Терапия бойынша дипломнан кейінгі дайындау кафедрасы



жүктеу 0.88 Mb.
бет1/4
Дата09.06.2016
өлшемі0.88 Mb.
  1   2   3   4










С.Ж.АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ

ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ




КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА

ТЕРАПИЯ БОЙЫНША ДИПЛОМНАН КЕЙІНГІ ДАЙЫНДАУ КАФЕДРАСЫ

ТЕСТІЛІК ТАПСЫРМАЛАР




Кардиология

ЭКГ-де қандай жүрек ырғағының бұзылысы бар




* Қарыншалық тахикардияның ұстамасы

* Қарыншаүстілік тахикардияның ұстамасы

* Жыбыр аритмиясы

* Синустық тахикардия

* Синустық аритмия
ЭКГ-де қандай жүрек ырғағының бұзылысы бар

* Қарыншалық тахикардияның ұстамасы

* Қарыншаүстілік тахикардияның ұстамасы

* Жыбыр аритмиясының ұстамасы

* Синустық тахикардия

* Синустық аритмия


Төмендегі ЭКГ-да жүрек ырғағы бұзылысының қандай түрі тіркелген:

* Синустық аритмия

* Қарыншалық экстрасистолия

* Қарыншаүстілік экстрасистолия

* Суправентрикулярлы пароксизмалды тахикардия

* Қарыншалық пароксизмалды тахикардия


Төмендегі ЭКГ-да жүрек ырғағы немесе өткізгіштігі бұзылысының қандай түрі тіркелген:

* Толық А-В кедергі

* Синусты аритмия

* Жүрекшелер жыбыры

* Синоаурикулярлы кедергі

* Қарыншалар жыбыры


Төмендегі ЭКГ-да жүрек ырғағы немесе өткізгіштігі бұзылысының қандай түрі тіркелген:


* Толық А-В кедергі

* Синусты аритмия

* Жүрекшелер жыбыры

* Синоаурикулярлы кедергі

* Қарыншалар жыпылыктауы
Лаун бойынша қарыншалық экстрасистоланың классификациясының - III класына сәйкес келеді:

* 1 сағатта 30 экстрасистолаға дейін

* Полиморфты экстрасистолалар

* 1 сағатта 30 экстрасистоладан артық

* Мономорфты жұпты экстрасистолалар

* Полиморфты жұпты экстрасистолалар


Науқас, ЖСЖ минутына 40 рет, PQ-0,20 сек; P-үш тісшесіне 1 комплекстен келеді. Мұндай ЭКГ көрінісі тән:

* АВ бөгелме II дәреже, Мобитц II

* АВ бөгелме III дәреже

* СА бөгелме III дәреже

* Жыпылықтаушы аритмия, брадиформа

* Фредерик синдромы


Төмендегі ЭКГ-да жүрек өткізгіштігі бұзылысының қандай түрі тіркелген:


* Гис шоғырының оң жақ аяқшасының толық кедергісі

* Гис шоғырының сол жақ аяқшасының толық кедергісі

* Гис шоғырының оң жақ аяқшасының толық емес кедергісі

* Гис шоғырының сол жақ аяқшасының толық емес кедергісі

* Гис шоғырының сол жақ аяқшасы, артқы тармағының кедергісі
Миокард инфарктысының орналасуың көрсетіңіз:

* Сол қарыншаның алдыңғы перде аймағының, жүрек ұшында

* Сол қарыншаның артқы диафрагмалды қабырғасында

* Сол қарыншаның бүйір қабырғасында

* Оң қарыншаның

* Сол қарыншаның алдыңғы септалды


ЭКГ интерпретация жасаныз:


* Гис шоғырының оң жақ аяқшасының толық кедергісі

* Гис шоғырының сол жақ аяқшасының толық кедергісі

* Бругада синдромы

* Жедел миокард инфаркты

* WPW синдром
Берілген симптомдардың қайсысы сол қарыншалық жетіспеушілікке тән?

* Мойын веналарының ісінуі

* Асцит

* Анорексия



* Ортопноэ

* Гепатомегалия


Төменде келтірілген нозологияның қай түрі "тұрақты стенокардияға" жатады:

* Алғаш пайда болған күш түсу стенокардиясы

* Үдемелі стенокардия

* Күш түсу стенокардиясы ФК ІІІ

* Вариантты стенокардия

* Ерте постинфарктілік стенокардия


ЖИА-ны анықтау үшін ең манызды мәліметтер:

* ЭКГ тыныштық күйде

* Велоэргометрия

* Медикаментозды жүктеме тест

* Коронароангиография

* Эхокардиография


Біржыл бойы тұрақты стенокардияның ФК ІІ классымен ауыратын науқаста соңғы 5 күнде стенокардиялық ұстама саны көбейіп, физикалық күшке төзімділік төмендеп, ауырғандық ұстамасы тыныш күйде пайда болып, нитроглицеринге тәуелділік артты. Дұрыс диагнозды анықтаңыз:

* ЖИА, тұракты стенокардия ФК ІІІ

* ЖИА, Принцметал стенокардиясы

* ЖИА, Q-тісшесінің миокард инфарктiсi

* ЖИА, алғаш пайда болған стенокардия

* ЖИА, үдемелі стенокардия


Кардиомегалия, жүректің ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылуы, кенеттен пайда болған тромбоэмболия, іркілісті жүрек жетіспеушілігі неғұрлым тән:

* Ревматикалық емес миокардитке

* Дилатациялық кардиомиопатияға

* ЖИА


* Климактериялық кардиомиопатияға

* Гипертрофиялық кардиомиопатияға


Төменде келтірілген препараттардың қайсысы пароксизмалді қарыншалық тахикардия ұстамасын тоқтату үшін қолданылатын «таңдау препараты» болып табылады?

* Анаприлин

* Амиодарон

* Новокаинамид

* Верапамил

* АТФ
Экссудативті перикардитпен ауыратын 28 жастағы науқаста кенеттен айқын ентігу дамыды; мойын көк тамырлары білеуленіп, суық тер жапты, беті мен мойындары ісінген, акроцианоз, жіп тәрізді пульс; коллапс дамыды. Неғұрлым тиімді тактика:

* Диуретиктер

* Тұзсыз диета

* Глюкокортикоидтар

* Перикардтың пункциясы

* Сұйықтықты тәулігіне 600 мл дейін шектеу
Күшейген, жайылған, төмен және солға ығысқан жүрек ұшы соққысы; жүрек ұшында қолтық астына берілетін голосистолалық шу; жүрек ұшында I тонның әлсіреуі; жүректің митралды конфигурациясы неғұрлым тән:

* Қолқа сағасының стенозына

* Қолқа қақпақшасының жетіспеушілігіне

* Митралды қақпақшаның жетіспеушілігіне

* Үш жармалы қақпақшаның жетіспеушілігіне

* Сол жақ атриовентрикулярлық саңылаудың стенозына


Көлемді протеинурия, шумақтық фильтрацияның төмендеуі кезіндегі артериялық гипертензия неғұрлым тән:

* Пиелонефритке

* Бүйрек поликистозына

* Гломерулонефритке

* Зәр тас ауруына

* Бүйрек қан айналымының бұзылуына


42 жастағы науқасты бір жыл бұрын ентігу, оң қабырға астындағы ауырлық сезімі мазалай бастаған. Содан кейін түнгі уақыттағы тұншығу ұстамалары, балтырдың ісінулері қосылған. Соңғы айлары қан түкіру кезеңдері пайда болған. 0б-ті: өкпенің төменгі бөліктерінде – дауыссыз ұсақ көпіршікті сырылдар. Жүрек шекаралары солға ығысқан, жүрек тондары тұйық. ЖСЖ – минутына 90 рет. Жүрек ұшында систолалық шу. ЭКГ: жыпылық аритмиясы, тахисистолалық формасы. ЭхоКГ: сол жүрекше – 4,4; сол қарыншаның соңғы диастолалық өлшемі - 8,2. Оң қарынша – 3,2. Айдау фракциясы-21%. Диффузды гипокинезия. Неғұрлым мүмкін диагноз:

* Ревматикалық емес миокардит

* Алкогольдік кардиомиопатия

* Ишемиялық кардиомиопатия

* Рестриктивті кардиомиопатия

* Дилатациялық кардиомиопатия


Науқас 30 жаста, тісін жұлғызғаннан кейін қалтырау, дене температурасының көтерілуі, буындардағы ауру сезімі, терлегіштік, әлсіздік пайда болды. Объективті: бозарған, төс сүйегінің сол қырынан систоликалық шуыл естіледі, тембрін өзгертіп тұрады. Гепатоспленомегалия байқалады. ҚЖА: анемия, лейкопения, ЭТЖ – 50 мм/сағ. Сіздің болжамалы диагнозыңыз?

* Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы

* Инфекциялық эндокардит

* Жүйелі қызыл жиегі

* Мононуклеоз

* Перикардит


68 жастағы науқас аздаған физикалық күштемеде және тыныштықта пайда болатын төс артындағы басып ауырсынуға, ентігуге шағымданады. Анамнезінде – миокард инфарктымен ауырған. ЖСЖ – минутына 62 рет. АҚ – 110/60 мм.с.б. Тропонин I - 0 нг/мл. ЭКГ – созылмалы коронарлық жетіспеушілік белгілері. Неғұрлым тиімді тағайындау:

* Анальгетиктерды

* Нитраттарды

* Гликозидтерды

* Кальций антагонисттерды

* Альфа блокатордларды


А. атты 47 жастағы науқас ірі ошақты артқы-диафрагмальды миокард инфарктымен ауруханаға түсті. Науқастың жағдайы орташа ауырлықта. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия, ЖСЖ-минутына 110 рет. АҚ - 150/100 мм с.б. ЭхоКГ гипокинезия аймағы анықталды. Тромболитиктерді тағайындау неғұрлым тиімді:

* Алғашқы 6 сағатта

* Алғашқы 24 сағатта

* Екінші тәулікте

* Тыртықталу кезеңінде

* Жедел кезеңде


34 жастағы науқас басының ауыруына, басының айналуына, талуға шағымданады. Объективті: оң жақ ІІ қабырға аралығында мойын көк тамырларына берілетін систоланың ортасында максималды естілетін дөрекі систолалық шу. Вальсальва сынамасында шу азаяды және тыныс алу кезінде өзгеріссіз қалады. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы. Рентгенде: жүрек конфигурациясы «жүзген үйрек» тәрізді. Неғұрлым тиімді тактика:

* Дәрілік ем

* Митралды комиссуротомия

* Трикуспидалды қақпақшаның пластикасы

* Қолқа қақпақшасын протездеу

* Митралды қақпақшаны протездеу


Тиреотоксикоз кезіндегі тахикардияны емдеуге арналған дәрілік затты таңдаңыз:

* Изоптин

* Кордарон

* Анаприлин

* Ритмонорм

* Дигоксин


Университет студенті, 21 жаста. Дєрігерге жылына 2-3 рет жүрек қағуіүстамасының болуына шағымданып қаралды. Үстама кенеттен басталады, бірнеше минутқа созылады, әлсіздік қосарланады және өздігінен басылады. Науқасты клиникалыққарағанда патологиялықөзгерістер анықталған жоқ. ЭКГ: ырғағы синусты, дұрыс, PQ интервалы 0.09 сек, QRS кешені 0.11 сек, дельта толқыны V1 тіркемесінде R тісшесініңөрлеген бөлігінде. Науқаста қандай патология болуы мүмкін?

* Созылыңқы QT синдромы

* Вольф-Паркинсон-Уайт синдромы

* Cинустық түйінніңәлсіздігі синдромы

* Лаун-Генонг-Ливайн синдромы

* Клерк-Леви-Критэско синдромы


Ер адам 38 жаста. Жүрек түсындағы, таралмайтын қысып ауырсынуға, оның 4-5 минутқа созылатынына, шамалы физикалық күш түскенде пайда болатынына, өзі басылатын шағымданды. Ауырсыну бір айдан бері мазалайды, дәрігерге қаралмаған. Әкесі 50 жасында кенет қайтыс болған. Қарағанда: жүрек шекарасы қалыпты, ырғағы дұрыс, Боткин нөктесінде систолалық шу. ЖСЖ минутына 78, АҚ 115/70 мм.с.б. ЭКГ: патологиялық Q III, AVF, V4-V6 тіркемелерінде. ЭХОКС: жүрек қуыстары өзгеріссіз, қарынша аралық перде қалыңдығы 2 см, сол қарыншаның артқы қабырғасыныңқалыңдығы 1,4. Шығарым (выброс) фракциясы 72%.

Қайсысы кардиалгияның себебі болуы мүмкін?

* ЖИА, жедел миокард инфарктысы

* ЖИА, басынан кешкен миокард инфарктысы

* ЖИА, жедел коронарлы синдром

* Гипертрофиялықобструкциялық кардиомиопатия

* Рестриктивті кардиомиопатия
Төменде келтірілген жағдайлардың қайсысында АПФ ингиторларына қарсы көрсетілім бар?

* Жүрек жетімпеушілігінде

* Артериалық гипертензияда

* Инфаркттан кейінгі кардиосклерозда

* Жүктілікте

* Декомпенсацияланған өкпелік жүректе


60 жастағы науқаста келесі симптоматика табылған: аса тұрақты систолалық артериальді гипертензия, таңертеңгілік желкеде орналасқан бас ауруы; жүректің соғуы, көрудің нашарлауы- көз түбінде ангиореринопатия IV дәрежесі, эпигастриде систолалық шу естіледі.Келтірілген қай диагноз дұрыс?

* Біріншілік альдостеронизм

* Феохромацитома

* Құрсақ қуысының атеросклерозы

* Созылмалы гломерулонефрит

* Созылмалы пиелонефрит


Сол жақ II-III қабырға аралықтағы систолалық шу бала кезінен анықталуы неге тән?

* Жүректің митральді ақауы

* Қарынша аралық қалқа дефекті

* Ашық артериальды ақау

* Аорта коарктациясы

* Балалық шақтағы гемодинамиканың функциональды жағдайы


ЖИА-ның қандай формасында кальций антагонистері бірінші таңдаудағы препарат болып табылады?

* Миоккард инфаркты

* Күштеме стенокардиясы ФК ІІ

* Принцметал стенокардиясы

* Күштеме стенокардиясы ФК І

* Ауырсынусыз миокард ишемиясы

Төменде келтірілгендер аурулардың қай түріне тән: науқастың жас болуы, көкірек клеткасының жоғарғы бөлігінің жақсы даму, кездейсоқ анықталған жоғары қан қысымы, сол қарыншаның гипертрофиясының белгілері, кеуде клеткасының рентгенограммасында 5-7 қабырғалардың төменгі жиектерінің тісшеленуі, аяқтарда пульсацияның төмендеуі?

* Такаясу синдромына

* Иценко – Кушинг ауруына

* Қолқа коарктациясына

* Ашық артериалық түтікке

* Марфан синдромына

46 жастағы ер адам, жедел жәрдем бригадасымен жалпы әлсіздікке шағымданып, ауыр жағдайда жеткізілді. Объективті: тері жабындылары бозғылт, ылғалды, сұрғылт цианоз, аяқ-қолдары суық. Жүрек тондары тұйықталған, бөдене ырғағы, ЖЖЖ 110 рет мин. АҚ 85/55 мм сын. бағ. Олигурия – 20 мл/сағ. ЭКГ: синустық тахикардия, QS V1-V6, осы тіркемелерде ST сегменті монофазды қисық түрінде.

Асқынудың қай түрі дамыды?

* Гиповолемия

* Кардиогенді шок

* Жедел қан кету

* Варианттық стенокардия

* Бүйректің жедел жетіспеушілігі
48 жастағы ер адам, төс артындағы интенсивті ауыру сезіміне шағымданады. Бір күн бұрын жүрек аймағында басып ауыратын ауыру сезімі мазалап, спонтанды басылған. Қарап тексергенде: науқас бозғылт, қозған. Жүрек тондары тұйықталған, ЖЖЖ 96 рет минутына, АҚ 100/70 мм сын. бағ. ЭКГ-да: V1-V4 тіркемелерде QS және ST изосызықтан 4мм жоғарылаған.

Төмендегі диагноздардың қайсысының болуы ықтимал?

* Үдемелі стенокардия

* Q тісшесімен миокард инфаркті, жедел кезеңі

* Q тісшесімен миокард инфаркті, аса жедел кезеңі

* Q тісшесімен миокард инфаркті, жеделдеу кезеңі

* Алдыңғы перделік және жүрек ұшындағы тыртықтық өзгерістер
67 жастағы әйел соңғы аптада күшейген төс артындағы ауыру сезіміне шағымданады, нитроглицерин әсері төмендеген. ЭКГ: ST сегменті изосызықтан 1,5мм жоғарылаған.

Зерттеудің тиімді әдісі:

* Қанның жалпы анализі

* Гемостазды зерттеу

* Тропонин деңгейін анықтау

* Трансаминаза деңгейін анықтау

* Қанның жедел фазалы көрсеткіштерін анықтау
52 жастағы ер адам баспалдақпен 3 қабатқа көтерілгенде пайда болып, нитроглицерин қолданғанда жойылатын, төс артындағы және жүрек аймағындағы қысып ауыру сезіміне шағымданады. Ауру ұзақтығы 1 айдан көп. Жүрек тондары бәсеңдеген. ЭКГ: сол қарыншаның гипертрофиясы.

Диагноздың қайсысы дұрыс?

* ЖИА. Алғаш дамыған стенокардия

* ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК ІІ

* ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК ІІІ

* ЖИА. Күштемелі стенокардия ФК ІV

* ЖИА. Үдемелі күштеме стенокардиясы
28 жастағы экссудатты перикардитпен ауыратын ер адамда кенеттен айқын ентігу дамып, мойын веналары білеуленіп, суық тер басып, беті және мойыны ісініп, көгеріп, пульсі «жіп тәрізденіп», коллапс дамыды.

Жасалатын тиімді шара:

* Тұзсыз ем дәм

* Перикардтың пункциясы

* Диуретиктерді енгізу

* Глюкокортикоидтарды енгізу

* Антибиотиктерды енгізу
Реанимация бөлімшесіне 55 жастағы ер адам, екі рет естен тану ұстамасы және жүрек ырғағының сирек соғуымен түсті. ЖСС 35 рет мин. АҚ 100/70 мм сын. бағ. ЭКГ: тәуелсіз жүрекше ырғағы 100 рет/мин., қарыншаның жиырылуы 30-35 рет мин., QRS комплекстері 0,16", деформацияланған. Миоглобин және тропонин Т айқын жоғарылаған. Миокард инфаркті диагнозы қойылған.

Науқаста дамыған асқыну:

* Кардиогенді шок

* Идиовентрикулярлы ырғақ

* Синоаурикулярлы бөгеме

* Толық атриовентрикулярлы блокада, МЭС ұстамаларымен

* ІІ дәрежелі АВБ, Венкебах кезеңдерімен
47 жастағы ер адам, ауыру басталғаннан 90 минуттан кейін ауруханаға жеткізілген. Ангинозды статус промедолды енгізгенде басылған. ЭКГ: ІІ, ІІІ, AVF, V5, V6 тіркемелерінде ST сегментінің монофазалық элевациясы.

Диагнозды нақтылауда тиімді әдіс:

* Белсендірілген тромбопластин уақыты

* С-реакциялық протеин

* Холестерин

* Лейкоциттер

* Тропониндер
26 жастағы ер адам дене қызуына, қалтырауға, тершеңдікке, құрсақтың сол бөлігіндегі ауыру сезіміне шағымданады. Объективті: конъюктиваның өтпелі қыртысында петехиялар, тырнақ астында сызықты геморрагиялар бар.

Көрсетілген зерттеу әдістердің мәліметтісі:

* Коагулограмма

* Қанның жалпы анализі

* Қанды гемокультураға егу

* Қанның биохимиялық анализі

* Зәрдің жалпы анализі
Оң жақ қарыншаның инфарктының диагностикасы үшін ең байқаулы ЭКГ көрінісі қандай:

* II III AVF сермелеріндегі Р-pulmonale пайда болуы

* Оң қарыншаның зорығу белгісі ( глубокие S V5-6)

* V3R и V4R сермелерінде ST сегментінің жоғарылауы

* ЭОС-тың айқын оңға ығысуы

* Гисс шоғырының оң аяқшасының толық блокадасы


Науқас С, 50 жаста. Кенеттен өзін нашар сезінді: төс астында пайда болған үдемелі түрде, қысатын ауыру сезімі жарты сағаттан кейін шыдатпайтындай болды. Науқас бозарған, терісі салқын термен жабылған. ТАЖ-18 рет минутына, ЖСЖ-100 рет минутына. АҚҚ – 80/50 мм.с.б.б. Диурез 20 мл/сағ. Төмендегі келтірілген қай диагноз дұрыс:

* ЖИА. Күштемелі стенокардия

* ЖИА. Миокард инфаркты

* ЖИА. Миокард инфаркты, кардиогенді шок

* Түбірлік синдроммен остеохондроз

* Кардиалгия


Жүрекше аралық перденің толық бітіспеуі, өкпе артериясының тарылуы, жалпы аорта және оң қарыншаның гипертрофиясы қандай патологоанатомиялық субстратты құрайды?

* Фалло тетрадасын

* Эбштейн аномалиясын

* Лютембаш синдромын

* Эйзенменгер синдромын

* Артериальдық бағанасының бітіспеуін

Жедел миокард инфарктымен ауырған науқаста кеуде тұсында ауру сезімі, қалтырау, перикардтың шуы, ЭТЖ жоғарылауы пайда болған. ЭКГде динамикалық өзгерістер байқалмайды. Төмендегі келтірілген диагнозға сәйкес жауапты табыңыз:

* Миокардтың зақымдану аймағының ұлғаюы

* Идиопатиялық перикардит

* Постинфарктты синдром (Дресслер синдромы)

* Миокардтың жыртылуы

* Жүрек хордасының жыртылуы


Төменде келтірілген әдістердің қайсысын дилятациялық кардиомиопатияны диагностикалауда ең тиімді информацияланған болып табылады?

* ЭКГ


* ЭХОКГ

* Кеуде қуысы ағзаларының рентгенографиясы

* Велоэргометриясы

* Холтер ЭКГ


Науқас О, 35 жаста, қызбамен жүретін фебрилді температураға, жөтелге, қан түкіруге, буындардағы, белдегі ауырсынуға шағымданады. Екі апта бойы жеде аорталық жетіспеушілік фонында жүрек жетіспеушілігі көріністері өршіген, қанның екі сынмаларында тұрақты бактериемия бар, зәрдің жалпы анализінде гематурия белгілері бар. Сіздің диагнозыңыз:

* Гутпасчер синдромы

* Инфекциялық эндокардит

* Жүйелі қызыл жегі

* Ревматикалық емес миокардит

* Жүректің созылмалы ревматикалық ауруы


Аталған дәрмектердің қайсысы соңғы мәліметтер бойынша жүрек ишемиялық ауруы бар науқастың өмірін ұзартады?

* Кальций антогонисттері

* Статиндер

* Ангиотензин-айналдырушы фермент ингибиторлары

* Антиагреганттар

* Бета-адреноблокаторлар


38 жастағы науқастын жиі кенеттен АҚ 270\130 мм.с.б. дейін көтерілуіне, бастың ауруына, жүректің жиі соғуына, тершеңдікке, дене қызуының 380С дейін көтерілуіне шағымданып түсті. Объективті: тері жамылғылары ылғалды, жүрек тондары күшейген, тахикардия, АҚ -260/120 мм.с.б. Қан анализінде гипергликемия- 7,6 ммоль/л. ЭКГ- синусты тахикардия 100 рет мин, жүрек электрлік өсінің солға ығысуы, сол қарыншаның гипертрофиясы. Қорытынды диагноз қою үшін қандай тексеру барынша мәліметті?

* Қандағы котехоламиндерді анықтау

* Қандағы кортизолды анықтау

* Қандағы альдестеронды анықтау

* Қандағы электролиттерді анықтау

* Қандағы ренинді анықтау


Науқас С., 45 жаста. Стационарда трансмуральді миокард инфарктімен жатыр. Аурудың басталуынан 2 апта өткен соң ЭКГ дегі динамикасының болмауынан науқаста жүрек шекаралары солға ығысқан, I тонның әлсіздігі, сол жақта III-IV қабырға аралықта прекардиальді пульсация, жүрек ұшында систолалық шу анықталады. Төмендегі миокард инфарктының асқынуларының қайсысы тән?

* Қайталамалы миокард инфаркты

* Қарынша аралық қалқанның жыртылуында

* Жүрек аневризмасында

* Папиллярлы бұлшық еттің жыртылуы

* Тромбоэндокардитте


17 жастағы жасөспірім военкоматтан тексерілуге жіберілген. Шағымдары жоқ. Анамнезінде жиі баспамен ауырған. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық. өкпесінде везикулярлы тыныс. Жүректің салыстырмалы тұйықтық шекаралары жоғары және солға аздап ұлғайған. Жүрек тондары ырғақты,Ш тонның әлсіреуі және жүрек ұшында систолалық шу. Қан анализінде өзгеріссіз. Электрокардиограммада синусты ырғақ, дұрыс, жүрек жиырылу жиілігі минутына 72 рет, сол қарынша гипертрофиясының белгілері.

Қандай патологияны болжауға болады?

* Қосжармалы клапанның жетіспеушілігі

* Жүрекше аралық перденің ақауы

* Қарынша аралық перденің ақаулары

* Функциональды шу

* Қосжармалы клапанның пролапсы
18 жасар жасөспірім жүрген кездегі ентігуге, жүректің жылдам соғуына периодты түрдегі бас ауруға және бас айналуға шағымданып түсті. Қарағанда: ұйқы артериясының айқын пульсациясы, жүректің салыстырмалы тұйықтығының солға ығысуы, жүрек тондары ырғақты, төстің оң жақ қарында ІІ қабырғаарылықта ІІ тонның әлсіреуі, Боткин-Эрба нүктесінде және төстің оң жақ қарында диастолалық шу, пульс минутына 92 рет, артериялық қысым 190/40 мм.с.б. Қандай патологияны күтуге болады?

* Аорта стеноз

* Аорта жетіспеушілігі

* Қосарланған қосжармалы ақау

* Қосжармалы жетіспеушілік

* Қосжармалы стеноз


21 жастағы науқас стационарға жүрек соғуының жиілеуіне, жүрек тұсындағы сыздап ауырсынуға, бас ойналуға шағымданып түст. Анамнезінен: аталған симптордан мазалағанына 1 ай болған. Объективті: қалқанша безі үлғаймаған. Жүрек тандары қатқыл, ұшында систололық шу, вертикальды қалыпта күшейеді, пульс 78 рет мин., артериялық қысым 110/70 мм.с.б. ЭКГ – ырғақ синусты, дұрыс, мин. 80 рет, жүрек электрик осі қалыпты.

Қандай тексеруді тағайындаған дұрыс?

* Реоэнцефалография

* Велоэргометрия

* Өңеш арқылы жүрек электростимуляциясы

* Эхокардиография

* Электроэнцефалография
27 жастағы науқас жүрек соғуына, төс артындағы ауырлық сезіміне, екі рет есін жоғалтуына шағымданады. Анаммнезінен: тұған ағасы 25 жасында жүрек ауруынан өлген. Қарағанда: жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, тостің оң қырыкда II қабырғааралықта систолалықшу, пульс минутына 65, АҚ 90/60 мм.с.б. Анализдері өзгеріссіз. ЭКГ – сол қарыншаның айқын гипертрофиясы систолалық күштелимен.

Диагнозды нақталау үшін қандай тексеру жүргізу керек?

* Электрокардиограмманы Холтерлік мониторлау

* Эхокардиография

* Өңеш арқылы жүрек электростимуляциясы

* Коронароангиография

* Велоэргометрия
Науқас 47 жаста, басының ауыруына,қол бұлшық еттерінің әлсіздігіне, шөлдеуге, түнгі уақытта жиі кіші дәретке шығуына шағымданады. Қарағанда: аяқтар мен қол-дардағы бұлшықеттердің күші шамамен бірдей; ЖСЖ минутына 64 рет, АҚ 170/90 мм.с.б. қан анализінде: гипокалиемия, гипернатриемия, альдестеронның деңгейіжоғары. Зимницкий бойынша несеп анализінде- изогипостенурия, никтурия.

Қандай дәрмекті тағайындау патогенетикалық негізделген?

* Бисопролол

* Индапамид

* Верапамил

* Физиотенз

* Верошпирон
30 жастағы әйелге бір ай алдын операция жасалған: жүректің ревматикалық ақауына байланысты қосжармалы клапанды протездеу.

Тромбоэмболиялық асқынулардың алдын алу мақсатында қандай дәрмекті тағайындаған дұрыс?

* Варфарин

* Гепарин

* Ацетилсалицил кышкылы

* Клопидогрель

* Курантил
Науқас 47 жаста, стационарға бас ауруына, құлағындағы шуға, бас айналуға шағымданып түсті. Анамнезінен: созылмалы обструктивті бронхит бойынша терапевтте диспансерлік есепте тұрады, соңғы 2 жыл ішінде артериялық қысымның 170/100 мм.с.б. дейін көтерілетін айтады. Объективті: жағдайы қанағаттанарлық,өкпесінде қатаң тыныс үстінен құрғақ ысқырықты сырылдар естіледі, жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, тахикардия, жүре жиырылу жиілігі минутына 100 рет, артериялық қысым 160/90 мм.с.б. Қандай дәрмек бұл жағдайда қарсы көрсетілген?

* ИАПФ


* Бета блокаторы

* Мочегонные

* Антагонисты кальция

* Альфа блокаторы

42 жастағы науқаста, кенеттен жүрек қағу, тұншығу жалпы әлсіздік пайда болған. ЭКГде қарынша үстілік пароксизмальді тахикардия тіркелген. Ұстаманы басу үшін төмендегі қандай препарат қолданасыз?

* Верапамил көктамырға

* Хлорлы кальций көктамырға

* Эуфиллин

* Лидокаин

* Нитроглицерин


Төмендегі келтірілген препараттардың қайсысын жедел сол қарыншалық жетіспеушілік дамыған АҚҚ 80/50мм.сн.бағ., және тамыр соғысы минутына 48 науқасқа көрсетілген?

* Допамин

* Нитроглицерин

* Лидокаин

* Обзидан

* Дигоксин


Атеросклероздың дамуына келтірілген липопротеиндердің қайсылары кедергі болады?

* Липопротеин-α

* Төмен тығыздықтағы липопротеиндер

* Жоғарғы тығыздықтағы липопротеиндер

* Өте төмен тығыздықтағы липопротеиндер

* Аралық тығыздықьағы липопротеиндер


Науқас К.34 жаста. Шағымдары: жүрек аймағындағы ауру сезімі, жүрек соғуы, бас айналу, әлсіздік. ЖРВИ- дан кейін ауырып қалған, t°- 37,4° С. перкуссияда: жүрек шекарасы оңға қарай ұлғайған. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия минутына 120 рет, жүрек ұшында систолиялық шу. АҚ- 100/70 мм.с.б.б. АСТ-0,96 ммоль/л, КФК-30 Е/л ЭКГ-де жүрекшелер тыпыры 2:1. Төмендегі берілген жауаптардың қайсысы дұрыс?

* ЖИА. Күштемелі стенокардия

* Нейроциркуляторлы дистония

* ЖИА. Миокард инфаркті

* Ревматиқалық емес миокардит

* ЖИА. Стабильді емес стенокардия


Бір жылдан бері стабильді стенокардиямен сырқаттанатын науқаста ФК ІІ ынталануы, соңғы 5 күнде ауру сезімі күшейген, физикалық күштемеге толеранттылық бірден төмендеген, тыныштықта ауру сезімі пайда болған, нитроглицеринді қабылдау көбейген.Төмендегі берілген диагноздың қайсысы дұрыс:

* ЖИА. Бірінші рет пайда болған стенокардия

* ЖИА. Стабильді күштемелі стенокардия. ФКІІІ

* ЖИА. Үдемелі стенокардия

* Нейроциркуляторлы дистония

* ЖИА. Ұсақ ошақты миокард инфаркті


30 жастағы науқаста ЖРВИ-мен ауырғаннан кейін жүрек тұсында қысатындай ауру сезімі пайда болған. Тексеру кезінде : t 37,20С. Жүректің сол жақ шекарасы-ортаңғы бұғана сызығында. Жүрек тондары тұйықталған, жүрек ұшында систолалық шу естіледі. ЭКГ-де: АV-  өткізгіштіктің бұзылысы. Қарыншалар миокардында диффузды өзгерістер, барлық шықпаларда тісшелер вольтажы төмендеген. Төмендегі берілген диагноздың қайсысы дұрыс:

* ЖИА. Үдемелі стенокардия

* Нейроциркуляторлы дистония

* Ревматикалық емес миокардит

* ЖИА. Вазоспастикалық стенокардия

* ЖИА. Бірінші рет пайда болған стенокардия

49жастағы әйелде жүрек тұсында периодты түрде жедел ине сұққандай ауру сезімі, беттің қызаруы, жүрек қағу пайда болған. Жүрек пен өкпені физикалық және рентгенологиялық тексеру кезінде өзгерістер жоқ. ЭКГде – оң жақ кеуде шықпаларында Т тісшесінің тұрақты инверсиясы. Осы синдромның пайда болу механизімі қандай?

* Миокард ишемиясы

* Миокард некрозы

* Гормональды бұзылыстар

* Перикардит

* Өкпе ісігі


Науқас 60 жаста ЖИА.Постинфарктті кардиосклероз диагнозымен кенеттен естен танды. Жағдайы эпилепсия тәрізді тырысулар, астына жіберу және дефекациямен қабаттасты. ЭКГ-да АV-бөгеме, III дәрежесі. Бұл не?

* Кардиогенді шок

* Инсульт

* Естен тану

* Морганьи-Адамс-Стокс ұстамасы

* Өкпенің ісінуі


Жедел диффузды миокардиттің “кіші” критерилеріне келтірілгендердің қайсысы жатады?

* Жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің бұзылыстары

* Жүрек жетіспеушілігі

* Кардиогенді шок

* I тонның әлсіреуі

* Кардиомегалия


Фебрильді қызба, Ослер түйіндері, Рот дақтары, тұрақты бактериемия екі және одан да көп пробаларда, қозғалмалы вегетациялар көбіне неге тән:

* Абсцесс

* Пневмония

* Перикардит

* Жұқпалы эндокардит

* Ревматикалы емес миокардит


Төменде келтірілген тәсілдердің ішінде қайсысы перикард қуысындағы диагностикасына ең дұрыс анықтама алуға мүмкіндік береді?

* ЭКГ


* Жүктемелі ЭКГ

* ЧПЭС


* ЭхоКГ

* Көкірек қуысы ағзаларының рентгенографиясы


Қандай ауруда рентгенологиялық зерттеуде жүрек көлеңкесінің ұлғаюы, жүрек контурының тегістелуі, жүрек «белінің» жоғалуы, әлсіреген пулсациямен сипатталады ?

* Өкпе артериясының тромбоэмболиясы

* Аорта аневризмасының сылынуы

* Перикардит

* Пневмония

* Плеврит


Төменде көрсетілген АҚ көрсеткіштерінің қайсысының артериалды гипертензияның екінші дәрежесі сәйкес келуі барынша мүмкін:

* < 120/80

* 120/80 - 129/84

* 130/85 - 139/89

* 160/100 - 179/109

* > 180/110
А деген 24 жастағы науқас жоғары артериалды қысымның бас, бел ауыру, жиі және зәр шығарудың ауыру сезімімен қосарласатынына шағымданады. АҚ 150/110 мм с б.б. Зерттегенде лейкоцитоз, ЭТЗ жоғарылаған. Зәр анализінде аздаған белок, лейкоцитурия, бактериурия. Қандай аурудың гипертензияның себебіболумүмкіншілігі барынша болды?

* Созылмалы гломерулонефрит

* Созылмалы пиелонефрит

* Бүйрек артериясының стенозы

* Феохромоцитома

* Кон синдромы
  1   2   3   4


©dereksiz.org 2016
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет