Модуль -V. Бүйрек және зәр шығару жүйесінің аурулары.
|
Жедел және созылмалы гломерулонефриттер. МҮҰ.
|
1
|
Бүйрек нефрондарының зақымдалуы және бүйректің жайылмалы қосжақты иммундық қабынуы:
a) пиелонефрит
б) цистит
в) гломерулонефрит
г) пиелит
е) нефрит
|
2
|
Созылмалы гломерулонефриттің дамуына ықпал ететін микроорганизм:
a) стафилококк
б) β гемолизді стрептококк А тобы
в) пневмококк
г) жасылдаушы стафилококк
е) ішек таяқшалары
|
3
|
Созылмалы гломерулонефрит ауруында жүргізілетін негізгі лабораториялық тексеру:
a) жалпы қан талдауы
б) зәрді Реберг әдісімен тексеру
в) зәрді Нечипоренко әдісімен тексеру
г) зәрді бактериоскопиялық тексеру
е) жалпы зәр талдауы
|
4
|
Созылмалы гломерулонефритпен ауыратын науқастарды диагностикалық аспаптық тексеру әдісі:
a) рентгендік тексеру
б) ультрадыбыспен зерттеу
в) цитоскопия, биопсия
г) урография
е) холецистография
|
5
|
Созылмалы гломерулонефриттің асқынуы:
a) қан айналымның жетіспеушілігі
б) өкпе жетіспеушілігі
в) бүйрек жетіспеушілігі
г) жүрек жетіспеушілігі
е) гидронефроз
|
6
|
Созылмалы гломерулонефритті алдын алу шаралары:
a) инфекциялық ошақтарды емдеу
б) диетаны сақтау
в) вакцинация
г) жағымсыз қылықтарды жою
е) иммунитетті көтеру
|
7
|
Созылмалы гломерулонефритпен ауыратын науқастың биохимиялық қан талдауында өзгеріс:
a) билирубинемия
б) гипергликемия
в) азотемия
г) холестеринемия
е) протеинемия
|
8
|
Созылмалы гломерулонефриттің клиникалық, морфологиялық, нозологиялық ерекшіліктеріне байланысты Е.М.Тареев жіктемесіне байланысты түрі:
a) біріншілік
б) екі жақтаулы
в) гематуриялық
г) астеникалық
е) дистрофиялық
|
9
|
Созылмалы гломерулонефритегі зәрді Зимницкий тәсілмен талдағанда анықталады:
a) лейкоцитурия
б) гипостенурия
в) гиперстенурия
г) гематурия
е) бактериурия
|
10
|
Созылмалы гломерулонефриттің өрістеуіне ықпал ететін фактор:
a) артериальді гипертензия
б) подагра
в) қант диабеті
г) геморрагиялық васкулит
е) жүйелі қызыл жегі
|
11
|
Созылмалы гломерулонефритпен ауырған науқастың несеп бөлуінің өзгеруі:
а)күндізгі диурез азаяды, түнгі зәр көлемі көбейеді
б) жалпы диурез азаяды
в) жалпы диурез көбейеді
г) күндізгі диурез көбейеді
е) несеп тығыздығы төмендейді
|
12
|
Созылмалы гломерулонефриттегі науқастарда ісінудің пайда болу ерекшелігі:
a) таңертең, дененің жоғарғы бөлігінде
б) кешке қарай дененің төменгі бөлігінде
в) түсте бет әлпеттің ісінуі
г) ісіну болмайды
е) ісіну тек қана бел аймағында
|
13
|
Созылмалы гломерулонефрит ауруында ісінудің бүкіл денеге жайылуы:
a) эмпиема
б) асцит
в) анасарк
г) экзема
е) экссудат
|
14
|
Созылмалы гломерулонефритпен ауырған науқасқа тағайындалатын диеталық столдың ерекшелігі:
a) құрамында ақуыз көп тағамдарды шектеу
б) тәулігіне 800 мл сұйықтық ішу
в) тәулігіне 3 гр аз тұзын қолдану
г) жануар майын қолдануды шектеу
е) каллорияға бай диета
|
15
|
Созылмалы гломерулонефритің гематуриялық түріне тән өзгеріс:
a) зәрдің көлемнің көбеюі
б) зәрдегі белоктың көбеюі
в) зәрдегі эритроциттің пайда болуы
г) зәрдегі лейкоциттердің көбеюі
е) зәрдегі ураттардың көбеюі
|
16
|
Ісіктердің пайда болуы, олигурия, протеинурия, зәрде эритроциттердің көбеюі қайдай ауруға тән:
а) созылмалы пиелонефритке
б) созылмалы гломерулонефритке
в) созылмалы циститке
г) созылмалы гепатитке
е) феохромацитомға
|
17
|
Созылмалы гломерулонефритің гематуриялық түрінде жүргізілетін базистік емдеуінде қолданылатын дәрі:
a) преднизалон 3 %-1,0 мл
б) анальгин 50%-2 мл
в) адреналин 0,1%-1,0 мл
г) эуфиллин 2,4%-10мл
е) эссенциал форте 0,3 г
|
18
|
Созылмалы гломерулонефрите қолданылатын дәрі:
a) коргликон 0,006%- 1,0 мл
б) эссенциал форте 0,3 г
в) анальгин 50%- 2 мл
г) эуфиллин 2,4%- 10 мл
е) преднизалон 3%- 1,0 мл
|
19
|
Созылмалы гломерулонефрите клиникалық, морфологиялық, нозологиялық ерекшіліктеріне байланысты жіктеген автор:
a) Ю.Е. Блок
б) А.С. Логинов
в) С.И. Рябов
г) Е.М. Тареев
е) П.Я. Григорьев
|
20
|
Науқастың зәр талдауында эритроцит 30- 45-50 түйіршіктері, жалпы қан талдауында Er 2,5 * 1012/л, Hb-80г/л анықталды. Бұл лабораториялық көрініс созылмалы гломерулонефриттің қандай түріне тән белгілер:
a) гипертониялық
б) жасырын
в) гематуриялық
г) нефротикалық
е) жедел
|
21
|
Науқас тәулігіне 350 мл ден аз зәр бөлді. Бұл? :
а) анурия
б) полиурия
в) гематурия
г) лейкоцитурия
е) олигоурия
|
22
|
Гломерулонефриттке тән триада симптом:
а) кешке қарай тобықта ісіну пайда болады, ентігу, жүрек қағысының жиелеуі
б) ісіну, гемотурия, қан қысымының жоғарлауы
в) іш қуысына сұйықтық жиналу, кіндіктің сыртқа шығуы, емшек безінің ұлғаюы
г) полиурия, бактериурия, пиурия
е) лейкоцитурия, гипостенурия, полиурия
|
23
|
Науқас 1 апта бұрын баспамен ауырған. Дене қызуы қайталап көтеріліп, зәрі ет жуындысындай түске өзгерді. Осы клиникалық көрініс қандай ауруға тән?
a) гипертониялық криз
б) ревматизм
в) пилонефрит
г) гломерулонефрит
е) асқазан ойық жарасы
|
24
|
Науқас Н. 21 жаста, беттегі ісінулерге, бас ауруына, белдің қақсап ауырсынуына, зәрдің аз бөлінуіне шағымданды. Өзін 3 күн бойы ауру сезінеді. 2 апта бұрын баспамен ауыған. Объективті: дене қызуы 37,7 С0. Бет, табан және балтыр ісінуі. Терісі бозғылт, ауксультацияда тыныс алуы везикулярлы. Жүрек тондары ырғақты, тұйықталған. Пульсі 84 рет минутына. АҚҚ 165/ 100 мм.с.бб. Іші жұмсақ, ауырсынбайды. Пастернацкий симптопымы екі жақты әлсіз (+) оң. Болжамалы диагноз:
а) Жіті пиелонефрит
б) Несеп- тас ауруы
в) Бүйрек туберкулезі
г) Бүйрек амилоидозы
е) Жіті гломерулонефрит
|
|
|