқты операторлардың SIM-картасымен қолдануға мүмкіндік береді. iSat желі ішіндегі қоңырауы басқа бағыттармен салыстырғанда қымбат - 195 тенге/мин құрайды. Бұған қоса кез келген нӛмірге қоңырау шалу минуты 135 тенге тұрады. Бұл жерде елдің бағыты есептелмейді. Inmarsat iSatphone телефонының ӛзі бүгінгі күні 115 000 тенге тұрады. Инмарсатқа мынадай телефон кодтары енеді: 1 .+870 – SNAC (желіге енетін ортақ код) 2 +871 – Атлант мұхиты, шығыс (AOR-E) 3. +872 – Тынық мұхиты аймағы (POR) 4. +873 – Үні мұхиты (IOR) 5. +874 – Атлант мұхиты, батыс (AOR-W). 50 +870 коды – жалпы, ортақ, ол қандай спутник арқылы қоңырау шалынғаны белгілі болған жағдайда қолданылады. Дегенмен SNAC Inmarsat-A.терминалындағы қоңырауды ұстап тұра алмайды. Қалған тӛрт код нақты спутниктерді қамтамасыз ететін аймақтарға қолданылады. Ереже бойынша әрбір код бір спутниктік байланысқа қызмет етеді, сондықтан оны «мұхиттық аймақ» деп атайды. 1410 км биіктіктегі 48 белсенді спутник – бұл Globalstar желісінің негізі. Оның 4-еуі қатарынан Қазақстан аймағын қамтамасыз етеді. Аталмыш байланыстың ӛзіне тән ерекшеліктерінің бірі CDMA технологиясын пайдаланады, ол терминал сәулесінің қуатты күшін бәсеңдетуге мүмкіндік жасайды. Осылайша адам денсаулығына барынша аз әсер етеді. Бүгінгі күні Globalstar жүйесінің қызметі бүкіл дүние жүзіне таралған. Тек Африканың оңтүстігі мен Үндістанға, Арктика мен Антарктидаға жеткізілмеген. Қазақстан аймағындағы Globalstar желісінің эксклюзивті арнайы операторы Paladin Telecom компаниясы болды. Мобильді терминал бағасы 165 мыңнан 230 мың теңгеге дейін ауытқып отырды. Желі ішіндегі сӛйлесу минутының бағасы - 145 теңге/мин, ТМД/Балтық жағалауындағы елдер үшін – 155 теңге/мин, Арменияда - 165 теңге/мин, ал қалған бағыттарда минутына 155 теңгеден 405 теңгеге дейін тӛленеді. Осыған орай Globalstar Қазақстан аймағындағы кіріс қоңыраулары үшін ақылы болып саналатын жалғыз ғана желі деп есептеледі. Яғни кіріс қоыңрауы үшін тӛленетін баға – 155 теңге/мин. Расында да компания ӛкілдері бұл қызметтің тегін, ақысыз болатынын жасырмайды. Демек, Қазақстандағы спутниктік байланыс нарығы ӛз дәрежесінде ӛркендеп жатыр деп айтуға әлі ерте. Жоғары дәрежелі ұялы байланыс технологиясының қарқынды енуі, құрал-жабдықтардың жоғарғы құны спутниктік байланыстың еркін енуіне мүмкіндік бермей отыр. Дегенмен, осы байланыстың даму динамикасына оң баға беруіміз керек. Себебі, «спутниктіктер» ӛзінің тұтынушыларын жоғартқан емес. Мұнай, газ, тағы да басқа пайдалы қызбаларды ӛндірушілердің болашақтағы дамуына байланысты байланыс қызметі қиындық келтіретін аудандар үшін спутниктік желі аса қажетті байланыс құралына айналады. Бұл жерде телефонды белгілі уақытқа жалға алу мүмкіндігі едәуір үлкен рӛл атқаруы мүмкін. Егер «Турайдың» жасаған ізін жалғастыратын, оның қызметін кӛрсете алатын спутниктік байланыстың басқа провайдерлері кӛбейсе, онда коммуникацияның бұл түрі қажетті, тартымды, тиімді болып, тұрғындары кӛп орналасқан аудандарға қарапайым халыққа тез тарап, қолданылу аясы да кеңейер еді.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

1. А. Урманов На рынке мобильной связи появились первые признаки ужесточения конкурентной борьбы «Капитал.kz» № 24 (211), 25.06.2008 г. 51

2. Показатели рынка телекоммуникационных услуг РК за 2008г. Оперативные данные АИС РК, январь 2009 г.



3. Спутниковая связь: максимум при минимуме «NT News Telecom» №3 (сентябрь 2008) международным агентством Business Systems Alliance.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет