Теміртау қаласының 65 жылдығы, Қазақстан Магниткасының 50 жылдығына арналған бұқаралық шараларды іске асыру туралы



Дата29.02.2016
өлшемі30.31 Kb.
Теміртау қаласының 65 жылдығы, Қазақстан Магниткасының 50 жылдығына арналған бұқаралық шараларды іске асыру туралы

ақпарат
14 мамырда Н.В.Гоголь атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапхана Теміртау қаласының 65 жылдығына, Қазақстан Магниткасының 50 жылдығына арналған «Қала өмірбаяны – ұрпақ өмірбаяны» атты кеш ұйымдастырды.

Кешке Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ тарих кафедрасының оқытушылары Төлеухан Жұмағады Төлеуханұлы мен Мырзахметова Әсел Қанатқызы, «Нұр Отан» ОСДП «Жас Отан» жастар қанатының хатшысы Жетпісбаев Нұржан, ҚарМТУ аға оқытушысы Волкова Анна Викторовна қатысты.

Қазақстан Магниткасының салыну тарихының негізгі кезеңдері туралы Ж.Т.Төлеухан айтып берді.

Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ этнология, археология және жалпы тарих кафедрасының аға оқытушысының әңгімелеген негізгі тақырыбы – Қазақстанның ішкі саясаты, оның ЕҚЫҰ төрағалық, ұлттар бірлігі доктринасы болды.

«Нұр Отан» ХДП «Жас Отан» жастар қанатының хатшысы Жетпісбаев Нұржан ҚР-ның тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев туралы жазылған жаңа кітаптарға: М.Б.Қасымбаев «Бірінші. ҚР Президенті туралы очерктер» (Астана: Фолиант, 2008 – 304 б.), «Қазақстан Республикасының Бірінші Президенті және құқықтық мемлекеттің қалыптасуы» (Алматы: «Таймас» баспа үйі, 2008 – 192 б.) талдау жасады. ҚарМТУ аға оқытушысы А.В.Волкова «ҚР бірінші Президенті ғибратында патриоттық тәрбие беру үлгісі» жобасы туралы әңгімеледі.

Кітапхана қызметкері Г.П.Долженко дайындаған кітаптарға шолуда комбинаттың салынуы, Теміртау қаласының қалыптасуы туралы қызықты фактілер айтылды.

Аудитория назарына көркем кітаптар көрмесі мен викториналар ұсынылды. Кеште Теміртау туралы өлеңдер оқылып, әндер тыңдалды.

Аталған атаулы күндерге арналған бұқаралық шаралар жоспарын іске асыру үшін Ж.Бектұров атындағы облыстық жасөспірімдер кітапханасының қызметкерлері мынадай жұмыстар ұйымдастырды:



  • 28 қаңтарда «Дружба» ЧСОУ мектебі оқушыларына Теміртау серіктес – қаласының 65, Қазақстан Магниткасының 50 жылдық және Сәбит Мұқановтың 110 жылдық мерейтойын арналып өлкелік дилижанс өткізілді. Өлкелік дилижанс – жастармен жұмыстың жаңа түрі, ол 2006 жылы басталып, оқырмандарымыздың ынтасын туғызды. Кез келген саяхат сияқты, бұл сабақтың да Қарағанды мен Теміртау қалаларында өз бағыт – жолдары болды. Сапарды бастаушы жолсерік айтқан түсінік - әңгімелерінде «Атамекен» мультимедиялық көрнекі құралды. «Менің Қарағандым», «Теміртау» слайд – шоуларын пайдалануы, олар қанаттас қаланың тарихы мен көрікті жерлері, Қарағанды металлургия комбинатының ашылуы, өз өмірлерін қала мен заводқа арналған адамдар туралы әңгімені толықтыра түсті. Дилижансқа қатысқандар мен педагогтарға «Менің туған өлкем – үлкен Отанның бір бөлшегі» атты көркем сурет – кітап көрмесі жақсы әсер қалдырды, мұнда Қарағанды облысына, біздің жерлестерімізге, Елбасымызға арналған кітаптар, альбомдар, журналдар мен папкалар көрсетілді. Бастаушы балаларға фотосаяхат ұсынды, оның барысында балалар қаладағы ескерткіштер мен жаңадан салынған ғимараттар орнын айтып беруге тиіс еді, қатысушылар бұл тапсырманы ойдағыдай орындады.

  • 10 ақпанда №15 өндірістік – техникалық лицей оқушыларымен де осындай шара өткізілді.

  • 2010.21.01. «Менің туған өлкем – үлкен Отанның бір бөлшегі» атты көркемсурет – кітап көрмесі жасалды.

  • 15 мамырда кітапхана директоры Г.А.Бекбалакова Қарағанды телеарнасы ұйымдастырған, Теміртау мен Магнитка мерейтойына арналған ҚарМТУ (Қарағанды қ.) мен ҚарТУ (Теміртау қ.) студенттері арасындағы «Жаңғырық» интеллектуалды ойын қазылар алқасын басқарды.

  • Жыл бойында балаларға қызмет көрсету бөлімінде «Уақыт ағымындағы жаңалықтар» тізбекті шұғыл ақпарат шарасы өтуде. 18 мамырда оқу залында балалармен Теміртау қаласы, металлургия заводы туралы шұғыл ақпарат өтті.

  • Жас өспірімдерге қызмет көрсету бөлімінде айына 2 рет жаңа басылымдардың тұсаукесері және «Кітаптан соң кітап» атты кітап әлеміндегі қызықты оқиғалар тұсаукесері, «Оқуға ұмтыл» акциясы аясындағы баспасөз – панорамасы өтуде. 21 сәуірде оқырмандарға Теміртау қаласының 65, Қазақстан Магниткасының 50 жылдық мерейтойы туралы әңгіме айтылды.

  • Ақпараттық – библиографиялық бөлімнің мақалаларға арналған электронды картотекасында «Президент», «Теміртау», «Магнитка» және т.б. бөлімшелер жеке ұйымдастырылған.

  • Ақпараттық – библиографиялық бөлімнің оқу залында тұрақты жұмыс істейтін «Жарқын болашақтың жасампаз бағдары» аталатын көркемсурет – кітап көрмесі жасақталды, осындағы бір бөлімше қала мен Магнитка мерейтойына арналды.

Каталог: kaz -> doc
kaz -> Регламенттерін бекіту туралы «Әкімшілік рәсімдер туралы»
kaz -> 1187 шығарылым – Сәрсенбі, 12 қаңтар, 2011
kaz -> МҮлік салығы заңды тұЛҒалар мен дара кәсіпкерлерге салынатын мүлік салығ
kaz -> Бекітемін Тарих және шетелдік студенттермен жұмыс факультетінің деканы
kaz -> Сабақ №16 Сабақтың тақырыбы: Тас ғасыры. Сабақтың мақсаты
kaz -> Сабаққа қойылатын талаптар : Сабақтың тақырыбы бойынша оның білімдік,дамытушылық,тәрбиелік мақсаттарын дұрыс анықтау
doc -> Қазақстан Магниткасының 50 жылдығына арналған шаралар туралы АҚпарат


Достарыңызбен бөлісу:


©dereksiz.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет