Темір жол көлігі туралы 2001 ж. 8 желтоқсандағы №266-іі



бет5/8
Дата27.02.2016
өлшемі485.5 Kb.
#27814
1   2   3   4   5   6   7   8
41-бап. Жүктi тиеу, түсiру (жүктен босату)

1. Жүктi тиеудi және түсiрудi (жүктен босатуды) тасымалдаушы немесе жүк жөнелтушi (жүк алушы) тасымалдау ережелерiнде немесе шарттарында көзделген тәртiппен және мерзiмде жүзеге асырады.

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-1-тармақпен толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1-1. Кедендiк тексерiп қарау мақсатында орналасуы кеден органдарымен келісілген кiрме жолдарда жүктi, жүк-багажды вагондарға, контейнерлерге тиеудi, сондай-ақ олардан түсiрудi тасымал процесiне қатысушылар жүзеге асыруы мүмкiн.

Тасымалдау процесiне қатысушылардың тауарларды тиеуге (түcipугe), зақымдалған буманы жөндеуге, буманы ашуға, буып-түюге немесе қайта буып-түюге, сондай-ақ вагондарды, контейнерлердi беруге және алып кетуге, санитарлық паспорттар беруге, жүктердi, контейнерлердi сақтауға байланысты шығыстары және кеден органдарының не өзге де мемлекеттік бақылау және қадағалау органдарының бастамасы немесе нұсқауы бойынша осы жұмыстарды орындауға байланысты туындаған басқа да шығыстары Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес белгiленген мөлшерде жүк жөнелтушілер, жүк алушылар есебiнен өтеледi.



2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-2-тармақпен толықтырылды

1-2. Жүк жөнелтуші жүкті тиеу кезінде жүктің орналастырылуы мен бекітілуінің дұрыстығын, тиісті көлік құралының тиелуінің белгіленген нормалары мен схемаларының сақталуын қамтамасыз етуге міндетті.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-3-тармақпен толықтырылды

1-3. Поездар қозғалысының қауіпсіздігін және тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету үшін тасымалдаушы жөнелту алдында жүктің тиелуі мен бекітілуінің дұрыстығын, тиісті көлік құралының тиелуінің белгіленген нормалары мен схемаларының сақталуын тексеруге құқылы.

2. Жүк жөнелтушi жүктi тасымалдауға жүру қауiпсiздiгi, жүктiң және жылжымалы құрамның сақталуы қамтамасыз етiлетiндей етiп дайындауға мiндеттi.

3. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының құралдарымен жүктi тиеуге, түсiруге (жүктен босатуға) вагондар, контейнерлер беру уақыты туралы берерден кемiнде екi сағат бұрын оларды хабардар етуге мiндеттi.

4. Егер тасымалдауды ұйымдастыру туралы шартта өзгеше белгiленбесе, тасымалдаушы тасымалдау ережелерiнде көрсетiлген тәртiппен жүктiң баратын станцияға жеткiзiлгендiгi туралы жүк келген күннен кейiнгi тәулiкте күндiзгi сағат он екiден кешiктiрмей жүк алушыны хабардар етуге мiндеттi.



ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 5-тармақ толықтырылды

5. Егер шарт талаптарында көзделген болса, тасымалдаушы жүк алушыға немесе экспедиторға оның атына жүк келе жатқандығы туралы алдын ала хабар беруi мүмкін.

6. Жүк алушы өзiнiң атына келген жүктi қабылдап алуға, жылжымалы құрамды босатуға және оны тазалауды қамтамасыз етуге мiндеттi.

Жылжымалы құрамды тазалау тасымалдау ережелерiнде көрсетiлген талаптарға сәйкес жүзеге асырылады.

 

42-бап. Жүк тасымалдарын жоспарлау



1. Тасымалдаушы жүк тасымалдауды ұйымдастыру шарттарына және берiлген өтiнiмдердiң негiзіндегі тасымалдау шарттарына сәйкес жүзеге асырады.

2. Жүктердi тасымалдауға берiлетiн өтiнімнiң нысаны, оны ресiмдеу, толтыру, орындау, өзгерістер енгізу және есепке алу тәртібі тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.

3. Халықаралық қатынастағы тасымалдарға өтiнiм беру Қазақстан Республикасы халықаралық шарттарының талаптарына сәйкес жүзеге асырылады.

4. Тасымалдаушы, осы Заңмен және тасымалдау ережелерiмен көзделген жағдайларда, жүктердi тасымалдау өтiнiмiн қабылдаудан бас тарта алады.

 

43-бап. Темір жол көлiгi жүкқұжаты



2011.15.07. № 461-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара)

1. Жүк жөнелтушi жүктi тасымалдауға ұсынған кезде тасымалдаушыға әрбір жөнелтілім үшiн темір жол көлiгi жүкқұжатын, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген қажеттi жағдайларда өзге де құжаттарды (сертификатты, лицензияны, ветеринариялық сертификатты, кедендiк декларацияларды) тапсыруға мiндеттi.

2. Темір жол көлiгi жүкқұжаты мен өзге де тасымалдау құжаттарының нысаны, оларды ресiмдеу тәртібі тасымалдау ережелерiмен белгiленедi.

3. Жүк жөнелтушi жүкқұжатқа енгiзiлген мәлiметтердiң дұрыстығы, сондай-ақ ол темір жол көлiгi жүкқұжатында көрсеткен мәлiметтердiң қателiгiнен, дәл еместiгiнен немесе толық еместiгiнен болған барлық зардаптар үшiн Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген жауаптылықта болады.

 

44-бап. Тасымалдау құжаттарын тексеру



1. Тасымалдаушы темір жол көлiгi жүкқұжатында көрсетiлген мәлiметтердiң дұрыстығын тексередi, ол үшiн:

1) жүкке тексеру жүргiзуге;

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2) тармақша толықтырылды

2) жүк жөнелтушiден, жүк алушыдан, экспедитордан және вагондардың (контейнерлердiң) операторынан заңды тұлғаның тiркелгендiгi туралы нотариус куәландырған куәлiктiң көшiрмесiн алуға;



ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 3) тармақша толықтырылды

3) жүк жөнелтушi, жүк алушы, экспедитор және вагондардың (контейнерлердiң) операторы ретіндегі жеке тұлғалардың өз басын куәландыратын құжаттарын тексеруге құқылы.

2. Жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, экспедитордың өкiлi тасымалдаушыға жүктi қабылдауға (жөнелтуге) немесе беруге (алуға) сенiмхат тапсыруға мiндеттi.

3. Жүк жөнелтушi, жүк алушы, экспедитор осы баптың 1-тармағының 2) тармақшасында және 2-тармағында көрсетiлген мәлiметтердiң қандай да болмасын өзгерістерi туралы жүктi қабылдағанға немесе бергенге дейiн тасымалдаушыға хабарлауға мiндеттi.

 

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен тақырыбы жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)



45-бап. Вагондарды, контейнерлердi беру және алып кету

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара)

1. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiге вагондарды, контейнерлердi қабылданған өтiнiмде және (немесе) шартта белгiленген мерзiмдерде жүк тиеуге беруге және оларды алып кетуге мiндеттi. Берiлген вагондар, контейнерлер мәлiмделген жүктердi тасымалдау үшiн тасымалдау ережелерiне сәйкес (жарамды, iшi мен сырты тазаланған) болуға тиiс.

Вагондарды, контейнерлердi тиеуге дайындау вагондар мен (немесе) контейнерлер меншiк құқығымен немесе өзге де заңды негiзде тиесiлi болатын тұлғаның есебiнен және тасымалдау ережелерiне сәйкес айқындалатын мерзiмдерде жасалған шартқа сәйкес жүзеге асырылады.

2. Вагондарға жүк тиеу тасымалдаушының құралдарымен жүзеге асырылатын жағдайлардан басқа кезде, мәлiмделген жүктердi тасымалдау үшiн жүк жөнелтушi вагондар мен контейнерлердiң коммерциялық тұрғыдан жарамдылығын анықтайды.

Жүк жөнелтушi тиiстi жүктердi тасымалдауға берiлген жарамсыз көлiк құралдарынан бас тартуға құқылы.

 

46-бап. Вагондарды, контейнерлердi пломбалау



1. Жүк тиелген вагондар мен контейнерлер:

1) егер жүктi тасымалдаушы тиеген болса, соның бекіту-пломбалау құрылғыларымен;

2) егер жүктi жүк жөнелтушi, порт, айлақ тиеген болса, онда жүк жөнелтушiнiң, порттың, айлақтың бекіту-пломбалау құрылғыларымен пломбаланады.

2. Вагондар, контейнерлер кедендiк тексеру үшiн ашылған жағдайда, оларды жаңа бекіту-пломбалау құрылғыларымен пломбалауды кеден органдары тасымалдау ережелерiне сәйкес, қолдануға рұқсат етiлген бекіту-пломбалау құрылғыларының түрлерiмен жүзеге асырады.

3. Кеден органдары қолданған бекіту-пломбалау құрылғылары жүк жөнелтушi мен тасымалдаушының бекіту-пломбалау құрылғыларына теңестiрiледi.

 

47-бап. Тасымалдау ақысы



2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

1. Егер шартта өзгеше көзделмесе, жүк тасымалдау ақысын және тасымалдаушыға тиiстi өзге де төлемдердi жүк жөнелтушi, экспедитор жүк жөнелтiлгенге дейiн төлейдi.

Бұл орайда жүк тасымалдау ақысы жүк тасымалдауы жүзеге асырылатын ең қысқа ара қашықтыққа есептеп алынады.

Ірі габаритті (габариттен тыс) және ауыр салмақты жүктерді тасымалдау жүзеге асырылатын ең қысқа қашықтықты анықтау осындай жүктерді тасымалдауға арналған темір жолдардың техникалық мүмкіндіктерін және өткізу қабілетін ескере отырып жүзеге асырылады.

2. Жүктi тасымалдауға және беруге байланысты түпкiлiктi есеп айырысуды жүк алушы жүк жеткiзiлген кезде жүргiзедi.

3. Жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, экспедитордың тасымалдар үшiн берешегi болған, сондай-ақ олар төлемдердi дер кезiнде жасамаған жағдайда, бұдан кейiн тасымалдаушы борыш өтелгенге дейiн тасымалдау шартын жасасудан бас тарта алады.

4. Осы баптың 3-тармағында көзделген iс-әрекеттер жүзеге асырылған жағдайда, кiнәлi тарап (жүк жөнелтушi, жүк алушы, экспедитор) тасымалдаушыға вагондар мен контейнерлердi пайдаланғаны үшiн ақыны бүкiл кiдiрiс уақытына қоса төлейдi.

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 5-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

5. Жүк тасымалына ақы - жүктi тасымалдауға қабылдаған күнi, ал жүк жеткізілген кезде есеп айырысқан ретте жүк берiлген күнi төленедi.



 

48-бап. Жүктi жеткізу мерзiмдерi

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Тасымалдаушы жүктi тасымалдау ережелерiне сәйкес тасымалдау шартында белгiленген мерзiмде баратын темір жол станциясына жеткізуге мiндеттi.



2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

2. Егер жүктi жеткiзiп беру мерзiмi өткенге дейiн ол межеленген пунктке жеткізілсе және жүк алушыға тапсырылса немесе қабылдау-тапсыру (беру-шығару) жолдарына жеткізілсе, жүк мерзiмiнде жеткiзiлдi деп есептеледi.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

3. Егер жүктiң қабылдау-тапсыру (беру-шығару) жолдарына берiлуi жүк жөнелтушiнiң, жүк алушының, тармақ иеленушiнiң кiнәсiнен (түсiру орнының бос болмауы, жүк тасымалдау ақысының және тасымалдаушыға тиiстi өзге де төлемдердiң төленбеуi) кешiктiрiлген жағдайда, жүк мерзiмiнде жеткiзiлдi деп есептеледi.

 

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен (бұр. ред. қара); 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 49-бап жаңа редакцияда



49-бап. Вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны және темір жолдарда жылжымалы құрамның бос тұрғаны (тоқтап тұрғаны, кідіртілгені) үшiн төлем

1. Вагондарды, контейнерлердi пайдаланғаны үшін төлемді жүк жөнелтуші, жүк алушы, тармақ иеленуші тасымалдаушыға, ал тиісті шарт болған кезде вагондардың, контейнерлердің иесіне:

1) тиеу (түсiру) және маневрлiк жұмыстар үшiн тасымалдау қағидасында белгіленген уақытты қоса алғанда, вагондардың, контейнерлердiң жүк жөнелтушілерде, жүк алушыларда, тармақ иеленушілерде болған бүкіл уақыты үшiн;

2) жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың, тармақ иеленушілердің кінәсінен магистральдық, станциялық жолдарда вагондар мен контейнерлердің бос тұрған (тоқтап тұрған, кiдiртiлген) уақыты үшiн төлейді.

2. Жүк жөнелтушілердің, жүк алушылардың, тармақ иеленушілердің, вагондар (контейнерлер) иеленушілердің кінәсінен орын алған магистральдық, станциялық жолдарда, сондай-ақ концессия шарттары бойынша темір жолдарда тасымалдаудың технологиялық процесінің бұзылуына әкеп соққан вагондардың бос тұрғаны (контейнерлердің кідіртілгені) үшін олар көрсетілген жолдардың иеленушісіне соларда тұрған уақыты үшін төлеген төлемдерін тасымалдаушыға өтеуге міндетті.

3. Төлемнің мөлшері Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленеді.

 

50-бап. Жүктi беру кезiнде тексеру



1. Тасымалдаушы жүктi беру кезiнде оны:

1) бұзылған вагонда, контейнерде келген;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) жолдағы темір жол станцияларының бекіту-пломбалау құрылғыларымен бекітілген, сондай-ақ бекіту-пломбалау құрылғылары жоқ болған немесе олар бұзылған вагондарда, контейнерде келген;

3) ашық жылжымалы құрамда немесе бекіту-пломбалау құрылғылары жоқ жабық вагондарда тасымалданған кезде, егер мұндай тасымалдар тасымалдау ережелерiнде көзделген болса, жетiспеу, бұзылу (бүлiну) белгiлерiмен келген;

4) тез бүлiнетiн жүктердi рефрижератор вагондарда тасымалдаған кезде жеткiзiп беру мерзiмi бұзылып немесе температуралық режим бұзылып келген;

5) тасымалдаушы тиеген;

6) түсiрудi тасымалдаушы жүзеге асырған жағдайларда тексередi.

2. Тасымалдаушы ыдыстағы және жеке-дара жүктердi тек бүлiнген жерлердегi жүктiң салмағы мен жай-күйiн тексерiп бередi. Ыдыстың бұзылғаны немесе жүктiң жай-күйiне әсер етуi мүмкiн басқа да жағдайлар байқалған кезде, тасымалдаушы бұзылған жерлердегi жүкке тексеру жүргізеді.

3. Жүктi беру кезiнде оның салмағын тексеру оны тиеген кездегi салмағын анықтау тәсiлiмен жүргiзiледi.

Егер жүктiң жөнелту станциясында анықталған салмағы баратын станциясындағы салмағымен салыстырғанда тасымалдау ережелерiне сәйкес белгiленген салмақтың шектi ауытқу және табиғи азаю нормасынан аспаса, жүктiң салмағы дұрыс деп есептеледi.

4. Жүк алушы мен тасымалдаушыда вагонды өлшейтiн таразылар болмаған жағдайда, бос және үйiп тиелген жүктер салмақтары тексерiлмей берiледi.



 

51-бап. Жүктiң жетiспеу, бұзылу (бүлiну) мөлшерiн анықтау

1. Жүктiң жоғалғаны, жетiспейтiнi немесе бұзылғаны (бүлiнгенi) байқалған жағдайда тасымалдаушы мен жүк алушы нақты зиянның мөлшерiн бірлесiп анықтайды.

2. Тасымалдаушының немесе жүк алушының бастамасы бойынша жүктiң жетiспеуiнен, бүлiнуiнен немесе бұзылуынан болған нақты зиянның мөлшерiн анықтау жөнiнде сараптама немесе өзге де қажеттi зерттеу жүргiзiлуi мүмкiн.

3. Сараптама немесе өзге де қажеттi зерттеу жүргiзуге байланысты шығыстар кiнәлi тарапқа жүктеледi.

 

52-бап. Төлем бойынша мiндеттемелердi қамтамасыз ету жөніндегі шаралар



1. Тасымалдаушы өзiне тасымалдау үшiн берiлген жүктi тасымал төлемiн және басқа да тиесiлi төлемдердi қамтамасыз ету үшiн ұстап қалуға құқылы.

2. Соттардың және өзге де уәкiлеттi органдардың шешiмдерi бойынша жүк (алып қойылған, тәркiленген, иесiз деп танылған) сатылған жағдайда, тасымалдаушының тасымалдау мен сақтауға байланысты шеккен шығыстары сот шешiмдерiн және басқа уәкiлеттi органдардың шешiмдерiн орындауға құзыреттi тұлғалардың атқарушылық iс-әрекеттерiн жасау жөніндегі шығыстар ретiнде өтеледi.

 

53-бап. Жүк алушының мiндеттемелерiн бұзуының салдары



2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

1. Жүк алушы жүктi алу жөніндегі мiндеттемелерiн орындаудан жалтарған жағдайда тасымалдаушы жүк келген кезден бастап жетi тәулiк (тез бүлiнетiн, қауіпті жүктерге қатысты - екi тәулiк) өткен соң жүк жөнелтушiнi жүкке оның иелiк ету қажеттiгi туралы хабардар етуге мiндеттi. Жүк жөнелтушi мұндай хабарламаны алған кезден бастап төрт тәулiк (тез бүлiнетiн, қауіпті жүкке қатысты екi тәулiк) iшiнде жүкке иелiк етуге мiндеттi.

2. Жүк жөнелтушiнiң тез бүлiнетiн жүкке қалай иелiк ету жөніндегі нұсқауы болмаған, жүктi сақтау оның бұзылуына әкелiп соғуы мүмкiн болатын жағдайда тасымалдаушының оны сатуға құқығы бар.

Тез бүлiнетiн жүктi сатудан түскен сома тасымалдаушыға тиесiлi барлық төлемдердi шегергеннен кейiн жүк жөнелтушi үшiн нотариустың атына депозит шартымен салынады.

3. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiнiң жүкке иелiк ету туралы нұсқауын алған кезге дейiн жүктi жүк алушыға беруге құқылы.

4. Жүк жөнелтушiнiң жүкке иелiк ету туралы нұсқауын осы баптың 1-тармағында белгiленген мерзiмде алмаған жағдайда тасымалдаушы жүктi жүк жөнелтушiге оның есебiнен қайтаруға құқылы.

 

54-бап. Жүктiң тиiстi емес жүк алушының атына келуi



1. Жүк алушының атына берiлуi шартта көзделмеген жүк келген, сондай-ақ атауы темір жол көлiгі жүкқұжатында көрсетілген атауға сәйкес келмейтiн жүк келген жағдайда:

1) жүк алушы жүктiң келгенi жөнiнде хабарлама алған кезден бастап бір тәулiк iшiнде тасымалдау шарты бойынша өзiнiң тиiстi тарап еместiгi туралы тасымалдаушыға жазбаша хабарлама жiберуге мiндеттi;

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 2) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)

2) тасымалдаушы жүк жөнелтушiнi жүкке иелiк ету қажеттiгi туралы дереу хабардар етуге мiндеттi, ал жүк жөнелтушi төрт тәулiк (тез бүлiнетiн, қауіпті жүктерге қатысты - екi тәулiк) iшiнде жүкке иелiк ету туралы жазбаша нұсқау беруге мiндеттi.

2. Темір жол жүкқұжатында көрсетiлген жүк алушы тасымалдаушыға тиiстi барлық төлемдердi төлеген жағдайда, оның жүктi алуға құқығы бар.

3. Жүк жөнелтушiнiң жүкке иелiк ету туралы нұсқауын осы баптың 1-тармағында көзделген мерзiмде алмаған жағдайда, тасымалдаушы жүктi жүк жөнелтушiге оның есебiнен қайтаруға, ал тез бүлiнетiн жүктi осы Заңның 53-бабының 2-тармағына сәйкес сатуға құқылы.

 

55-бап. Жүк тасымалдауға кедергiлер



ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 1-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

1. Тасымалдаушы жүк жөнелтушiнiң, экспедитордың кiнәсiнен жүктi тасымалдауға кедергiлер туындағаны (кеден және өзге де мемлекеттік органдардың кiдiртуi) және мұндай жүктi одан әрi тасымалдау үшiн басқа тасымалдаушыларға тапсыру мүмкiн еместiгi туралы жасалған шартқа сәйкес, дереу телеграф арқылы немесе өзге тәсiлмен жүк жөнелтушінi немесе экспедиторды хабардар етуге мiндеттi. Жүк жөнелтушi, сондай-ақ экспедитор, егер шартта оған осындай мiндеттемелер жүктелген болса, жүк тасымалдауға кедергiлердi жою жөнiнде шаралар қолдануға мiндеттi.

2. Тасымалдаушы үшiн белгiленген жүктi жеткiзiп беру мерзiмдерi жүк жөнелтушiнiң, экспедитордың кiнәсiнен жүктi кiдiрткен уақытқа ұзартылады.

3. Экспорттық және импорттық жүктi кiдiрткен уақыты үшiн кiнәлi тұлға тасымалдаушыға - вагондар мен контейнерлердi пайдаланғаны үшiн ақы, ал транзиттiк жүктi кiдiрткен уақыты үшiн Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында белгiленген мөлшерде ақы төлейдi.

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 4-тармақ толықтырылды; 2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара)

4. Жүк жөнелтушi немесе жүк алушы тасымалдаушыдан хабарлама алған кезден бастап сегiз тәулiк (тез бүлiнетiн, қауіпті жүктерге қатысты - төрт тәулiк) iшiнде кідіртілген жүктерге қатысты шара қолданбаған жағдайда, тасымалдаушы жүктi жүк жөнелтушiге оның есебiнен қайтаруға, немесе көлік құралынан жүкті босатуды талап етуге ал тез бүлiнетiн жүктi осы Заңның 53-бабының 2-тармағына сәйкес сатуға құқылы.

 

8-тарау. Кірме жолдар



 

56-бап. Кiрме жолдарды пайдалану шарттары

1. Кiрме жолдар, олардың құрылыстары мен құрылғылары құрылыс нормалары мен ережелерiнiң талаптарына сай келуге, жылжымалы құрамды магистралдық жолдарда рұқсат етiлетiн техникалық жүктеме нормасымен өткізудi қамтамасыз етуге тиiс.

ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)

2. Кiрме жолдар, олардың құрылыстары мен құрылғылары жүктi ырғақты тиеудi, түсiрудi (жүктен босатуды), жүк айналымына сәйкес маневрлiк жұмысты, сондай-ақ жылжымалы құрамды ұтымды пайдалануды қамтамасыз етуге тиiс.



ҚР 09.07.04 ж. № 596-II Заңымен 3-тармақ толықтырылды

3. Кiрме жолды оны салу немесе шұғыл жөндеу жұмыстарын жүргiзу кезеңiнде пайдалану қысқа мерзiмдi шарт талаптарымен жүзеге асырылуы мүмкiн.

2010.28.12. № 369-IV ҚР Заңымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

4. Кiрме жолдарды пайдалану тасымалдау қағидасына сәйкес тармақ иеленуші әзірлейтін және магистральдық темір жол желісінiң операторы бекiтетiн кiрме жолдардағы қозғалысқа қызмет көрсету және оны ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтың негізінде жүзеге асырылады.

 

57-бап. Кiрме жолдардың жалғасуы

2007.27.07. № 316-III ҚР Заңымен  (бұр.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет