Осы дәріске ағымдық, аралық, қорытынды бақылау бойынша тест тапсырмалары және сұрақтар: 1. Жердегі тіршіліктің дамуы
2. Физиологиялық-биохимиялық өлшем
3. Эволюциялық-географиялық критерий
Тест тапсырмалары 1. Сыртқы белгілері және тіршілік әрекеттерінің үрдістері бойынша ұқсас, жағдайларға мұқтаж, белгілі аумақта топтасып - популяция түрінде мекендейтін және өзге түрлермен будандаспайтын даралардың тобы
А) &Түр
В) Популяция
С) Туыс
D) Класс
Е) Отряд
2. Бір түр жануарлары сырттай ғана емес, іштей де ұқсас болып келуінің өлшемі
А) Физиологиялық-биохимиялық өлшем В) Генетикалық өлшем
С) &Анатомиялық-морфологиялық өлшем
D) Эволюциялық-географиялық өлшем
Е) Туылым өлшемі
3. Организмдердің белгілі бір түрге тиесілігін анықтаған кезде оған биохимиялық талдау мен физиологиялық шамаластығын салыстыруды қолдану өлшемі
А) &Физиологиялық-биохимиялық өлшем В) Генетикалық өлшем
С) Анатомиялық-морфологиялық өлшем
D) Эволюциялық-географиялық өлшем
Е) Туылым өлшемі
4. Хромосоманың мөлшері, саны пішіні, көбею және эмбриогенез мерзімі, еркін шағылысып, өсімтал ұрпақ бере алуы қамтылу өлшемі
А) Физиологиялық-биохимиялық өлшем В) &Генетикалық өлшем
С) Анатомиялық-морфологиялық өлшем
D) Эволюциялық-географиялық өлшем
Е) Туылым өлшемі
5. Түрдің таралуы, оның таралу аймағы және дәл сол ағза мүдделігіндегі табиғи жағдайлар жиынтығының өлшемдері
А) Физиологиялық-биохимиялық өлшем В) Генетикалық өлшем
С) Анатомиялық-морфологиялық өлшем
D) &Эволюциялық-географиялық өлшем
Е) Туылым өлшемі
1
№ 14
дәріс
Қарастырылатын сұрақтар (дәріс жоспары):
1. Кибернетика
2. Ақпарат теориясы
3. Басқару жүйесінің ерекшеліктері
Дәрістің қысқаша мазмұны:
Кибернетика - техникалық құрылымдардың, тірі ағзалардың және адамзат қоғамының байланыстарымен басқаруы туралы жалпы заңдар жөніндегі ғылыми жүйе.
Ақпарат теориясының пайда болуы К.Шенноның 1941 жылы жарық көрген «Байланыстың математикалық теориясы» атты ғылыми жұмысымен тығыз байланысты.
Кибернетика математиктердің, физиктердің инженерлердің және биологтармен бірлесіп атқарған жұмыс нәтижесінде пайда болған.
Басқа ғылым жүйелеріне қарағанда кибернетика жүн үйлестіру және басқару процестерін зерттеумен айналысады. Ол жүйе элементтері арасындағы ақпараттарды тұрақты түрде алмастырып отыру арқылы жүргізіледі.
Қазіргі уақытта тірі ағза заттарды, энергияларды және ақпараттарды қоршаған орта арқылы байланысып отыратын жүйе ретінде танылып отыр. Ақпараттар процестер ағзаның негізін құрайды. Ақпараттар күрделі жүйенің негізін құрай отырып барлық процестердің үздіксіз жүріп отыруына ықпал етеді.
Шенноның пікірі бойынша байланыс жүйесіне хабар көзі, хабарлаушы канал, қабылдап алушы және таратушы бөліктері жатады.
Хабар көзі хабар таратады, ол белгіге айналып, белгілер канал арқылы қабылдағышқа түседі, сол жерде ол қайтадан хабарға айналып, қабылдап алушыға жолданады.
Хабар дегеніміз байланыс жүйесіндегі таратуға жататын хабарлар болып табылады. Мұндай хабарлардын 2 түрі бар: үздіксіз және дискреттік.
Жүйенің басқарушы бөлігі ретінде басқару қондырғысын айтуға болады, ол тиісті объектілерді басқаруды жүзеге асырады. Кез-келген объектіні басқару оның сипатына байланысты.
Кез-келген басқару жүйесінде 3 ерекшелік болады:
1) Басқаратын және басқару бөліктері арасында тікелей байланыс орнатылады, сол арқылы белгілер түседі;
2) Басқару және басқарушы бөліктер арасында кері байланыс орнатылады;
3) Басқару объектісінің ағымдык ақуалы туралы ақпараттардың қайта өңделуі.
Ағзадағы барлық процестер үйлестіріліп отырады. Кері байланыс негізінде процестерді үйлестіру ағзаның барлық буындарында жүзеге асырылады.