Теориялық және тарихи педагогикалық зерттеу әдістері


Педагогикадағы модельдеу әдісі



бет2/3
Дата02.05.2024
өлшемі28.71 Kb.
#500340
түріАнализ
1   2   3
Теориялық және тарихи- педагогикалық зерттеу әдісі

2. Педагогикадағы модельдеу әдісі
Соңғы жылдары педагогтар теориялық зерттеулерінде модельдеу әдісін белсенді түрде қолдануда. Модель - қосалқы құрал ретінде таным үрдісінде, зерттеуде зерттелуші объект жайында жаңа ақпарат береді. Ол сондай - ақ элі тәжірибе жүзінде байқалмаған жаңа құрылым жасауға да мүмкіндік беруі мүмкін. Сондай жағдайда зерттеуші педагогикалық тәжірибе үрдісіндегі бар құбылыстардың негізгі ерекшеліктері мен қасиеттерін тауып, жаңа ізденістерге бет бұрады. Сол арқылы болжам моделі туындайды, тексеруді қажет ететін және болжам сипатқа ие модель концепция ғылыми теорияға негізделеді.
Модельдеу - кейбір объектілердің сипаттамасын басқа объектілерде қайта танып білу үшін арнайы құрылымда жаңғырту болып табылады. Объектінің екінші бір түрін біріншінің моделі деп атайды. Жалпы түрде алғанда моделді элементтер жүйесі ретінде анықтап, зерттелуші пәннің қызметі, байланысы, белгілі жақтарын қайта жаңғыртушы деп анықтайды. Модельдеу негізіне зерттелуші объект пен оның моделі арасындағы белгілі сәйкестілік жатады.
Теориялық модельдің басты белгісі болып, оның кейбір нақты элементтердің байланысын түзе отырып, шынайы мәнділік қатынасының ішкі бейнесін, анық құрылымын беруінде. Негізінен теориялық моделдің ішкі ұқсастығы оларды идеалды объектімен әрекеттесуге мүмкіндік береді.
Қалыпты модель идеалды мағынада болады, егер ол педагогикалық іс - әрекеттің тікелей жобасы болмай, тек қана сондай жобалардың жаңа түрде қолданысқа ие болу нәтижесінен туындаса. Ондай жоба жоғары деңгейдегі нәтижелерге жету үшін жасалатын жалпы көрініске ие болады. Бұл жағдайда модельдеу әдісін ғылыми алдын - алу мақсатында қолданып, пән мен үрдіс туралы анықтама алу үшін элі де болса пайда болмаған және танылмаса да іс жүзінде бар ғылыми зерттеу операциялары деп түсіну керек. Осындай сипаттағы алдын - ала болжау болашақтағы іс - әрекеттің құралдарын дұрыс таңдауға негіз болып және өзі де іс - әрекет құралы ретінде қайта құрылуы мүмкін.
Модельдеу механизмі көбіне келесі операциялардан тұрады: табиғи объекттен модельге ауысу, модель құру; модельді экспериментальды зерттеу, сол пәнді зерттеуден алынған нәтижелердің ауысу қорытындысы бойынша модельден табиғи объектке ауысу.
Педагогикада модельдеу әдісінің жоғары мәнділікке ие болуы ғылымның теориялық деңгейін көтеру міндетіне байланысты, себебі ол абстрактілі және идеалды жағдайлармен үзіліссіз байланысты, сол арқылы модельдеуші объекттің жақтаын бөліп көрсету жүргізіледі. Теорияны жасау үрдісінде модельді бейнелеу кең ауқымда (немесе модель -бейнелеу) қолданысқа ие болады, яғни бұл зерттеудің идеалды объектісі бола тұрып, осы қызметтегі теориялық педагогикалық талдаудың таптырмас құралы болып табылады. Қандай да болмасын объект жөнінде теориялық бейнелеуді осы объектінің сапалы моделі ретінде қарауға болады.
Мысалы, білім беру мазмұны педагогтар үшін білім беруге бағытталған әлеуметтік тапсырыстың көп деңгейлі педагогикалық моделі болып табылады. Бұл модель оқу пәнінің, оқу материалының, оқыту үрдісі мен оқушының тұлғалық құрылымын жалпы теориялық деңгейде бейнелеуде білім беру мазмұнын қалыптастырудың құрылымдық және қалыпты іс - әрекетін береді.
«Графтар» көмегімен оқу пәнін оқытудың қалыпты қызметін модельдеу үрдісі орындайды. Графтар дегеніміз жазықтықта шектері бар, белгілі бір бағытта сызықтармен байланысқан геометриялық конструкцияны айтады. Осы графтар көмегімен әрбір оқу пәнінің нақты тараулары мен тақырыптары арасындағы пәнішілік өзара байланыс бейнеленеді. Соған сәйкес осы тарауларды оқып үйренуде және оның ішінен маңыздысын бөліп қарауда өте рационалды жүйелілік орнатуға мүмкіндік болады.
Психологиялық - педагогикалық теорияларда кейде модельдеу әдісінің ерекше түрі - ойша экспериментті бөліп көрсетеді. Оның мазмұнына зерттеу барысында алынған теориялық және экспериментальдық мәліметтердің ара қатынасы, динамикалық моделі, шынайы эксперимент барысында туындауы мүмкін ұқсас жағдайлар кіреді. Мұндай идеалды модель зерттеушіге зерттелетін объектінің маңызды байланысы мен қатынасын анықтауға және абстракция мен идеалды жолмен қолда бар құралдармен ережелер негізінде нақтылауға және түсіндіруге мүмкіндік береді.
Мұндай эксперимент сол уақытта жүзеге аспай қалған жағдайларға шарт жасалса белгілі бір құбылыстар мен үрдістер қалай өтетін еді деген логикалық ой қорытуға мүмкіндік береді. Экспериментатор шынайы эксперимент барысында болуы мүмкін жағдайлар ұқсастығын ойша салыстыру арқылы қозғалмалы модельді белгілі бір идеалды моделге ауыстыра алады. Көбіне ойша эксперимент шынайылыққа негіз болмайды. Зерттеуші мүмкін болатын эксперимент барысын өзінде ойша елестету арқылы тексеруге қажетті барлық логика мен нұсқаларды, сондай - ақ ол шынайы эксперимент нәтижесінде алынатын нәтижелермен алдын - ала, болжамдық қорытындыларды салыстыруды нақтылайды.
Педагогика мен психологияда, әсіресе идеалды объектілерді модельдеу зерттелетін құбылыс пен үрдістің қиындығы мен көп түрлілігіне байланысты күрделі болып келеді. Бірақ та осы әдісті қолдану қажеттілігі сезіліп және керек болып отырады. Жоғарыда айтылған әдістер зерттелетін құбылыстың заңдылықтарын орнату мен жүзеге асыруға, теориялық жинақтау құруға бағытталады. Олар әрқашан бір -бірімен өзара әрекеттестікте қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©dereksiz.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет