Теміржол көлігіндегі бақылау бойынша 2014 жылғы 7 айының қорытындысы Темір жол көлігіндегі шаруашылық субъектілерді тексеру



Дата23.02.2016
өлшемі31.96 Kb.
#6351
Теміржол көлігіндегі бақылау бойынша 2014 жылғы 7 айының қорытындысы
1. Темір жол көлігіндегі шаруашылық субъектілерді тексеру
2014 жылдың 7 ай қорытындысы бойынша көліктік бақылау инспекцияларымен Қазақстан Республикасының темір жол көлігінде қызметін жүзеге асыратын 571 (2013 ж.- 990) шаруашылық субъектілерге тексеру жүргізілген.

Тексеру барысында темір жол көлігінің қызметін реттейтін нормативті құқықтық актілердің талабын бұзушылықтың 19825 (2013 ж.- 21766) фактісі анықталған.

Аталған тексеру барысында 411 (2013 ж.- 385) станциядағы бағыттаушы бұрмалар, 220 (2013 ж.- 190) тартқыш жылжымалы құрам, 2119 (2013 ж.- 2134) жүк және 198 (2013 ж.- 60 ) жолаушылар вагоны, 261 (2013 ж.- 134) арнайы жылжымалы құрамның жұмысы тоқтатылды.

368 (2013ж. - 188 ) кірме жолдарға вагондарды беру мен алып кету тоқтатылды.
2. Жолаушылар пойыздарын тексеру
Жолаушылар пойыздарына 746 (2013ж.- 1206) тексеру жүргізіліп, 813 (2013ж.- 882) жолаушыларды жол құжатсыз тасымалдау анықталған.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның поездарында 173 жол құжатсыз жолаушылар тасымалданды.

«Қала маңындағы тасымалдар»АҚ-ның поездарында 95 жол құжатсыз жолаушылар тасымалданды.

ТМД пойыздарында 522 жол құжатсыз жолаушылар анықталды.

Жекеменшік тасымалдаушыларда 23 жол құжатсыз жолаушылар анықталды.

Жолаушыларды жол құжатсыз тасымалдағаны үшін – 2 233 809 (2013 ж.- 3 183 291) әкімшілік айыппұл салынды.


Темір жол көлігіндегі қауіпсіздік бұзушылық және жолаушыларды жол құжатсыз, рәсімделмеген жүк тасымалдау үшін 16 млн. 885 мың (2013 ж. - 9 млн.040 мың) көлемінде әкімшілік айыппұл салынды.


  1. 2014 жылдың 7 айы бойынша 2013 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда ҚР қозғалыс қауіпсіздігінің бұзушылықтарын есепке алу ақпараты.

2014 жылдың шілде айының ҚР аумағында қозғалыс қауіпсіздігінің 399 жағдайы орын алды (2013 ж. 402 жағдай), оның ішінде 2 (2013 ж. 2) қирау жағдайлары, 0 (2013 ж. 0) авария, 45 (2013ж. 25) ақаудың ерекше жағдайы, 83 (2013ж. 101) жұмыстағы ақау жағдайы, 106 (2013ж. 84) жұмыстағы қиындық жағдайы және 163 (190) өзге бұзушылықтар.



Қозғалыс қауіпсіздігінің жалпы саны 2013 жылмен салыстырғанда 3 жағдайға азайды, атап айтқанда, өзге бұзушылықтар 27 жағдайға, жұмыстағы ақау 18 жағдайға, сонымен қатар, ақаудың ерекше жағдайы 20 жағдайға артты, жұмыстағы қиындық 22 жағдайға азайды,.




Бұзушылық түрі

2013 жыл

2014 жыл

Ескерту

1

Қирау

2

2

0

2

Авария

0

0

0

3

Ақаудың ерекше жағдайы

25

45

+20

4

Жұмыстағы ақау

101

83

-18

5

Жұмыстағы қиындық

84

106

+22

6

Өзге бұзушылық

190

163

-27

Барлығы

402

348

-3


Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет