Тендерге қатысуға берілетін өтінімнің рәсімделуіне қойылатын талаптар және қатысуға өтінімдері бар конверттерді тендерға қатысушылардың әкеп өткізуі



жүктеу 215.71 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі215.71 Kb.






  1. Тендерге қатысуға берілетін өтінімнің рәсімделуіне қойылатын талаптар және қатысуға өтінімдері бар конверттерді тендерға қатысушылардың әкеп өткізуі




  1. Тендерге қатысу үшін берілген өтінімдер тендерге қатысушылар, тендерге қатысушы талапкерлердің осы тендерлік құжаттамада қарастырылған талаптар мен шарттарға сәйкес шарттарды орындауды жүзеге асыруға келісім бергенінің нышаны болып табылады.

  2. Тендерге қатысушылардың тенденге қатысуға ниетін білдіретін, тендерге қатысу үшін тапсырған өтінімдер төмендегілерді қамтуы тиіс:

  1. тендерлік құжаттаманың 1 және 2 қосымшасына сәйкес толтырылған және қатысушылардың қолдары қойылған өтінім;

  2. қатысушының жалпы квалификациялық талаптарға сай келетінін растайтын құжаттар тізімі:

а) құқықтық қабілеттілігін (заңзы тұлғалар үшін), жеке тұлғалар үшін азаматтық еңбекке жарамдылығын (кәсіпкерліктің субъектісі ретінде тіркелгені туралы құжыт, СТН, жеке куәлігінің көшірмесі) растайтын құжаттардың нотариалдық расталған көшірмесін;

b) заңды тұлғалар орнатылған заңды тәртіппен бекітілген жарғының нотариалдық расталған көшірмесін тапсыру керек. Қазақстан Республикасының резиденті болып табылмайтын азаматтар сауда тізілімінен алынған мемлекеттік тілге немесе орыс тіліне аудармасымен ресмиленген көшірімнің нотариалдық расталған көшірмесін;

с) лицензияның немесе патенттің, куәліктердің, сертификаттардың, басқа да тендерге қатысушысының құқығын растайтын құжаттардың нотариалды расталған көшірмесін;

d) заңды тұлғаның мемлекеттік тіркелгені (қайта тіркелгені) туралы куәлігінің нотариалдық расталған көшірмесін. Егер заңды тұлға қызметін орнатылған заңды тәртіппен бекітілген типтік жарғы негізінде жүзеге асырып жүрсе, онда мемлекеттік тіркелгені туралы өтінішінің нотариалдық расталған көшірмесін;

е) ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушы құрам туралы мәліметтері бар құрылтай құжаттардан (егер жарғыда ұйымдастырушы немесе ұйымдастырушы құрам туралы мәліметтері болмаса) көшірімнің нотариалдық расталған көшірмесін немесе өткен ковертті ашқан күннен бір ай өткеннен кейінгі мерзімде берілген акцияны ұстаушылардың тізілімінен берілген көшірімнің нотариалдық расталған көшірмесі;

f) осы конкурстық құжаттаманың 4 қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының ұлттық банкі басқармасының қаулысымен бекітілген екінші дәрежелі банктердегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есеп шоттарының типтік жоспарына сәйкес банкқа немесе банк филиалдарына анықтама берген күннен бастап үш айдан асқан, потанциалдық жабдықтаушының барлық қызметтері бойынша мерзімі өткен қарыздарының жоқтығы туралы тендерге қатысушы клиенті болып табылатын банктің немесе банк филиалының қолы мен мөрі бар анықтаманың түпнұсқасы (егер тендерге қатысушы бірнеше екінші дәрежелі банктің немесе филиалының сонымен қатар шетелдік банктың клиенті болса осындай банктардың әрқайсысынан осындай анықтама беріледі). Анықтама конкурстық өтінімдері бар конвертті ашқан күннен бір айдан ерте емес мерзімде берілуі тиіс;

g) бас жетекшісінің немесе оның орынбасарының қолы қойылған соңғы қаржы жылына бухгалтерлік баланстың түпнұсқасы немесе нотариалдық расталған көшірмесі;

h) үш айдан артық әлеуметтік аударымдар және міндетті зейнетақы жарналары бойынша қарыздардың және салықтық қарыздардың жоқтығы туралы тиісті салық ұйымдарымен бекітілген нысандағы анықтаманың түпнұсқасы (төлеу мерзімі Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес мерзімі ұзартылуын қоспағанда), немесе конкурстық өтінімдері бар конвертті ашқан күннен бір айдан ерте емес мерзімде бір тенгеден аз болатын әлеуметтік аударымдар және міндетті зейнетақы жарналары бойынша қарыздары және салықтық қарыздары бар екенін растайтын анықтама;

3) тендерге қатысушысының немесе оның қосалқы мердігеріннің (бірлесіп орындаушысының) арнайы біліктілік талаптарына сай келетінін растайтын құжаттар;

тендерге қатысушысының және қосалқы мердігерінің (бірлесіп орындаушысының) бұл талаптарға сай келетінін растайтын арнайы біліктілігі және өзге де талаптары көрсетілген құжаттардың толық тізімі енгізілген осы тендерлік құжаттаманың 3 қосымшасына сәйкес тендерге қатысу үшін біліктілігі туралы мәліметер.



Егер тендерге қатысушы қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушысының) жұмыстарын тарту қарастырылса, онда конкурсқа қатысушы ұйымдастырушыға тартылған қосалқы мердігердің (бірлесіп орындаушысының) жалпы және арнайы біліктілік талаптарына сай келетінін растайтын құжаттарды әкелуі тиіс;

  1. біркелкі архитектуралық ансамблі сақталған нобайы мен әкімшілік ғимарат сұлбасының жоспарын (ғимараттың қабаты – 2, ауданы 450-550 шаршы мерт).

  2. әлеуетті жеткізушінің қаулысына сәйкес сенімхатсыз қол қоюға құқығы бар тендерге қатысушысының бірінші жетекшісінен бақсқа тендерлік комиссия отырыстарына қатысу үшін және конкурсқа қатысуға берілетін өтінімге қол қою құқығын алу үшін тендерге қатысушысының мүддесін білдіретін тұлғаға сенімхатын.

Тендерге қатысушысының – кәсіпкерлік қызметті атқарып жүрген жеке тұлғаның өтінімі сонымен қатар тиісті мемлекеттік ұйымдармен берілген заңды тұлғаның біліктілігінсіз кәсіпкерлік жұмыстарды жүзеге асыруға құқығын беретін құжаттың нотариалдық расталған көшірмесі де болу керек.

  1. Тендерге қатысуға берілетін өтінімді конкурсқа қатысушы тендерді ұйымдастырушысына тігілген, беттері нөмірленген, соңғы беті оның қолы мен мөрі арқылы расталған күйінде берілуі тиіс (жеке тұлғалар үшін егерде ондай болса).

  2. Тендерге қатысуға берілетін өтінім жуылмайтын сиямен жазылуы немесе басылуы керек және тендерге қатысушысының қолы қойылып, мөрмен бекітілуі тиіс (жеке тұлғалар үшін егерде ондай болса).

  3. Тендерлік өтінімінде грамматикалық немесе арифметикалық қателерді енгізуді қопағанда, жолдар арасында ешқандай кірістірмелер, уқаланулар мен қосымша жазылғандар болмауы тиіс.

  4. Тендерге қатысушы конкурсқа қатысуға қажетті құжаттарды конвертке салып, алдыңғы жағына тендерге қатысушының толық аты-жөні мен пошталық мекен-жайы (қатысуға өтінімді ашпаған күйінде қайтару мақсатында, егер ол «кешіккен» деп танылса), ұйымдастырушының толық аты-жөні мен пошталық мекен-жайы, тендердің атауы, сонымен қатар төмендегі мәтін жазылуы тиіс:

«Астана халықаралық әуежай» АҚ-ның екі қабатты әкімшілік ғимаратын тапсырыс берушінің есебінен салу үшін ауданы 1000 шаршы метр жер телімін бөлуге келісім беру мақсатында қатысушыны (тапсырыс берушіні, мердігерді) таңдау бойынша тендеріне».

«2011 ЖЫЛ 28 сәуір, сағат 12:00-ге ДЕЙІН АШПАУ».

  1. Тендерге қатысуға берілетін өтінімдерді тендерге қатысушы немесе олардың уәкілетті өкілі ұйымдастырушының өзіне немесе төмендегі мекен-жайға пошталық байланысты қолдану арқылы тапсырылады:

100300 Астана қ., Есіл ауданы, аэропорт, ОПС-14, № 315 каб., 2011 жыл 28 сәуір, сағат10:00-ге дейінгі мерзімде (қоса санағанда) тендерлік комиссияның хатшысы Камалбек Азаматқа.

  1. Өтінімдерді қабылдау мерзімі аяқталғаннан кейін келген барлық өтінімдер ашылмайды және тендерге қатысуға берілетін өтінімдері бар конверттерде көрсетілген реквизиттар бойынша оларды әкелген қатысушыларына қайтарады немесе тендерға қатысушысының тиісті уәкілетті өкілінің өзіне алғаны туралы қолхаты арқылы тапсырылады.

  2. Тендерге қатысу үшін тендерге қатысушының немесе оның уәкілетті өкілінің әкелген өтінімін тендерлік комиссияның хатшысы тендерге қатысу өтінімінің қабылданған күні мен уақыты көсетілетін арнайы журналға тіркеледі.

  3. Осы тендерлік құжаттамада қарастырылған тендерге қатысу үшін әкелінген тендерлік өтінімдері бар конверттің рәсімделуіне қойылатын талаптары бұзылған болса тендерге қатусу үшін әкелінген өтінімдер қабылданбайды және тіркелмейді.

  4. Тендерге қатысуға берілетін өтінімдері бар конверттерді ашуды 2011 жылы 28 сәуір күні сағат 12:00 Астана қ., Есіл ауданы, аэропорт, ОПС-14, № 315 каб. мекен-жайы бойынша келген тендерге қатысушылардың немесе олардың уәкілетті өкілідерінің барлығының қатысуымен тендерлік комиссия жүргізеді. Тендерлік өтінімдері бар конверттерді қабылдаудың соңғы уақыты мен тендерлік өтінімдері бар конверттерді ашу уақытының арасы екі сағаттан аспау керек.

Ұйымдастырушының хабарландыруынада және осы тендерлік құжаттамада белгіленген тәртіп бойынша және белгіленген мерзімде әкелінген тендерге қатысушылардың өтінімдері бар конверттер ғана ашылатындарға жатқызылады.

  1. Тендерге қатысу үшін берілетін өтінімдері бар конверттерді ашу рәсіміне қатысқан тендерге қатысушылардың уәкілетті өкілдері қатысқандарын растау үшін олардың өкілеттілігін растайтын құжаттарын көрсетіп, тендерге қатысушыларды тіркеу журналында 2011 жылы 28 сәуір күні сағат 11:30-ға дейін Астана қ., Есіл ауданы, аэропорт, ОПС-14, № 315 каб. мекен-жайы бойынша тіркелуі керек.

  2. Егер тіркелген тендерге қатысушылар саны екеуден аз болса, онда тендер өткізілмеді деп жарияланады. Егер осы тендердің жалғыс қатысушысы тендердің шарттарына және квалификациалық талабына сәйкес келсе, одна қайта тендер өткізбей оған келісім берілуі мүмкін.

  3. Комиссия отырысында қатысушылардың ұсыныстары бар өтінімдер барлық комиссия мүшелерімен оқылып, салыстырылады. Комиссия барлық талаптардың сақталуын тексеріп, талап етілген ақпараттардың және құжаттардың болуын анықтайды. Комиссия жер телімін меңгеруде анағұрлым аз мерзімді (әкімшілік ғимаратын анағұрлым аз мерзімде салынуына) көрсеткен және біркелкі архитектуралық ансамблі сақталған нобайға сәйкес келген қатысушыға ілтипат танытады.

Комиссия ең жақсы шарттарды және жер телімін меңгеруде анағұрлым аз мерзімді ұсынған тендерге қатысушыны жеңімпаз деп хабарлайды, және тендердің шарттарымен қамтамасыз етеді.

  1. Егер екі немесе одан да көп қатысушылардың шарттары бірдей болса және ол тендердің шарттарын қанағаттандырса, онда ұсынысы ерте келіп тұскен қатысушы жеңімпаз деп танылады.

  2. Тендердің қорытындысы комиссия төрағасының, барлық комиссия мүшелерінің және тендер жеңімпазының қолдары қойылған шешімі туралы хаттамамен рәсімделеді. Комиссия мүшесі өзінің ойын хаттамаға жазбаша баяндауға және оны хаттаманың қосымшасы ретінде қыстырып қоюға құқығы бар.

  3. Тендер аяқталған күннен бір күн кешіктірілмен Ұйымдастырушының сайтында шешімі туралы ақпаратты жариялау арқылы барлық қатысушыларға хабарландырылады.

  4. Хаттама Ұйымдастырушы мен Қатысушы-тұтынушыға бір данадан жасалады.

  5. Тендердің қорытындысы туралы хаттама тендердің қорытындысын бекітетін және тендердің қорытындысы болып табылатын жағдайларына Жеңімпаз бен Ұйымдастырушының өзара шарт жасасуға міндеттейтін құжат болып табылады.

  6. Егер тендер екі не одан да көп рет өткізілмеді деп танылса, онда Ұйымдастырушы комиссияның ұсынысы бойынша Келісім беруді жүзеге асыру тәсілі туралы және/немесе тендердің шарттарын өзгерту туралы шешім қабылдайды.

  7. Тендердің жеңімпазы анықталғаннан кейін Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Уставтық капиталға жіберілген және (немесе) ұлттық холдинг, ұлттық компаниялар немесе олардың ықпалдас тұлғалардың меншігіндегі, сонымен қатар мемлекетпен ықпалдаспаған заңды тұлғалардың меншігінде тұрған стратегиялық объектілердің және мемлекеттің қатысуымен өзге де заңды тұлғаларға, сонымен қатар жеке тұлғалар меншігіндегі стратегиялық объектілердің тізімін бекіту туралы» 2008 жылғы 30 маусымындағы № 651 қаулысымен белгіленген стратегиялық объектінің иесі болып табылатын Ұйымдастырушы Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы стратегиялық объектілер бойынша комиссиясына барады.

  8. Ауыр жағдайда тұрған жер теліміне қатысты Келісімді жүзеге асыру кепіл алушымен келіскеннен кейін жүзеге асырылады.

  9. Тендерді өткізу барысында ақпараттық хабарландыруларды жариялау Ұйымдастырушының сайтында жүзеге асырылады. Тендерге қатысушылар қатары шектелмеген: заңды және жеке тұлғалар. Тендерге қатысуға мүдделі және ынталы тұлғаларды тіркеу тендерді өткізу уақытынан бір күн бұрын аяқталады.

Тердерлік құжаттамаға

1 қосымшасы

Тендерге қатысу үшін өтінім

(заңды тұлғалар үшін)
Кімге_________________________________________________________________________

(тендерды ұйымдастырушысының аты-жөні көрсетіледі)

Кімнен_______________________________________________________________________

(тендерге қатысушысының толық аты-жөні көрсетіледі)



    1. Тендерге қатысуға үміткер заңды тұлға туралы мәліметтер:




Потенциалды жеткізушінің заңды пошта мекен-жайы және байланыс телефондары




Заңды тұлғаның банктік реквезиттері (СТН, ЖИК, БСК), сонымен қатар заңды тұлға қолданатын банктің немесе оның филиалының мекен-жайыжәне толық атауы




Заңды тұлғаның бірінші жетекшісінің аты-жөні






    1. _______________(заңды тұлғаның толық атауы көрсетіледі) осы өтініммен тендерге қатысуға ниетін білдіреді және тендерлік құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес екі қабатты әкімшілік ғимаратының құрылысын жүзеге асыруға келісім білдіреді.

    2. Тендерге қатысушы тендерлік құжаттамамен танысқандығының және тендерді ұйымдастырушыға жіне тендерлік комиссияға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгенін растайды.

Тендерға қатысушы тендерге қатысуға өтініміде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.

    1. Тендерге қатысу туралы шартты жасасу сәтіне дейін тендерге қатысуға осы тендерге қатысуға өтінім Сіздің оны жеңді деп тапқан хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті түрдегі шарт рөлін орындайтын болады.

______________________/__________________________/

(лауазымы, тендерге қатысушының – заңды тұлғаның бірінші

жетекшісінің немесе оның орынбасарының аты-жөні және қолы)


Толтырылған күні ________________
М.О.

Тендерлік құжаттаманың

2 қасымшасы

Тендерге қатысу үшін өтінім

(жеке тұлғалар үшін)
Кімге_________________________________________________________________________

(тендерды ұйымдастырушысының аты-жөні көрсетіледі)


Кімнен_______________________________________________________________________

(тендерге қатысушысының толық аты-жөні көрсетіледі)




    1. Тендерге қатысуға үміткер жеке тұлға туралы мәліметтер:




Құжаттарға, жеке куәлігіне сәйкес тендерге қатысушы – жеке тұлғаның толық аты-жөні




Тендерге қатысушы – жеке тұлғаның жеке басын куәландыратын құжаттар мәліметі




Тендерге қатысушы – жеке тұлғаның тіркелген мекен-жайы




Тендерге қатысушы – жеке тұлғаның тұрғылықты мекен-жайы




Патенттің тіркелуі туралы куәліктің номері немесе Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес келетін тендер аясындағы кәсіпкерлік әрекеттерге сәйкес әрекеттер істеуге құқық беретін басқа да құжаттар




Жеке тұлғаның банктік реквезиттері (СТН, ЖИК, БСК), сонымен қатар жеке тұлға қолданатын банктің немесе оның филиалының мекен-жайы және толық атауы




Тендерге қатысушы – жеке тұлғаның байланыс телефондары, пошта мекен-жайы және электрондық поштасы (бар болса)






    1. _______________(жеке тұлғаның толық атауы көрсетіледі) осы өтініммен тендерге қатысуға ниетін білдіреді және тендерлік құжаттамада көзделген талаптар мен шарттарға сәйкес екі қабатты әкімшілік ғимаратының құрылысын жүзеге асыруға келісім білдіреді.

    2. Тендерге қатысушы тендерлік құжаттамамен танысқандығының және тендерді ұйымдастырушыға жіне тендерлік комиссияға өзінің құқығы, біліктілігі, сапалық және өзге де сипаттамалары туралы дұрыс емес мәліметтер бергені үшін жауапкершілігі, олардың авторлық және сабақтас құқықтарды сақтауы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де шектеулерді сақтауы туралы хабардар етілгенін растайды.

Тендерға қатысушы тендерге қатысуға өтініміде және оған қоса берілетін құжаттарды мұндай дұрыс емес мәліметтер бергені үшін өзіне толық жауапкершілікті қабылдайды.

    1. Тендерге қатысу туралы шартты жасасу сәтіне дейін тендерге қатысуға осы тендерге қатысуға өтінім Сіздің оны жеңді деп тапқан хабарламаңызбен бірге біздің арамыздағы міндетті түрдегі шарт рөлін орындайтын болады.

_________________________________________________

______________________/__________________________/

(Тендерға қатысушы – жеке тұлғаның аты-жөні және қолы)



Толтырылған күні ________________

Тендерлік құжаттаманың

3 қосымшасы

Біліктілігі туралы мәліметтер



  1. Тендерге қатысушының аты-жөні

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________

Мемлекеттік тіркелуі туралы куәлік номері және мемлекеттік тіркелген орны:

__________________________________________________________________________

Орналасқан жері:

__________________________________________________________________________

Берілген жұмыс түрін орындау үшін лицензия №

__________________________________________________________________________

(лицензияның көшірмесін қосымша жіберу)



  1. Тендерға қатысушысының сонғы бес жыл ішінде орындаған жұмыстар көлемі (бар болса), ____________теңгемен.



Объектілердің атауы және орналасқан жері

Тапсырыс берушілерді аты-жөні және телефон номерлері

Жұмыс түрі және объектіні аяқтаған жыл

Шарттың бағасы, теңге (көрсетпеуіңізге де болады)


























  1. Екі қабатты әкімшілік ғимаратты салу жұмыстарын жүргізу үшін тендерге қатысушысының келесі құрылғылар бірлігінің (құрылыс механизмдері, машиналар), оларды куәландыратын құжаттардың көшірмесімен бірге болуы елеулі орын алады. Тендерге қатысушы төмендегі кестенің барлық сұрақтарына жауап беруі тиіс:



Жабдықтардың (құрылыс тетіктерінің, машиналардың) түрі

Қалда бар бірліктердің саны

Жай-күйі (жаңа, жақсы, нашар)

Жеке меншік, жалға алынған (кімнен), сатып алынады



























  1. Қызметкерлердің біліктілігі мен тәжірибесі (тендерге қатысушы берілген тендер бойынша жұмыстарды орындау үшін қажетті деп есептейтін қызметкерлері көрсетіледі)





Аты-жөні

Лауазымы

Берілген конкурста сатып алынатын жұмыстарды орындау саласындағы жұмыс өтілі

Дипломы, куәлігі және білімі туралы басқа құжаттары бойынша біліктілігі немесе мамандығы

Мамандығы бойынша санаты, разряды және сыныбы (бар болса)

Азаматтығы


  1. Қаржылық ресурстарына қол жеткізу туралы мәліметтер (ақша қаражаты: өзіндік, кредиттік және т.б.). Төменде санамалдау қажет:

__________________________________________________________________________




  1. Ұсынымдар туралы мәліметтер. Ұсынымдық хаттардың, басқа заңды және жеке тұлғалардың пікірінің хаттары мен үндеулерін санамалау және қоса беру.

__________________________________________________________________________

Біліктілік туралы барлық мәліметтердің дұрыстығын растаймын.
Қолы__________

Тендерлік құжаттаманың

4 қосымшасы

Берешектің жоқ екендігі туралы анықтама
Банк (атауы) ___________ жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 30 шілдедегі № 275 қаулысымен бекітілген Екінші деңгейдегі банктегі және ипотекалық компаниялардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарына сәйкес осы Банкте қызмет көрсетілетін (заңды тұлғаның толық атауы, тел., мекен-жайы, СТН, БСК және т,б, көрсету қажет) банк алдында анықтама берілген айдың алдындағы үш айдан артық созылған мерзімі өткен берешегінің жоқтығын растайды.
Күні
Қолы
М.О.

Тендерлік құжаттаманың

5 қосымшасы

шарт


Астана қ. «_____» ____________2011ж.
«Астана халықаралық әуежай» акционерлік қоғамы, бұдан әрі «1-тарап» деп аталатын Президент Жауханов Қайрат Кенесбековичтың тұлғасында Қаулының негізінде әрекет ететін бір тараптан және __________________________________________, бұдан әрі «2-тарап» деп аталатын ________________________________________ тұлғасында ___________________________ негізінде әрекет ететін бұдан әрі аталған «Тараптар» бірлесіп төменде көрсетілгендер туралы берілген шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:


  1. Шарттың мәні

1.1. 1-тарап 2-тарапқа 2-тараптың есебінен екі қабатты әкімшілік ғимаратты салу үшін Астана қаласы әкімдігінің 2008 жылғы 21 ақпандағы № 37-250п қаулысының және 2008 жылғы 19 наурыздағы № 10058 жер телімін жалға беру шартының негізінде 1-тарапқа тиесілі ауданы 1000 шаршы мерт жер телімін бөлуге келісім беруге міндеттенеді.



1.2. Жер телімінің мақсатты тағайындалуы екі қабатты әкімшілік ғимаратын салу болып табылады.


  1. Тараптардың құқықтары мен міндеттері




    1. 1-тарап құқылы:

      1. бөлінген жер телімін мақсатты пайдаланылуына тексеріс жүргізуге;

      2. егер 2-тарап жер телімін мақсатты пайдаланбаса 1-тарап осы шартты орындаудан бас тартуға және жер телімін сол уақыттан қайтарып алуға;

      3. егер 2-тарап осы Шарттың талаптарын бұзатын болса біржақты тәртіппен құрылысты тоқтатуға және шартты бұзуға;

      4. авиациялық қауіпсіздік, рұқсаттамалық, объектінің ішіндегі тәртіптің талаптарын, әуежай аймағындағы қозғалыс ережелерін, өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзған, 1 тараптың мүліктеріне зиян тигізген, әуежай аймағына акогольдік, нашақорлық және таксикоманиалық әсерде келген, акогольдік, нашақорлық және таксикоманиалық мастануды шақыратын заттарды қолданған, төбелес, жанжал шығарған және т.б. инженерлік-техникалық және жұмысшы қызметкерлердің кез-келгенін жазбаша ескерту арқылы кешіктірілмей жұмыстан босатуын талап етуге;

    1. 2-тарап міндетті:

      1. бөлінген жер телімін тек мақсатты тағайындалғаны бойынша қолдану;

      2. берілген жер телімінде 2011 жылғы 01 қараша мерзіміне дейін өзінің есебінен аумағы 450-550 шаршы метр болатын екі қабатты әкімшілік ғимаратын салу керек, өзінің есебінен жұмыс жоспарын дайындау, белгілеген тәртіп бойынша оның келісімін жүргізу, сонымен қатар мемлекеттік сараптама және өзге де құрылысты жүзеге асыру үшін қажетті іс-шараларды жүргізу;

      3. осы шарт бойынша тиісті міндеттерді сапалы және уақытында орындауына, осы шарттың ережелерінің және әуежай аймағындағы қағидаларын барлық жағдайларда орындалуына жалғыз өзі жауапты болуға және жауапты болып қалуға;

      4. өзінің есебінен жер телімін сумен және энергоресурстармен жабдықтауға, қоршау және жарықпен қамту жұмыстарын орындауға;

      5. құрылыс алаңы аймағында құрылыс-монтаждық жұмыстарын жүргізу және материалдарды сақтау үшін қажетті уақытша ғимараттар мен құрылыстарды өз күшімен және өз қаражатымен салуда 1-тарапппен келісу;

      6. шарт бойынша міндетті жұмыстарды және мердігерлік жұмыстарды орындау кезінде барлық жергілікті заңдарды, қоршаған ортаны қорғау туралы қағидалар мен ережелерді сақтауға, 1-тарапты осы шарт бойынша немесе оған байланысты жұмыстарды орындау кезінде пайда болған ауаның, судың, жердің ластануы үшін кез-келген жауапкершіліктен қауіпсіздендіру және босату;

      7. өзінің есебінен 2-тараппен, оның қызметкерлері мен қосалқы мердігерлерінің 1-тарапқа мүліктік залал келтірілген мүлікті жөндеуге немесе алмастыруға, қайта дайындауға немесе оның орнын қаржылай толытуға;

      8. құрылыс жұмыстары уақытында құрылыс аумағында техникалық қауіпсіздігін, өрт қауіпсіздігін сақтау бойынша және қоршаған ортаны жасыл жекелтер мен жерді қорғау бойынша өндіріс станциясындағы қауіпсіздігін сақтау бойынша қажетті іс-шараларды орындаумен қамтамасыз ету;

      9. жұмыстарды жүргізу тізімін мемлекеттік бақылау органдарымен келісу және оның құрылыс алаңында сақталуы;

      10. әуежай аймағы және оған жататын аймақ кіретін әуежай аймағындағы қажетті шараларды сақтау:

  1. құрылыс аймақтарын және оған жататын аумақтарын өз қатажаты есебінен жинау, жұмыстарды орындау барысында және аяқтағаннан кейінгі мерзімде барлық қалдықтар мен құрылыс қоқыстарын жинау және шығару жұмыстарымен қамту;

  2. Объектіні қабылдау туралы актқа қол қойылған күннен бастап бір жұманың ішінде құрылыс алаңына жататын құрылыс тетіктері мен машиналарды, транспорттық құралдар мен басқа да мүліктерді құрылыс алаңынан тыс жерге шығару;

  3. әуежай аумағының түрлі қоқыстармен және автотранспорттық, басқа да қоқыстармен ластануын болдырмау;

  4. сақтандыру және қауіпсіздендіру бойынша 1-тараптың бұйрықтары мен нұсқаулықтарына бағыну, әуежай аймағындағы ережелер мен қағидаларды сақтау, оған қоса оларға жататын немесе бар құрылыстардың, инженерлік коммуникациялардың, машиналар мен механизмдердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шараларды өткізу;

  5. авиациялық қауіпсіздік, рұқсаттамалық, объектінің ішіндегі тәртіптің талаптарын, әуежай аймағындағы қозғалыс ережелерін, өрт қауіпсіздігінің талаптарын бұзған, 1 тараптың мүліктеріне зиян тигізген, әуежай аймағына акогольдік, нашақорлық және таксикоманиалық әсерде келсе, акогольдік, нашақорлық және таксикоманиалық мастануды шақыратын заттарды қолданған, төбелес, жанжал шығарған және т.б. инженерлік-техникалық және жұмысшы қызметкерлердің кез-келгенін сол арада жұмыстан шығаруға және жұмысқа жібермеу;

    1. 2-тарап құқылы:

      1. қосалқы мердігер ұйымдармен жеке жұмыс түрлеріне шарт жасасуға, бұл жағдайда 2-тарап олар үшін толық жауапкершілікті өзіне жүктейді.

    2. 2-тарап төмендегілерге құқығы жоқ:

      1. құрылыс жұмыстарын жүргізу және келсім кезінде туындаған қиындықтар бойынша 1-тарапқа белгілі-бір қарсылықтарды білдіруге және талап етуге;

      2. жер телімін және осы шартты немесе оның бір бөлігін беруге немесе қайта рәсімдеуге;




  1. Тараптардың жауапкершілігі

3.1. Тараптар Қазақстан Республиикасының заңдылығына сәйкес осы шарттың талаптарының тиісінше орындалыу немесе орындалмауына толық жауапты;

3.2. 2-тарап өзінің немесе кез-келген қосымша мердігерлердің, уәкілдердің, қызметкер мен жұмысшылардың міндерттерді орындамағанына және ұқыпсыздығына жауапты;

3.3. 2-тарап 1-тарапқа келтірілген залалын толық өтейді.




  1. Форс-мажор




    1. тараптар осы шарт бойынша міндеттерді тиісінше орындалуы және орындалмауы бойынша жауапкершіліктен босатылады, егер берілген шарт бойынша тараптардың өзіндік міндеттерін толық немесе жартылай орындауға талаптардың еріктерінен тыс, оларға қатыс жоқ кедергілер, жағдайлар болса, нақты: табиғи апаттық жағдайда немесе соғыс, кез-келген соғыс әрекеттері, блокада, Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарымен нормативтік құқықтық актісі шықса және басқа да осы сияқты келеңсіз жағдайларда.

    2. егер форс-мажорлық жағдайлар 20 (жиырма) күнтізбелік күн жалғасса, онда тараптардың әрқайсысы бұдан әрі берілген Шарт бойынша міндеттерді орындаудан бас тартуға құқығы бар және бұл жағдайда тараптардың екі жағы да басқа тараптың алған зардаптарының орнын толтырмайды.




  1. Құпиялылық




    1. осы шарттың мазмұны, оның шарттары мен ережелері, сонымен қатар оны орындау барысында Тараптардан алынған ақпараттар мен мәліметтер құпия болып табылады.

    2. сот, құқық қорғау және басқа мемлекеттік органдардың немесе Қазақстан Республикасының заңдылығында қарастырылған жағдайлардан басқа тарап екінші тараптың жазбаша келісімінсіз осы шарттың мазмұнын жариялауға ұстамдылық танытуға міндетті.




  1. Шартты бұзу тәртібі

6.1. берілген шартты Тараптармен мерзімінен бұрын бұзылуы келесі жағдайларда жүзеге асырылады:



  1. Тараптардың келісімімен;

  2. 2-тарап Шартты жасасқан күннен бастап 3 ай ішінде құрылысты бастамаса 1-тараптың ынтасы бойынша;

    1. осы шарт 6.1. т. бойынша бұзылған жағдайда 2-тарап жер телімін 1-тарапқа 2-тараптың шығындарын өтемей қайтаруға міндетті, тек 1-тарап жер телімін жеке меншікке сатып алған жағдайда ғана, ол жағдайда иемденген баға бойынша.




  1. Таластар мен қайшылықтарды шешу тәртібі




    1. осы Шарт немесе оған байланысты жағдайлар бойынша Тараптар арасында туындаған таластар мен қайшылықтар екі-жақты келісім арқылы шешіледі.

    2. егер таластар мен қайшылықтар екі жақты келісім арқылы шешілмейтін болса, онда ол Қазақстан Республикасы заңдылығына сәйкес сот тәртібімен Астана қ. арнайы ауданаралық экономикалық соттың қаралуына жатады.

    3. Шартқа сәйкес бір жақтың келесі жаққа бағыттаған кез-келген ескертуі хат, телеграмма, телекса немесе факс түрінде жіберіледі, кейін түпнұсқасын ұсынумен.

    4. ескерту жеткізілген күннен немесе белгіленген күннен (егер ескертуде көрсетілген болса) бастап күшіне енеді, бұл күннің қайсысы кештеу келетініне байланысты.




  1. Шарт талаптарының өзгертілуі мен толықтырылуы




    1. осы шартқа енгізілген барлық өзгертулер мен толықтырулар жазбаша күйінде рәсімделіп, Тараптардың екі жағымен қол қойылып мөр басылған жағдайда ғана күшіне енеді.


9. Өзге талаптар
9.1. Тараптардың ешқайсысы келесі Тараптың жазбаша келісімінсіз берілген Шарт бойынша құқықтары мен міндеттерін үшінші тарапқа беруге құқығы жоқ.

9.2. осы Шартта қарастырылмаған басқа да барлық жағдайларда Тараптар Қазақстан Республикасы заңнамасын басшылыққа алады.

9.3. осы Шарт тараптардың әрқайсысына бір-бір данадан заңдық күші бірдей қазақ және орыс тілдерінде 2 түпнұсқа данада шығарылған.
10. Шарттың күшін сақтау мерзімі
10.1. Осы Шарт Тараптар қол қойған күнінен күшіне еніп, 2011 жылғы 31 желтоқсанына дейін күшін жоғалтпайды, ал міндеттер бойынша Талаптардың оларды орындағанына дейін.

10.3. Реквезиттер өзгерген уақытта Тараптар бір-біріне үш күннің ішінде ескертеді.


11. Заңды мекен-жайлары, банктік реквезиттер және Тараптардың қолдары:




©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет