Тәлімі мол кездесу



Дата29.06.2016
өлшемі20.8 Kb.
#166157
Тәлімі мол кездесу.
Сәуір айының он екінші жұлдызында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика -математика факультетінде, факультеттің ақпараттық жүйелер мамандығының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген әртісі, аңызға айналған «Қыз Жібек» фильміндегі Бекежан яки Асанәлі Әшімұлымен кездесу өтті.

Кездесудің шымылдығын қос жүргізуші ашып, студенттер әйгілі әртіс Асанәлі ағамыздың өміріне толығымен тоқталып өтті. Оның ішінде Селеубаев Еріктің осы кездесу үшін Тараз қаласындағы Асанәлі ағамыздың мұражайына арнайы барып қайтқандығын айтпай кету бізге сын. Ендігі кезек залда отырған қонақтарға берілді. Залда отырған қонақтың басым көбі студенттер еді. Көрермен көкірегенде жүрген сауалдарын, Әшімұлы Асанәліге қойып, мардымдыда, қанағаттанарлық жауаптар алып, шексіз алғыстарын білдірді. Қойылған сұрақтар мен алынған жауаптардың ішіндегі кейбіріне тоқтала кетсек.

-Асанәлі аға алғашқы махаббатыңыз есіңіздеме? Қай жасыңызда алғаш ғашық болдыңыз?-деген сұраққа. Жалған сөйлеуді жаны жек көретін, Асанәлі ағамыз:

-үшінші сынып оқып жүрген кезде, бірінші сынып оқитын қаладан келген аппақ әдемі қызға ғашық болғанмын-,деп ойын ақтарып кеп жіберді.

-Әртістік жолды таңдаудағы мақсатыңыз?-деген сұраққа.

-әртістік өмірді жек көріп келіп, жанымнан артық жақсы көріп бара жатырмын. Мен бақыттымын!-деп жауап қатты,ағамыз.

Келесі кезек, викториналық сұрақтарға берілді. Жүргізушілер сұрақты оқысымен жауап берем деушілердің көптігінен жауапты кімнен естірімізді білмей даурығып қалып жатты.

Микрафон Асанәлі ағамаздың қолына жетті. «Бұл кездесу кездейсоқ кездесу. Менің өмірімде кездейсоқ жағдайлар маңызды болып есімде қалады. Сондықтан мен бақыттымын осы кездесуге қатысқаным үшін. Жастар, бұл жастарың нағыз білім алып білмейтіндеріңді ізденіп біліп, миларыңа тоқитын кезеңдерің. Сондықтан, дәл уақытында қажетті білім алып, болашақты жақсы маман атанардың қамын ойлаңдар»деп өзіндік ойымен бөлісті. Кездесу шағын концерттік бағдарламамен жалғасын тапты. Концерттік бағдарламаны «нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра» демекші, күмбірлеген күй ашты, одан кейін «қара жорға» биіне кезек берілді, концерттік бағдарлама күмбірлеген күй, буындары былқылдаған би мен бұлбұлдай сайраған әншілердің әнімен жалғасын тапты.

Қорытынды сөз механика-математика факультетінің тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Сәуле Әнерқызына берілді. Сәуле Әнерқызы алтын уақытын бөліп осы кездесуге келген, Асанәлі Әшімовке, осы кешті ұйымдастырған ұстаздар мен студенттер қауымына өз алғысын жеткізді. Кеш соңында кездесуге қатысушылар Асанәлі Әшімұлымен естелікке суретке түсті.

P.S.Бұл кездесудегі пікір алмасу әрбір студентті алға жетелегені анық. Асанәлі ағамаздың әрбір айтқан сөзі жүрегімізге жетіп, әрбірімізге ой салды. Дәл осындай тәлімді де, тәрбиелі кездесуді ұйымдастырған ұйымдастырушыларға, факультет деканатына шексіз алғысымызды білдіре отырып, осындай есте қаларлық ғажап кештердің көбірек болуын сұраймыз.
әл фараби атындағы ҚазҰУнің

механика математика факультетінің



1 курс студенті Маржан Бөрібай.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет