Теориялық ЖӘне симуляциялық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулық



бет39/56
Дата13.05.2023
өлшемі0.71 Mb.
#473657
түріСабақ
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56
Акушерия теориялық және симмуляция

Бақылау сұрақтары:
* Қолдан іштей ұрықтандыру тәсілі.
* Қосымша репродукциялық технологиялар.


1.21.Сабақтың тақырыбы:Ана және ұрық қанының изосерологиялық сийыспаушылығы.
Сабақтың мақсаты:
а) білімділік: Тақырып бойынша білімдерін бекіту, тереңдету, кеңейту, бір жүйеге келтіру.
ә) тәрбиелік: Адамгершілікке, шыншылдыққа, тапсырылған іске жауапты түрде қарауға тәрбиелеу.
б) дамытушылық: Қосымша деректермен таныстыру арқылы ой-өрісін дамыту, студенттің бойында логикалық және клиникалық ойлау қабілетін дамыту, оқыс жағдайда дер кезінде шұғыл шешім қабылдауға дағды жасау.
Сабақтың түрі: Практикалық.
Сабақтың барысы:
а) Ұйымдастырушылық кезеңі
ә) Үй тапсырмасын сұрау
б) Жаңа сабақты түсіндіру


Кез келген адам туылғанда Rh+ немесе Rh- қан тобын алады. Мұндағы Rh+ дегенде Rh (резус) фактор бар (басымдыққа ие), сондықтан оң (+) резус деп саналады. Ал Rh- тобында Rh (резус) фактор болмайды, сондықтан теріс (-) резус деп саналады.Аяғы ауыр болған әйелдер жүктілік кезеңінің басында қандағы Rh сәйкестігіне байланысты қан тексеруінен өтеді. Егер болашақ ананың қаны Rh+ болса, немесе жолдасы екеуінің де қандары Rh- болса, онда алаңдайтын ештеңе жоқ деген сөз. Ал егер жағдай басқаша болса: әйелдің қаны Rh- болып, жолдасының қаны Rh+ болса, резус-фактор сәйкессіздігі (қайшылығы) туады. Ондай жағдайдағы жүктілік дәрігерлердің қадағалауында болады. Бірақ қорқудың қажеті шамалы. Егер алғашқы жүктілік болса, аса қиын жағдай туа қоймайды.rhesus-factor, Ресус фактор қайшылығы
Қандай жағдайда қауіп туады?Rh- қан тобындағы әйел түсік тастағанда немесе босанғанда оның организміне баланың жолдасы (плацента) арқылы Rh+ тобындағы қан (баланың қаны) кетсе, алаңдайтындай жағдай болады. Өйткені жатырдағы баласы әкесінің Rh+ қан тобын алады. Резус-фактор қайшылығы осыдан туады. Бұл — бергі жағы.
Антиденелердің шабуылы
Қанына «бөтендер» кірген әйел адамның организмі иммунологиялық түйсік арқылы «бөтендермен» күресетін антиденелер түзеді. Алайда ол антиденелер алғашқы жүктілік кезінде ешқандай қызмет атқармайды, әйелдік денсаулығына зиянын келтірмей жата береді. Кейін әйел екінші рет жүкті болғанда жатырдағы ұрықтың бойындағы қаны Rh+ (оң резусты) болса, әйел организмінде жиналған антиденелер ұрықтың денсаулығына зиян болады. Резус-факторлар (анасында Rh-, ұрықта Rh+) арасындағы қайшылық шиеленіседі. Өйткені анасының қанындағы антиденелер баланың жолдасы арқылы өтіп, ұрықтың бойындағы қанның қызыл түйіршіктеріне (эритроциттерге) шабуыл жасайды. Мұндай жағдайда: егер антиденелердің мөлшері аз болса, ұрыққа аз зиянды; егер көп мөлшерде болса, айтарлықтай зиян келтіре алады. Басқаша айтсақ, резус қайшылығының салдарынан ұрықта қан аздық (анемия) пайда болады.
Қазіргі уақытта резус қайшылығы салдарын болдырмау үшін аяғы ауыр әйелдің қанында антиденелерді болдырмау шарасы іске асады. Ол үшін дәрігерлер жүкті әйелге екі рет дәрі егеді: бірінші ретте жүктіліктің 38-ші аптасында Rh иммуноглобулинін белгіленген шамада егеді; егер бала Rh+ қанды болып туылса, босанудан кейінгі 72 сағаттың ішінде анасына екінші рет Rh иммуноглобулинін егеді. Мұндай егу жасанды түсік тастау (аборт) мен түсік тастаудың басқа да түрлері кезінде, босанудан кейінгі қан кетуден соң да жасалады.Егер сараптама (анализ) қортындысы әйел қанында Rh антидененің ертеректе түзілгенін анықтап берсе, бала қанының тобын қалыптастыру үшін амниопункция жасауға болады. Амниопункциядан соң бала қаланының Rh+ (оң резус) екендігі анықталса, яғни анасының қан тобына (Rh-) сәйкес келмесе, анасының қанындағы антиденелердің мөлшері үнемі бақылауда болады. Анасының қанындағы антиденелердің мөлшері артса, олардың жатырдағы балаға қаншалықты қауіпті екендігі тексеріледі. Егер қауіп бар болса, ұрықтың эритробластозы деген диагноз қойылса (нәрестенің гемолитикалық ауруы), онда балаға теріс резусты қан құю мәселесі қаралады. Қан гемолитикалық ауру белгісі болған жағдайда құйылады.
Резус қайшылығы кезінде балаға қан құю екі түрлі жолмен іске асады:
1) егер анасының қанындағы антиденелер көп мөлшерде болса, анасының құрсағында жатқанда құяды;
2) егер антиденелер тарапынан балаға өте жоғары деңгейдей қауіп төнбесе, бала дүниеге келген сәтте де қан құюға болады;
Егер антиденелер болғанымен, бірақ олардан қауіп елемейтіндей деңгейде болса, онда балаға теріс резусты қан құюдың қажеті бола қоймайды. Ол турасында шешімді дәрігерлер қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет