Теміртау қаласының және Ақтау кентінің 2015 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік- экономикалық даму



Дата23.02.2016
өлшемі109.4 Kb.
#2739



Теміртау қаласының және

Ақтау кентінің 2015 жылдың

І тоқсанындағы әлеуметтік-

экономикалық даму

қорытындылары туралы

Қаланың 2015 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы халықтың өмір сүру деңгейін және қоғамдық-саяси жағдайдың тұрақтылығын арттыруға бағытталған негізгі экономикалық даму көрсеткіштерімен сипатталады.

2015 жылдың І тоқсанында өнеркәсіп өнімін өндіру көлемі 84,1 млрд. теңгені құрады немесе 2014 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда (85,8 млрд. теңге) 2%-ға төмендеді. Өнеркәсіп өнімінің нақты көлем индексі 100,4%-ды құрады.

Өнеркәсіп өндірісінің жалпы қалалық көлеміндегі үлесі 80,6%-ды құрайтын қала құраушы «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы бойынша өнім өндіру көлемі 2015 жылдың І тоқсанында 67,8 млрд. теңгені құрады немесе 2014 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда (68,3 млрд. теңге) 0,7%-ға төмендеді.

2015 жылдың І тоқсанында жалпақ илек өндірісінің көлемі 592,5 мың тоннаны құрады немесе 2014 жылғы сәйкес кезеңмен салыстырғанда (591,1 мың тонна) 0,2%-ға өсті.

2015 жылдың І тоқсанындағы негізгі капиталға инвестициялар көлемі 28610,5 млн.теңгені құрады немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3 есеге өсті (9319,7 млн.теңге). Негізгі капиталға инвестициялардың нақты көлем индексі 292,7%.

Қаланың жалпы көлемінде «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамы инвестицияларының үлесі 95,8%-ды құрайды.

Үдемелі индустриялық-инновациялық дамудың мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде Индустрияландыру картасына 2011 жылы іске асырылатын 5 инвестициялық жоба енгізілді.

2011-2014 жылдарда жалпы құны 16 млрд. 601 млн. теңгеге 4 жоба іске асырылды, бұл 300 жаңа жұмыс орнын ашуға ықпал етті, оның ішінен 3 жоба жобалық қуаттылығына 2013 жылы шықты, бір – «Қарцемент» акционерлік қоғамында «Цементті құрғақ тәсілмен өндіретін № 5-технологиялық желіні іске қосу» жобасы 2014 жылы іске қосылды, жобалоық қуаттылығына шығуы 2015 жыл.

5-жобаны «АрселорМиттал Теміртау» акционерлік қоғамында 2019 жылға дейін іске асыру жоспарланып отыр. Жоба Қазақстан Республикасы Үкіметімен бекітілген кестеге сәйкес іске асырылады.

«Бизнестің Жол картасы 2020» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде «Бизнес-бастамаларды қолдау» бағыты бойынша 2015 жылдың І тоқсанында Өңірлік үйлестіру кеңесімен жалпы сомасы 306,5 млн.теңгеге 6 жоба мақұлданды.

Моноқалаларды дамытудың 2012-2020 жылдарға арналған бағдарламасын іске асыру шеңберінде 3 зәкірлі жоба енгізілді:



  • «Темиртауский кирпич» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Қаптама кірпіш өндірісі»;

  • «КазГазоБлок» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Құрылыс материалдарын өндіретін зауыт салу»;

  • «КазЭнергоМаш» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде «Энергетикалық жабдық зауытын салу».

2015 жылдың І тоқсанында шағын бизнесте 57 немесе жоспарға 100% жұмыс орны ашылды.

2015 жылдың І тоқсанында тіркелген шағын кәсіпкерлік субъектілерінің саны 7546 бірлікті немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 5,9%-ға (7123 бірлік) өсті.

Шағын бизнеске қамтылғандар саны 2015 жылдың І тоқсанында 25760 адамды немесе 2014 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда 3,9%-ға өсті (24800 адам) құрады.

2015 жылдың І тоқсанында шағын кәсіпкерлік субъектілерімен өндірілген өнім көлемі 13000 млн. теңгені немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 8,3%-ға (12000 млн. теңге) өсті, шағын кәсіпкерлік субъектілерінен бюджетке түсетін төлемдер 2014 жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда сәйкесінше 2%-ға артты (980 млн. теңге) төлем түсті және 1000 млн. теңгені құрады.

Бөлшек сауда көлемі 2015 жылдың І тоқсанында 12173,8 млн. теңгені құрады немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (11848,4 млн. теңге) 2,7%-ға өсті.

Бөлшек сауданың нақты көлем индексі – 100,5%.

Ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 47,4 млн. теңгені құрады немесе 2014 жылғы сәйкес кезеңге қарағанда (39,4 млн. теңге) 20,3%-ға өсті.

Ауыл шаруашылығын жалпы өндірудің нақты көлем индексі 116,4%-ды құрады.

2015 жылдың І тоқсанында құрылыс жұмыстарының көлемі 2485,2 млн. теңгені құрады немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңіне 27,5%-ға өсті (1948,7 млн. теңге).

Құрылыс жұмыстарының нақты көлем индексі 122%-ды құрады.

2015 жылға барлық қаржыландыру көздері есебінен тұрғын үйді енгізу бойынша жоспар-тапсырма 29,8 мың ш.м, 2015 жылдың қаңтар-наурызында енгізілгені 9,9 мың ш.м. немесе жоспарға (9,9 мың ш.м.) 100%. Енгізілетін тұрғын үй құрылымындағы 57,6% мөлшеріндегі негізгі көлем - жеке құрылыс есебінен орындалды; жалдамалы тұрғын үй – 42,4%.

2015 жылдың І тоқсанында 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көлік көрсеткіштері былайша қалыптасты:

- жүк айналымы 6072,3 мың ткм-ді құрады немесе 14,8%-ға төмендеді;

- жүк тасымалы 124,6 мың тонна немесе 4,4%-ға (2014 жылдың қаңтар-наурызында 119,32 мың тонна) өсті;

- жолаушы тасымалы 7869,2 мың адам немесе 0,8%-ға төмендеді (2014 жылдың қаңтар-наурызында 7933,4 мың адам);

- жолаушы айналымы 41051 мың жкм немесе 17,7%-ға өсті (2014 жылдың қаңтар-наурызында 34866,8 мың жкм).

2015 жылдың қаңтар-наурызында қалалық бюджетке кірістердің түсуі 2426,5 млн. теңгені немесе жоспарға 9,6%-ға (2214,1 млн. теңге) өсті.

Бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы жоспарға 99,7%-ды немесе жоспарлы 2154,6 млн. теңгеге қарағанда 2148,8 млн. теңгені құрады.

Қаладағы және Ақтау кентіндегі балабақшалар саны -21.

Барлығы 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар саны –7122, олардың ішінен мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылғаны 5 659 бала немесе 79,5%, 3-жастан 6 жасқа дейінгі балалар – 5379, олардан мектепке дейінгі тәрбие және оқытумен қамтылғаны – 5301 немесе 98,5%.

Қаланың және Ақтау кентінің 30 жалпы білім беретін мектебінде 19952 оқушы оқиды.

Жалпы білім беретін мектептердің компьютерлік паркі 3251 бірлікті құрайды, 1 компьютерге есептегенде оқушы саны 6,1 -ді құрады.

Қаланың емдеу мекемелерінде жұмыс істейтін дәрігерлер саны 424 адам. Дәрігерлермен қамтамасыз етілу 10 мың халыққа шаққанда 23,0-ді құрап отыр. Орта медицина қызметкерлерінің саны 1263 адам. Орта медициналық қызметкерлермен қамтамасыз етілу көрсеткіші 10 мың халыққа шаққанда 68,6-ны құрайды.

Туу коэффициенті 14,07-ні құрады немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (15,01) 6,3%-ға кеміді.

Өлу коэффициенті 10,75-ті құрады немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (11,47) 6,3%-ға кеміді.

Туберкулезбен ауыру көрсеткіші 100 мың халыққа –16,8-ді немесе 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 5,7%-ға өсті (15,9).

2015 жылдың І тоқсанында жұмысқа орналастыру мәселесі бойынша өтініш жасаған азаматтар саны жыл басындағы жұмыссыздарды есепке алғанда 1458 адамды құрап отыр (2014 жылдың қаңтар-наурызында –1469 адам), жұмысқа орналастырылғаны - 1025 адам немесе өтініш жасаған жұмыссыздардың 70,3%-ы.

Кедейлік деңгейінен (7308 теңге) төмен өмір сүретін тұрмысы нашар азаматтар саны 2015 жылдың І тоқсанында 147 адамды құрады (36 отбасы), 2014 жылдың сәйкес кезеңінде – 136 адам (31 отбасы).

Кедейлік деңгейі 2015 жылдың І тоқсанында 0,08%-ды құрады.

791,2 мың теңге сомасындағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 147 адамға тағайындалды (2014 жылдың қаңтар-наурызында – 483 мың теңге сомасына 98 адам).

Тұрғын үй жәрдемақысы 2015 жылдың І тоқсанында 1078,8 мың теңге сомасына 36 отбасына тағайындалды (2014 жылдың қаңтар-наурызында 1886,2 мың теңге сомасына 25 отбасы).

Мемлекеттік емес көздерден атаулы әлеуметтік көмек 145,2 мың теңге сомасына 144 тұрмысы нашар азаматтарға көрсетілді (2014 жылдың қаңтар-наурызында 306,1 мың теңге сомасына 250 адам).

2015 жылдың І тоқсанында 68 адам түрлі мамандықтар бойынша оқудан және қайта оқудан өтті (2014 жылдың қаңтар-наурызында - 99 адам).

Қоғамдық жұмыстарға 2015 жылдың І тоқсанында 240 адам жіберілді (2014 жылдың қаңтар-наурызында - 270 адам).

Қаланың 2015 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы жөніндегі мәселені қарастыра келе, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31-бабының 1-тармағын басшылыққа ала отырып, Теміртау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қаланың 2015 жылдың І тоқсанындағы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы ақпарат мәліметке алынсын.

2. Қала әкімінің орынбасарлары, бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері:

1) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің оң қарқынын, барлық алға қойылған мақсаттар мен даму бағдарламаларында, мемлекеттік және салалық бағдардамаларда белгіленген міндеттердің 2015 жылы барлық қолда бар өсу резервтерін тарта отырып сапалы іске асырылуын, рейтингілік көрсеткіштердің 2014 жылғыдан төмен емес деңгейде орындалуын;

2) Мемлекет басшысының Қазақстан халқына жолдауларын іске асыру бойынша міндеттердің сөзсіз орындалуын қамтамасыз етсін.

3. «Теміртау қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының міндетін атқарушы Самат Саятұлы Зияшев:

1) өнеркәсіп өнімінің өндірілуіне жүйелі мониторинг жүргізсін және әр кәсіпорынмен өнеркәсіп өнімінің көлемдерін орындау жөніндегі шаралардың іске асырылуын 2014 жылғы деңгейден кем емес деңгейде қамтамасыз ету жұмысын жүргізсін;

2) өңдеу өнеркәсібіне және өңдеу секторы кәсіпорындарына «Өнімділік 2020» бағдарламасы бойынша инвестицияларды тарту жұмысын жалғастырсын;

3) Индустрияландыру картасына енгізілген инвестициялық және инновациялық жобалардың іске асырылуы жөніндегі жұмысты жалғастырсын және іске қосылған жобалардың жоспарлы қуаттылығына шығуы; инвестициялық жобаларды; өндірілген өнімдерді сату рыногын іздеу бойынша шараларды қабылдасын; өнімді жұмыспен қамтылу және еңбек өнімділігіне көңіл бөлсін, ай сайынғы мониторингті жүргізсін;

4) қаланың және Ақтау кентінің тоқтап тұрған кәсіпорындарын оңалту және тоқтап тұрған өндірістік қуаттылықтарды оңалту үшін мемлекеттік қолдау бойынша барлық шараларды қабылдасын;

5) жобаларды іздеу және тарту жұмысының алгоритмін әзірлесін және екінші деңгейдегі банктермен жобаларды «Бизнестің Жол картасы 2020» бағдарламасына қатысуға қарау бойынша жұмысты жүргізсін;

6) шағын кәсіпкерлік көрсеткіштерінің өсу қарқынын арттыру, оның ішінде өнім өндіру көлемін, бюджетке түсетін түсімдер және 2014 жылға қарағанда белсенді кәсіпорындар санының өсу көлемдерін арттыру жұмысын жалғастырсын;

7) қаланың ірі салық төлеушілерімен өткізілген тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді сатып алу бойынша жалпы, оның ішінде қазақстандық мазмұн есебінен өткізілгені бойынша жұмысты жүргізу;

8) өндірістерді дамытуға берілген гранттар, нормативтік-құқықтық актілерге сәйкес кредиттер бойынша пайыздық ставкаларды субсидиялау және кәсіпкерлік субъектілерін микрокредиттеу жұмысын жалғастырсын және бюджет қаражаттарының уақтылы игерілуін қамтамасыз етсін;

9) азық-түлік және азық-түлік емес тауарлар, қызметтер бағасының негізсіз өсуіне жол бермесін, құнсыздану үдерісін тежеу жөніндегі іс-шаралардың іске асырылуына күн сайынғы мониторингті жүзеге асырсын, баға жағдайына егжей-тегжейлі талдау жүргізсін, бағаны тұрақтандыру және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шаралар кешенін орындауды қамтамасыз етсін;

10) ауыл шаруашылығы өнімін өндірудің жалпы көлемін 2014 жылғыдан төмен емес деңгейде қамтамасыз етсін;

11) барлық түрдегі мал және құс басының төмендеуіне жол бермеу және мал шаруашылығы өнімі өндірісін ұлғайту жөніндегі шараларды қабылдасын;

12) әлеуметтік және ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізуді қамтамасыз етсін.

4. «Теміртау қаласы бойынша салық басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы Айдар Жұманов Нұрпейісов (келісім бойынша) салықтар мен мемлекеттік бюджетке төленетін төлемдерді жинаудың толықтығын қамтамасыз етсін, көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша кешенді жоспарды іске асыру және салық салу базасын кеңейту жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруды жалғастырсын, көлеңкелі экономикамен және субъектілердің салықтарды төлеуден жалтару деректерімен күрес бойынша жұмысты жандандырсын. Салықтар мен төлемдер көлемдері түсімдерінің кәсіпорындар санының өсуімен өзара сәйкестігі мәселесі бойынша талдау жасасын. Бюджетке төленетін төлемдер бойынша бересіні кеміту жұмысын жалғастырсын.

5. «Теміртау қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттің мекемесінің басшысы Бақыт Бәшімқызы Қонақаева:

1) бюджеттің тоқсандар қорытындысы бойынша кірістер мен шығыстар бойынша толық және сапалы атқарылуын, оның ішінде республикалық және облыстық бюджеттерден берілген нысаналы трансферттер мен кредиттердің игерілуін;

2) экономиканың өсуін қамтамасыз ету бойынша ай сайынғы мониторингті жүргізсін;

3) шығыстарды оңтайландыру, Қаланы дамыту бағдарламасының индикаторларын орындау жұмысын жалғастырсын.

6. «Теміртау қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Юрий Николаевич Ким:

1) жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына және Жастар тәжірибесі бағдарламасы бойынша жұмысқа жіберу жөніндегі жұмысты жалғастырсын;

2) «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасын іске асыру шеңберінде және халықты жұмыспен өнімді қамту мақсатында жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру, оқыту және қайта оқыту жөніндегі жұмысты жалғастырсын;

3) мұқтаж мүгедектерді жеке көмекшілер қызметтерімен, ымдау тілі мамандарымен, көлік тасымалымен және міндетті гигиеналық құралдармен қамтысын;

4) халық арасында мемлекеттік атаулы көмектің және кәмелетке толмаған балалары бар отбасыларына мемлекеттік атаулы көмектің және мемлекеттік жәрдемақының тағайындалуы туралы түсіндіру жұмысын жалғастырсын;

5) мемлекеттік емес көздерден көрсетілетін әлеуметтік көмекпен кедейлік деңгейінен төмен өмір сүретін әр отбасын қамтысын.

7. «Теміртау қаласының білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бақшагүл Разаққызы Рақымова:

1) мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға қамтуды арттыру жұмысын жалғастырсын;

2) мектептердің материалдық-техникалық, оның ішінде жаңа модификациялы пәндік кабинеттермен қамтамасыз етілуін нығайту шараларын қабылдасын;

3) мектептерде кәсіптік бағдар беру кабинеттерін ашу мәселесін қарастырсын;

4) шағын орталықтар ашу үшін бос аудандарды анықтау мақсатында жалпы білім беретін мектептердің тығыздығына талдау жүргізсін.

8. «Теміртау қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Татьяна Михайловна Куринная:

1) қаладағы және Ақтау кентіндегі қоғамдық-саяси жағдай мониторингін жүргізу жұмысын ұйымдастыру бойынша шаралар кешенін қабылдасын;

2) ақпараттық-насихаттау топтары жөніндегі ай сайынғы ақпаратты ұсынсын;

3) мемлекеттік рәміздерді насихаттау және қолдану саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру барысы туралы тоқсан сайынғы ақпаратты ұсыну мерзімдерін сақтасын;

4) еңбек ұжымдарындағы шиеленісті жағдайларға мониторинг жүргізсін.

9. «Теміртау қаласының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Әсел Серікқалиқызы Әбекенова пайдаланылмайтын жер учаскелеріне түгендеу жүргізуді жалғастырсын.

10. «Теміртау қаласының құрылыс бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Бағлан Балқанұлы Ахметов 2015 жылдың І тоқсанының қорытындылары бойынша құрылыс жұмыстары, тұрғын үйді енгізу көлемдерінің және нақты көлем индексінің оң қарқынын 2014 жылдың сәйкес кезеңіндегі деңгейден төмен емес деңгейде қамтамасыз етсін.

11. «Теміртау қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Татьяна Михайловна Акулова, «Теміртау қаласының тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Ирина Евгеньевна Вундер:

1) көлік көрсеткіштерінің (жүк айналымы, жүк тасымалы, жолаушы тасымалы, жолаушы айналымы) орындалуын қамтамасыз етсін және халықты сапалы көлік қызметтерімен қамтамасыз ету жұмысын жандандырсын;

2) Энергияны үнемдеу, есепке алу құралдарын орнату жөніндегі іс-шаралар жоспарының және Қазақстан Республикасының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғыртудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасының орындалуын қамтамасыз етсін.

12. Мемлекеттік мекемелердің басшылары осы қаулының орындалуы жөніндегі ақпаратты 2015 жылғы 15 шілдеге дейінгі мерзімде «Теміртау қаласы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бөліміне ұсынсын.

13. Теміртау қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 22 қаңтардағы № 3/13 «Теміртау қаласының және Ақтау кентінің 2014 жылғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары туралы» қаулысының күші жойылды деп танылсын.



14. Осы қаулының орындалуын бақылау мәселелердің тиістілігіне қарай қала әкімінің орынбасарлары Шолпан Мұхитқызы Мырзақасымоваға, Алтынбек Атабекұлы Есмұрзаевқа, қала әкімі орынбасарының міндетін атқарушы Владимир Анатольевич Костюшинге және Ақтау кентінің әкімі Айдос Ордабайұлы Ордабаевқа жүктелсін.

Теміртау қаласының әкімі Н.Сұлтанов
Орынд.: Б.Қонақаева, Тел.: 92-29-99



Достарыңызбен бөлісу:




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет