«Тендерлік кепілдіктер»



жүктеу 47.27 Kb.
Дата05.07.2016
өлшемі47.27 Kb.
Банк клиентке тендерлік сауда-саттыққа қатысу үшін «Тендерлік кепілдіктер» береді. Бұл - клиент (тендерлік кепілдіктің тапсырыс берушісі) тендердің шарттарын орындамаған жағдайда, Банктің тендер ұйымдастырушысына   қаражат төлейтін ақшалай міндеттемесін өз мойнына алатын міндеттеме.

Қамтамасыз ету критерийлері бойынша тендерлік кепілдіктердің түрлері:

  • ақшалай қаражат кепілімен (өтелген кепілдіктер);

  • жылжымалы және жылжымайтын мүлік кепілімен (өтелмеген кепілдіктер);

  • қамсыздандырусыз (бланктік кепілдіктер).



1. Өтелген тендерлік кепілдік
Ерекшеліктері:

100% ақшалай қаражатпен қамтамасыз етілген кепілдік.



Қысқаша сипаттамасы:

Клиент (Конкурстың қатысушысы) Банкке банк кепілдігі сомасына ақшалай өтем ұсынады. Банк ақшаны Клиенттің ағымдағы шотынан өзінің банктік шотына кепілдіктің қолданылу мерзіміне есептен шығарады және оны кепілдікте көрсетілген мерзім аяқталғаннан кейін клиентке қайтарып береді.



Кепілдікті алуға арналған талаптар:

Артықшылығы:

  • комиссияның ең аз сомасы;

  • тез;

  • заңды тұлғаларға арналған Интернет банкинг (Интернет-клиент модулі) жүйесі арқылы өтелген кепілдіктерді шығару мүмкіндігі;

  • аудандық басқармаларда кепілдіктер шығару мүмкіндігі.


Құжаттардың ең аз топтамасы:

  1. кепілдік шығаруға өтініш;

  2. Банкпен жасалған Шарт/Келісім;

  3. Кепілдік бойынша өтемді ұсынуға Клиенттің уәкілетті органының шешімі;

  4. Резидент емес - заңды тұлғаның мәртебесін куәландыратын құжаттың көшірмесі (егер аппликант Қазақстан Республикасының резиденті болмаған жағдайда);

  5. Конкурстық құжаттамалардың көшірмесі.

Берілетін мерзімі – бір жұмыс күні ішінде
2. Өтелмеген тендерлік кепілдік – ақшалай өтеуден басқа өтеумен қамтамасыз етілген кепілдік.
Қысқаша сипаттамасы:

  • Клиенттердің өтелмеген кепілдіктерінің шығарылымы Банктің клиенттерге кредит беру тәртібін регламенттейтін ішкі құжаттарына сәйкес қарастырылады.

Ерекшеліктері:

  • өтелмеген тендерлік кепілдіктер клиенттің ашылған кредит желісі бар болған жағдайда беріледі немесе мүлік кепілімен дербес қаржы құралы ретінде беріледі.

  • Кредит беру бағдарламалары мен тиісінше құжаттар топтамасы клиенттің қандай бизнес түріне жататындығына қарай бөлінеді.

Кепілдік алуға арналған тараптар:

  • Банкте ағымдағы шоттың болуы;

  • Кредит желісінің/ Банктің кепілдік шығару туралы шешімінің болуы;

  • Ағымдағы шоттағы ақшаға тыйым салудың/өтініш берілген сәтте шығыс өперацияларын уақытша тоқтату туралы шешімнің болмауы;

  • Банктің талабына сәйкес кепілдіктер шығару үшін қажетті құжаттар топтамасының толық болуы;

  • Кепілдіктің шығарылғаны үшін комиссиялық сыйақыны төлеуге ақшаның бар болуы.

Құжаттардың ең аз топтамасы:

  1. кепілдік шығаруға өтініш;

  2. Банкпен жасалған Шарт/Келісім;

  3. Клиенттерге кредит берудің қолданыстағы тәртібіне сәйкес құжаттар топтамасының толық болуы;

  4. Конкурстық құжаттаманың көшірмесі.

Берілетін мерзімі – құжаттарды дайындау мерзімі қосу жылжымалы және жылжымайтын мүлікті бағалау мерзімі қосу бір жұмыс күні.

Артықшылықтары:

  • тез;

  • кредит желісі шеңберінде кепілдіктерді шығару.


3. Бланктік тендерлік кепілдік – ақшалай өтеумен және/немесе мүлік кепілімен немесе қамтамасыз етудің басқа түрлерімен қамсыздандырылмаған кепілдік.
Кепілдікті алуға арналған талаптар:

  • Банкте ағымдағы шоттың болуы;

  • Шығыс операцияларына тыйым салу /уақытша тоқтату туралы шешімдердің болмауы;

  • Аталған клиенттің банктен және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардан алған заем қаражатының көлемін қоспағанда, кепілдік сомасы, сондай-ақ клиентке берілген барлық бланктік кепілдіктердің жиынтықты сомасы аталған клиенттің активтерінің орташа жылдық құнынан аспауы тиіс;

  • Банк соңғы үш айдың ішінде Клиенттің Банкте ашылған банктік шоттарына 1 миллион теңгеден астам сомаға инкассолық өкімдерді және үшінші тұлғалардың басқа да талаптарын алатын жағдайлардың болмауы;

  • Банктің талаптарына сәйкес құжаттардың толық топтамасының ұсынылуы.

Құжаттардың ең аз топтамасы:

  1. Кепілдік шығаруға өтініш;

  2. Банкпен жасалған Шарт/Келісім;

  3. Кепілдікті беруге Банктің уәкілетті органдарының шешімі;

  4. Аппликанттың соңғы тоқсанға және есепті жылға қаржы есептілігінің көшірмесі;

  5. Конкурстық құжаттаманың көшірмесі.

Берілетін мерзімі – бір жұмыс күні ішінде.
Ерекшеліктері:

Шығарылатын бланктік кепілдіктер мөлшерін есептеудің мынадай әдістемелері ұсынылады:



Жауапкершіліктің үш тармағы бар бланктік тендерлік кепілдік.

  • Жауапкершіліктің үш тармағы бойынша кепілдіктің мөлшері кредиттік түсімдерден, уақытша қаржылық көмектен тазартылған, клиенттің Банктегі соңғы үш ай ішіндегі орташа айлық кредиттік ақша айналымы сомасының 70 %-ынан аспауы тиіс және кредиттік түсімдерден тазартылған, клиенттің басқа банктердегі соңғы үш ай ішіндегі орташа айлық кредиттік ақша айналымының 60 % -ынан аспауы тиіс.


Жауапкершіліктің төрт тармағы бар бланктік тендерлік кепілдік.

  • Жауапкершіліктің төрт тармағы бойынша кепілдіктің мөлшері кредиттік түсімдерден, уақытша қаржылық көмектен тазартылған, клиенттің Банктегі соңғы үш алты ішіндегі орташа айлық кредиттік ақша айналымы сомасының 50 %-ынан аспауы тиіс және кредиттік түсімдерден тазартылған, клиенттің басқа банктердегі соңғы алты ай ішіндегі орташа айлық кредиттік ақша айналымының 30 % -ынан аспауы тиіс.


Артықшылықтары:

  • Комиссияның ең аз сомасы;

  • тез.


Тендерлік кепілдіктерді беруге қатысты сұрақтарыңыз бойынша:

  • Банктің операциялық басқармасының қызметкеріне немесе Банктің филиалдарындағы өтелген кепілдіктер бойынша заңды тұлғаларға кассалық есеп айырысу қызметтерін сату бойынша менеджерге;

  • Банк филиалдарындағы өтелмеген/бланктік кепілдіктер бойынша Шағын және орта бизнеске сату орталығының менеджеріне;

  • Байланыс орталығына мына телефондар бойынша: 2 590 777 (Алматы қ. үшін), 8 8000 8000 59 (Қазақстанның басқа қалалары үшін) хабарласа аласыздар.


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет