Темір жол көлігі туралы 2001 ж. 8 желтоқсандағы №266-іі



бет1/8
Дата27.02.2016
өлшемі485.5 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8
Источник: ИС ПАРАГРАФ, 22.05.2012 13:52:35
Темір жол көлігі туралы

2001 ж. 8 желтоқсандағы № 266-ІІ Қазақстан Республикасының Заңы

(2012.12.01. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)

 

1-тарау. Жалпы ережелер

(1 - 13 баптар)

2-тарау. Темір жол көлігіндегі басқару

(14 - 17 баптар)

3-тарау. Темір жол көлігінің қажетіне арналған жер және қорғалатын аймақтар

(18 - 21 баптар)

4-тарау. Темір жол көлігі қызметкерлерінің еңбек қатынастарын реттеу ерекшеліктері

(22 - 24 баптар)

5-тарау. Алып тасталды

 

6-тарау. Жүру қауіпсіздігі, темір жол көлігінің жүктері мен объектілерін күзету, ерекше жағдайларда жұмысты ұйымдастыру

(30 - 35 баптар)

7-тарау. Жүк тасымалдауды ұйымдастыру

(36 - 55 баптар)

8-тарау. Кірме жолдар

(56 - 63 баптар)

9-тарау. Жолаушыларды, багажды, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерiн тасымалдау

(64 - 72 баптар)

10-тарау. Тасымалдаудан туындайтын міндеттемелер бойынша жауапкершілік

(73 - 88 баптар)

11-тарау. Актілер, кінә қою, талап қою

(89 - 93 баптар)

12-тарау. Қорытынды және өтпелі ережелер

(94 - 97 баптар)

Түпнұсқада мазмұны жоқ

 

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен өзгерістер енгізілді (бұр. ред. қара)

Осы Заң темір жол көлiгiмен жолаушылар, багаж, жүк, жүк-багаж және почта жөнелтілімдерi тасымалдарын жүзеге асыру кезіндегі тасымалдаушылар, тасымал процесiне қатысушылар, мемлекеттік органдар, жолаушылар, жөнелтушiлер, алушылар, жүк жөнелтушiлер, жүк алушылар, басқа да жеке және заңды тұлғалар арасындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi.

 

1-тарау. Жалпы ережелер



 

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен; 2006.31.01. № 125-III ҚР Заңымен; 2006.07.07. № 178-III (бұр. ред. қара); 2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр. ред.қара); 2008.05.07. № 66-IV ҚР Заңымен  (бұр.ред.қара); 2009.13.02. № 135-IV (бұр.ред.қара); 2009.17.07. № 188-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) ҚР Заңдарымен 1-бап өзгертілді; 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

Осы Заңда мынадай негiзгi ұғымдар пайдаланылады:

1) алушы - багажды, жүк-багажды немесе почта жөнелтілімдерiн алатын және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға;

2) арнайы жылжымалы құрам - магистральдық темір жол желісін және кірме жолдарды күтіп ұстау, оларға қызмет көрсету, қалпына келтіру және жөндеу жөніндегі жұмыстарды жүргізуге арналған өздігінен жүретін және өздігінен жүрмейтін темір жол көлігі құралдары;

3) арнаулы тасымалдаулар - мемлекет және қорғаныс қажеттерiне арналған арнаулы жүктердi тасымалдау;

4) әлеуметтiк мәнi бар жолаушы қатынастары - әлеуметтiк мәнiн:

облысаралық қатынастарда - Қазақстан Республикасының Үкіметі;

ауданаралық (облысішілік қаларалық) және қала маңындағы қатынастарда жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдар айқындайтын қатынастар;

5) багаж - жолаушылар немесе почта-багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы екi жүз килограмнан аспайтын мүлiк;

6) бекіту-пломбалау құрылғылары - вагонмен, контейнермен тасымалданатын жүкке қол жеткізілуіне жол бермеу үшін қолданылатын блок қою құрылғыларымен біртұтас конструкцияда орналастырылған бақылау элементтері;

7) билет кассасы - оларда Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес жол жүру құжаттарын (билеттер) сату жөнінде қызмет көрсетілетін, темір жол вокзалдарында және осы ғимараттардан тыс жерлерде орналасқан жол жүру құжаттарын (билеттерді) сату пункттері;

8) вагон - темір жолдармен тасымалдауға арналған өздiгiнен жүрмейтiн тiркемелi көлiк құралы;

9) вагондар (контейнерлер) операторы - вагондарды (контейнерлердi) меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде иеленушi және (немесе) тасымалдаушымен жасалған шарт негiзiнде вагондар (контейнерлер) операторы қызметін көрсету жолымен тасымалдау процесiне қатысатын және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға;

10) вагондар (контейнерлер) операторының қызметтері - уәкілетті орган белгілеген тәртіппен шарт негізінде вагондармен (контейнерлермен) қамтамасыз ету, бөлу және вагондар (контейнерлер) қозғалысын басқару жөніндегі қызметтер;

11) габариті ірі (габариттен тыс) жүк - темір жолдың тікелей көлбеу учаскесіндегі ашық жылжымалы құрамда орналастырған кезде габариті жүк тиеу габаритінің ернеуінен сыймай асып тұрған немесе оның геометриялық қиықтағы дөңесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген есептелген нормативтерден асып кеткен жүк;

12) жолаушы - жол жүру құжаты (билетi) бар және поезбен жол жүретiн жеке тұлға;

13) жолаушы агенттігі - тасымалдаушымен шарттың негізінде жол жүру құжаттарын (билеттерін) ресімдеуге қойылатын талаптардың орындалуын қамтамасыз ететін, өзінің сату пункттері арқылы жол жүру құжаттарын (билеттерін) сату жөнінде қызмет көрсететін тұлға;

14) жолаушылар тасымалын басқарудың автоматтандырылған жүйесі - жолаушылар тасымалын орталықтан басқару және орындарды электронды резервке сақтау жүйесі;

15) жол дамытылымы - магистральдық, станция жолдарының, оларды өзара біріктіретін бағыттамалы бұрмалардың, станция мен кірме жолдардың шегінде орналасқан техникалық құралдар мен құрылғылардың жиынтығы;

16) жөнелтушi - багажды, жүк-багажды немесе почта жөнелтілімдерiн жөнелтетiн және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тұлға;

17) жүк - жүк поезында тасымалдауға шарт бойынша қабылданған мүлiк;

18) жүк алушы - тасымалдау құжаттарында көрсетiлген және жүктi алушы тұлға;

19) жүк-багаж - жолаушылар мен почта-багаж поезында тасымалдауға қабылданған, салмағы екi жүз килограмнан артық мүлiк;

20) жүк жөнелтушi - тасымалдау құжаттарында көрсетiлген және жүктi жөнелтушi тұлға;

21) жүк жөнелтілімi - бір темір жол көлiгi жүкқұжатымен тасымалдауға ұсынылатын жүк партиясы;

22) жүк терминалы - жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға қызметтер кешенін ұсынуға және аралас тасымалдауды жүзеге асыруға арналған кірме жолдағы құрылыстар мен техникалық құралдар кешені;

23) жылжымалы құрам - жолаушыларды, багажды, жүктi, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерiн темір жолдар бойынша тасымалдауға арналған тартқыш көлiк құралдары (локомотивтер), вагондар, өздiгiнен жүретiн және өзге де көлiк құралдары;

24) контейнер - жүктердi тасымалдауға арналған көп мәрте қолданылатын әмбебап көлiк жабдығы;

25) контрагент - рельс бойындағы қоймаларға, жүк сақталатын алаңдарға, тиеу-түсiру механизмдерiне және (немесе) басқа тармақ иеленушiнiң кiрме жолдарына жалғасатын кiрме жолдарға меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде иелiк ететiн немесе кірме жолдар қызметтерін пайдаланатын тұлға;

26) концессия шарттары бойынша темір жолдар - концессия шарты бойынша салынған және пайдаланылатын әрі магистральдық темір жол желісіне енгiзiлмеген темір жолдар;

27) концессия шарттары бойынша темір жол көлiгiнiң объектiлерi - концессия шарты бойынша салынған және пайдаланылатын әрі магистральдық темір жол желісіне енгiзiлмеген объектiлер;

28) концессия шарттары бойынша темір жол көлiгi объектiлерi бар темір жол қызметтерi - концессия шарты бойынша салынған және пайдаланылатын темір жол көлiгi объектiлерi бар темір жолдарды пайдалануға беру және олар бойынша жылжымалы құрамды өткізудi ұйымдастыру жөніндегі қызметтер;

29) кiрме жолдар - жүк жөнелтушiлерге, жүк алушыларға қызмет көрсетуге арналған және тiкелей немесе басқа да кiрме жолдар арқылы магистральдық және (немесе) станциялық жолдарға жалғасатын темір жолдар;

30) кiрме жолдар қызметтерi - тармақ иеленушiнiң кiрме жолдарды пайдалануға беру жөніндегі немесе оның жүк жөнелтушілер мен жүк алушыларға көрсететiн қызметтері;

31) қабылдау-тапсыру (беру-шығару) жолдары - қабылдау-тапсыру операцияларын орындау үшін станция немесе кірме жол шегінде вагондарды темір жолдарға шығару-жинау шартында белгіленген темір жолдар;

32) қабылдау-тапсыру операциялары - жүктерді, вагондарды, контейнерлерді қабылдау (тапсыру) кезінде орындалатын, белгіленген тәртіппен құжаттық ресімделген іс-әрекеттер;

33) қауiптi жүктер - өздерiне тән қасиеттерiне байланысты адамдардың, жануарлардың өлiмiне, жарақаттануына немесе ауруға шалдығуына, жарылысқа, өртке, мүлiктердiң бұзылуына немесе жойылуына себеп болуы, сондай-ақ қоршаған ортаға зиян келтiруi мүмкiн жүктер;

34) қол жүгi - жолаушының вагонда өзiмен бірге ақысыз тасымалдайтын, салмағы мен габаритi бойынша белгiленген мөлшерден аспайтын жеке заттары;

35) локомотив инфрақұрылымының объектілері - тартқыш жылжымалы құрамды пайдалануды әрі жарақтандыруды қамтамасыз етуге және локомотив бригадаларына қызмет көрсетуге арналған объектілер;

36) локомотив инфрақұрылымының операторы - меншік құқығымен немесе өзге де заңды негіздерде локомотив инфрақұрылымының объектілеріне иелік ететін және локомотивтiк тартқыш операторларына қызмет көрсететін тұлға;

37) локомотивтiк тартқыш операторы - меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде тартқыш көлiк құралына (локомотивке) иелік ететін, оны күтiп ұстауды, пайдалануды қамтамасыз ететiн және локомотивтiк тартқыш қызметтерін ұсынуға уәкілетті орган берген рұқсаты бар тұлға;

38) локомотивтiк тартқыш қызметтерi - темір жолдар бойынша тартқыш көлiк құралымен (локомотивпен) жылжымалы құрамның орнын ауыстыру жөнiнде көрсетiлетiн қызметтер;

39) магистральдық жолдар - Қазақстан Республикасының бүкiл аумағында жалпыға ортақ пайдаланылатын темір жол көлiгiнiң жұмыс iстеуiне және басқа мемлекеттермен темір жол қатынасын қамтамасыз етуге арналған темір жол станцияларын қосатын темір жолдар;

40) магистральдық темір жол желісі - магистральдық және станциялық жолдарды, сондай-ақ электрмен жабдықтау, сигнализация, байланыс объектілерін, құрылғыларды, жабдықтарды, үйлерді, ғимараттарды, құрылыстарды және оның жұмыс iстеуi үшiн технологиялық жағынан қажеттi өзге де объектiлердi қамтитын магистральдық темір жол инфрақұрылымы;

41) магистральдық темір жол желісінiң қызметтерi - магистральдық темір жол желісін пайдалануға ұсыну және онымен жылжымалы құрамды өткізудi ұйымдастыру жөніндегі қызметтер;

42) магистральдық темір жол желісінiң операторы - магистральдық темір жол желісі қызметтерiн көрсету және тасымалдау процесiн басқару үшiн мемлекет құрған ұйым;

43) маневрлік жұмыс - вагондарды өңдеу, сұрыптау, тарқату, тиеуге, түсіруге, жөндеу жолына (жолынан), салмағын өлшеуге әкелу-әкету, поездарды құрастыру, тарқату кезінде олардың орнын ауыстыру, жылжымалы құрамды бір жолдан басқасына ауыстырып қою, локомотивтердің станция шегіндегі қозғалысы, арнайы жылжымалы құрамның, тартқыш көлік құралдарының (локомотивтер немесе моторвагондық жылжымалы құрамдардың) орнын ауыстыру;

44) пайдалану құжаттамасы - темір жол көлiгi мен жабдықтарын пайдалану тәртібін белгiлейтiн құжаттама;

45) поезд - белгіленген сигналдары, вагонсыз локомотивтері, моторлы вагондары мен арнайы өздігінен жүретін жылжымалы құрамы бар, бір немесе бірнеше жұмыс істеп тұрған тартқыш көлік құралдары (локомотивтерімен немесе моторлы вагондарымен жылжымалы құрамдары) бар вагондардан құралған әрі түйістірілген, магистральдық темір жол желісі операторы белгілеген маршрут бойынша жүретін вагондар құрамы;

46) салмағы ауыр жүк - массасы мен ұзындығы немесе вагонның жақтауына (еденіне) жүктемесі жүктерді тиеу мен бекітудің техникалық шарттарында белгіленген, әмбебап жылжымалы құрамда тасымалдау кезінде рұқсат етілетін шамадан асатын жүк;

47) станциялық жолдар - кiрме жолдарды қоспағанда, темір жол станциясының шекарасындағы темір жолдар;

48) тармақ иеленушi - меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiздерде темір жолдың кiрме жолдарын иеленушi тұлға;

49) тасымалдау - тасымалдаушының, магистральдық темір жол желісі операторының, локомотивтiк тартқыш операторының, вагондар, контейнерлер операторының және тасымалдау процесiне басқа да қатысушылардың багажды, жүктердi, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерін жөнелту пунктiнен жеткізу межеленген пунктке апару мақсатында орындайтын өзара байланысты iс-қимылдарының жиынтығы;

50) тасымалдауға болатын мерзiм - тез бүлiнетiн багаждың, жүктiң, жүк-багаждың сертификатта (сапалық куәлiкте) көрсетiлген деректер негiзге алынып, жолда болуының ықтимал шектi мерзiмi;

51) тасымалдау қағидалары - тасымалдау процесiнiң барлық қатысушыларының қызметiн және өзара қатынастарын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлер;

52) тасымалдау құжаттары - ресiмделуi арқылы тасымалдау шарты жасалатын құжаттар (жол жүру құжаты (билет), багаж бен жүк-багаж түбіртегі, темір жол көлiгi жүкқұжаты);

53) тасымалдау процесi - тасымалдауларды жүзеге асыру кезiнде орындалатын ұйымдастырушылық және технологиялық тұрғыдан өзара байланысты iс-әрекеттер мен операциялар жиынтығы;

54) тасымалдау процесiнiң қатысушысы - темір жол көлiгi саласында кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыратын тұлға;

55) тез бүлiнетiн багаж, жүк, жүк-багаж - жарамдылық мерзiмi шектеулi және тасымалдау мен сақтаудың ерекше жағдайын талап ететiн багаж, жүк, жүк-багаж;

56) темір жол вокзалы - халыққа темір жол көлігімен тасымалдау және багажды, жүк-багажды қабылдау-беру жөнінде қызмет көрсетуге арналған үйлер, ғимараттар (жолаушы платформаларын және вокзал өтпелерін қоса алғанда) және басқа да мүлік түрлерінің кешені;

57) темір жолдар - жылжымалы құрамның жүруi жүзеге асырылатын жылжымайтын мүлiк объектiлерi (магистральдық, станциялық, кiрме жолдар);

58) темір жол көлiгi - темір жолдармен тасымалдауды қамтамасыз ететiн көлiк түрi;

59) темір жол көлiгіндегі тасымалдаушы (бұдан әрi - тасымалдаушы) - жылжымалы құраммен тасымалдауды жүзеге асыратын және тасымалдау құжаттарында көрсетiлген тасымалдаушы;

60) темір жол көлiгiнiң қорғалатын аймақтары - тасымалдау қауiпсiздiгiн, темір жол көлiгi құрылыстарының, құрылғыларының және басқа объектілерінiң сақталуын, төзiмдiлiгi мен берiктiгiн қамтамасыз ету үшiн қажеттi жер учаскелерi;

61) темір жол қатынасы - жөнелту және межелі пункттер арасында темір жол көлігімен жолаушыларды, багажды, жүктерді, жүк-багажды және почта жөнелтілімдерін тасымалдау;

62) темір жол станциясы - поездар қозғалысын реттеудi, өткізу қабiлетiн қамтамасыз ететiн және оларды қабылдау, жөнелту және (немесе) тоғыстыру, басып озу жөніндегі, жолаушыларға қызмет көрсету, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерiн және (немесе) жүктердi қабылдау, беру жөніндегі операцияларды, сондай-ақ маневрлік жұмысты жүргiзуге мүмкiндiк беретiн жол дамытылымы бар, магистральдық жолдарды учаскелерге бөлетiн пункт;

63) уәкiлеттi орган - темір жол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

64) Ұлттық тасымалдаушы - мәртебесiн Қазақстан Республикасының Yкіметі айқындайтын, жылжымалы құраммен арнаулы тасымалдауларды орындайтын және жолаушыларды, багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерiн және (немесе) жүктердi тасымалдау жөнiнде қызметтер көрсететiн тасымалдаушы;

2012.12.01. № 538-ІV ҚР Заңымен 65) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)



65) Ұлттық теміржол компаниясы - Қазақстан Республикасы Үкiметінің шешiмi бойынша құрылған, магистральдық теміржол желісін күтiп-ұстауды, пайдалануды, жаңғыртуды жүзеге асыратын, сондай-ақ магистральдық теміржол желісі операторының функцияларын атқаратын, акцияларының бақылау пакеті ұлттық басқарушы холдингке тиесілі акционерлік қоғам;

66) экспедитор - тасымалдау құжаттарында көлiк экспедициясы шартының негiзiнде тасымалдаудың төлеушiсi ретiнде көрсетiлуi мүмкiн, жүк тасымалдауларын ұйымдастыру жөнiнде қызметтер көрсететiн тұлға.

 

2-бап. Темір жол көлiгi саласындағы мемлекеттік саясат



1. Темір жол көлiгi саласындағы мемлекеттік саясат:

210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) көлiк рыногының барлық субъектiлерiнiң темір жол көлiгi қызметін ұсынуға және алуға еркiн қол жеткізуi;

2) Қазақстан Республикасының экономикалық мүдделерiн қорғау;

3) тасымалдардың барлық қатысушылары үшiн құқықтық және экономикалық кепiлдiктердiң бірыңғай стандартын қолдану принциптерiн негiзге алып, халықтың, экономиканың және мемлекеттiң тасымалдарға қажеттiгiн қанағаттандыру үшiн жағдай жасауға бағытталған.

2. Темір жол көлiгi саласындағы мемлекеттік саясаттың мақсаты:



210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

1) темір жол көлiгiнiң магистралдық темір жол желісін және жылжымалы құрамын дамыту;

2) тасымалдарды дамыту;

2006.29.12. № 209-III ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр. ред.қара)



3) адам өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін темір жол көлігі мен оның өмірлік циклі процестерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

4) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес темір жол көлiгiнде тариф, салық және кеден саясатын жүзеге асыру;

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен (бұр. ред. қара); 210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 5) тармақша өзгертілді

5) темір жол көлiгiнде еркiн кәсiпкерлiкке және жеке инвестицияларды тартуға жағдай жасау және шаруашылық қызметiне мемлекеттік органдардың заңсыз араласуына жол бермеу;

6) бәсекелестiктi дамыту, соның iшiнде халықаралық тасымалдар саласындағы бәсекелестiктi дамыту;

7) магистралдық темір жол желісінiң бірыңғай мүлiктiк кешенiн сақтау;

8) қоршаған ортаны қорғау;

9) темір жол көлiгiн жұмылдыру дайындығында ұстап тұру;



210.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 10) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

10) темір жол көлiгiнiң қажеттерi үшiн импортты алмастыратын өндiрiстi дамытуға жәрдемдесу;



210.28.12. № 369-IV ҚР


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет