Темекінің зияны Темекіні тұтатқаннан кейін, оның құрамындағы у-лы заттар, шылым шегу арқылы өкпеге енгеннен кейін денсаулыққа айтарлықтай қауіп төндіреді. Ол улы заттар, ауыз және өкпе арқылы қанның құрамына өтеді



Дата29.06.2016
өлшемі43.5 Kb.
#165691
Темекінің зияны

Темекіні тұтатқаннан кейін, оның құрамындағы у-лы заттар, шылым шегу арқылы өкпеге енгеннен кейін денсаулыққа айтарлықтай  қауіп төндіреді. Ол улы заттар, ауыз және өкпе арқылы қанның құрамына өтеді. Бұл заттарды үш топқа бөледі: никотин, смола заттары және ысты газ. Сонымен қатар темекі түтінінде синилдік қышқыл, канцерогенді және радиоактивті изотоптар бар.

Бұл  заттардың ішіндегі бәріне  белгілісі – никотин. Ол өкпеден қанайналым мүшелеріне өтеді де басқа әртүрлі органдарға жағымсыз әсерін тигізеді. Никотин – у, оны үлкен мөлшерде қолданғанда: тамыр соғуын жиілетеді, басты айналдырады, вестибулярлық аппараттың жұмысын бұзады, салқын тер шығып, құсықты тудырады және адам бозарып кетеді.
Никотин темекі өсімдігінен шыбын-шіркейлерден қорғалу үшін синтезделеді, сондықтан оны табиғи инсектицид деп те атауға болады. Егерде құстың (торғайлар немесе көгершіндердің) тек тұмсығына ғана  никотинмен суланған шыбықты апарсаңыз-ақ болғаны олар  өліп қалады. Үй қояны ¼ никотин тамшысынан, ал ит ½ никотин тамшысынан өліп кетеді. Адамды өлтіруге никотин мөлшері 50-100 мг болса- ақ жетіп жатыр, немесе 2-3 тамшысы да жеткілікті. Бұндай мөлшердегі никотин 20-25 сигаретті тартқаннан кейін-ақ адамның қанының құрамында жиналады. Шылым шегіп жүрген адам не себептен бірден өліп кетпейді, себебі, ол сигаретті біртіндеп, ұзақ уақыт шеккендіктен тез өлуге душар болмайды. Оның тағы бір себебі темекінің құрамындағы никотиннің бір бөлігін басқа бір улы зат формальдегид нейтралдайды.

Шылымды ылғи тартудың салдарынан, өлімге апармайтын мөлшері, никотинге деген әдетті тудырып, шылым шегуге құмарлықты тудырады. Никотин адамның дене мүшелеріндегі зат алмасу құбылысына қатысып, бөлінбес бір бөлігі болып қалыптасады. Бірақ, егер бір реттік шылым шеккенде адам никотиннің көп мөлшерін алса,  ол өлімге себеп болады. Улы заттар қан арқылы адам организімінде бар-жоғы 21-23 секундта айналып өтеді. Егер шылымшы сигаретті ұзақ сорып тұрмаса, онда никотин тіл және жақтың шырышты қабығы арқылы қанға өтеді.

Никотиннің залалсыздандырылуының көп мөлшері бауырда, сонымен қатар бүйрек пен өкпеде болады. Никотин және оның өнімдері шылымды шеккеннен кейін несеппен 10-15 сағат бойына бөлінеді.

Темекі түтінінің қауіпті қоспасы ысты газ болып есептеледі.  Ол, шылым шегушінің жүрек ишемиялық ауруының дамуының ең басты себебі. Ысты газ біртіндеп уақыт өткен сайын адам дене мүшесіндегі оттегінің жетіспеушілігін тудырады. Ысты газ оттегіне қарағанда 250 есе жеңіл гемоглабинмен байланысқа түсіп, оттегіні гемоглобиннен ығыстырып тастайды. Бұл ауруды гипоксия деп атайды.

Темекіде смола заттарының көп мөлшері болады. Ол заттар шылым шеккенде дене мүшелеріне жеңіл түрде өтіп кетеді. Егерде адам күніне бір пачкі сигарет тартатын болса оның өкпесіне 700 гр смола түседі, оның құрамында 100-ге жуық әртүрлі канцерогендік заттар бары анықталған. Ол канцерогендік заттардың (қатерлі ісік тудыратын заттар) ішіндегі ең қауіптісі бензпирен болып есептеледі.

Осы, жуық араға дейін никотин темекінің нөмір бірінші улы заты деп саналып келген болса, қазіргі күні бірінші орында темекінің радиоизотоптарыболатындығы анықталды. Темекі түтінінің радиоактивті заттары өкпе талшығында, сүйек мүжігінде, лимфа түйіршіктерінде, ішкі бездерде жинақталады да айлап мейлі жылдап, ұзақ уақыт бойына сыртқа түзіліп шықпай, өздеріне сай зиянды әсерлерін жалғастыра береді.  Темекі радиоизотоптарынан әсіресе полоний-210 және қорғасын-210 қатерлі ісіктерді тудыратын ең басты улы заттар болып табылып отыр. Бұл заттар темекі шегушілердің генетикасын зақымдайтын ең негізгі себептер. Адамды 200 рет рентгенге түсіргенде денеге өтетін радияциялық мөлшерді, адам күніне 20 сигарет тарту арқылы-ақ қабылдап жатады.

Шылым шегудің зияны туралы бірнеше қызықты оқиғалар:

Арақ ішу және нашақорлық, сонымен бірге темекі тартудың зиянды әсерлерінің негізінде оған адамның денесі тез үйреніп кетіп, одан арылу өте қиын немесе арылу мүлде мүмкін емес жағдайға душар етіп, бүгінгі таңда үлкен қасіретті мәселелерді тудырып жатыр.

31 мамыр – Дүниежүзілік темекі шегуге қарсы күрес күніне және 26 маусым – Дүниежүзілік нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес күніне орай арнайы акция өтті. Облыстық салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығы мен Талдықорған қалалық әкімдігі «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы қалалық филиалымен бірігіп, «Арбат» демалыс орнында өткізген шараға қала студенттері мен тұрғындары қатысты.



Айта кетейік, Дүниежүзілік темекі шегуге қарсы күрес күні 1988 жылдан, ал Дүниежүзілік нашақорлыққа және есірткінің заңсыз айналымына қарсы күрес 1987 жылдан бастап аталып келеді. Бүгінде бұл айтулы күндердің маңызы өте зор. Себебі бүгінгі күнде Қазақстанда нашақорлықтың таралуы және қолдану проблемасы кәмелетке толмағандар мен жасөспірімдер арасында өте қауіпті жағдай тудырып отыр. Ал темекі мәселесіне келетін болсақ, жыл сайын темекі шегуден туындайтын өкпе ісігінен, жүрек және басқа аурулардан 5,4 миллион адам көз жұмады екен. Егер қазірден бастап мәселенің алдын алмаса, 2030 жылға таман жыл сайын сегіз миллионға жуық адам көз жұмып отыруы мүмкін. Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтеріне сүйенсек, темекі өнімдерін қолдану салдарынан әлемде күн сайын 13 мыңнан астам адам көз жұмады екен. Тек Қазақстанның өзінде бұл көрсеткіш күн сайын 70 адамға жеткен. Өкініштісі, олардың басым бөлігі 35-69 жас аралығындағылар. Темекінің зияндылығы жөнінде аз айтылып жатқан жоқ. Дегенмен, акцияға келген қалалық ішкі істер басқармасы мен облыстық наркологиялық диспансерінің өкілдері шылымның зияндылығына тағы бір мәрте тоқталды.
– Кей адамдардың темекі шегудің денсаулыққа зияны жоқ деп есептеуі онымен күрес жолында кездесетін үлкен тосқауыл болып отыр. Бұл проблема тек мамандардың ғана емес, жалпы қоғамның проблемасы.

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет