Тәлімгерлік жоспары 2021-2022 оқу жылы Жас маман туралы мәлімет


Тәлімгер Г.У.Танашеваның жас маманмен атқарған жұмыс есебі



бет2/2
Дата08.11.2022
өлшемі28.82 Kb.
#464253
1   2
Жас маман Г.У.Танашева

Тәлімгер Г.У.Танашеваның жас маманмен атқарған жұмыс есебі.


2021-2022 оқу жылында жас маман Хамзина Венера Зиннуровна тәлімгер болып бекітілдім. Ең алдымен жас мамандарды педагог жұмыстары және ережелерімен таныстырып өттім.


Жас маман Хамзина Венера Зиннуровна өз жұмысына тиянақты қарайтын, жаңашылдыққа бейім, тіл табысуда қиындық тудырмайтын жетістікке ұмтылатын деңгейлік курстан өтпеген, оқытушылық қызметте жауапкершілік танытып отырған оқытушы. Оқу жылының басында арнайы пәндер және өз сабақтары бойынша оқу бағдарламарымен танысып, түсіндіріп өттім. Сағат жүктемелерін ескере отырып, сабақ кестесі мен күнтізбелік-тақырыптық жоспарды құрдық. күнтізбелік тақырыптық жоспар, күнделікті сабақ жоспарын құруда тәлімгері менен біраз қолдау, көмек көрсетілді, күнтізбелік тақырыптық жоспарды бірігіп жасадық. Венера Зиннуровна жоспарды уақытында жасап тапсырып отырды.

Жас маманға өзара сабаққа кіруге жоспар құрылды. Сабақтарға кірген соң жас маманмен кәсіби байланыс жасалды. Өз сабағы мен тәлімгердің сабағын салыстыра отырып өз тәжірибесіне нені жетілдіру керектігін өзі анықтап отырды. Жас маманның алғашқы сабағына сыни көзбен қарау мақсатында емес, үйрету, бағыттау мақсатында қатыстым. Тексеру жұмыстары кемшілік іздеу бағытында емес, түзету бағытында жүргізілсе және мектепке келген жас маманға үнемі қолдау көрсетіп отырса, нағыз шебер ұстаз болып қалыптасуына бағыт беру бағытында жүргізілді. Венера Зиннуровна менің сабақтарыма және басқа мұғалімдердің сабақтарына үнемі қатысып отырды. Сабақ үстінде әртүрлі инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануды үйреніп, сабақтан тыс кезде оқушылармен қосымша жұмыстарын өткізеді.
Жас маман Хамзина Венера Зиннуровнаға 5ә сыныптың жетекшілігі берілген. Тәрбие жұмысы бағыты бойынша да жас мамандарға көмек берілді, тәрбие жұмысы жоспарын дайындауда, тәрбие сағаттарын әзірлеуде, сыныптағы білім алушылармен қалай тіл табысып, жұмыс жасауға. жасалған жұмыс нәтижелері он бағасын берді деп ойлаймын.

Жыл бойынша жас маманмен жүргізілген жұмыспен қорытынды жасауға болады: мұғалім қазірдің оқу әдістемесін жүргізуді меңгерген; сабақтың материалымен; оқу процесінің барысы мен тәртібіне сыныпта, сипаты қарым-қатынас, оқушылардың сыныпта бақылайды.


Оқу жылында оқушысы Абдрахман Мадина жалпы білім беретін мектептердің 5-6 сынып оқушылары арасында өткен республикалық олимпиаданың аудандық кезеңіне қатысып, мақтау қағазымен марапатталды.
Ағымдағы жылы «Өрлеу» біліктілікті арттыру Ұлттық орталығы ұйымдастырған семинарға қатысып «PISA халықаралыық зертеуі аясында оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» куәлігін алды.
Қорытынды:
Бейімделу кезеңінде жас маманның сәтті өтті. Жас маманға мектеп әкімшілігі мен педагог-тәлімгердің теориялық білімді жүзеге асыру сұрақтарында, кәсіби шеберлігін арттыруға көмек көрсетілді. Жас мамандарға оқу – тәрбие үрдісінде қиындық келтіретін мәселелер бойынша көмек көрсетілді. Мектеп көлемінде өткізілетін әр ашық сабақтар мен тәрбиелік шараларға жас маманның қатысуын қамтамасыз еттім. Жас мамандар портфолиосын жасап, оны толықтыруды жалғастыруда. Жас маманның курстарға барып, не үйренгенің, не білгенің әдістемелік пән отырыстарында баяндауды практикаға енгізу. Маманның да педагогикалық жұмысқа бейімі бар, сыныпты ұстай алады, әр іске жауапкершілікпен қарайды. Келешекте жақсы ұстаз болатынына сенімдімін.

Келесі оқу жылына қойылатын міндеттер:


• жас педагог құзыреттілігін дамыту мәселелері бойынша зияткерлік және шығармашылық әлеуетін сабақтарында жұмыс істеу.
• зерттеу және тәжірибелік қолдану тиімді әдістерін бағыттау, оқушылармен жұмыс істеу деңгейі әртүрлі ынталандыру қамтамасыз ету; оқушылардың бүкіл сабақ бойы рефлексия мен өзін-өзі бақылау.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет