2. Орындалушылық қағидасынемесе заң шығару қағидасы жүзеге асырылатын үлгілерді жорамалдап, оның ішінен теория түріндегі күрделі жүйелердің заңдарын жасап шығарады. Бұл заңдар бұрыннан бар күрделі жүйелерге немесе түзілетін жасанды жүйелергекелешектегі күрделі ұйымдық-техникалық жүйелерге қатысты қолданылады. Олар бұрыннан бар күрделі жүйелердің құрылымы мен жүріс-тұрысын түсіндіріп, жасанды жүйелердің түзілуіне мүмкіндік береді.
2. Орындалушылық қағидасынемесе заң шығару қағидасы жүзеге асырылатын үлгілерді жорамалдап, оның ішінен теория түріндегі күрделі жүйелердің заңдарын жасап шығарады. Бұл заңдар бұрыннан бар күрделі жүйелерге немесе түзілетін жасанды жүйелергекелешектегі күрделі ұйымдық-техникалық жүйелерге қатысты қолданылады. Олар бұрыннан бар күрделі жүйелердің құрылымы мен жүріс-тұрысын түсіндіріп, жасанды жүйелердің түзілуіне мүмкіндік береді.
Ешқандай шынайы құбылыс дедуктивтік сипатқа ие системология заңдарын жоққа шығара да, растай да алмайды. Осы тұжырымды былай түсіну керек. Нақты күрделі жүйеге жүргізілетін эксперимент пен заңның бір-біріне сәйкессіздігі нақты жүйенің заң қолданылатын үлгілер тобына ғана сәйкес келмегендігін аңғартады, яғни заң мүлдем жоққа шығарылмайды. Сондай-ақ, эксперименттің заңға сәйкестілігі заңның толық расталғанын көрсетпейді себебі, келешекте дедуктивтік сипатқа ие болатын заңның бұған қажеттілігі жоқ. Мұндай сәйкестілік нақты жүйенің заң қолданылатын үлгілер тобына сәйкес келетіндігі туралы ғылыми болжамның жоққа шығарылмағанын және жұмыс гипотезасы ретінде қолданыста қала беретіндігін алға тартады. Сонымен, системологияда шешім табу сызбасықолданылатын, яғни берілген уақыт ішінде берілген ықтималдылықпен шешімі табылатын үлгілер ғана қарастырылады.
3. Көптік қағидасыбақылау қателіктерінің шеңберінде күрделі жүйенің құрылымы мен жүріс-тұрысын түсіндіру және алдын ала болжамдау үшін бірнеше үлгіні құру керектігін білдіреді. Теория, күрделілігі біртіндеп өсіңкірейтін жүйелердің қарапайым үлгілерінен құралу қажет. Олардың әрқайсысы жүйелердің жүріс-тұрыс күрделілігі біртіндеп өсіңкірейтін деңгейлерінің ең болмағанда біреуіне сай келуі қажет. Басқаша айтқанда, үлгінің формальдық күрделілігі (мәселен, оның теңдеулерін сипаттайтын сан) жүйенің формальдық емес күрделілігіне (оның жүріс-тұрысының күрделілігіне) сәйкес болмауы тиіс. Міне, осыдан едәуір күрделі жүйенің дөрекі жасалған үлгісі едәуір қарапайым жүйенің дәлме-дәл жасалған үлгісінен оңайырақ болуы мүмкін. Нақты жүйені неғұрлым терең талдаған сайын, оның жүріс-тұрысына қатысты пікірлеріміз де соғұрлым аз анықталады, яғни үлгінің “қарапайымдылығы” мен шешім дәлдігінің сыйыспау қағидасы байқалады.
3. Көптік қағидасы бақылау қателіктерінің шеңберінде күрделі жүйенің құрылымы мен жүріс-тұрысын түсіндіру және алдын ала болжамдау үшін бірнеше үлгіні құру керектігін білдіреді. Теория, күрделілігі біртіндеп өсіңкірейтін жүйелердің қарапайым үлгілерінен құралу қажет. Олардың әрқайсысы жүйелердің жүріс-тұрыс күрделілігі біртіндеп өсіңкірейтін деңгейлерінің ең болмағанда біреуіне сай келуі қажет. Басқаша айтқанда, үлгінің формальдық күрделілігі (мәселен, оның теңдеулерін сипаттайтын сан) жүйенің формальдық емес күрделілігіне (оның жүріс-тұрысының күрделілігіне) сәйкес болмауы тиіс. Міне, осыдан едәуір күрделі жүйенің дөрекі жасалған үлгісі едәуір қарапайым жүйенің дәлме-дәл жасалған үлгісінен оңайырақ болуы мүмкін. Нақты жүйені неғұрлым терең талдаған сайын, оның жүріс-тұрысына қатысты пікірлеріміз де соғұрлым аз анықталады, яғни үлгінің “қарапайымдылығы” мен шешім дәлдігінің сыйыспау қағидасы байқалады.