Теориялық ЖӘне симуляциялық сабақтарға арналған әдістемелік нұСҚаулық


Гестоздың себептері мен даму жолдары



бет4/56
Дата13.05.2023
өлшемі0.71 Mb.
#473657
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56
Акушерия теориялық және симмуляция

Гестоздың себептері мен даму жолдары:
Гестоздың себептері мен даму жолдары толық анықталмаған, ғылыми тұрғыда 30-ға жуық теориялар бар. Көптеген авторлар гестоздың дамуын тек жүктіліктің пайда болуымен байланыстырады. Мысалы тоқтаусыз құсумен ауырған әйелдің жүктілігін үзсе, әйел жағдайы бірден жақсарады, сол сияқты гестоз белгілері босанған әйелдерде бірден кетеді.
Қазіргі кездегі көп теориялардың ішіндегі негізгілері:

  1. Нейрогенді теориясы

  2. Иммуно-генетикалық теориясы

  3. Адаптация (бейімделу) теориясы

Нейроген теориясы бойынша: жүктілік кезіңде жатырдан орталық жүйкеге патологиялық толқындар келіп түседі, соның әсерінен жатыр мен орталық жүйкенің қарым-қатынасы бұзылып, мүшелер мен жүйелердің қызметтері қалыптан тыс ауытқиды. Бұл патологиялық құбылыстардың дамуында негізгі өзгеріс орталық жүйке жүйесінде (о.ж.ж.) байқалады, осыған орай қан-тамыр жүйесінің реттелу қызметі бұзылып, жүктілік гестозында мүшелермен ұлпаларда қанайналымы бұзылады. Осының салдарынан ішкі сөлденіс бездерінің, мидың, бауыр, бүйрек т.б. мүшелердің қызметі патологиялық өзгерістерге ұшырайды, зат алмасудың барлық түрлері бұзылып, организмде дистрофиялық процестер дамиды.
Иммуно-генетикалық теория бойынша: жүктілік кезінде ана-бала жолдасы — ұрық өзара қалыпты иммунологиялық қарым-қатынаста болады. Жүктіліктің даму барысында осы қалыпты жағдай көптеген сыртқы және ішкі факторлардың (әйел организміндегі) әсерінен плацента жүйесі, ұрық патологиялық өзгерістерге ұшырайды. Сөйтіп ана мен ұрықтың арасында иммуно-генетикалық сыйыспаушылық байқалады, яғни ана мен ұрықтың антигендік құрылыстары әртүрлі болады. Жүктілік гестозында плацента жүйесінде патологиялық өзгерістер болады, ұрық антигені ана қанына өтіп, антиденелердің пайда болуына душар етеді. Осы жағдайда пайда болған иммунологиялық өзгерістер жүйке, қан-тамыр т.б. жүйелердің өзгеруіне әсер етеді.
Адаптация (бейімделу) теориясы: жүктілік кезеңі әйел организміне елеулі өзгерістер енгізеді, осыған байланысты бұл кезең организмге ең жоғарғы талаптар қояды. Осы жаңа талаптарға сәйкес әйел организмінің бейімделуі физиологиялық немесе патологиялық салада болуы мүмкін.

Жүктіліктің екінші жартысындағы гестоз кезінде ана организмі жаңа талаптарға бейімделу саласында үлкен патологиялық өзгеріске ұшырайды. Бұл өзгеріске бірден-бір әсер ететін ана-ұрық және плацента жүйесіндегі иммунологиялық қозғалыстар. Бұл патологиялық өзгерістер мен нейро-гуморалдық қарым-қатынастың бұзылуы салдарынан, жүктілік гестозы кезінде бүкіл организмде қан тамырларының түйілуі (тамыр спазмы) пайда болады. Бүкіл әйел организміндегі қан тамырларының түйілуіне байланысты, қан тамырлардың барлық физиологиялық қасиеттері бұзылып, қан айналымы патологиялық өзгерістерге ұшырайды. Аталған жоғарыдағы өзгерістер бүкіл организмдегі оттегінің азаюына себеп болып, осының салдарынан мүшелерде, клеткаларда оттегі жетіспейді. Осындай патологиялық құбылыстар, жүктіліктің екінші жартысында әйелдің токсикозға шалдығуына душар етеді. Кеш гестоздың ауырлық дәрежесін бағалауда және нәрестеге оның әсерін анықтау үшін Виттлингер шкаласын қолданады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   56




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет