Теориялық ЖӘне симуляциялық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулық



бет11/56
Дата13.05.2023
өлшемі0.71 Mb.
#473657
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56
Акушерия теориялық және симмуляция

5.Ана сүтімен емізу мәселелерінде практикалық қолдау көрсету қажет Аналарға баланы кеудеде дұрыс ұстауға (орналастыруға) және омырауды дұрыс алдыруға көмектесу.
6. Медициналық көрсетімдермен шектеу қойылатын жағдайларды қоспағанда, емшек еметін нәрестелерге ана сүтінен басқа ешқандай өзге тамақ не сусын бермеу керек. Егермедициналыққарсыкөрсетімдерболмаса, жаңатуылған нәрестелергетекана сүтінғанаберу керек. Көп жағдайда медициналық көрсетімдер бойынша қосымша тамақ беру уақытша сипатта болады және нәресте анасының ана сүтімен қоректене алғанына дейін және/немесе анасы емшекпенемізгебастағанғадейінғанажалғасады. Ана сүті бөлінуін қамшылауды жалғастыру үшін аналарға қолдау көрсетіп, ана сүтін саууға ынталандырғанжөн.Егертіпті анасүтіменемізу белгілі бір уақыт бойы қиын болса да,аналардыңөз ана сүтінкөбірекқолдануғасептесукерек. Балаларына ана сүтін алмастырушыларды беретін (қажеттілік нәтижесінде немесе өз шешімімен) аналардыанасүтіналмастырушылардықауіпсіз дайындауға және сақтауға үйрету керек 7. Аналарға емшектегі балаларымен бірге қалуға және күндізтүні бір палатада болуға мүмкіндік беру керек Бірге болубосана (қынаптық босанунемесе кесарь тілігінің көмегімен босану) сала немесе ана нәресте беретінбелгілергемәнберуге жағдайы келе сала және медицина мекемесіненшыққанға дейін анамен нәрестенің бір палатада жатуын білдіреді. Яғни, ана мен бала күндіз-түні бірге боладыдеген сөз. Ана менбаламедициналық көрсетімдербойынша бірбірінен уақытша ажыратылатын жағдайларда аналар балаларының жанында қалуына және балаларына кедергісіз барып тұруына жағдай жасалуын қамтамасыз ету қажет. Аналар ана сүтімен емізуді бастап, әрі қарай жалғастыра алуы үшін және сонымен байланысты практикалық қиындықтарды жеңуді үйрене алуы үшін практикалық қолдау көрсету қажет. Баланы ұстауды және омырауға жатқызуды уақытылы түзеу кейінірек ана сүтімен емізуге қатысты кез-келген қиындықтардың алдын ала алады. Анаға жиі-жиі нұсқаулар беріп отыру және қолдау көрсету оған көбірек сенімділік береді. Нәрестеге туылғаннан кейін алғашқы бірнеше күн бойы ана сүтіне қосымша кез-келген қосымша тамақ не сусын беру ана сүтінің бөлінуіне кедергі болады. Ана сүтіне қосымша кез- келген қосымша тамақ не сусын берілетін нәрестелер емшекті соншалық екпінді сормайды, демек, ана сүтінің шығуын жеткілікті дәрежеде ынталандыра алмайды. Бұл «жеткіліксіз сүт көлемі – қосымша тамақ беру – жеткіліксіз сүт көлемі» тұйық циклдің орнауына алып келеді, соның нәтижесінде ана сүтімен емізу тоқтатылуы мүмкін. Бірпалатада жатуаналарға баласының реакциясын ескере отырып, оны тамақтандырумен айналысу мүмкіндігін беруүшінқажет. Аналарға баласының тамақтануға қатысты қажеттіліктерін көрсететінбелгілеріменреакцияларын ажыратып-тануды және сол белгілерге қарай әрекет етуді үйрену оңайырақ болады.Осы,әріананың балағатікелей жақындығы ана сүтімен емізуді жөнге салуға септігін тигізетін болады.
8. Баланы реакциясын ескере отырып емізу керек Аналарға баласын емізуге және ему дайындығына қатысты қажеттіліктерін көрсететін белгілері мен реакцияларын тани білуге үйрету және қолдау көрсету керек, бұл ана мен бала арасында жақындық пен махаббат орнауы үшін өте маңызды. Аналар баласынашыққанда және емшекті сұраған сайын үнемі және жиі емізген жөн. Егер ана мен бала медициналық себептерге байланысты бөлек орналасса, мекеме қызметкерлері ана баласының емуге қатысты қажеттіліктерін көрсететін белгілері мен реакциясын тануды үйренуі үшін сәбиіне мейлінше жиібарыптұруына көмектесуітиіс.Медицина мекемесінің қызметкерлері баланы емізу қажет екенін көрсететін белгілерді байқап қалса, ана мен бала бірге болуы үшін қажеттінің бәрін жасауы тиіс.
9. Аналарға тамақтандыруға арналған бөтелкелерге және емізіктерге, босемізіктерге қатысты қауіпқатерлер жайлы кеңес беру керек. Егер медицина мекемесінде болатын уақытта шала туылған нәрестелер үшін сауылған ана сүтін немесе өзге тамақты пайдалану үшін медициналық көрсетімдер болса, шыны, қасық көмегімен тамақтандыру сияқты әдістерді қолдануға болады. Медицина мекемелерінің қызметкерлері бала емшекті тиімді сора алуы үшін аналарға оны омырауына дұрыс жатқызуда кеңес пен көмек берудің орнына емшек сору мәселесінің оңай шешімі ретінде емізіктерге шектен тыс иек артпауы маңызды. Медицина мекемесінің қызметкерлері аналарға және олардыңотбасымүшелеріне баланы тамақтандыру үшін қолданылатын ыдысты және бұйымдарды дұрыс жумаумен және гигиена ережелерін сақтамаумен байланысты қауіп-қатерлер туралы ақпарат беруі тиіс, бұл аналарға және олардың отбасы мүшелеріне тамақтандыру әдісін тиянақты таңдауға мүмкіндік береді. Баланың реакциясын ескере отырып емізу (бала сұраған сайын емізу) емізудің жиілігіне және ұзақтығына қатысты қандай да бір шектеулер қоймайды. Аналарға және олардың отбасы мүшелеріне тиісінше нұсқау мен кеңес беру ана сүтімен емізу тиісінше жөнге келтірілгенге дейін тамақтандыруға арналған емізіктерді, бөтелкелерді және босемізіктерді пайдалануға немесе пайдаланбауға қатысты негізді шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді. Тамақтандыруға арналған бөтелкелерді және емізіктерді пайдалану, әсіресе, ұзақ уақыт бойы пайдаланылса, ана сүтіменемізукезіндеқиындықтар туындауына апаруы мүмкін. Тамақтандыруға арналған емізіктері бар бөтелкелерді пайдалану балаға емшек соруды үйренуге кедергі келтіреді.
10. Ата-аналар мен олардың балалары тұрақты қолдауға және тиісті күтімге уақытылы қол жеткізе алуы үшін ауруханадан шығаруды үйлестіруді қамтамасыз ету Ана сүтімен емізуді қорғау, қолғабыс ету және қолдау аясында ата-аналар мен олардың балалары тұрақты қолдауға және тиісті күтімге, соның ішінде ана сүтімен емізуге қол жеткізе алуы үшінаналар мен нәрестелерді медицина мекемелерінен шығаруды жоспарлау және үйлестіруқажет. Медицина мекемесіненшығарукезіндеәрбірана лактацияны қалыптастыру үшін қажетті қолдау көрсететін жергілікті қауымдастық деңгейіндегі ресурстарға (МСАЖ өзара көмек топтары, «шұғыл желі») бекітілуі тиіс. Медицина мекемелері аналарды және нәрестелерді МСАЖ мамандарына жіберуді тиісінше ұйымдастырғанжөн,бұлорайдабосануданкейін 2-4 күннен кейін медицина қызметкері ана мен баланы қарапшығуытиіс,артыншанәрестеніемізуқалай жүріп жатқанын тексеру үшін екінші апта ішінде тағы бір рет қарап шығуы тиіс. Қағаз тасымалдауышта және/ немесе Ғаламторда берілетін ақпарат сұрақтар, күмәндар немесе қиындықтар туындағанжағдайда байланысорнатуүшін пайдалы болуы мүмкін. Алайда бұл аналар мен нәрестелердің қажеттіліктерін ескере отырып ана сүтімен емізуде жүйелі қолдау көрсетуді жалғастыратын МСАЖ деңгейіндегі білікті медицина қызметкері жүзеге асыратын әрі қарайғы белсенді бақылаудың орнын баспауы тиіс. Медицина мекемелері сол ресурстарды нығайту мақсатында жергілікті қауымдастықпен өзара байланыс орнату үшін жауапты. Жергілікті қауымдастық деңгейіндегі ресурстар қатарына медициналық-санитарлық алғашқы жәрдем көрсетуші орталықтар; ана сүтімен емізуде мамандандырылған клиникалар; мейірбикелерменакушерлер; лактацияменана сүтімен емізу мәселелері жөніндегі кеңесшілер жатады.Ана сүтімен емізуді жалғастыру үшін аналарға ұзақ уақыт бойы қолдау көрсету қажет. Аналарға және нәрестелерге қызметтер көрсететін медицина мекемелерінде өткізген уақыт ішінде ана ана сүтімен емізудің негізгі дағдыларын игеріп үлгеруі тиіс екеніне қарамастан, лактацияны ретке келтіру үдерісі ауруханадан шыққанға дейін аяқталмауы да әбден мүмкін. Медицина мекемесінен шыққаннан кейінгі күндерде және апталарда ана сүтімен емізудің ерте кезеңдерінде туындайтын мәселелерді анықтау және шешу үшін ана сүтімен емізуде қолдау көрсету ерекше маңызды. Аналарға ана сүтін бөлу, баласының өсуі мен жетілуі тұрғысынан да, өз жағдайындағы ықтимал өзгерістер (мысалы, жұмысқа қайта шығу немесе оқуға қайта оралу) тұрғысынан да, бірнеше түрлі сатылардан өтуге тура келеді, солардың барысында оларға дағдымашықтарын түрлі тәсілдермен қолдану қажет болады, сол үшін де қосымша қолдау керек болады. Медицина мекемесінен шыққаннан кейін уақытылы қолдау көру ана сүтімен емізу көрсеткіштерін белгілі бір деңгейде ұстап тұруда маңызды рөл атқарады. Босанатын әйелдерге медициналық көмек көрсететін мекемелерде жергілікті қауымдастықдеңгейіндетүрлі ресурстар туралы ақпарат болуы тиіс және ауруханаданшыққаннанкейінаналар сол.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет