Тема жинақталған күштер жүйесі. ҚОс күштер жинақталған күштер жүйесінің тепе-теңдік шарты



бет3/3
Дата03.10.2022
өлшемі228.9 Kb.
#461829
1   2   3
2 лек тм

4.Қос күштер


Қос күш деп – шамалары тең бағыттары қарсы бір түзу бойында жатпайтын екі күшті атайды.
Бұл екі күштің тең әсер етуші күші нөлге тең, бірақ бұл күштер теңгерілмейді, сондықтан қос күшті статиканың өз алдына ерекше бір элементі ретінде қарастырамыз.
Қос күшті құрастырып тұрған күштер орналасқан жазықтықты қос күштің әсер ету жазықтығы деп атайды. Қос күш қатты денені әсер ету жазықтығында айналдыруы мүмкін.
Қос күштің айналдырушы қабылеті, оның моментінің шамасына байланысты.
Қос күштің моментінің шамасы деп иінге бірінші, немесе екінші, күштің шамасының көбейтіндісін айтады, сондықтан:



Қос күш моментінің мынадай қасиеттері бар: қос күштің моменті құраушы күштердің кез-келген нүктеге қатысты алынған моменттерінің векторлық қосындысына тең. Осы мәліметтерге қарағанда, қос күштің моменті әсер жазықтығына перпендикуляр, еркін, ұшынан қарағанда дененің айналуы сағат тілінің бағытына қарсы көрінетін, шамасы бірінші немесе екінші күштің шамасының иінге көбейтіндісіне тең вектор.


5.Қос күштер туралы теоремалар


1-теорема. Қатты денеге әсерін өзгертпей, қос күшті кез-келген әсер ету жазықтығына параллель жазықтыққа орналастыруға болады. Бұл теоремадан: техникада айналдыру моментін электродвигательден машинаға өткізу үшін бірнеше дөңгелек орналастырылған біліктер қолданылады. Дөңгелектердің ортасынан біліктің осіне перпендикуляр болатын жазықтар өткізсек, теорема бойынша қажет болған қос күш моментін қайсы дөңгелектен қабылдасақта әсері өзгермейді.


2-теорема. Екі қос күш эквивалентті болғанда, олардың моменттерінің шамалары да бағыттары да бірдей болады.
Бұл екі теоремадан қос күштердің мынадай қасиеттері анықталады:
1. Қос күшті денеге әсерін өзгертпей
а) - әсер ету жазықтығында, дененің көлемінде, қалай болса солай жылжытуға болады;
б) - әсер ету жазықтығына параллель, дененің көлемінде, кез-келген жазықтықта тасымалдап орналастыруға болады.
2. Қос күштің моментін өзгертпей күштері мен иінін түрлендіруге болады. Күштердің шамасын азайтып оның есесіне иіннің ұзындығын пропорционал арттыруға болады, өйткені былай түрлендірілген қос күштің моменті сол күйінде қалады. Олай болса моменттері бірдей қос күштерді бір-біріне түрлендіруге болады.


3-теорема. Қатты денеге әсер етіп тұрған қос күштер системасын жалғыз тең әсер етуші қос күшке келтіруге болады, оның моменті құрастырушы қос күштердің моменттерінің векторлық қосындысына тең.


6.Қос күштердің тепе-теңдік шарты

Қатты денеге әрекет ететін бірнеше қос күштер бар болса, кеңістікте кез-келген түрде реттелетін болса, параллелограмм ережелерін әр екі сәтте жұп күштеріне қолдансаңыз, онда кез-келген күш күштерінің кез-келген санын ауыстыра аласыз, сол сәтте көрсетілген жұп күштерінің моменттерінің жиынтығына тең.


немесе






Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет