Темір жол вокзалдары қызметінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді



Дата03.03.2016
өлшемі62.88 Kb.
#35222



Темір жол вокзалдары қызметінің кейбір мәселелері туралы

 

Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:



1. Қоса беріліп отырған Теміржол вокзалдары класын анықтау әдістемесі бекітілсін.

2. «Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 2 шілдедегі № 759 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 45, 605-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген қаулымен бекітілген Темір жол вокзалдары қызметін ұйымдастыру қағидасында:

2-тармақтың 3)-тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«3) темір жол вокзалының класы - орындалатын жұмыстардың (қызметтердің) көлеміне және техникалық жабдықталуына байланысты анықталған вокзал мәртебесі; »;

4-тармақ алынып тасталсын.

3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 



Қазақстан Республикасының

Премьер-Министрі

 

С. Ахметов

 

Қазақстан Республикасы

Үкіметінің

2013 жылғы ___ _______

№ ____ қаулысына

қосымша


 

 

 



Теміржол вокзалдары класын анықтау

әдістемесі

 

1. Жалпы ережелер

 

1. Осы Теміржол вокзалдары класын анықтау әдістемесі (бұдан әрі - Әдістеме) «Темір жол көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14- бабы 1-тармағының 22-2) тармақшасына сәйкес әзірленген.



2. Әдістемені қолданудың негізгі қағидаттары:

1) қазіргі заманғы, қауіпсіз және сенімді көлік инфрақұрылымында, сондай-ақ олардың сапалы қызмет көрсетілуінде темір жол вокзалдары тұтынушыларының қажеттіліктерін қамтамасыз ету;

2) қалалық ортаның оның даму қарқынымен келісілген сапасымен көлік инфрақұрылымының бөлігі ретінде ғана емес, оның ажырамас жиынтығы ретінде темір жол вокзалдарының және оның іргелес аумақтарының дамуына арналған кешенді бағыт;

3) темір жол вокзалдары қызметтерін тұтынушылар мен пайдаланушылар мүдделерінің теңгерімін қамтамасыз ету;

4) өзінің инвестициялық әлеуеті, сәулет және қала құрылысы және технологиялық мүмкіндіктері бар объект ретіндегі әр темір жол вокзалының бірегейлігі;

5) темір жол вокзалдарында сенімді қызметтері және олардың қызмет ету қауіпсіздігі, сондай-ақ олардың даму қарқыны төмендемей қызметтер мен тауарларының іске асырылуынан кірісті арттыру болып табылады;

3.Осы әдістемені қолдану мақсатында келесі ұғымдар қолданылады:

1) темір жол вокзалы – класқа байланысты халыққа темір жол көлігімен тасымалдау және багажды, жүк-багажды, почта жөнелтілімдерiн қабылдау-беру жөнінде қызмет көрсетуге арналған үйлер, ғимараттар (жолаушы платформаларын, вокзал маңындағы алаңдарын және вокзал өтпелерін қоса алғанда) және басқа да мүлік түрлерінің кешені;

2) Жайлылық - жолаушылар үшін және оларға персоналдың қызмет көрсету қолайлылығы және персоналдың біліктілікпен, үй-жайлармен, ішкі көрініс пен қажет жабдықтар мен тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерімен (электр, авариялық-құтқару, сумен қамтамасыз ету, кәріз, желдетпе, құрамды реттеу және ауаны сапа көрсеткішіне жеткізу) жарақтандыру шарттастығының оңтайлы гигиеналық жағдайларын құру және ұстауға арналған тұрмыс жай-күйі, қолайлылығы, микроклиматтың көрсеткіш жиынтығы;

3) класты анықтау - Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне сәйкес жолаушыларға ұсынылатын қызмет көлемі мен жайлылық деңгейі;

4) тұтынушылар - темір жол көлігі жолаушылары, темір жол вокзалына келіп-кетушілер (соның ішінде жолаушыларды күтіп алушылар мен шығарып салушылар);

5) пайдаланушылар - темір жол вокзалы алаңдарын кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру үшін қолданатын заңды тұлғалар мен жеке кәсіпкерлер, сондай тасымалдаушылар, оның ішінде темір жол жолаушылар тасымалы саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын тәуелсіз көлік ұйымдары;

6) темір жол вокзалдары қызметтері - тұтынушылар мен пайдаланушылар қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған қызмет;

4. Әдістеменің мақсаты тұтынушылардың әр түрлі санаттағы, соның ішінде мүмкіндігі шектеулі тұтынушылар қажеттіліктерін ескере отырып, ұсынылатын қызметтердің кең атауын қамтамасыз ету кепілдік негізінде пайдаланушыларға қызмет сапасын тиісті әлемдік стандарттарға қол жеткізу жолымен темір жол вокзалдарын дамыту, сонымен қатар темір жол вокзалдарының класы бөлігінде ақпараттық ортаны қабылдау үшін қолжетімді және микроклиматтың берілген сипаттамасында темір жол вокзалының ішкі ортасында жайлылық жасау болып табылады.

5. Әдістемені темір жол көлігі саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шекте салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) қолданады.

 

 

2. Теміржол вокзалдары класын анықтау



 

6. Теміржол вокзалдары класын анықтау келесі жиынтық көрсеткішін қамтиды:

1) жылдық есептеуде тәулігіне жөнелтілген жолаушылардың жалпы саны 1 жолаушы - 1 балл.

2) вокзал үй-жайларын ұстау әр 100 шаршы метр көлемі - 1 жолаушы - 1 балл.

3) осы әдістемеге қосымшаға сәйкес темір жол вокзалдары класы бөлігінде баллдық өрбуі.

7. Темір жол вокзалдары класы төмендегі келтірілген формулаға сәйкес анықталады:

 

К=(Ж*1)+(К/100 ш.м)



 

мұнда:


К - вокзал класы,

Ж - жылдық көрсеткіштегі тәулігіне жолаушылар,

К - вокзал үй-жайларын (жалпы көлем) ұстау.

 

Ескертпе:



Баллды есептеу бөлігінде математикалық есептеулер жүргізу жөнелтілген жолаушылар саны есептерінен анықталады.

Баллды есептеу бөлігінде математикалық есептеулер жүргізу темір жол вокзалының техникалық паспортында көрсетілген темір жол вокзалы ғимараты көлеміне сәйкес анықталады.

Алынған көрсеткіштер жиынтығы балл санын береді, олар класты анықтайды.

Математикалық есептеулер жүргізілген кездегі бөлшек сандар бүтін сандарға дөңгелектеуге жатады. Егер алынып тасталатын сандардың біріншісі 5 көп болса, онда соңғы сақталатын сан бірлікке ұлғайтылады. Ұлғайту алынып тасталатын сан 5 тең болған жағдайда да жасалынады.

Жолаушыларға қызмет көрсету пункті бар өндірістік ғимарат және вокзал мәртебесін есептеуді уәкілетті орган бекітеді және қол жеткізілген көрсеткіштер негізінде бес жылда бір рет жүзеге асырылады.

 


Теміржол вокзалдары

класын анықтау

әдістемесіне қосымша

 

 



Темір жол вокзалдары класы бөлігіндегі баллдық өрбуі

 

1. Вокзалдар атқаратын жұмыс көлеміне және күрделілігінің өрбуіне байланысты төрт класқа бөлінеді:



1) кластан тыс;

2) 1 класс;

3) 2 класс;

4) 3 класс.

 

№ 1-кесте



 

Атауы__Кластан_тыс__1_класс__2_класс'>Атауы

Кластан тыс

1 класс

2 класс

3 класс

вокзал

2500 және одан астам балл

700 ден 2499 баллға дейін

300 ден 699 баллға дейін

101 ден 299 баллға дейін

 

2. Тиісті есептеулер жүргізілгеннен кейін 1-кестедегі есептеулер негізінде вокзал мәртебесі тағайындалады.

3. 101 кем жинақ балл санын жинаған ғимараттар жолаушыларға қызмет көрсету пункті бар өндірістік ғимарат болып белгіленеді.

 

№ 2-кесте



 

Атауы

1 түрі

2 түрі

3 түрі

Өндірістік ғимарат

50 ден 100 жолаушыға дейін

10 нан 50 жолаушыға дейін

10 жолаушыға дейін

 

 

Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет